Қазақстан
Республикасындағы шағын кәсіпорынның ерекшеліктері
А.Б.Кизимбаева доцент, Ш.Есенов атындағы
ҚМТУИ
Нарыққа негізінен
миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал
шағын кәсіпорын құрылымдарының кіруіне
мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар.
Басты дәлел - шағын
фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе
алмауы. Шын мәнінде, шағын кәсіпорын бірнеше себептерге
байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі
кәсіпорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет, ал
жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және одан да көп
уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл
уақыт айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін.
Одан әрі, технологиялық жаңалықтар - бұл
дәстүрлі түрде үлкен кәсіпорын саласы деп
саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші
дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық
жаңартпашылықтардың 95% шағын кәсіпорын саласынан
келуде. Басқа қайнар көздегі мәліметтер бойынша ірі
фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп
жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.
Сондықтан Европа
Достастығында (ЕС) экономиканың жеке секторындағы 15,7
миллион кәсіпорындардың барлық дерлік шағын және
орта кәсіпорын болуы кездейсоқтық емес. Шағын
кәсіпорын кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн)
қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына
айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер
бойынша 16 млн. Адам өздеріне және 46 млн. Адам жалдамалы
жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Қазақстан Республикасында
адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады.
Қазақстан Республикасының 1997ж. 8 сәуірдегі №499
қаулысына сәйкес шағын кәсіпорындарға:
өндірісте,
құрылыста және шаруашылықта – 50 адамға дейін;
саудада
және тұрмыстық қызмет көрсетуде – 30 адамға
дейін;
көлік
және байланыста – 25 адамға дейін;
ғылымда және
жаңартпашылдық қызметте – 20 адамға дейін; жұмыс
істейтін кәсіпорындар жатады.
Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан
аспайтын кәсіпорындар орта кәсіпорынке жатады.
Қазақстан жағдайында
қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын
кәсіпорынке келесідей сипаттама беруге болады. Шағын
кәсіпорын кәсіпорындар деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен
құрылған, географиялық шектелген аймақтарда
жұмыс істейтін және нарықтық шектелген үлесіне ие
кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды
негізінен салушылар жүзеге асырады., олар барлық негізгі
стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару –
нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім
қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай-
ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары
өзара ауыспалылығы байқалады.
Шағын және орта
кәсіпорын, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен
сипатталатын Қазақстан экономикасын қажетті жаңа
жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Американ экспресс мәліметтері
бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары
тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес,
жаңа фирмалар есебінен ашылуда. Мысалы, 1987 ж. АҚШ- тың 500
ірі компанияларындағы жұмыс орындарының өсу
қарқыны 3 есе көп болады.
Дәстүрлі түрде ірі
кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз болып
табылатын салаларда шағын кәсіпорын барлық мүмкін
болатын қызметтер мен қосалқы жұмыстарды атқаруда
кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі фирмалар мен
компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы
жағдайлар жасап отыр. Бұл жерде 50- ші жылдардан бері, келісім –
шарттар негізінде, ірі компаниялардың шағын және орта
маманданған фирмаларға тапсыратын жұмыс көлемі
күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл
аударарлық.
Сондай-ақ құрылыста
шағын және ірі фирмалардың әртүрлі қызмет
салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету
жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс
берушілермен жұмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары
болса, құрылыстық – монтаждық жұмыстарға,
бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға,
жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс
берушілермен жұмыс істеуге бет алуда. Шағын кәсіпорын ірі
кәсіпорынке қарағанда анағұрлым тиімдірек
жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы
тауашасын сәтті иеленеді. Мысалы, ірі комбинат әсері – бұл
ірі кәсіпорын саласы екендігіне сөз жоқ, бірақ осы
комбинаттағы электромонтаждық фирмалар электромонтаж
жұмыстарын әлдеқайда тиімдірек орындайды.
Шағын кәсіпорынның
артықшылықтары айқын. Бұл – шағын
кәсіпорынның динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін
өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру
қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа
жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу
қабілеттілігі. Соңында, шағын фирмалардағы еңбек
ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен
бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды
басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса
алады.
