Экономические
науки/13.Региональная экономика.
Г.Б. Бисембаева статистика магистрі, оқытушы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті
Аймақтың
инновациялық дамуы – мемлекеттің
стратегиялық
мақсатының бірі
Қазақстан
Республикасының экономикалық даму стратегиясы
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті
барынша 50 елінің қатарына кірудегі негізгі міндеттерін жария етті. Қойылған
мақсатқа инновациялық қызметті ынталандыру мен енгізу,
аймақтық және әлемдік нарыққа интеграцияланған
бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту жолымен ел экономикасын
терең әртараптандыру негізінде қол жеткізуге болады.
Дағдарыстан
кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері
инновациялық дамуға жаңа көзқарас
қалыптастырумен анықталуда. Казакстан тек табиғи ресурстарды ғана пайдалана
отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын
елге айналғаны белгілі болды. Мұның өзі дүниежүзілік бәсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел жүзеге асуын талап
етеді.
Сыртқы әлемдік ортада үздіксіз
жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы
біздің еліміздің де орнын белгілейді, сондықтан инновациялық саясат қазіргі дамудың маңызды факторына айналуда.
Осыған байланысты туындайтын
аса мањызды жайт – инновациялық қызмет елдің экономикасының өсуін
және экономиканың құрылымдық қайта
құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып табылады.
Аймақты
дамытудың негізгі тұжырымдамасы аудандық экономикада
шаруашылықтық тетіктер негізін өзгерту процестерінің
болуы. Инвестициялық-инновациялық процестер аймақтың
әлеуметтік-экономикалық процесінің құрамдас
бөлігі ретінде көрініс тауып, экономикалық өсу
қарқынын анықтауға негіз болады.
Аймақ
экономикасында өнеркәсіп саласы маңызды роль атқарады
және халықтың өмір сүру қызметін
қамтамасыз ететін негізгі потенциал болып есептелінеді. Аймақты
дамыту мен шаруашылық субъектілерінің қызметін
кеңейтуде ел экономикасына инвестиция тарту маңызды
сұрақтардың бірі. Меншік нысаны бойынша негізгі
капиталға салынған инвестиция көлемі жылдан-жылға
ұлғайып келеді. Мұның өзіндік себептерін айта
кететін болсақ, басқа салаларға қарағанда
мұнайгаз саласына тартылған инвестицияның қайтарымы
анық, аймақта Батыс Қытай және Батыс Европа
индустриалды-инновациялық бағдарламасының
қарқынды жүруі, жергілікті басқару ұйымдары
тарапынан аймақ өнеркәсібіне қажетті инвестиция
көлемін тартуға
қолайлы жағдайдың қалыптасуы.
1-кесте
Меншік нысандары бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция,
млн. теңге
|
Көрсет- кіштер |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
|||||
|
сомасы |
% |
сомасы |
% |
Сомасы |
% |
сомасы |
% |
сомасы |
% |
|
|
Негізгі капиталға салынған инвестиция |
42900 |
100 |
61471 |
100 |
66455 |
100 |
102934 |
100 |
172339 |
100 |
|
оның ішінде: мемлекеттік инвестиция |
11736 |
27,3 |
16180 |
26,3 |
9171 |
13,8 |
12339 |
12,0 |
26583 |
15,4 |
|
жеке инвестиция |
20653 |
48,1 |
29627 |
48,2 |
35131 |
52,9 |
67974 |
66,1 |
106855 |
62,0 |
|
шетелдік инвестиция |
10511 |
24,5 |
15664 |
25,5 |
22153 |
33,3 |
22621 |
21,9 |
38901 |
22,6 |
|
Ескерту-
Қызылорда облысы статистика басқармасының мәліметтері
бойынша |
||||||||||
Кесте
мәліметтеріне талдау жүргізе отырып 2015 жылды 2011 жылмен
салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестиция
көлемі 4 есеге дейін ұлғайған. 2015 жылы барлық
салынған инвестицияның 15,4 % мемлекеттік, 62,0 % жеке және
22,6 % шетелдік инвесторлардың үлесіне тиеді.
