ӘОЖ 633.174:633.62

Таутенов Ибадулла Айғалиұлы, а.ш.ғ докторы, профессор

Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлы, магистрант

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Универсиететі, Қызылорда, Қазақстан

 

Құмай өсіру – үлкен табыс көзі

 

Мақалада азықтық құмайдың биологиялық ерекшеліктері мен оның жарық, жылу, ылғалға қатысты қасиеттері көрсетілген. Құмай құрғаққа төзімді, еліміздің шөлді аймақтарында егуге қолайлы болып табылады. Еліміздің шөлді аймақтарында   өсіруге таптырмайтын, жоғары сапалы сүрлем дайындауға бола-тын,  келешегі зор азықтық дақыл.

Кілт сөздер: азықтық құмай, азықтық құндылық, құрғаққа төзімділік, өнімділік, пісіп-жетілуінің биологиялық ерекшеліктері, т.б

 

Sorghum – the crop of ample possibilities

 

The paper presents the biological features of growth and development; heat, light and moisture requirements of grain sorghum. Sorghum is a drought-resisting crop. Sorghum seeds have a high nutritive value and use as a good concentrated food for farming animals. This crop is responsive to irrigation with increasing the yield of green mass and grain as well.

Key words: grain sorghum, biological features of growth and development, fodder quality parameters, drought-resistance, salt tolerance, crop yield

 

Құмай – әлемдік жерді өңдеуде 70-75 млн га жерге өсіріледі және егістік көлемі жөнінен бидай, күріш, жүгері мен арпадан кейін 5-ші орында тұр. Ол негізінен Азияда (49-50%), Африкада (32-33%) егіледі. Америкада егістік жердің 15 пайызын ғана құрайды, ал Австралия мен Еуропада бар-жоғы 2-3% көрсеткішке ие. Ең көп өсірілетін құмайдың түрі – азықтық құмай (60 млн га жерге өсіріледі) [1].

Құмай құрғақшылыққа төзімділігімен, құнарлы топырақты аса қажетсінбейтін қасиетімен еліміздің шөлді аймақтарында егуге қолайлы болып табылады.

Құмай шаруашылығы өте тиімді, дәні – жануарлар мен құстарға азық. Сүттеніп, балауыз болып тұрған кезінде жинап алынған құмайдан түйіршіктелген жем дайындайды. Тәтті құмайдың сабағын көк кезінде жануарларға сол қалпында беруге болады, оның үстіне одан сүрлем дайындауға да болады. Құмайдың көк сабағында 24-26 малазықтық бірлік (м.а.б), сүрлемінде 20-22 м.а.б, пішендігінде 49 м.а.б бар. Құмай дақылы жайылымдық болған жерлерге де жақсы өседі, сондықтанда құмай өсірілген жерден жайылым жасауға әбден болады.

Құмай – құнарлылығы жөнінен және үлкен өнімімен жүгеріден асып түсетін, еліміздің шөлді аймақтарында жоғары сапалы сүрлем дайындау үшін өсірілетін келешегі зор азықтық дақыл. Оның тағы бір қасиеті жоңышқа секілді орылғаннан кейін де өсуге қабілеттілігі[2]. Ол дәні толық піскенше жапырағы мен сабағының ылғалын сақтай алады. Сондықтан бірнеше рет орылғанымен, күз келіп салқын түскенше өсуін тоқтатпайды. Сүттеніп, балауыз болып тұрған кезде орылған құмайдың сабағы мен дәнінде 14-20% қант болады, сол себепті оны сүрлем қылу оңай болады. 100 кг құмай сүрлемінде өз кезегінде 1,31-1,67 кг мөлшерде ақуыз болады[4].

Құмай дақылын өсіру және жнау негізінен құрғақ, қуаң аймақтар үшін өзекті жұмыс. Ресейде бұл дақылды Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыста өсіреді[3].

Азықтық құмай өсіру шаруашылығы – бір жылдық өсімдікті өсірудің өте жақсы қолға алынған түрі. Ол өзінің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жылу сүйгіш өсімдіктер қатарына жатады. Онын дәні ылғалы бар жерде 8-100С температурада өсе береді. Ерте пісетін құмай түрлері үшін дәннің пісіп-жетілуіне қажетті температурасының мөлшері – 2000-25000С, ертелеу пісетін құмай түрі үшін – 2500-30000С, кештеу пісетін құмай үшін – 3000-3500, ал кеш пісетін құмай үшін – 35000С-тан көп[4].