Шағын кәсіпорынның
басты ерекшелігі – кірістерге қатысумен және жұмыспен
қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен
шартталған, жұмыстың ең жоғарғы
нәтижелігіне деген жалпы біріккен құштарлық,
коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс
істеуге ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар (негізінен
қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман
менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл
көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына
әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне
әсер етеді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай
қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін
қалаушы мен менеджер – бұл ереже бойынша бір адам.
Шағын кәсіпорын шағын
және орта қалалардың жұмыс істеу негізі болып, ол
жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің
қасынан жұмыс табуға жол ашады.
Сонымен, жоғарыда
айтылғандарды қорытындылай келе келесідей шағын және
орта кәсіпорынды салыстыру анализінің кестесін
құруға болады, оның мақсаты ірі
кәсіпорынтен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан
экономикасы үшін шағын кәсіпорынның үлкен
артықшылықтарын көрсету болып табылады. Оның үстіне,
шағын кәсіпорын тек қана экономиканы жандандырушы фактор
болып қана қоймай, сондай-ақ оның экономикалық
дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде
қарастырылады. Шағын фирмаларды көбірек құру –
жұмыссыздық проблемасын жеңілдетуі, сауыққан
бәсекелі орта құруы, қаржы нарығын жандандыруы,
ірі кәсіпорынның дамуына бастама беруі және бүгінгі барларының
ауқымын кеңейтуі мүмкін.
Біздің Республикамыз үшін
шағын кәсіпорынның негізін қалау формаларының
ішінде, франчайзинг пен жанұялық кәсіпорын формалары ең
өзекті деуге болады. Франчайзинг компаниясы өзінің
франчайзи-мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін,
технологиясын және т.с.с пайдалану құқығын
береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін
жаңа кәсіпорындар ашу мен жұмыс істеу тәуекелінің
деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Франчайзинг келісімі
жаңа кәсіпорынке, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен
оның жұмысшылары жинақтаған үлкен
тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан
шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы
кездейсоқтық емес. Қазақстандық кәсіпкерлер
үшін халықаралық франчайзинг ең алдымен біріккен
кәсіпорын, лицензия сатып алу, тікелей инвестиция және мемлекеттік
деңгейдегі келісім түрінде болуы мүмкін.
Франчайзингтік қатынастың
тағы бір артықшылығы – бұл франчайзер тарапынан
жасалатын қаржыландырудың тікелей емес, жанама түрде
қаржылық қолдау Мысалы, франчайзер алынған тауар
бойынша шарттағы төлеу мерзімін ұзарта алады. Сөйтіп
франчайздің айналым капиталының көлемінің
көбеюіне әкеледі немесе франчайз банктен несие алған кезде
кепілдік беруші бола алады.
Соңында, егер тәуелсіз
кәсіпорынды бастау айтарлықтай бастапқы салымды қажат
етсе, франчайзингтік фирма құрған кезде бұл
шығындар анағұрлым аз болуы себепті қаржылық
артықшылыққа ие.
Шағын кәсіпорынның
негізін қалаудың тағы бір жолы – бір отбасы
мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп
жатқан отбасылық кәсіпорын. Сонымен бірге бұл
кәсіпорынте отбасы мүшелері қаласа толық, қаласа
жарты күн жұмыс істей алады. Әдетте отбасылық
кәсіпорын бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
өтіп отырады.
Отбасылық кәсіпорын пен
кәсіпорынның басқа да түрлері арасындағы
айырмашылықтар. ҚР шағын кәсіпорынның негізгі
ерекшеліктері.
Шағын
және орта кәсіпкерлікті дамытудың
қазақстандық модельінің ерекшелігі келесілер болып
табылады:
1.Кәсіпкерлердің
әртүрлі мақсаттарын және мотивацияларын, шарттарын ескере
отырып шағын және орта кәсіпкерлікті сегменттеу арқылы
мемлекеттік қолдаудың деңгейін бөлу, ол үшін
алдымен кәсіпорындарды микро, шағын және орта топтарға
заңды түрде бөліп алу.
2.
