Г.Т.Қуандықова., Оспанова
Р.Қ., Олжабай С.Қ.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Тараз қ. Қазақстан
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия, Тараз
қ. Қазақстан
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ОҚУ ЖҰМЫСЫН ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ГИГИЕНАЛЫҚ РЕТТЕУ
Жас ұрпақты тәрбиелеу ісі қоғам
дамуының қай кезеңінде болмасын уақыттың
талап-тілегіне сай үздіксіз жүзеге асырылып отырады. Жалпы білім
беретін жүйеде оқушылардың ой-еңбегінің
өзгеруі, оқу жүктемесіне әсері, оқу ағарту ісін қайта
құру - біздің рухани, азаматтық
шығармашылық потенциалымызға, жаңаша ойлау
қабілетіміз бен біздің істерімізге байланысты. Білім беру барысында
ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша
теориялық, практикалық іске, еңбекке баулу,
дүниетанымын кеңейту, оқушының бойындағы бар
қабілетін жетілдіріп, кемеліне келтіру болып табылады.
Чехтың ұлы педагогы Я.А. Коменский : "Адамның
жас шағында алған білімі ғана орнықты болып,
естен шықпайды,"-
деген. Олай болса,
баланың дұрыс білім
алуы, ең алдымен,
ұстазға байланысты.
Көптеген зерттеушілер жасөспірімдер мен
бүлдіршіндердің салауаттылығына тигізетін әр
түрлі факторлардың әсерін ашып көрсетті. Гигиенистер,
физиологтардың зерттеулерінде
оқу процесіндегі бірінші күндерден бастап сынып оқушыларын
жоғарғы сынып оқушыларына дейінгі және кейінгі
өмір сүруінде статистикалық компоненттің басым болып,
керісінше қозғалыс әрекеттері жылдан-жылға азаяды.
Осындай статистикалық ырғақ динамикалық ырғақпен
кездейсоқ алмасуы оқушылардың денсаулығына
айтарлықтай нұқсан келтіріп отырады. Үздіксіз
бақылаулар жүргізудің нәтижесінде оқушылар
денсаулығының динамикасында, әсіресе 5-11 сынып
аралығында, кеңінен таралған кемшілік: омыртқа
жотасының қисайып кетуі 20,4-тен 25,6 %, көздің
жақыннан көру рефракциясы - 8,8-ден 23,9 %, жүрек
қантамыр аурулары - 12,8-ден 14,2%. Ретроспектриялық
зерттеулердің нәтижесінде оқушылар арасындағы кеңінен
таралған науқастың белгісі, әсіресе 1-4 сыныптарды, 8-сынып
арасында тыныс алу мушелерінің қабынуы, оның созылмалы
түрлерінің 2,2- ден – 6,8- ге дейін, ішек қарын аурулары
және асқазан ауруларының 1,8- ден- 4,3 -ке дейін, көру
мүшелерінің зақымдануы 7,4-20,8- ге дейін өскен,
осының салдарынан оқушылар сабаққа қатысуы
төмендеп, ағзаның физиологиялық және
гигиеналық функциялары бірталай өзгерістерге ұшырап
отырған. Оқу процесінде қатты күйзеліске
ұшырайтын жүйке -психикалық өзгерістер мен тыныс алу
мүшелерінің рефлекторлық өзгерісі және
жүрек пен қан тамырлардың өзгеруі, баланың
ағзаның әр түрлі жағдайға бейімделуі мен
қарсы тұру шамасы төмендейді. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларының
жүйкелерінің психикалық өзгеріске ұшырауы
психоневрологиялық ауруларға душар етеді. 7-16 жасқа дейінгі
балалардың 15,1 % артериялық қысымы 7,5% қалыпты жағдайдан
көтеріңкі болып, ал 7,6 % керісінше төмендеген.
Артериялық қысымның оқу процесіндегі жоғары
деңгейі 10-20 мм сынап бағанасында, ал төмендеуі 5-10 мм
сынап бағанасында, ал оқу жылы аяғына артериялық
қысыммен ауыратын балалар саны артып, олардың ой
қабілеттілігінің нашарлауына әкеліп соқтырады.
