Құлибай
Г.Қ.
№30 орта мектебі, Тараз қаласы,
Қазақстан Республикасы
ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙ-ӨРІСІН ДАМЫТУ
ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында төртінші басымдық білім беру реформасы –
Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың
бірі-деп атап көрсетілген. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
қосылуда жастарға білім
берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың
білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге
бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды
оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру,
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, фундаментальді білім беру,
қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру және т.б.басым
бағыттарды бастауыш сатысындағы
пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, оқу
бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың
қажеттігі туындап отыр.Бүгінгі күні дидактика
саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі – білім берудегі
ойындар технологиясы.
Ойын өмірде ерте жастан өзінен–өзі
бастала отырып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше
жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы
технологиялардың маңызды бөлігі болып болып табылады. Адамзат ойынының сан жылғы
тәжірибесі ойынның білімділік құндылығын
дәлелдеді. Ойын оқыту үрдісінде оқытудың
әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық
категория бола алады. Сонымен бірге ойын
мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына
дейінгі балалар мен тәрбиешілердің бірлескен оқу
әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Адам
ойынының жалпы құрылымдары түрінде
ұйымдастырылған оқытушының белсенді бірлескен оқу
және оқыту әрекеті – оқытудың ойын формасы деп
аталады. Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады:
біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі,
екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір
тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Ойын теориясы мен практикасын отандық педагогтар
,психологтар, социологтар зерттеуде.Қазақстандық ғалымдар: К.Ахметов, С.Хайдаров т. б.
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуды жетілдірудің жаңа
технологиясын іздестіру жолында
ғалымдар, жаңашыл педагогтар еңбек етуде. олардың
ғылыми еңбектерін зерттеу
жұмыстарын саралағанда берік білім берудің, оқу
белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екендігін
байқатады. «Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын
нәрседе бір жаңалық болу керек»-деп жазады.Ж. Аймауытов.
Өз іс-тәжірибиемде бастауыш сыныптарда
өтетін сабақтарым көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, қай
тақырыпқа болмасын тиімді көрнекілік, ойынды ойластырып,
алдын ала дайындалуға тырысамын.
Ойынмен өткен сабақ
қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай
еске сақтайды, оқуға
деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі.
Қазіргі кездегі қолданылып жүрген жаңа технологиялар
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының кейбір
элементтерін сабақта қолданып жүрмін және «Ойын
арқылы оқыту» технологиясында қолдануды дұрыс
көремін. Бірінші сынып оқушыларын
оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға
болады. Ойын ойды қозғайды. «Баланың ойынын
тыйғаның – ойлауын
тыйғаның» деген қағида бекер айтылмаған.
Қазақ халқының ұлы ақыны А.
Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола
ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын
арқылы оқушының білім алуға, оқуға
қызығушылығы артады. Ойын – адамның өмір
танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын
арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып,
білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым
құбылыс не іс әрекет іспетті.
Ойынның да
өзіне тән мотивтері болады.
Мысалы мазмұндық,
рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын
қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз
қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай
қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді
сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,
зейінділігін арттыруы мен қатар,
ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу – танымдық іс-әрекеттің
қозғаушы күші.
Оқушының қызығу
жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып,
дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады,
кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие
бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін
пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын
түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалдарын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.
Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың
аңсары сабақтан гөрі ойынға қызығушылығы
артып тұрады. Қызықты ойын түрлерінен кейін олар тез
сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда
қолданылады. Ойын түрлерінің материалдары сабактың
тақырыбы мен мазмұнына
неғұрлым сәйкес
алынса, оның
танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны
тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын
күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен
қызығушылығын арттырады. Тіл дамыту бойынша пайдаланылған
ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, әрбір
сөзді еркін, өз мағынасында
қолдануға тез, жылдам сөйлеуге
жаттықтыруға бірден-бір таптырмайтын құрал екендігі
даусыз. Сөздерді дыбысқа талдау, сөз құрастыру
жұмыстарына жаңашыл педагог Амоношвилидің ойын тәсілін
пайдаландым.Ізденімдік ойындар –
оқушыларды ізденімпаздыққа ,белгісізді табуға құштарлыққа
үйрететін дидактикалық ойындардың бір түрі. Сабақ
барысында ойындарды кірістіре оқыту сабаққа белсенділігін
арттырады. Оқушыларға
қазақ тілі дыбыс жүйесінің өзіндік белгілерін саралап танытуда,
олардың фонетикалық
біліктері мен білімдерін тәжірибеде қолдануда Ізденімдік ойындардың қызметі ерекше. Мысалы: «Дауыссыз дыбыстар» тақырыбын
өткенде төмендегідей ізденімдік ойындарды өткізу оң нәтижеге қол жеткізеді.«Сөзді тап» ойыны.
Ойын мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың
өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру, олардың
сабаққа қызығушылығын ояту,
шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Ойын ережесі:
Көлденеңі бес, тігінен сегіз қатар тор көз кесте
тақтаға ілінеді. Кестедегі тор көздеріне алғашқы
және соңғы дыбыстарына бірдей әріптер жазылады. Оқушылар осы әріптерден
соңынан оқыса да, бірдей сөздер ойлап табады. Ойын
кезеңдері: Алғашқы кезде мұғалім оқушыларға
ойын ережесін түсіндіріп тақтаға кесте іледі. Екінші
кезеңде оқушылар берілген тапсырманы орындайды. Ойынның
қатысымдық қызмет:
Оқушылар дыбыстарды, сөздерді дұрыс
құрауға, сөздердің мағыналарын жете
түсінуге дағдыланады.Ойынның тиімділігі. Оқушылардың дауыссыз дыбыстары туралы түсінігін
нығайтады. Олардың ізденімпаздық қабілетін жетілдіреді.
(жауабы :
қызық , қазақ, қалақ, қырық,
кесек, кезек,керек, кебек )
Оқушылар жоғарыдағы сөздерді
дұрыс табу арқылы
өздеріне таныс сөздермен де мағыналары түсініксіз
сөздермен де танысады. Бұл ойын оқушының дауыссыз
дыбыстардың ерекшелігін тез түсіну, дыбыстарда сөздерді
дұрыс құрай білу дағдысын қалыптастырады. Тапсырмадағы жасырылған
сөздер оқушыларға таныс болмаса, мұғалім ол
сөздердің мағыналарын түсіндіріп, синоним, антоним
сөздер арқылы үйретуге болады.Мұндай ойындар
оқушылардың сөздік қорын байытып, үйретуге,
сөздерді дұрыс қолдануға көмектеседі.
Халқымыздың
тарихи-мәдени мұраларының
түрлері сан алуан. Осындай құнды мәдени игіліктерінің бірі – ұлт ойындары.Халық
өзінің қоршаған
дүниенің қыры мен
сырын егжей – тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын жастайынан
сіңіре білуді
көздеген. Абай Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті бала болады- дейді : «Адам
ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды –дағы , сондайдан
білгені , көргені көп
болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін
ескеріп жүрген кісі өзіде есті болады.» Сондықтан баланы жас
кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық
ойындарының кәусар
бұлақтарымен сусындату қажет. Ж.Б.Қоянбаев пен
Р..М.Қоянбаевтар халық педагогикасының мақсаттарына
мыналарды жатқызады: «халық тәжірибесіне сүйене отырып,
болашақ ұрпақты өмірге дайындау, өнер –білімге баулу, бүкіл елдің қамын
ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық
қасиеттерге тәрбиелеу.»
Қазақ
тілі сабақтарында қолданылатын ойындарды көркем
әдебиеттермен ұштастыру
жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор.
Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың
эстетикалық, адамгершілік қасиеттері дамиды.
Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге
ұмтылады. Мысалы: сабақта жұмбақ ойындарды
көбірек пайдалану өте
тиімді, олар оқушының ой -өрісін кеңейтуге, өз
бетімен ойланып, заттар мен
құбылыстардың сипатталуына баламасына қарай
олардың атын табуға, сөздік
қорын молайтуға үлкен
септігін тигізеді. Ойын бала
табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес,
жан-жақты дамымақ емес.
Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға ана тілін
оқытудың тиімді
әдістеріне ерекше мән
берілуге тиіс. Ана тілі сабақтарында
ойынды ұтымды пайдалану
сондай әдістерге жатады. Оқушылардың кейбір әріптерге, әсіресе « Р»,
«Л», «С», «Ң» дыбыстарына тілдері
еркін келе бермейді. Бұл жерде
жаңылтпаш ойындарын пайдаланудың мәні зор. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып,
сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып,
сөзді еркін, өз мағынасында
қолдануға тез
жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын-бірден- бір таптырмайтын
құрал. Мысалы бірінші сыныпта
жете қимылдату
мақсатымен халық
ойыны «Қуыр, қуыр, Қуырмашты» ойнату пайдалы. Оның
шарты: Бірінші бала бас
бармақтың бастап шынашаққа дейін бір рет саусақтардың атын
түгел айтып береді Сөйтіп бар саусағын жұмып тұрып екінші балаға,кез келген
саусағының атын айтады.
Бұл ойын
балалардың тілін жаттықтырады, еске сақтау қабілетін, жетілдіре түседі. Халық ойынын қазақ тілі сабағында
пайдалану – оқушылардың еркін сөйлеуін, тіл байлығын,
сөздің мағынасын бағдарлай білу қасиеттерін
жетілдіреді. Халық ойындарын
математика сабағында пайдалану оқушының алған
білімін күнделікті өмірімен
берік ұштастыруға қолайлы. Математика сабағында
халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы:
ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында
қолданылуы мүмкін. Ойынды
сабақтың басында қолдану үй тапсырмасына
оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың
ортасында қолданылатын болса, оқушылардың
көңіл-күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру. Ал
сабақ соңында тақырыпты бекіту не сол сабақтан
алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланады.Ұлттық
ойындарды өткен сабақтарда, қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол
жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі,
балалардың қиялдарын
қозғап, зейіндерін
кеңейте түседі. Ұлттық ойындарды ойнату
арқылы оқушылардың
өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген
сүйіспеншілігі артады. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды
ауызша есептерге жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық
мүмкіншілік бар. Олардың
қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық
ойындарын жатқызуға болады. Сабақ үстінде бала тез
шаршап қалмас үшін, математика сабағындағы
жаттығу есептерін ойын ретінде өткізген дұрыс. Мысалы : «Бәйге ойыны», «Хан талапай»,
«Сөз мәнісін байқайық» т. б Бірінші сыныпта
математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың
түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату тиімді.
«Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып,
мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін
ұстартып, логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады.Ойын арқылы
оқушылдардың ойлау
қабілеті артады, өз беттерінше орындауға дағдыланады.
Ойын арқылы
бала өмірден көптеген мәліметтер алады, білім алады, нашар
оқитын оқушылардың өздері де ойынға араласып
сабаққа ынтасы артады. Оқушының тілін дамытуда ,
сөйлеу мәдениеті мен ой өрісін , дүниетанымын
жетілдіруде сюжетті рөлді ойындар
тиімді нәтиже береді. Сабақта оқушының рөлдік ойындарды ойнау барысында іс
-әрекеті әлеуметтік сипат
алады. Сыныптағы өз жолдастарының алдында сөйлеп
тұрған оқушы өзін шешенге, батырға теңеп,
кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мысалы :
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша рөлдік ойын ойнаттым.
