Г.Т.Қуандықова., Қуандықова Э.Т. Мұратқызы Б.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ. Қазақстан

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ. Қазақстан

 

БИОЛОГИЯДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

 

Табиғат пен қоғам, адам арасындағы қарым-қатынастар қайшылықсыз, әрдайым үйлесімді деп қарауға болмайды. Олардың арасында барған сайын ішкі қайшылықтар көбейіп отырады. Бұл қайшылықтардың қайнар көзі қоғам мен табиғат дамуларының бір-біріне қарама-қарсы екі тенденциясында жатыр. Біріншіден, қоғам мен оның өндіргіш күштері дамыған сайын адамның табиғатқа «үстемдігі» арта түседі, ал екіншіден, бұл екеуінің арасында үйлесімділік туып, барған сайын шиеленісе береді. Табиғат құбылыстарының алуан түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі өзара байланыста, қарым-қатынаста, яғни біртұтас бірлікте. Сол себепті де, егер адам табиғат құбылыстарының бір саласына әсер етіп, оны өзгертуге әрекет етсе, онда ол сонымен іштей байланысты басқа жақтарының «тынышын бұзуы» мүмкін.Сондықтан, табиғат қорларына құнтты болу, бүлінгендерін қалпына келтіріп отыру, оларды тиімді пайдалану, ауаға, жерге, суға өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы мен абыройлы міндеті болып саналады.

«Теңіздің тұнық болуы - бұлақтардан» дегендей табиғатты қорғау, қалпына келтіру мәселелерін ақылмен, білгірлікпен және ұтымды жолмен жүргізудің өзіміз үшін де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор екенін балалардың, жасөспірімдердің санасына салып, экологиялық мәдениетін, тәрбиені бесіктен бастау керектігі бүгінгі күннің өмір талабы.

Экологиялық білім беру Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында жалпы білім беретін мектептің экологиялық білім беруге байланысты іс-әрекет бағдарламасы мен тұжырымдамасында анықталған болатын.

 Ғаламдық экологиялық жағдай мәселелеріне арналған зерттеулерде қазіргі заманғы қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігінің ерекшелігі сарапталады. Оларға мыналар кіреді:

- антропогенді әсер ету орны болып жер шарының барлық саласы - қатты, газдық, су, биотоптық, ғарыштық салалары саналады;

- экологиялық қарама-қайшылықтар барлық жер шарын қамтиды;

- адамзат әрекеті әлемдік көлемдегі көптеген табиғат тепе - теңдігіне әсер етеді.

Осыдан келіп Отан, туған жер табиғатын қорғайтын тәрбиелі, тәртіпті, мәдениетті тұлғаны дамытып, қалыптастыру міндеті жүктеледі.

ҚР Мемлекеттік жалпыға міңдетті орта білім беру стандартында күтілетін білім беру нәтижелері құзіреттілік төрт деңгейде қарастырылады[1]:

Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі - түрлі жағдайларда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға мүкіндік береді.

Ақпараттық құзыреттілік - сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізіңде саналы шешім қабылдауға; өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, логикалық операцияларды, ақпаратарды өңдеуге, қолдануға мүмкіндік береді.

Коммуникативтік құзыреттілік - нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.

Пәндік құзыреттіліктер - мақсатқа жетуде алған білім, біліктілігі мен өмірлік тәжірибесін кіріктіру қабілеті.

Оқушылардың экологиялық құзыреттілігі барлық жаратылыстану пәндерінің мазмұнын меңгеру барысында қалыптасады. Дегенмен, экологиялық құзыреттіліктің негізін "Биология" (10-11) оқу пәнінің мазмұнында қарастырылатын "тіршіліктің құрылымдық деңгейлері", "биологиялық жүйелер", "қоршаған ортаның экологиялық факторлары", "жүйелердің өзіндік реттелуі", "бейімделу" т.б. жалпы биологиялық түсініктердің негізінде қалыптасатын экологиялық үғымдар, теориялар мен зандылықтар қүрайды. Бұл курста биологиялық жүйелер молекулалық, клеткалық, үлпалық, мүшелік, организмдік, популяциялық-түрлік, биогеоценоздық және биосфералық деңгейлерінде қарастырылады. Биологиялық жүйелердегі органикалық дүниенің өзара байланыстылығы, өзара тәуедділігі туралы диалекти-калық зандылықтары негізінде зерттеу олардың негізгі қасиеттерін - тұтастылығын, дискреттілігін, өзін-өзі реттеушілігін, өзін-өзі құрылымдаушылығын және эволюциясын анықтауға мүмкіндік береді.

Биологиялық жүйелердің құрылымы мен қасиеттерін зерттегенде олардың элементтерінің бір-бірімен байланысын, сонымен қатар жүйенің қорша-ған ортамен байланысын айқыңдау маңызды. Әрбір биологиялық жүйе өзінің тұтастылығын қоршаған ортаның тек белгілі тиімді жағдайлырында ғана сақтап қалады.

Биологиялық жүйенің өзін-өзі құрылымдайтын және реттеушілігін қамтамасыз ететін сыртқы ортамен үнемі энергия, зат және ақпарат алмасып жатады. Сыртқы орта жағдайларының өзгеруі тірі жүйеге келіп түсетін энергия, зат және ақпараттың мелшері мен сапасын өзгертеді, ал ол өз кезегінде жүйенің қызметін бұзып, оның динамикалық тепе-тендігін бүзады. Биологиялық жүйелерді зерттегенде олардың біртұтастығын және динамикалық тепе-теңдігін сақтайтын механизмдерін қарастыру қажет. [3]

Антропогендік әрекеттердің әсерінен сыртқы орта параметрлері күйінің (физикалық, химиялық) езгеруі тірі организмдердің тіршілік ортасын өзгертеді, бірінші кезекте адам денсаулығына қауіп төндіреді.