Гипертония қан қысымының жоғарылауы ұл балаларда
көп байқалады. Ал осындай ауытқулар балалардың
жүрек ауруларына, гипертониялық ауруларға, атеросклероз
ауруларына шалдықтырады.
Оқушылардың негізгі еңбегі - оқу.
Оқудың ішінде маңызды орын алатыны үйге берген тапсырманы
ұқыпты орындау. Мектептен келгеннен кейін тамақтанып, таза
ауада журу керек. Күн тәртібін сақтай отырып, үйге
берген тапсырманы бір уақытта жасап үйренген дұрыс.
Сабақты орындағанда басқа ештеңеге көңіл
аудармай, радио, теледидарда сөндіріп қою керек. Үйге берген
тапсырманы орындауы жеңіл сабақтан бастап, біртіндеп қиындауын
орындаған жөн. Әрбір 35-40 минуттан кейін ағзаны тынықтырып,
5-8 минуттай қысқа үзілістер жасап отыру керек. Бұл уақытта
бөлменің терезесін ашып ауасып тазартып, әр түрлі дене
қимылдарын (еңкею-отырып тұру) жасайды. Үйге барілген
тапсырманы таңертең қайталаса, есте жақсы
сақталады. [1]
Балалар мен жасөспірімдердің оқу жұмысы, негізінен
алғанда, ми қабығының және сезім
мүшелерінің қызметімен байланысты ақыл-ой еңбегі
болып табылады. Ми қабығы жасушаларының жұмыс істеу
қабілетінің белгілі бір шегі бар, сондықтан бұл шектен
артық тапсырма беру шаршатады.
Жалпы қимыл тынышсыздығының пайда болуы шаршаудың
басталуының алғашқы белгісі болып саналады. Бұл
әсіресе төменгі сынып оқушыларында айқын
байқалады: балалар жан-жағына алаңдап, сөйлесе
бастайды, есінейд, керіледі. Егер бұл қозғалыс қозуын
таратпаса және басқа жұмыс формаларына ауыспаса, егер ақыл-ой жұмысы
әрі қарай жүргізіле берсе, ал мұғалім шаршауды
сөзбен ғана таратуға әрекет жасаса, тежелу
процесінің жайыла түсуі айқын байқалады.
Шаршаудың одан әрі күшейе түсетінін ескертуші тежелу
құбылыстары жалпы енжарлықтың және
маужыраудың дамуынан көрінеді.
Орта мектепке арналған оқу жоспары атқарылатын
апталық міндеттің мына төмендегідей болуын талап етеді: 1-2
сыныптар үшін 24 сағат, 3 сынып үшін – 26 сағат, 4 сынып
үшін – 29 сағат, 5-9 сыныптар үшін -34 сағат және
10-11 сыныптар үшін – 36 сағат.
Бұл келтірілген жалпы сағат санының бірталайы
ән-күйге, дене шынықтыруға, еңбек сабағына,
яғни ақыл-ой жұмысын онша талап етпейтін және сапа
жағынан сыныптағы сабақтардан өзгеше болатын
сабақтарға берілетінін атап өткен жөн. Қазіргі
кезде қолданылып жүрген оқу жоспарының кейбір
жақтары даулы мәселел тудырады. Бірінші сыныпта күн сайын 3
немесе 4 сабақтың болуын дұрыс деп санауға болмайды.
Баланың үй жағдайынан немесе күніне 25 минуттан 2
сабақ қана өтетін балалар бақшасынан бірден
мектептегі 4 сағаттық
сабаққа көшу олардың әдет - дағдыларын
өзгеретіні соншалық, ол балалардың көбінің
қолынан келмейді.
