Экономикалық ғылымдар

 

Каримгожина Э.М. PhD докторанты

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

 

Баспананың қолжетімдігін қамтамасыз етудегі Түркия елінің моделі

 

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларындағы әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейі халықты лайықты баспанамен қамтамасыз ету және ТКШ реформалаудың саяси маңыздылығын анықтайды [1]. Бірінші және екінші міндет те «2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттерінің қатарына ену» мақсатына қол жеткізуде зор маңызға ие [2]. 

Елбасының Қазақстан халқына 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында халықты лайықты баспанамен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту міндеті алға шығарылған болатын [3].

Аталмыш мәселе меншікті баспананы сатып алу елдегі халықтың басым бөлігі үшін мүмкін болмайтын жағдайда өзекті болады: халықтың ақшалай табыстарының деңгейі мен баспананың құны арасында айтарлықтай айырмашылық бар, ипотекалық несиелер халықтың басым бөлігі үшін қолжетімсіз, тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі баспана сатып алуға қаржы қаражаттарын жинақтаудың ұзақ мерзіміне бағдарланған [4].

Шет елдердің өзінде меншікті баспанаға орта және жоғары табыстарға ие азаматтардың ғана қолы жетімді екенін де айта кеткен жөн. Дамыған елдердің өзінде меншіктегі баспананың үлесі орташа алғанда 50%-ды (Германияда - 40%, Швецияда - 43%, Голландияда - 45%) құрайды, қалған 50% - жалға тұрғын үйі: шамамен 40%-ы – жеке меншік үй иелерінен жалға алу (табысты үй), 10% - әлеуметтік жалға (муниципалды жалға үйі) [5].

Әрине, әр ел экономикалық, әлеуметтік саясат пен институционалды жүйесінің қандай да бір үлгілерін қолдана отырып, қалған әлеммен өзара әрекеттестікте дамиды. Алайда әр мемлекетке тән өзіндік әрі қайталанбас жолы болады [6].

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы елбасының тапсырмасын орындауда Үкімет әлеуметтік баспананың құрылысына қатысты Түркияның айтарлықтай озық тәжірибесін зерттеп, қолдануды жоспарлауда.

2003 жылғы Түркия Үкіметінің маңызды іс-шаралар жоспары шеңберінде табыс деңгейі төмен халық топтарын баспанамен қамтамасыз ету және ескі үй тұрғындарын заманауи тұрғын үй кешендеріне көшіру бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Түркияның тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі басқарма басшылығының ақпаратына сәйкес Тұрғын үй құрылысының әкімшілігі (TOKI) 2011 жылдың соңына қарай орта табысқа ие Түркия азаматтары үшін шамамен 202 000 үй және аз қамтылған және кедей отбасылар үшін 140 000 үй тұрғызды. 2023 жылға қарай Түркия тұрғын үй құрылысының Әкімшілігі 500 000 тұрғын үй тұрғызады деп жоспарлануда [7].

Тұрақты табысы жоқ немесе табыс деңгейі төмен халық топтары үшін өтеу мерзімі 20 жылды құрайтын ай сайын 80 АҚШ долларын төлеумен ауданы 45-65 шаршы метрді қамтитын баспаналар қарастырылған. Мұнда баспана үшін ақы төлеу орналасқаннан кейін тек 2 жылдан кейін басталады. Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына, соғыс мүгедектері, олардың жесірлері мен жетімдеріне баспана құрылысына пайызсыз қарыздар беріледі. Объектілерді тұрғызу мерзімі – 12-14 айдан аспайды.

Сонымен қатар, Түркияның тұрғын үй құрылысының әкімшілігі 2011 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейінгі аралықта аукционнан 368 жылжымайтын мүлік объектілерін сатып, 1.21 миллиард лир табысқа ие болды. Сатудан түскен түсім табыс деңгейі төмен Түркия тұрғындарына арналған тұрғын үй құрылысының объектілерін қаржыландыруға, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталған. Осылайша, TOKI мемлекеттік бюджеттен тыс, құрылысқа қажетті ақша қаражаттарын пайдаланған болатын. Әрекет етуші түрік заңнамасы TOKI әкімшілігіне мемлекетке тиесілі жерлерді пайдалануға, сонымен қатар пайдаланылмайтын немесе мәселелі мемлекеттік меншікті өз иелегіне алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік жер ақысы ретінде TOKI қоғамдық мекемелер тұрғызады - мектептер, ауруханалар, баспана және әкімшілік орталықтар. Оның жобаларын іске асыруға сәйкес келмейтін меншікті әкімшілік сатып, сол арқылы өзін құрылысқа қажетті қаражатпен қамтамасыз етеді.

