Экономические науки/15. Государственное регулирование экономики

                                     Раманкулова А.Б., магистрант

                                              Дүйсенбаева Б.Б., э.ғ.к.

Қазақ-орыс халықаралық университеті, Қазақстан

 

Шаруа қожалықтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шетелдік  тәжірибесі

 

Қазіргі таңда Қазақстан отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі жағынан қиындықтармен беттесуде, мәселен демпингтік бағамен сатылатын сапасы төмен импорттық тауарлардың  нарықта орын алуы. Қазақстан ежелден аграрлы ел болғандықтан тұрақты дамудағы ауыл шаруашылығының болуы -  нақты қажеттілік. Сондықтан ауыл шаруашылығының тиімді дамуын қамтамасыз ету - еліміздің стратегиялық мақсаты болып табылатыны сөзсіз. Бұл мақсатқа жетуде дамыған шет елдердің тәжірибесін қолданған жөн.

Дамыған шетелдерде ауыл шаруашылық өндірісінің бәсекеге қабілеттілігі осы саланы мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырып отырады. Дамыған елдердің көпшілігінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау аграрлы саясаттың басымдылығы  болып табылады. Ал  ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу жүйесі ауыл  шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін артты рудың басты тұтқасы болып қарастырылады. Бұл - агро-өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шаралары, тікелей және жанама мемлекеттік субсидиялау. Бұған жатады: компенсациялық төлемдер, табиғи апаттардан өтем ақы, ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын мемлекеттік реттеу, тарифтер мен квоталарды тағайындау, фермерлік қоғамдастықтарды құру мен нарықтың дамуын жағдай жасау [1].

АҚШ-та ауыл шаруашылығын мемлекеттік  қолдау бағалар жүйесі арқылы жүзеге асады. Келесі бағалар түрлері қолданылады:

·       Мақсатты немесе қамтамасыз етілген  бағалар, ауыл шаруашылық

өнімдерінің аса маңыздылары үшін пайдаланылады. Мақсатты бағалардың деңгейі  ұлғаймалы ұдайы өндірістегі өзін-өзі қаржыландыруға кететін шығындардың орнын толтыра отырып, табыс табуға қажетті деңгейді қамтамасыз етеді.

·       Кепілдендірілген  бағалар, ауыл шаруашылық өнімдерінің

қамтамасыз етілген бағалардың төменгі деңгейімен белгіленеді. Егер ауыл шаруашылығы өнімідерінің нарықтық бағасы  кепілдендірілген бағадан да төмен болса қолданылады.

1985 жылы қабылданған Ауыл шаруашылық заңының негізгі ережелері бойынша американдық фермерлер құқылы: еркін нарықта өз өнімдерін сатуға, контракт бойынша сатуға, өз қоймаларында сақтауға, Тауарлы несие корпорациясына кепілге беруге. Кепілге қойылған өнім 9 ай ішінде қайтадан сатып алынуы тиіс. Олай болмаса, кепілге қойылған өнім корпорация иелігіне өтіп, фермерге қойма шығындарын ескере отырып кепілдендірілген баға бойынша компенсация төленеді. Бірақ осы мерзім ішінде әлемдік бағалар   кепілдендірілген бағалардан төмен болса, онда фермер өз өнімін әлемдік бағамен сатып алады [2].

  Еуропа елдері бүкіләлемдік нарықта өздерінің  ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджеттерінен қомақты қаржыны субсидиялауға жұмсайды. Мәселен, Голландия өкіметі ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында алғашқы өндіріспен айналысатын  да, өңдеу өнеркәсібімен айналысатын да компаниялармен  ынтымақтастықты  ынталандырады. Мемлекет фермерлерді ұлттық потенциалдың маңызды бөлігі ретінде қарастырып, оларды армия мен ғылымға теңестірді.

Еуропа  елдерінде ауыл шаруашылық өндірушілерін қолдау үшін келесі шараларды қолданады: ішкі жоғары бағаларды ұстап  тұру, артық өнім экспортын субсидиялау, протекциялық шаралар, кедендік кедергілер жүйесін енгізу.

 Европа Одағының мемлекеттерінің өкіметтері аграрлы сферада екі негізгі қағиданы ұстанады:

·       сырттан келетін өнімдерге   іштегі аналогы бар  тауардың

бағасы тағайындалады;

·       өз өнімін  экспорттаушы ел Еуропа одағының бюджетіне шекті

баға мен әлемдің бағаның айырмасы төлеп беруі керек. Бұл төлем мәміленің ақысы болып табылады.

