Бидахметова Б.Е.- 1 курс магистранты, Кинашева Ж.Б.- э.ғ.к, доцент
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ,
Қазақстан
Тұрғын үй
құрылысы дамуының шетелдік тәжірибесі
Тұрғын
үй құрылысы жалпыұлттық мазмұндағы маңызды
міндеттерінің қатарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы
жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым
бағыттарының бірі болып саналады. Қазақстан
Республикасында халықтың қалың жігін қолжетімді
тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған «Қолжетімді
тұрғын үй - 2020» бағдарламасы Мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыру - еліміздің әлеуметтік
бағытта қарқынды дамуының нақты белгісі
[1,2]. Тұрғын үй
құрылысы және оны қамтамасыз ету - әлемнің
барлық елдері үшін алдыңғы кезектегі өзекті
мәселелердің бірі. Тұрғын үй рыногының
қалыптасуы мен дамуының шетелдік тәжірибесін бағалай
отырып, кез-келген дамыған елдің тұрғын үй
саясаты мемлекеттің белсенді қатысуы арқылы жүзеге
асырылғандығын ескерген жөн. Елімізде индустриялық
әдістерді енгізу үшін тұрғын үй
құрылысы саласында айтарлықтай табысқа жеткен
жақын және алыс шетелдерге - Белоруссияға, Ресейге және
Германияның тәжірибесі зерттелді. Шетелдік тәжірибені талдау
осы елдерде тұрғын үй құрылыс саласына
қолдау көрсетілетінін көрсетті:
Беларусь Республикасында құрылысты ынталандыру үшін мынадай жағдайлар
жасалған: құрылыс компанияларын ҚҚС-тан босату;
жер учаскелерін тегін беру; құрылыс материалдардың бекітілген
бағасы; құрылыс компанияларының бекітілген маржасы - 5
% артық емес; үлестік құрылыс мемлекеттік
құрылыс компаниялары арқылы. Беларусь Республикасында тұрғын
үйді салу негізінен тұрғын үй-құрылыс
кооперативтері мен үлестік құрылыс жүйелері
арқылы халықтың қаражаты есебінен жүзеге
асырылады. Мемлекет халыққа
жеңілдікті кредит беру арқылы тұрғын үй
құрылысына қатысады (сыйақы ставкасы жылдық 1
%-дан 5 %-ға дейін, мерзімі 20 жылдан 40 жылға дейін) және азаматтардың
басым құқық берілген санаттары үшін аз
көлемде әлеуметтік тұрғын үй салады, ол
мемлекеттің меншігінде қалады.
Ал,
бүгінгі күні Ресей Федерациясында РФ
Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2011 - 2015 жылдарға
арналған «Жилище» федералдық мақсатты бағдарламасы
қолданылып жатыр. Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік даму
институтары қатысады. Тұрғын үй
құрылысындағы олардың қызметі ипотеканың
қолжетімділігіне (Внешэкономбанк, Тұрғын үйге
ипотекалық кредит беру жөніндегі агенттік); тұрғын
ғимараттарды күрделі жөндеу проблемаларын ішінара шешуге
және авариялық қордан азаматтарды көшіруге ықпал
етті; кешенді құрылыс салудың озық жобаларының
инфрақұрылымын мемлекеттік қаржыландырудың
практикалық тәжірибесі алынды.
Қолжетімді
тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында
Внешэкономбанк тұрғын үй құрылысының
өзіндік құнын күрт төмендетуге мүмкіндік
беретін инновациялық құрылыс материалдары өндірісі
саласындағы жобаларды іске асыруға белсенді қатысып жатыр. Бүгінгі
күні РФ-да 2020 жылға дейінгі жаңа бағдарлама
әзірленіп жатыр. Мұнда тұрғын үйдің
жалға берілетін секторын (мемлекеттік және жеке меншік)
дамытуға ерекше мән беріледі. Осы саладағы мемлекеттік
саясаттың басымдығы тұрғын үй-жайлар ең
алдымен ұзақ мерзімді жалға берілетін (бес жылдан астам) жеке
меншік тұрғын үй қорын дамыту үшін жағдай
жасау және нарықтағы барлық қатысушылар
үшін тең жағдайды қамтамасыз ету кезінде жалға
берілетін тұрғын үйдің сегменттерін (жеке жалға
берушілерді және бизнес-жалға берушілерді) интеграциялау болып
табылады. 2020 жылға қарай жалға берілетін тұрғын
үйдің қоры тұрғын үй қорының
шамамен 15%, оның ішінде бизнес-жалға берушілер жалға беретін
тұрғын үйдің үлесі - 5-7% болады деп болжанып
отыр.
Бүгінгі күні
Германияның тұрғын үй нарығында мынадай тренд
байқалып отыр: жалға берілетін тұрғын үйдің
өте көп болуы, ауылдық тұрғын үйден
қалалық тұрғын үйге тұтынушылық
басымдықтың араласып кетуі, пәтерлерің пайдасына
меншікті үйлерге қызығушылықтың төмендеуі.
Жеке меншік тұрғын
үй кез келген адамның мақсаты екеніне қарамастан,
Германияның көпшілік тұрғындарының оны іске
асыруға мүмкіндігі жоқ. Оған бірнеше факторлар кедергі
келтіреді. Бір жағынан, жеке тұлғалардың
тұрғын үйді сатып алуын ынталандырудың мемлекеттік
бағдарламасы тоқтатылатын болады. Екінші жағынан, жалдау
нарығындағы бағаны мемлекет реттейді және оны
төменгі деңгейде ұстап тұрады. Тұрғын
үй саясаты көп балалы отбасылар, жалғыз басты ата-аналар
және т.с.с. сияқты «осал топтарға» арналған мемлекеттік
қолдаумен тығыз байланысты. Мұнда тұрғын үйді жалдау үшін субсидия
беруге емес, құрылыс салуға ерекше назар аударылады.
Бүгінгі күні Германияда халықтың жартысынан көбі
тұрғын үйді жалдап тұрады.
Шетелдік тәжірибені
ескере отырып, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020»
бағдарламасын табысты іске асыру үшін Қазақстанда
тұрғын үй құрылысы көлемінің
жоспарланған өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
құрылысты одан әрі индустрияландыру жөніндегі шаралар
көзделіп отыр.
Индустриялық үй құрылысын
дамыту және импорт алмастыру жөніндегі көрсетілген шаралар
тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырудың
маңызды факторы болып табылады, өйткені ол тұрғын
үйдің құнын төмендетуге және
құрылыстың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Атап
айтқанда, тұрғын үйдің қолжетімділігін
арттыру арқылы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020»
бағдарламасының шеңберінде еліміздегі азаматтардың
әртүрлі санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз
ету үшін жағдай жасау деген мемлекеттік тұрғын үй
саясатының басты мақсаты шешілетін болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы
«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан
халқына Жолдауы.
2.
Қолжетімді тұрғын үй - 2020»
бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 Қаулысы.
3. Карамурзов Р.Б.
Становление ипотечного жилищного кредитования в Российской Федерации и
Республике Казахстан. Москва: МГУ им. М.В. Ломоносова, 2006.