Азықтық құмайды егуге қолайлы уақыт топырақтың 12-160С-қа қызған кезі болып табылады. Құмай тұқымдас дақылдардың басқа дақылдарға қарағанда  негізгі биологиялық ерекшелігі кебір, сортаң топыраққа өсе алатын қабілеті.

Құмайдың сипаттық ерекшелігі – қолайсыз жағдай туғанда өсуін тоқтатып, кейін ыңғайлы жағдайда өсе алуы[7].

Құмай – температураға сезімтал, жылусүйгіш дақыл. Нөлден 2-30С төмен температурада ол өзінің өсуін тоқтатады. Сонымен қатар, құмай – маусымдық өсімдіктер қатарына кіреді, вегатациялық өсу ұзақтығы – 120-140 күн және 75-95 күндік формалары да бар.

Азықтық құмайдың пісіп-жетілуінің биологиялық ерекшеліктерін көптеген ғалымдар (В.Я.Щербакова, Я.И.Исаков, Н.Г.Гурский, Н.А.Шепель,  Б.Н.Малиновский,  А.В.Алабушев және т.б) зерттеген[2,3,4,5,8,9].

Егілгеннен кейін жер бетіне өніп шыққанға дейінгі температураға, ылғалға және басқа да шарттарға тәуелділігі 10-30 күнге созылады. Ал алғашқы 6 жапырағы шығып, сонан кейін әбден пісіліп-жетілгенге дейінгі кезеңі өте ұзаққа созылады. Алғашқы бас алуы тұқымның өніп шыққанынан 70 күн кейін болады, ал балауыз дәннің пісуі – 100-110 күннен кейін.

Түптену – азықтық құмай үшін маңызды кезең. Бұл кезеңде тек құмайдың сабағы ғана өсіп қоймай, сонымен қатар қауызда дәннің орындары қалыптасады. Түптену неғұрлым сәтті жүрсе, соғұрлым дән де көп болады. Түптену кезеңінің соңына қарай оның сабағы жылдам ұзара бастайды, сөйтіп қоректік заттар мен ылғалдың жеткілікті мөлшерде болуын қалайды. Сондықтан бұл кезеңде қажетті элементтердің кемшін болмауын қадағалау керек.

Құмайдың алғаш бас алу кезеңі басталғанда оның негізгі мүшелері қалыптаса бастайды. Бас алу кезеңінен бастап толық піскенге дейін қажетті органикалық және минералды заттарды жер бетіндегі мүшелері арқылы алады. Соның нәтижесінде оның жапырағы мен сабағы сәл өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Бас алғаннан бірнеше күннен кейін құмай гүлдейді: ерте пісетін құмай 2-3 күннен кейін гүлдесе, кеш пісетін құмай 4-6 күннен кейін. Гүлдеу кезеңінің ұзақтығы 6-13 күн, кейде 16 күнге шейін созылады.құмайдың гүлдеуі үшін қолайлы жағдай – ауаның 16-180С температурасы және 60-80% ылғалдылығы болып табылады.

Дән толық піскенде жинап алынған кейінгі физиологиялық және биохимиялық шаралар, яғни дән өңдеу жұмыстары жүреді. Құмайды дәнінің сүттілігі 24-26% болғанда жинап алған дұрыс.

Құмай суландыру шарттары бойынша талап қойғыш дақылдар қатарына жатпайды. Ол өсіп-өркендеуі кезінде ылғал жетімсіздігіне жақсы бейімделген. Сондықтан су шығынын үнемдеу оңайға түседі. Транспирациялық коэффициенті – 300. Нақтылап айтқанда ол біржылдық астықтұқымдас өсімдіктердің құрғаққа төзімділерінің бірегейі болып табылады[5].

Әйткенмен құмайдың өсу кезеңінде суға тәуелділігі әртүрлі. Дәннің бөртуі және тамырлануы кезінде жыртылған жер қабатында ылғалдың жеткілікті мөлшерде болуы өте маңызды. Ал түптену және сабақтану кезінде құрғақшылыққа шыдамды болады.