Оқу барысында сыныптан сыныпқа көшкенде оқушылардың
ақыл-ой жұмысы арта береді. Жұмыс істеу қабілеті, көптеген
функционалдық және психофизиологиялық көрсеткіштер
сияқты, әр тәулік ішінде, аптаның күндерінде, жыл
мезгілдерінде циклдық өзгерістерде болады. Сағат
таңғы 9-10 бастап 12-13 сағатқа дейін
физиологиялық ең жоғарғы жұмыс істеу
қабілеті, ең жоғарғы жұмыс көрсеткіштері
көрсетіледі. Одан кейін жұмыс істеу қабілеті төмендейді,
сағат 15-тен 17-18 сағатқа дейін жұмыс істеу
қабілеті қайта жоғарылайды.
Ұйқыдан ояна салысымен оқушылардың ақыл-ой,
қимыл қозғалыс жұмыстарын атқару қабілеті
төмен деңгейде болады. Оқу жұмысына араласқаннан
бастап біртіндеп жұмыс істеу қабілеті жоғарылай бастайды, көздің
көруі, құлақтың естуі, қимыл
қозғалыстың дәлдігі жоғарылайды, көрген, естіген
информациялар өте жылдам жіктеледі.
Жұмыс істеу қабілеті жоғарғы деңгейге жетіп,
біраз ұзақ уақыт тұрады. Содан кейін әуелі біртіндеп
ары қарай кенет барлық көрсеткіштері бірден төмендеп
кетеді, 7-9 сынып оқушыларында сабақ санын есептегенде жұмыс істеу қабілеттері жұмыстық
қарқыны мен жылдамдығы бірінші сабақтан ақырғы сабаққа
дейін 12-14% жоғарылады және
өзіндік жұмыс анықталғанға дейін сақталады. Жұмыстың
сапасының көрсеткіші сабақ басқалардан өзіндік
дайындықтың соңына дейін біртінден көтеріледі.Сонымен
қатар, 9 сынын оқушыларының жұмыстың
қарқыны өскен сайын оның дәлдігі және
жіктелуі төмен болады.
Жіктеуге байланысты жіберілген қателер саны 3 сабақтың аяғына
11,0-18% төмендеді, ақырғы сабақтың аяғына
тағы да жоғарылады, өзіндік дайындаудың басында
қайта төмендеді. Өзіндік жұмыстың аяғында
ой жұмысының бұл көрсеткіші тек -7 сынын оқушыларында
ғана нашарлады. Активті ішкі тежеудің күші 7- 9 сынып
оқушыларында 8 сағ 30мин- 2 сағ 15мин дейін 3-5% көтерілді,
сабақ біткен соң төмендеді, өзіндік дайындық
кезінде қайта көтерілді, оның аяғында қайта
төмендеді.
Тәуліктік сабақтың санын есепке алмағанның
өзінде, 7-9 сынып оқушылары үшін жұмыс істеу
қабілетінің орта көрсеткіштері оқу жұмысының
барысында терең өзгерістерде болатыны көрсетілген.
Шаршауға қарсы тұру қабілеті сабақтың аяғына
қарай 9 сынып оқушыларының арасында төмен болды.
Өзіндік дайындалудың басында сабақтың аяғымен
салыстырғанда 9 сынып оқушыларында төменгі деңгейде
болды. 7 сынып оқушыларында 23% жоғарылады. Өзіндік
дайындалудың аяғында бұл көрсеткіш 7 сынып оқушыларында
кенеттен төмендеді, ал 9 сынып оқушыларында жақсарады. [2]
7-9 сынып оқушыларының жұмыс істеу қабілетінің
сабақтың басталуынан аяғына дейін және өзіндік
дайындалудың басынан аяғына дейін өзгеруі оқу
жылының әр кезеңінде кездесті. Тек көрсеткіштердің
деңгейі 3 және 4 тоқсанда 1 тоқсанмен
салыстырғанда 13-15 жастағы жасөспірімдердің
орталық нерв жүйесі, басқа да жүйелері оқу
жылының басында қиындық жағдайында болды. Оның
себептері ұзақ уақыт үзілістен кейін оқу жұмысын
бастау, бұрын таныс емес иондермен танысу. Бірінші тоқсанда
сабақтың аяғына жене өзіндік дайындалуды бітіру
кезеңдерінде активті ішкі тежеудің күші және
шаршауға қарсы тұру қабілеті ете төмендеді. Бұл
көрсеткіштердің ең жоғарғы деңгейі 3
сабақтың аяғына келеді. 8 және 4 тоқсанмен салыстырғанда 1 тоқсанда
өзіндік жұмыстың аяғында бұл көрсеткіштер
өте төмен деңгейде болады. Сонымен қатар, 3 және
4 тоқсандарда жұмыс істеу қабілетінің көрсеткіштері
жоғары болғанда да өзіндік жұмыстың басынан аяғына
дейін осы керсеткіштердің төмендеуі шаршаудың
басталғанының белгілері болды. Жұмыстың орындалу
дәлдігі төмендеді, әсіресе 4 тоқсанда жіктеуге байланысты жұмыстың сапасы
өте төмендеді. Сан көрсеткіштері жоғарылады не
өзгеріссіз қалды.
