Автоматизированные системы управления на

производстве.

 

педагогика магистрі Иманбекова Қ.К.,

т.т.магистрі Жаппарова А.Қ.

Тараз мемлекеттік университеті, Тараз

Қазіргі заман талабына сай этнографиялық стильде әйелдер бас киімдер топтамасы

 

         Қазақтың киімінің тарихы қазақ елінің тарихымен тығыз байланысты. Киім ерекшелігі жасқа, әлеуметтік жағдайға, өмірге деген көз қарасқа, қуанышты немесе қайғылы оқиғаға, күнделікті тұрмысқа байланысты анықталған. Бұл нормалармен талаптар қолданылған матаға, сурет бейнесіне, түсіне, көлеміне, пішініне және киім бөліктеріне әсер етеді. Ендігі  міндет-ұлттық  дүниетаным  ерекшелігін  танытатын  осы  өнер  саласын  заман  талабына  сай  жетілдіріп  көркем  рухани  қазына  ретінде  пайдалана  білу.

          Ұлттық киім жай ғана киім емес. Оның пішімімен түр үйлесімімен, салынған әшекейлері мен оюларынын хал-тұрмысымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы мен тәжірибесін көреміз. Қазақтың ұлттық киімдеріне оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның  ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған.

          Бас киімдер ұлттық киімдердің мәнерлі де ерекше бөлігі болып саналады, олардан халқымыздың эстетикалық талғамын аңғарамыз. Ұлттық киімдердің ерекшелігімен қоса адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай, киген киімі сонымен бірге жүздің, рудың ерекшеліктері де жақсы сақталған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ елінің тұрмысындағы өзгерістерге байланысты, мәдени өмірінде де өзгерістер болды. Осыған қарамай жүздердің, рулардың дәстүрлерінің сақталып қалуы, халықтың қоғамдық және мәдени өміріне өз әсерін тигізді, нәтижесінде жүз бен рудың ерте заманнан келе жатқан киім үлгілерінің ерекшеліктері сақталынып қалды.   

         Ежелгі дәуірден бері келе жатқан қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, мәдениеті мен рухани байлығы бүгінгі ұрпақтың рухани көзіне, мақтанышына айналды. Осындай аманатты көздің қарашығындай сақтап әрі қарай жалғастырып дамытатын келер ұрпақ болмақ. Қазақтың тарихи-мәдени мұрасын, байлығын, қазынасын ашып көрсететін бірден бір үлгісі – ол ұлттық киімдері болып табылады. Ал сол ұлттық киімдердің басты құндылығы, негізгі жәдігері ою-өрнектер.

         Ою-өрнектер (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды, тігін бұйымдарын әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Ұлттық ою-өрнек өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-өрнектерден (Айша-бибі, Ахмет Яссауи кесенесі) айқын көрінеді. Ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде, кестеде, ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіре түсті. Ою деген сөзден өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп ойластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе ою-өрнекке салып қиып алып үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, бояп батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, ою-өрнек деп қосарланып айтылады. Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны- өрнек.

         Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Қазақ «өнер алды- қызыл тіл» дейді. Дегенмен, сурет өнері осы тілден бұрын пайда болған тәрізді. Өйткені сонау тас ғасырынан қалған таңбалы ою-өрнектер арқылы адам баласы тым ерте-ақ өз ойын суретпен жеткізуге талпынған көрінеді. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Түзу және ойқастыра тоқу тәсілдері көп қолданылады. Түркі халықтарының қолтаңбаларында өрнексіз заттың мәні жоқ. Жалпы қазақ халқы ою-өрнекті қадір тұтқан. Бас киімдегі ою-өрнекке қарап, қай ұлттың ұрпағы екенін таныған.

         Қорыта айтқанда ою-өрнек – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы ою ойған адамның жүрегі жылы, жаны нәзік болады. Қолөнер шеберлері ою-өрнекті әр заттың өзіне лайықтап, жарасымын, үйлесімін, сәнін тауып жасаған. Жасаған затпен ою-өрнек бір-бірімен өте сәнді қабысып, шынайы көркемдік беріп отырған.

         Міне осындай қазақ ұлттық элементтерін қолдана отырып, қазіргі заманға сай әйелдер бас киімдерін қарастырудамыз. Жасалынған бас киімдер үлгілері заманауи сәнді киім ұлттық мәдениетімен, өнерімен анықталып әр түрлі пішіндермен сипатталады. Ұсынылып отырған үлгілердің басты, ол қазақ халқының ою-өрнегін қолданумен, қазіргі заман талабына сай бас киімдердің жаңаша түрде дайындау.

 Ұсынып отырған графикалық шешім үлгілерінде пішіннің көлемі, элементтердің пропорциялық қарым қатынастары, фактура шешімдерінің келісімділігі, түс шешімдерінің бірлестік нюанстары толығымен анықталған.

Негізгі бұйымнын жалпы көрінісі трапециялық пішін арқылы шешілген, жағасы ойма, жеңі реглан. Аксессуарлардың келісімділігі ішкі мүшелеу сызықтарымен қарама – қайшылық принципі арқылы орналасуда. Ою-өрнектердің үлгідегі айқындық үйлесімділігі ырғақтық тәртіп арқылы ұсынылуда.

        

 

C:\Users\Asem\Desktop\Лаура\ \фото\IMG_1080.JPGC:\Users\Asem\Desktop\Лаура\ \фото\IMG_1079.JPGC:\Users\Asem\Desktop\Лаура\ \фото\IMG_1081.JPG

C:\Users\Asem\Desktop\Лаура\ \фото\IMG_1094.JPGC:\Users\Asem\Desktop\Лаура\ \фото\IMG_1095.JPGC:\Users\Asem\Desktop\Лаура\ \фото\IMG_1096.JPG

C:\Users\Asem\Desktop\Лаура\ \фото\IMG_1062.JPG  C:\Users\Asem\Desktop\Лаура\ \фото\IMG_1063.JPGC:\Users\Asem\Desktop\Лаура\ \фото\IMG_1064.JPG

C:\Users\Asem\Desktop\Лаура\ \фото\IMG_1082.JPG  C:\Users\Asem\Desktop\Лаура\ \фото\IMG_1083.JPG C:\Users\Asem\Desktop\Лаура\ \фото\IMG_1084.JPG

                  

ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.     Гагарина С., Бокова С. Проектирование швейных головных уборов Ростов- на- Дону: Изд-во «Феникс», 2003-384с.

2.     Арғынбаев Х.А. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1987-б.