Антропогендік факторлардың тікелей немесе жанама әсерлері тіршіліктің әртүрлі деңгейлеріндегі биологиялық жүйелердің өзгеруіне соқтырады. Соңғы онжыл-дықтарда техногенді сипаттағы зияңды заттармен биосфераның ғаламдық ластануы байқатуда. Тірі организмдер мен адам денсаулығына ең қауіптілері - ксенобиотиктер - радионуклидтер, ауыр металдар қосылыстары, органикалық қосылыстар (ДДТ, инсектицидтер, гербицидтер, пестицидтер), дәрілік және косметикалық заттар, күкірт пен көміртегінің диоксидтері, нитраттар, нитриттер, тағамдық зиянды қоспалар т.б. жатады. Олар тірі организмдердің, сонымен қатар адамның генетикалық құрылымын өзгертіп, мутациялардың немесе түрлі аурулардың пайда болуына себеп болады. Сонымен қатар тірі организмдердің қызметіне физикалық факторлар да, мысалы, температура, қысым, гравитация, геомагниттік өріс, иондаушы сәулелер, лазер т.б. зиянды әсер етеді.

Осы аталған экологиялық мәселелерді жаратылыстану пәндерінің, сонымен қатар қоғамдық-гуманитарлық жөне техникалық пәндердің де мазмұнында қарастыру оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыруда маңызы зор.

Пәндерді оқыту барысында экологиялық мәселелерді нақты өмірдегі жағдаяттармен тікелей байланыстырып, пәнаралық түрғыда жан-жақты талдау оқушылардың экологиялық құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Мұндай нәтижелерге жетуде оқу үрдісін құзыреттілік түрғыда ұйымдастыру (проблемалық оқыту, жобалық-зерттеушілік әдісі, кейс-технологиясы т.б.) өте маңызды.

Айтылып отырған мақсат-міндеттерге байланысты экология курсы бойынша әрбір оқушы меңгеруі тиіс оқу материалдары төмендегідей мәселелерді қамтиды:

- Айналаны қоршаған ортаны кез-келген өзгерістеріне ластануына бақылаужәне оның себеп-салдарын ашып, ғылыми тұрғыда баға беруін дағдыландыру;

- Табиғатты қоршаған орта, ондағы қарым-қатынастар, зат алмасу процестерінің жүру заңдылықтары;

- Табиғат ресурстары, тірі организмнің биологиялық және геохимиялық ролі;

 

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру ісін мектеп тәжірибесінде жаратылыстану ғылымдары арқылы іске асыру қазіргі уақытта дәстүрге айналуда. Биология, география, химия, физика т.б. пәндерде оқушы бойына табиғатты қорғауға баулитын сан түрлі тсезімдері оятудан гөрі табиғат туралы білім фактілерін жинақтап беру басым. [2]

Мәселен, пәнаралық байланыс арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында жүргізіліп жүрген физика сабақтарына тоқталайық. 8-шы сынып оқушыларына физика курсының «Газдардағы, сұйықтардағы, қатты денелердегі диффузия» тақырыбына өткізілетін сабақты қарастыруға болады. Бұл сабақта физикасына көп көңіл бөлінбей диффузия құбылысы арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында, оның экологиялық мазмұнына басқа пәндермен, табиғатпен байланысына, оны қорғауға баса көңіл бөлінеді. Бұл сабақта өсімдіктерге, жануарларға және топырақ қалай ластанатынын көрсету керек. Мысалы, географиядан «Атмосфералық таза ауаны сақтау тәсілі», «Биосфераға адамның ықпалы», биологиядан «Клеткаға заттардың түсуі», «Өсімдіктердің өмір сүру жағдайы». Осы тақырыптарға байланысты оқушыларға көрнекілік жасап, соны жетік түсіндіру керек. Соңғы кезде көп пайдаланып жүрген дәстүрлі емес сабақ түрлері (лекция, конференция, пікірталас, семинар, т.б.) мұғалімдерге шығармашылықпен жұмыс істеудің көптеген мүмкіндіктерін ашып берді. Семинар сабақта оқушылар алған білімінің тиянақты екенін көрсетіп, берілген сұрақтарды шешуге белсене қатысады. [4]

Оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануға байланысты. Педагогикалық технологиялар мен әдістерді тандау барысында білім беру үрдісінің күтілетін басты нәтижелері - білім, білік, дағдылар, қүндылықтар негізінде қалыптасатын негізгі, түйінді және пәнік құзыртеттіліктерге бағытталуы тиіс.

 

Әдебиет

 

1.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта білім беру негізгі ережелері.   // 12 жылдық білім беру. 2009.   № 4,   5-34 б.

2.  Сарыбеков Н.С, Сарыбеков М.Н, Сарыбеков Д.Н. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері.- Алматы, 1996.-45с.

3.  Тұрдықұлов Э. А. Экологическое образование учащихся в процессе изучения предметов естественного-научного цикла. Автореф. дисс. док. пед. наук. М., 1982.-45б.

4.  Бұзаубақова К.Ж. Мектептен тыс уақытта табиғат қорғауға тәрбиелеу. “Қазақстан мектебі”. №4. 2011. 14 б.