Талапбаева
Гульнар Едиловна
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Экономика және менеджмент» кафедрасының
аға оқытушысы, э.ғ.к
Инновациялық
кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың
қозғаушы күші
Инновациялық
кәсiпкерлiк экономикалық қызметтiң ерекше түрi
ретiнде инновациялық процестің негiзгi қозғаушы
күшi болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң
субъектілерiне инновациялық қызметтi жүзеге асыратын
кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық
кәсiпорынның қызметi технологиялық немесе өнiмдiк
инновацияларды пайдаланудың нәтижесiнде пайда табудан
көрiнедi. Дамыған елдерде кәсiпорындардың 70%-на
жуығы рыноктың жаңа сегменттерiн игеру мақсатында
өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен байланысты инновацияларды
жүзеге асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған
шығыстар инвестициялардың 30%-на жуығын құрайды.
Инновациялық
кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi төмендегілерге:
-
жаңа ғылыми идеяларды әзiрлеуге немесе iздеуге және
оларды бағалауға;
-
қажеттi инвестициялық ресурстарды iздеуге;
- жобаны
немесе кәсiпорынды басқарудың тиiмдi модельдерiн
құруға;
-
ақшалай табыс алуға негізделген.
Инновациялық
кәсiпкерлiктiң басты функцияларының бiрi
ғылыми-техникалық және өндiрiстiк сала арасындағы
байланыстырушылық (делдалдық) рөлдi жүзеге асыру болып
табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеуi
ғылыми-техникалық ұйымдар және шаруашылық
субъектiлер көтеруге мәжбүр инновациялық өнiмдi құрумен
немесе жаңа ғылыми-техникалық шешiмдердi олардың
коммерциялық пайдаланылу мүмкiндiктерiне дейiн жеткiзумен
байланысты шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi уақытта
Қазақстанда негізiнен шетелдiк капиталдың қатысуымен
iрi корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi деңгейлi
банктерде, қаржылық-өнеркәсiптiк топтарда менеджменттiң
жоғарғы деңгейi бар. Сонымен қатар, технологияларды,
теорияларды және құқықтық
қорғаудың тәжiрибесiн және зияткерлiк меншiктi
пайдалануды коммерциялизациялаудың iскери қағидаттарын
кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғарғы
технологиялық жобаларды басқара алатын кәсiби
инновациялық менеджерлер - мамандардың институты мүлдем
жоқ. Кез келген елде және бизнестiң кез келген
түрiндегi инвестордың негiзгi тәуекелi барабар емес
менеджментпен байланысты болғандықтан бұл тәуекелдi
барынша азайту басқару және кәсiпкерлiк мәдениеттi
көтерумен, барлық деңгейдегi менеджерлердi сапалы
оқытумен және қайта даярлаумен, оларды қажетті
қолдаумен (консалтинг және ақпараттық) қамтамасыз
етумен қол жеткізіледі. Ұлттық экономиканың
дамудың инновациялық қорына көшуi барлық
қоғамның инновацияларды қабылдауынсыз және
инновациялық процестердi басқару мен инновацияларды iске асыруды
жүзеге асыруға қабiлеттi кадрлар жеткілікті санының
болуынсыз мүмкiн емес. Қолда бар ғылыми-технологиялық
әлеуетке қарамастан Қазақстанда инновациялық
қызметтің мынадай инновациялық өнімді құру
және инновациялық өнімді рынокқа жылжытумен байланысты
делдалдық қызметтерді орындау сияқты негізгі түрлерін
жүзеге асыратын кәсіпкерліктің болмауы елдегі төменгі
инновациялық белсенділік себептерінің бірі болып табылады.
Инновациялық
инфрақұрылым субъектілерi орындайтын негiзгі функциялардың
тiзбесi:
- инновациялық даму субъектісiн
ұйымдық-құқықтық қалыптастыру
процесiне жәрдемдесу жөнiндегi қызметтер;
-
бизнес-қызметтердiң кешенi (кешендiк консалтинг);
- ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз
ету;
- жалпы пайдалану - зертханалық, өндiрiстік
жабдығына қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
- бiлiм беру қызметтер
кешенi;
- технологиялар трансфертi;
-
өкілдiк қызметтер (серiктестік байланыстар орнату).