Дамыған елдерде көптеген жылдар бойы ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдаудың үлес салмағы зор. Мәселен өнімнің құнының белгілі бір бөлігін мемлекет өз мойнына алады: АҚШ та  27-40%,  Канадада –  35%, Швецияда – 47%,  Финляндияда – 70%,  Швейцарияда – 76%. Мұндай қолдау өз кезегінде мемлекеттің азық түліктің бағасын халықтың басым көпшілігіне қол жетімді болуын қамтамасыз етуіне бағытталған [3]. 

Швецияның аграрлы секторын реттеу  ауыл шаруашылық өнімдерін сату бойынша Ұлттық комитетке жүктелген. Ұлттық комитет ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаларды мемлекет кепілдендірілген бағалар негізінде  тағайындайды. Ауыл шаруашылығының  өндірушілерін артық импорттан түсетін кеден салымдары мен отандық өнімдерді экспорттауға субсидия беру арқылы қорғайды. Осындай бағаны мемлекеттік реттеу жүйесі Норвегия, Дания, Швейцария, Италия, Жапония мен басқа да елдерде нәтижелі түрде жұзеге асуда. Италияда мемлекет негізгі тауарлар мен қызметтерге бағаны тағайындайды: энергия тасымалдаушылар, тыңайтқыштар, азық түлік. Жапонияда күріштің, бидайдың, ет пен сүт өнімдеріне мемлекет баға тағайындайды. Еуропа Одағының аясындағы елдерде ауыл шаруашылық өнімдерінің  90% мемлекеттік реттеу арқылы тағайындалады.  Бірақ өкімет органдары ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығындарына мониторинг жасап отырады. 

Салықтардың құрылымына байланысты дамыған елдерді үш топқа бөлуге болады.  Батыс және Орталық Еуропа елдерінде салықтар құрамының басым бөлігін жанама салықтар құрайды. Ал Жерорта теңізі елдерінде Франция мен Италияда әлеуметтік төлемдер мен тұтыну салықтары маңызды болып табылады. Ал Солтүстік Америкада табыс салығы мен мүлік салығына үлкен назар аударылады.

Ауыл шаруашылығында өндірушілердің деңгейіне байланысты үш режим пайдалынады. Оның мәні - төменгі дәрежедегі табыс алатын ұсақ өндірушілерге салықтық жеңілдіктер ұсыну. Бірінші категорияға соңғы екі жылда орташа табысы 500 мың евродан аспаған өндірушілер жатады. Бұл фермерлер жиынтық салық төлейді.  Өндірістің мамандандырылуына қарай 1 га жерге стандартты үлесті салық төленеді. Салық мөлшерлемесін анықтағанда нақты табыс емес, кадастрлы табыс есептелінеді, яғни орташа типтік учаскені пайдаланғаны үшін. Бұл категорияның фермерлері бухгалтериялыық есепті  жүргізуі тиіс емес. Салық төлеушілердің екінші категориясына соңғы екі жылда орташа табысы 500 мың евро мен 1000 мың евро  арасында ауытқитындар жатады. Олар үшін жеңілдетілген салық төлеу схемасы қарастырылған. Фермерлер салық салынатын табыс көлемін анықтауға немесе жеңілдетілген бухгалтерия жүргізуге  құқылы. Жеңілдетілген салық төлеу схемасын таңдағандар ауыл шаруашылығын басқарудың жергілікті орталықтарына  мүше болып, салық төленетін табыстың  20%  дейін жеңілдік алу мүмкіндігі бар. Ал салық төлеушілердің үшінші категориясына соңғы екі жылда табысы 1000 мың евродан асқан фермерлер жатады. Оларға қалыпты салық салу режимі белгіленеді. Бұл фермерлер салық инспекциясына  өздерінің табыстары мен шығыстарын растайтын және олардың қозғалысын растайтын құжаттарды тапсыруы тиіс [2].

Сондай-ақ жер салығы бойынша да түрлі жеңілдіктер бар. Великобритания,  Голландия, Швеция заңдарына сәйкес ауыр шаруашылық  жерлері мен  оған салынған ғимараттарға салық салынбайды. Канадада жердің құны оның нақты пайдалануына сәйкес бағаланады, яғни жердің құны төмендейді, сәйкесінше салық салынатын база да төмендейді. Италияда жердің құны табыс салығына енгізілген және ол кадастрлы табыс негізінде анықталады. Бұл, шын мәнінде, жерден түсетін табыстан анағұрлым төмен. АҚШ-та  штат  әкімшілігі мен жер иесі контрактқа отырады. Соның нәтижесінде жер иесі жеңілдендірілген салық салуға мүмкіндік алады.

Еуропа Одағының елдерінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қосылған құнға салынған салық бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Италияда фермерлерің табысына қарай  ҚҚС бойынша үш түрлі режим қолданылады:

-         табысы жылына 10 миллион евродан аспайтын ауыл шаруашылық

өндірушілері ҚҚС-ты төлеуден босатылады;

-         жалпы айналым көлеміне байланысты ҚҚС- ты төлеу режимі;

-         ҚҚС-ты қалыпты режимде төлеу.