1 сабақтан кейін 7 және 8 сынып оқушыларының
жұмыс істеу қабілеті өте жоғары қарқынмен
және дәлдігімен, ішкі тежеудің керсеткіштері жоғары
болуымен анықталады. Оқу жұмысындағы ұзақ
үзіліс жоғарғы ми қыртысының жұмысына жайлы
әсер етеді, барлық керсеткіштер қалыпты жағдайға
келіп қана қоймай, олар жоғарылады. 7 және 8 сынып оқушыларында
2,5 сағатқа созылған
ақыл ой жұмысының жұмысының керсеткіштсрі өзгермеді. Жұмыс керсеткіштері - 2.0-8,0 % ,
қарқындылығы 3.0-22.0 % дәлдігі және жіктеу жұмыстары жоғарылады.
5
сабақтан кейін, 4 сабақпен салыстырғанда, оқушыларда
өзгеріс әр бағытта жүрді. Жұмыстың
қарқыны артты (7 сынып), не төмендеді ( 9 сынып), көрсеткіштердің
сапасы төмендеді, әсіресе сегізінші сынып оқушыларында
(жұмыстың дәлдігі 16%, оның жіктеуі 27.0%). Бұл
жағдайдарда оқушылардың жұмыс істеу қабілеті
өзіндік жұмыстың алдында қалыпты жағдайға
келгенмен де, ол орнықты болмады. Өзіндік жұмыстың аяғында
( 2.5 сағат өткеннен кейін) өзгерістердің болмауы не
жұмыстың жылдамдығының жоғарылауы оның сапасының
төмендеуімен байланыспады, себебі жалпы қателіктер саны
көбейді, әсіресе 9 сынып оқушыларында жіктеу жұмыстары.
6
сағаттан кейін жұмыс істеудің барлық көрсеткіші
(7-9 сынып оқушыларында) бір мезгілде төмендеді, әсіресе
жұмыстың сапасына байланысты көрсеткіштер, олар 5-ші
сабақтың аяғымен салыстырғанда жұмыстың
қарқыны 8 пайызға,
ал жіктеу жұмыстары 20% -ке темендеді. Тәуліктік бейімделу керсеткіші
-23%-ға, 7 сынын оқушыларында кері-23%-ға, 9 сынып оқушыларында
кері-52% - ға төмендеді.