Шөлді жерлерде ертелеу пісетін азықтық құмайдың өніп шығуы 10-15 күнде жүреді, ал 25-30 күннен соң түптене бастайды. 40-50 күннен кейін сабақша шығарып, 55-65 күннен соң бас алады. Гүлдеуі бас алғаннан кейін 5-6 күннен соң болады. Әртүрлі ерте пісетін сорттардың вегетациялық кезеңі 90-145 күн арасында болады.

 Құмай тек қана құрғаққа төзімді, өнімділігі жоғары дақыл ретінде ғана емес, азықтық құндылығының жоғарылығымен жоғары бағаға ие. Құмайдың дәнінде орта есеппен 12-15% ақуыз, 3,4-4,4% май, 70-80% азотсыз экстративті заттар (АЭЗ), 2,4-4,8% жасунық, 1,2-3,3% күлді қоспалар кездеседі.

Я.И.Исаков [8] пен В.Я.Щербаковтың [9] мәліметтері бойынша 100 кг дәнде 118-130 м.а.б болады. Құмайдың дәнінде провитамин-каротин, В тобындағы витаминдер мен илік заттар болады. Каротин мөлшері құмайдың сорттарына және қалай егілгеніне байланысты. Қызыл, жасыл дәндерде ақшыл дәндерге қарағанда каротин көбірек болады. Құмай дәніндегі В витаминдер тобы бидай мен басқа да астықтұқымдас дақылдардағыдан кем емес. Құрамындағы алмастырылмайтын амин қышқылдарының арқасында құмай белоктары үлкен биологиялық құндылыққа ие.

Құмай дәнін өндірісте крахмал алатын шикізат ретінде қолданады. 100 кг дәннен 65 кг крахмал алуға болады. Мал бордақылау кезінде құмай дәнін пайдалану арпа дәнінен кем нәтиже бермейді. Құмай дәні монокорм кезінде, ұн, түйіршіктелген жем, брикет дайындау үшін пайдаланылып жүр, сонымен қатар ол азық өндіруде тамаша жармалық дақыл болып табылады.

 

Қорытынды:

 

Құмай – дәнінің қоректік құндылығы жоғары, құрғаққа төзімді дақыл және ол үй жануарлары үшін таптырмайтын жем-шөп.  Құрғақшылыққа төзімділігі мен қатар ол мол сулы жерде де өміршең қасиетке ие. Сондықтан Қызылорда облысы жағдайында құмай өсіруді дамыту әртараптандыру бойынша өзекті мәселе болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Катков, В. А. О ситуации на мировом рынке семян / В. А. Катков //Селекция и семеноводство. – 1999. – № 1. – С. 42-45.

2. Шекун, Г. М. Культура сорго в СССР и ее биологические особенности / Г. М. Шекун. – М.: Колос, 1964. – 140 с.

3. Малиновский, Б. Н. Сорго на Северном Кавказе / Б. Н. Малиновский. – Ростов н/Д: Изд-во Ростовского ун-та. – 1992. – 202 с.

4. Алабушев, A. B. Уникальные возможности сорго / A. B. Алабушев //Земледелие. – 2000. – № 3. – С. 19.

        5. Шепель, H. A. Рекомендации по возделыванию сорго на Кубани / H. A. Шепель. – Краснодар: Кн. изд-во, 1975. – 24 с.

6. Boonchoo, S. Barley yield and grain protein concentration as affected by assimilate and nitrogen availability / S. Boonchoo, S. Fukai, S. Hethering-ton // Australian Journal of Agricultural Research. – 1998, 49: 4, – P. 695-706.

7. Hector, D. Adapting a barley growth model to predict grain protein con-centration for different water and nitrogen availabilities / D. Hector, S. Fukai, P. Yoyne // Australian Society of Agronomy Inc.; Toowoomba. – Australia. – 1997. – P. 117-121.

8. Исаков, Я. И. Сорго / Я. И. Исаков. – М.: Россельхозиздат, 1982. –134 с.

9. Щербаков, В. Я. Зерновое сорго / В. Я. Щербаков. – Киев-Одесса: Вища школа, 1983. – 192 с.