Өндірістің жеке кәсіпкерлікке диверсификациялануына
және оның мәртебесінің заңды тұлғаға өтуіне
байланысты және еңбек өнімділігінің өсуіне
байланысты тікелей және жанамалай шараларды жүйелері құрылатын
болады.
3.Шағын
және орта кәсіпкерлікті шаруашылық-кооперациялық
жүйеден жоғарғы психологиялық деңгейдегі ірі
кәсіпкерліктің лидерлігіне өткізу мақсатында
копоративтік басқару қағидаларын тәжірибеде
қолдануды кеңейту болып табылады.
4.Шағын
және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың
мемлекеттік саясаты экономиканың әртүрлі салаларында кәсіпкерліктің даму
болашағын
анықтай отырып кәсіпкерлердің әр
түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге
асыруға бағытталынады. Ол үшін алдымен шағын және
орта кәсіпкерліктердің өндірістік және
инновациялық іс-әрекеттеріне негізгі көңіл
бөлінеді.
5.Шағын
және орта кәсіпкерліктің қабылдаған шешімдеріне
байланысты барлық орталық және жергілікті атқарушы
органдардың ұсынуға міндетті болжамдарында экономикалық
реттеудің әрекет етеші механизімі өзгертілетін болады.
Салалық, аймақтық және халықаралық
саясаттарды жүзеге асыру үшін барлық мемлекеттік
органдардың негізгі шарты шағын және орта
кәсіпкерліктің нақты қажеттілігін ескеру болып
табылады.
6.Экономикалық
реттеу аясындағы мемлекеттің шешім қабылдау процессіне
кәсіпкерлер және олардың қоғамдық
ұйымдарында бірігіп шешім қабылдайтын болады. Ол үшін алдымен
Қазақстан Республикасының Президентінің және шағын
және орта кәсіпорынның Комиссиясының, Қазақстан Республикасының
өкіметінің алдында кәсіпкерлер Одағының
рөлін күшейтуіміз қажет. Әр бір мемлекеттік органдарда
кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарымен
байланыстырылған Эксперттік одақтар құрылуы
қажет.
Нәтижесінде
шағын және орта кәсіпкерлікке өзінің
өнімділігін жасауға және жетілдіруге мүмкіншілігін
кеңейтетін құқықтық және
экономикалық климат құрылатын болады, ал ұзақ
мерзімдік болашақта шағын кәсіпкерлік еліміздің
ЖІӨ үлесін дамыған елдердің деңгейіне дейін
жеткізуді қамтиды.
Қазақстан
Республикасының 20-бабында шағын кәсіпкерлікті қолдау
мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және
өңірлік бағдарламаларын қарастырсақ:
1.Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық
(секторальдық) және өңірлік бағдарламалар
негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті
дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін
білдіреді.
2.Шағын
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік салалық (секторальдық)
және өңірлік басқарламалары өндірісті
бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ
инновациялық білім беру қызметі қаржылық және
құқықтық консалтинг саласындағы шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық,
оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін
әзірленеді.
3.Шағын
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік
бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Президенті
бекітеді және олар республиканың барлық аумағында
мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы
үшін міндетті болып табылады.
4.Қазақстан
Республикасының Үкіметі шағын кәсіпкерлікті
қолдау мен дамытудың мемлекеттік және салалық
(секторальдық) бағдарламаларын іске асыру барысында алынған
нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
алдында жыл қорытындылары бойынша Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп
береді.
5.Мемлекет
экономикасын дамытудың басым бағыттарына және
өңірдің экономикасын дамытудың ерекшелігіне
сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірдің
экономикалық даму бағдарламасының құрамдас
бөлігі болып табылатын шағын кәсіпкерлікті қолдау мен
дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді.
Әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан
Республикасының «Жеке
кәсіпкерлік туралы» заңы. Заң – 2006. №5, 4-20б.
2.Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 қазандағы
«Өндірістік кооператив туралы» Жарлығы.
3.Қазақстан
Республикасы президентінің 1997 ж. 13-наурыздағы «шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен белсендіруді күшейту
бойынша шаралар туралы» Жарлығы. Казахстанская правда. – 1997ж.
13-наурыз, 2-3б.
4.Назарбаев
Н.Ә. Қазақстан 2030 Қазақстан халқына
жолдауы.