Жоғары сынып оқушыларында сабаққа дейінгі ой
жұмысының деңгейі 3-ші сабақтан кейінгі жұмыс
істеу қабілетінен төмен болды. Сабаққа дейін жақсы
және өте жақсы орындаған жұмыстың саны,
3-ші сабақтан кейін орындалған жұмыстармен салыстырғанда,
азырақ болды. Сонымен қатар оныншы сынып оқушыларында
сабаққа дейін жақсы деңгейде орындалған
жұмыстар саны, тоғызыншы сынып оқушыларына
қарағанда, көбірек болды. Жалпы жоғары сынып оқушыларында
ой жұмысының деңгейі бірінші
сабақтан кейін жоғарылай бастайды. Жұмыстың
қарқыны, дәлдігі, активті ішкі тежеудің
күші, бейімделу көрсеткіштерінің 5,0-14,0%
жоғарылады. 2-3 сабақта жұмыс істеу қабілеті жоғары деңгейде сақталды, ал 4-3,0-5,0% 8-ден 4-інші сабаққа жұмыс
істеу қарқыны
сақталғанмен жұмыстың дәлдігі, белсенді ішкі тежеу
күші төмендейді. 5-6
сабақтар орталық нерв жүйесінде басталған шаршау жағдайында
өтті. [3]
Жеке басының ерекшеліктеріне байланысты (әсіресе жүйке
жүйесінің жұмысының ерекшеліктеріне) оқушылардың
оқу жұмысында жұмыс істеу қабілеті әрқилы. 7-11
сынып оқушыларының ақыл-ой жұмысының
ауытқуларына қарамай, шаршау, тәуліктің басынан аяғына
дейін ауыр деңгейде жүрмейді. 13-17 жастағы оқушылар
үшін тек жұмыс істеу қабілеті өзгеріп қоймай,
басқа да көптеген ағзаның қабілетінің
көрсеткіштері солай өзгереді.
Жалпы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мұғалімдердің
міндеті оқу
жүктемесінің мөлшерін олардың жасына байланысты реттеу
керек. Біз оқушылардың ақыл-ой жұмысы нәтижелі
болуы үшін, олардың денсаулығын сақтауға
төмендегідей шараларды
ұсынамыз:
-
жұмысты бір мезгілде жүргізуді қалыпты жағдайга
енгізу.
-
жұмыс пеп демалысты алма кезек ауыстырып отыру, бір жұмысты
екінші жұмыс түрімен ауыстыру. Жұмысты шаршаудың
бірінші белгілері пайда болғанда не демалыспен, не басқа
жұмыспеп ауыстыру, ой жұмысының бір түрінен екіншісіне
ауысу, не дене жаттығуларымен шұғылдану.
- үзбей
жаттығулар арқылы ақыл-ой жұмысын жетілдіру,
дағдыға айналдыру.
- ата-ананың,
сынып жетекшісінің, мұғалімдердің баланың
оқу жүмысына дұрыс көзқарасы.
- оқушының
жаңа жағдайға бейімделу қабілетін
біртіндеп жаттықтырып жоғарылату, ол келешекте жұмыс істеу
қабілетін жоғарылатуды қамтамасыз етеді.
Зерттеу барысын қорытындылай келе, бірнеше тәжірибелік
ұсыныстар бергім келеді:
1.
Білім беру департаменттеріне оқушылардың апталық
жүктемесін физиологиялық және жас ерекшеліктеріне сай шектеу
қажет.
2.
Оқу кестесін құрастыратын кезде санитарлық-гигиеналық
талаптарға сәйкес ескерген жөн.
3.
Оқушыларға факультативті сабақтарды міндетті түрде
қою қажет. Күннің екінші бөлігінде сабақ
соңына 2 сағатқа қою қажет.
4.
Оқушылардың шаршауын болдырмас үшін, компьютер сыныптарын
санитар-гигиеналық талаптарға сай жасау қажет.
5.
Оқушыларда шаршауды, зорығуды болдырмас үшін, сынып
бөлмесінің ауа-райын
жақсарту мақсатында бөлме өсімдіктерін
отырғызу және мектеп үлескісінде жасыл желектерді
отырғызу қажет.
6.
Оқушыларда шаршауды және күзелісті болдырмау
мақсатында мектепте психологиялық сыныптың жұмысын одан
әрі жетілдіре түсу.
Әдебиет
1. Антропова М.В.
Работоспособность учащихся в процессе учебной
и трудовой деятельности – М., 1985. –С.232.
2. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық – Алматы «Ғылым». – 2002. – 300 бет.
3.
Дүйсембин Қ., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология
және мектеп гигиенасы. Оқулық. Алматы; 2003. 400б.