Программа «Сбор средств методом перераспределения доходов»

 

Социальное жилье

 
Тұрғын үй құрылысының әрекет етуші саясаты мен баспананы сатып алуға қатысты үкіметтік шешімдерді іске асыру үшін TOKi-н өңделген қаржылық үлгісі аса қызығушылық тудырады.

Жеке меншік сектор

(құрылыс компаниялары)

 
Қаржылық үлгі «табыстарды қайта бөлу үлгісі» деп аталған, онда жеке меншік сектормен өзара әрекеттесе отырып, TOKi иелігіндегі жер телімдерінде баспана тұрғызу жолымен жоғары табысқа ие халық топтары баспанамен қамтамасыз етіледі, содан кейін одан алынған табыстар төмен және орташа табысқа ие халық топтары үшін баспана құрылысының жобаларына бағытталады.

 

 

 


Жоғары табысқа ие топ

 

«Табыстарды қайта бөлу әдісімен қаражаттар жинау» бағдарламасы

 
                                                                                                                                                    

 

 

 


Әлеуметтік баспана (сатып алу құығына ие жалға берілетін баспана)

 

Төмен және орташа табысқа ие топ

 
                                     

                                                                                                                                                    

 

 

Сурет 1 - Түркиядағы тұрғын үй құрылысының үлгісі және қаржы-экономикалық тетігі

Аталмыш үлгі сатудан түскен табысты жеке меншік әріптеспен бөлуге негізделген.

Баспана тұрғызуға қатысты TOKi әлеуметтік бағдарламасы әрекет етуші нарықтық жағдайда меншік баспананы сатып алу мүмкіндігіне ие болмайтын төменгі және орташа табысты халық топтарына бағытталған.

TOKi-мен іске асырылатын баспана жобаларының бөлінуі келесідей:

1) 14 % - «Табыстарды қайта бөлу әдісімен қаражаттар жинау» бағдарламасы бойынша жобалар;

2) 86 % - «Әлеуметтік баспана» бағдарламасы бойынша жобалар. TOKi әлеуметтік баспана жобаларының бенефициарийлері құрылыс басында бастапқы жарнаны енгізеді, содан кейін олар бірегей көрсеткішке сәйкестендірілген төлем жүргізу жоспарына сәйкес ай сайын төлем жүргізуді жалғастырады. Жобалардың басым бөлігі үшін аталмыш көрсеткіш мемлекеттік сектордағы еңбекақы индексі болып табылады.

TOKi несиелерін өтеу мерзімдері нысаналы топтардың қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты 10-15-20 жылға тең мөлшерде бекітіледі.

Түркиядағы құрылыс материалдарының секторы өте жақсы дамыған және құрылыстағы түрік тауарлары мен құрал-жабдықтарының үлесі 95 %-дан астамын құрайды.

Қорытындылай келе, нарықтық экономикасы бар кез-келген елде баспана немесе осы баспана салынған жеке жер телімдерінің ұлттық байлықтың маңызды құраушы элементі болып табылатынын, ал жылжымайтын мүлікке азаматтар салымдарының үй шаруашылықтарының материалдық активтерінің басым бөлігін білдіретінін ескеру керек. Әр елдегі тұрғын үй стратегиясы ұлттық ерекшеліктер мен бюджеттің мүмкіндіктерін ескерумен қалыптасады. Өмір сүру сапасына деген артып отырған талаптар, оның ішінде баспананың көлемі мен ыңғайлылығына қатысты талаптар тұрғын үй саясатын елдердің мемлекеттік экономикалық саясаттарының басымды бағыттарының бірі етуде.

Қазақстанда дамыған елдердегі табысты тұрғын үй саясатының көптеген қағидалары ескерілгенімен, бірқатар ережелер халық үшін қолжетімді баспананың құрылысын басқарудың экономикалық шаралары мен ұйымдық тетіктерін әрі қарай жетілдіруді талап етеді.

Әдебиеттер тізімі

1          Karimgozhina E.M. Social policy in conditions of globalization: experience of developed countries // Қарағанды Университетінің Жаршысы. – Қарағанды: ҚМУ, 2015. - №2 (78). - Б. 204-211.

2          Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. - Астана, 2012. http://www.akorda.kz

3          Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы: Болашақтың іргесін бірге қалаймыз. - Астана, 2011.

4          Кулумбетова Л.Б. Анализ рынка арендного жилья Казахстана // Вестник регионального развития. – 2010. - №2 (24). – 17 с.

5          Кулумбетова Л.Б. Анализ реализации Государственной программы жилищного строительства в Республике Казахстан // Вестник университета Туран. – 2006. - № 3-4 (32). – С. 77-81.

6          Айтбембетова А.Б., Аубакирова Ж.Я. Социальная функция государства в современном обществе. www.group-global.org

7          Управления по развитию жилищного строительства Турции.  Администрация жилищного строительства. http://www.toki.gov.tr/en/index.html