Қазiргi сәтте
Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын
мемлекеттiк бюджет (республикалық, жергiлiктi бюджеттер, мемлекет
қатысатын ұйым қаражаты) қаражатының
қатысуымен құрылған, сондай-ақ мемлекет
құрған сервистік даму институттарының қатысуымен
құрылған жұмыс iстеп тұрған субъектілер
құрайды. Қолданыстағы инфрақұрылым
оның субъектілерiнiң арасындағы өзара әрекет
етудiң қажетті деңгейiн қамтамасыз етпейдi және
Ұлттық инновациялық жүйеге (бұдан әрі –
ҰИЖ) қатысушылардың қызметiнiң процесiне
және өзара iс-әрекетiне қажеттi сервистердiң
барлық тiзбесiн ұсынатын кешендiк ұйымдардың
жүйесi болып табылмайды. Қазақстанда ұсынылған
инновациялық инфрақұрылымның сапасы мен саны
Қазақстанның инновациялық даму ерекшелiгiн, нақты
алғанда төмендегілерді:
- инновациялық әлеуетке ие өңiрлердi аумақтық
шоғырландыру және өңiрлердiң инновациялық
инфрақұрылымды жеткiлiксiз қамтуы;
- қолдау инфрақұрылымын салалық та,
өңiрлiк инновациялық даму процестер ретінде де
құру қажеттілігін;
- Қазақстанның
индустриялық-инновациялық дамуының бiрiншi кезеңiндегі,
бiр өңiрде инновациялық инфрақұрылым
объектілерiнiң көп санын қажет етпейтiн инновациялық
бастамалардың салыстырмалы төменгi санын;
- шығындардың орындылық
қағидатының қажеттілiгiн және олардың
мемлекеттiк бюджеттiң мүмкiндiгiне сәйкестігін;
- инновациялық инфрақұрылым
ұйымдарының олар жекелеген функцияларды қайталаумен болдырмау
үшiн мейлiнше оңтайлы нысандарын таңдауды;
- ҰИЖ-дың барлық элементтерi мен
қатысушыларының өзара iс-қимыл процестерiн
ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiнiң нақты
болмауын және оны құрудың аса қажеттілiгiн
қанағаттандырмайды.
Дамыған инновациялық
жүйелерi бар барлық елдердегі инновациялық қызметтi
қаржыландыру ағыны төмендегідей компоненттерден
қалыптасады:
- ҒЗТКЖ-ға
мемлекеттік гранттар жүйесi, олардың нәтижелерiн патенттеу
және басқа да мақсаттар;
- венчурлiк капитал;
- ҒЗТКЖ-ға
арналған корпоративтiк шығындар мен олардың нәтижелерiн
енгізу;
- жекелеген инвесторлардың
шығыстары.
Қазiргi уақытта
Қазақстанның ҒЗТКЖ-ның қаржылық
инфрақұрылымы келесідей
көздерден жүргiзiледi:
- Ғылым қорын
қоса алғанда, ғылыми зерттеулер бағдарламаларына
арналған республикалық бюджет қаражаты;
- ұлттық компаниялар мен
кәсiпорындардың қаражаты;
- жеке инвесторлардың
қаражаты;
- "Ұлттық
инновациялық қор" АҚ-тың қаражаты;
- венчурлiк қорлардың
қаражаты.
ҒЗТКЖ-ды бюджеттік
қаржыландыру республикалық бюджеттiң, Ғылым
қорының қаражатынан жүзеге асырылады. Бұдан
өзге, "Ұлттық инновациялық қор"
АҚ-тың (бұдан әрi – ҰИҚ) (елдегі
инновациялық белсенділікті жандандыру мақсатында 2003 жылы
құрылған және басқалармен қатар
"қорлар қорының" функциясын орындайтын мемлекеттiк
даму институты) инвестицияларының бағыттарының бiрi
қолданбалы ҒЗТКЖ-ды конкурстық негізде гаранттар беру жолымен
қаржыландыру болып табылады. Инновациялық жобаларды
қаржыландыру құрылған мемлекеттiк даму институттары
арқылы жүзеге асырылады.
Әдебиеттер
1 Қазақстан
Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 10 тамыз 2014 жыл.
2 Белоусов В.И. Инфраструктура поддержки
инновационного предпринимательства: состояние, пути совершенствования / В.И.
Белоусов, А.В. Белоусов. - Воронеж : Изд-во ВГУ, 2000. - 245 с.
3 Исатаева, Фарида
Муратовна. Роль инновационного потенциала в укреплении конкурентоспособности
региона / Ф. М. Исатаева, Ж. Б. Кошмаганбетова // Проблемы экономики. - 2015. -
№ 6. - С. 48-52. - (Экономика и управление народным хозяйством).