Фермер жеңілдендірілген салықты төлеуде өндірістік мамандандырылуға қарай ұтуы да мүмкін, ұтылуы да мүмкін. Өйткені ол  өндіруші  өзі қалыпты салық режимі мен жеңілдетілген салық төлеу режимі арасында таңдау жасайды.

Ауыл шаруашылығындағы ҚҚС-ты төлеудің  жеңілдетілген арнайы режимі келесі жағдайларды қамтиды:

-         ұсақ фермалар үшін арнай жеңілдетілген режимді: Франция мен

Италия;

-         ҚҚС-тың төмен мөлшерлемесі немесе ҚҚС-тан кейбір тауарларды

босату;

-         жылдық нәтижелер бойынша айналымның жалпы  сомасынан ҚҚС-

ты төлеу;

-         төленген салық көлемі есептелген салық көлемін жабатындай сату

мен сатып алуға мөлшерлеменің сондай көлемін белгілеу.

Жоғарыда айтылғандардың барлығын жинақтаса, дамыған мемлекеттерде фермерлер қазынаға ештеңе де аудармайтын болып шығады. Мемлекет ауыл шарушылығының қызметіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етіп отырады. Бұл үшін мемлекет қолынан келгенінің барлығын жасайды. Атап айтқанда,  тікелей және жанама салықтарды  төлеудегі жеңілдіктер. Бұл өз кезегінде аграрлы өндірістің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығында салықтық жеңілдіктерді қолданумен қатар мемлекеттің қолдауының басқа да түрлері осы саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.Соның арқасында ұлғаймалы ұдайы өндіріс дамып, фермерлік шаруашылықтар  нығаяды.  

Дамыған елдердегі ауыл шаруашылықты мемлекеттік реттеудің тағы бір тұтқасы - ауыл шарушылық несиелері.  АҚШ-та негізгі несиелік мекемелер тобына коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, Фермерлік несие жүйесі (ФНЖ), Фермерлер жұмыстары бойынша әкімшілік (ФЖӘ), Тауарлы несиелік корпорация (ТНК).

Фермерлердің өз шаруашылықтарын табысты жүргізіп отыруының да себебі - несиелендіру көздерінің көп болуы. Фермерлердің алатын несиелерінің басым көпшілігі банктерден алынады. Банктер де ауыл шаруашылық өндірушілеріне несиені еш қорықпастан береді. Өйткені ауыл шаруашылық саласында несиенің қайтпай қалуы  0,5%-ды құрайды. Ал несие мөлшерлемесі 4%ды  құрайды [2].

 Ауыл шаруашылық өндірушілерін құрғақшылық, судың тасқыны сияқты табиғи апаттардан Канадада тек қана субсидия ғана алып қоймайды, оған қоса мемлекет тарапынан қосымша көмек көрсетіледі. Бұл көмек тигізілген залалдардың орнын толтыруға, қызметті қайтадан жандандыруға бағытталады. АҚШ-та  табиғи апаттардан сақтандыру  компаниялары жасалған келісім шарт негізінде бюракратиялық кедергілерсіз шығындарды өтеп береді.

Дамыған елдердің шаруа қожалықтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету тәжірибелері келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:

-         ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау аграрлы саясаттың

басымдылықтарының бірі болып табылады;

-         ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау ұзақ мерзімді сипатта және

қолдау мөлшері өнімнің өзіндік құнының 30 – 70 пайызын құрайды, сонымен қатар ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығындарына мониторинг жасалып отырады; 

-         аграрлы секторға жалпыеуровалық саясат өндірілген өнімнің құнын

субсидиялауға  және  артық өндірілген өнімді экспорттауға, сату нарықтарын нақты ұйымдастыруға, ішкі бағаларды ұстап тұруға бағытталған;

-         аграрлы өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында салықтық

жеңілдіктер жасау, яғни фермерлердің тапқан табысының мөлшеріне байланысты түрлі салықтық режимдер қолдануға мүмкіндік беру;

-         ауыл шаруашылық өндірушілеріне түрлі несие мекемелері қызмет етуі

фермерлердің қажетті қаражатқа қол жетуіне мүмкіндік береді.

 

 

                                     Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                 Мадиев Г. Методологические основы формирования и функционирования конкурентоспособных сельхозформирований // Проблемы агрорынка, 2002, январь-март,  с. 41 – 42.

2.                 Газета. Агроинфо от 28.03.2016 на основе статьи М.Драганчука Fukton bank  farmer-business.info

3.                 Зарубежный опыт функционирования фермерских хозяйств. Подобай Н.В. Вестник Брянской сельскохозяйственной академии. №3 (2015)