Сынып оқушыларын 2топқа бөлдім . Қай топтың
оқушылары рөлін жақсы ойнап , топқа берілген
тапсырманы дұрыс орындаса , сол
топ жеңіске жетеді .Алғашқы болып 2-ші топ
оқушылары шықты. Бір
оқушы автор сөзін
оқып тұрды. Түйе
рөлін ойнап шыққан Айбат түйе секілді шайқала
басып келеді. Ойынның ережесі бойынша рөлде ойнап
тұрған оқушының ненің рөлінде ойнап тұрғанын табу қажет.
Осылайша барлық хайуанаттардың қимыл
қозғалысын айнытпай салып
шықты. Бұндай ойындарға математика сабағында «Сатушы»,
«Кітапханада»т .б ойындарды ойнатуға болады . Оқушылардың
ойлау қабілетін дамытуға
арналған логикалық ойынның бір түрі ойын жаттығулар.
Ол
оқушылардың белгілі бір
қабілетін жетілдіруге
бағытталған. «Сөзжұмбақ», «Ребус»,
«Ұйқасын тап» ойындары арқылы балалардың білсем деген
ұғымы артады. Ребустар
шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Сабақ
үстінде ребустарды үнемі пайдаланып отырамын, сонымен бірге
үйге ойдан ребустар, сөзжұмбақтар
құрастырып келуді тапсырамын. Оқушының ізденушілік
қабілетімен бірге белсенділігі артады. Баланы ұшқыр
ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр
сабақ сайын жүйелі пайдаланып отырамын. Сабақта жұмбақтарды жатқа
айтқызудың өзі тілін
жаттықтырады. Сондай
ақ жатқа жазуда есте
сақтау қабілетін дамытады. Жұмбақ шешу ойынын жарыс
түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны
балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы
ойлауға жетелей түседі. М.Горкийдің: «Бала ойынды
сүйеді.Ойнағанда не болса соның бәрімен ойнайды.Ол
өзінің айналасындағы дүниені ойын және
ойыншық үстінде таниды. Бала сөзбен де ойнайды. Ол
сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін
үйренеді,тілдің музыкасын ұғады»,-дегені мәлім.
« Қимыл –қозғалыс» ойыны белгілі бір іс-әрекеттен
тұрады. Бұл ойын оқушының өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Мысалы: « Кім
керек?»,»Көңілді поезд», «Мысық пен тышқан», « Өз орныңды тап», математика
сабағында көп пайдаланатын,
әсіресе көбейту кестесін еске түсіру мақсатында
қолданылатын ойынның түрі « Қалт етпе қағып
ал, жауабын тауып ал!» бұл ойын балаларды тез ойлауға,
көбейту кестесін жылдам жаттауға септігін тигізеді. Мұғалімдер
еңбегі туралы Ж. Аймауытовтың пікіріне жүгінсек: «Сабақ беру – үйреншікті жай
шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,
деп мұғалімдерге үнемі ізденімпаздықпен,
шығармашылықпен атқаратын
қызмет екенін айтып кеткен. Ғалымның өз
заманында айтып кеткен
құнды ой- тұжырымдары
бүгінде ХХІ ғасырда мұғалімдерге қойылып
отырған талаппен үндесіп отырғанын айқын
көруге болады. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу
– ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек,
білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің
білімді, білікті болуына ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы
оқушыны оқуға қызықтыра отырып,
тұлғалы дамуын қалыптастыруға болатынынаөз
тәжірибиемнен көз жеткізудемін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Отбасы және балабақша» 2002 ж
№5. (6-8 бет)
2.Айтмамбетова Б.
Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.
3..Бала
тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж
4. «Ұстаздар» сайты материалдар
5 . Бастауыш сынып
№ 4/ 2012.
6. Артемова Л.В.
Дидактикалық ойындар. ¬– М., 1992.
7.Әбиев Ж. Ә., Бабаев С.
Б.,Құдиярова А. М. Педагогика.
8.Бастауыш мектеп № 1-2/1999.