Негізгі капиталға
салынған инвестицияны қаржыландырудың негізгі көзі-
меншіктік құралдар және оның көлемі 60 % астам.
Екінші кезекте шетелдік инвестиция
(9-19%) алады. Қаржыландырудың аз ғана
көлемі жергілікті бюджеттен
жүзеге асырылады және оның үлесі 3-8 %
құрайды.
Отандық
кәсіпорындардың қаржылық стратегияны жоспарлаудың
мақсаты инвестицияны тарту жоспарын құру болып табылады.
Кәсіпорындар үшін инвестиция оның материалдық-техникалық
базасын жаңартумен қатар бәсекеге қабілетті өнім
өндіруді көздейді.
Индустриялық-инновациялық
даму стратегиясын ойдағыдай іске асыру өнімнің
бәсекелес түрлерін өндіру мен экспорттың өсіміне
жағдай жасау және экономиканы әртараптандыру,
жаңғырту негізінде елдің экономикасының
ұзақ мерзімді тұрақты өсімін қамтамасыз
етуге ықпал етуі тиіс. Ел
экономикасында жеке бастамалар басымдыққа ие болады. Барлық
рынок субъектілері үшін тең бәсекелес жағдай жасалады.
Экономиканың
бәсекеге қабілетін арттыруда ғылым жетістігін пайдалану
жақсарады, менеджмент және маркетингтік зерттеулер, өнімді
стандарттау және сертификаттау және т.б. салаларда кейіндеп
қалуды еңсеру шаралары қабылданады. Инвестициялық
және инновациялық жобаларды мемлекеттің қаржы
ресурстарының қатысуымен қаржыландыру үшін таңдау
бөлігінде іріктеу рәсімдері өзінің мақсатқа
сәйкестігі мен ашықтығына ие болады.
Қазіргі
заманғы және дамыған ғылыми–инновациялық
және өндірістік инфрақұрылымды құру,
біліктілігі жоғары басқарушы, ғалым, инженер, техник кадрлар
мен жұмысшы кадрларын даярлаудың тиімді жүйесін
құру есебінен инвестициялар, технологиялар трансфертті,
ғылыми жетістіктермен алмасу үшін
Қазақстанның
тартымдылық жүйесі жоғарылайды.
Қазақстан көп тарапты
халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады,
қатысуға тиіс те, өйткені
олар біздің жапандық экономикаға кіруімізге жәрдемдеседі
әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға
және қолымыздағы ресурстарымызға
сүйенеді.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік
бастамашылықтың жолындағы заңнамалы, әкімшілік және
бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына
тікелей қолдау көрсетуге міндетті. Ел
Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» экономикалық
кеңістіктің маңыздылығына тоқталды. Ол
кеңістік қазақстандық өндірушілер үшін
өнім өндірудің байтақ базарын ашып, бәсекеге
төтеп беретін тауарлар шығару мен мен қызмет көрсету
үшін бизнес субъектілерін ынталандыратынын атап өтті. Сонымен қатар жоғарғы
технологияға негізделген экономикамыздың бәсекеге
қабілеттілігі еңбек өнімділігі көрсеткішін арттырып
қана қоймай, бәсекелестік нарықта алдыңғы
қатарға шығаратын бірден-бір механизм болмақ. Осыған орай
еліміздің индустриалды-инновациялық дамуын жылдан-жылға
қарқындату мақсатында жаңа технологияларды
меңгеретін мамандар даярлауға аса мән беру қажет.
Әдебиеттер
1.
Қазақстан республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» 29 қаңтар,
2011 жыл.
2.
Мамырова М.К. Эффективность инвестиции в промышленном
производстве: Монография. – Алматы: Экономика, 2001. 230 с.
Махницкая Е.И. Формирование эффективной
инвестиционно-инновационной политики юга Казахстана: проблемы и решения.
Монография.