Кәсіпорындардағы басқару есебі

 

Айтымбетова А.Б

Есеп және аудит мамандығының

1 курс магистранты, ОАУ,

Казахстан, Алматы

 

Кәсіпорынның басқарушы есебі, есептің бір бөлігі ретінде, жіктеумен, жазумен, талдаумен, қорытумен, ағымдағы және жорамалданған шығындар бойынша есеп берумен байланысты жүргізіледі. Басқарушы есебі салаға, қызмет түрлеріне, кәсіпорынға лайықтап шығындарды есепке алудың және өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есептеп шығарудың жүйелі әдістерін талдап еңгізудікөздейді. Мұнда цехтар, функцоналдық бөлімшелер, жауапты адамдар,қызмет түрлері, бұйымдар, кезеңдер және басқа да көрсеткіштербойынша шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын алдын ала есептеп шығаружүзеге асырылады. Басқарушы есеп келесі кезеңдерге өнімнің өзіндік құнын, стандарттық немесе өзі қалайтын өзіндік құнды болжайды, түрлі кезеңдер ішіндегі эдементтер мен баптар бойынша өзіндік құнды салыстыруды жүзеге асырады және түрлі жағыдайлардағы өнімнің өзіндік құн бойынша бар нұсқауларға талдау жасап, кәсіпорынды басқару оргондарына өзіндік құн туралы деркетер бнреді, бұл деректер осы оргондар үшін ағымдық және болашақ операцияларды бақылауды жүзеге асыру құралы болып табылады.

Кәсіпорынды басқарудың екі нұсқасын кездестіруге болады. Бірінші нұсқада тек есептік функция орындалады: жауапкершілік ортплығы бойынша өндіріске кеткен шығындардың есебін жүзеге асырады және өнімнің, жұиыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялайды.

Ал екінші нұсқада таза есептік функция мен қатар өндіріске кеткен шығындардың сметасын жасауды, сондай-ақ норматив пен норманыәзірлеуді жүзеге асырады, яғни кәсіпорынның барлық нормативтік шаруашылығын жүзеге асырып, жасалған шығындарды талдап, оларды стандартпен салыстырып, өнімнің өзіндік құнын болжайды.

Бүгінгі тандағы, ұйымның өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындау кезінде, баға саясаты аясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда, яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетін өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді.

Өндірісті басқару жүйесінде басқарушы есептің атқаратын ролі ең алдымен "басқарушылық шешімдерді жасау" мәселесін шешумен анықталады, бірақта бұл үшін бір мезгілде, өндірісті басқаруда жақсы жағдайы болу үшін, екі бапты бірден түсіну керек:

Бірінші бабы мынадай басқару элементтерінен тұрады:

а)мәселеленің қойылуы (ақпараттар жинау, басқаруды синтездеу,
жоспар құру, шешім қабылдау, яғни басқаша айтқанда бұлардың барлығы инновациялық жәрдем беруді білдіреді);

б)қойылған мәселелерді жүзеге асыруға басшылық ету (ұйымдастыру, мәліметтер алмасу, дәйектеу, шаруашылық субъектінің бағыты
бойынша кеңестер беру, яғни басқаша айтканда бұл, біріншіден, бірінші
бағыттың бастапқы екі элементін бір біртұтас бүтінге үйлестіруді,
екіншіден, қол астындағыларды оқыту және оларды даярлауды
білдіреді);

в)нәтижелерді өлшеу (бақылау, бағалау).

Өнім құнын бағалау мақсатында өндірістің шығындары туралы мәліметтерді жинаумен өндірістік есеп айналысады. Одан әрі бақылау, сараптау және жоспарлау жұмыстарын іске асыратын да өндірістік есеп болып табылады. Сондықтан, егер өндірістік есептің мәліметтері қате болса, олардың негізінде алынған барлық ақпарат (жоспарлау мен сараптау) қате, әрі пайдасыз болып шығады, соның салдарынан басқару шешімдері дұрыс қабылданбай соңы қиын жағдайларға әкіп соқтыруы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарды ескере келе басқару есебі жүйесін ұйымдастыру барысында ең алдымен өндірістік есепке көңіл бөлу қажет деген қорытынды жасауға болады.

Негізінен, өндіріске жұмсалған шығын сомасы мен өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау мақсатында есеп-қисап амалдарын өндірістік есеп жүргізеді. Өндірістік шығындар мен фирманың табысын бақылаумен қатар, заманауи өндірістік есеп өндірістің рентабельділігін арттыру мүмкіндіктерінің резервін анықтау үшін де қажет.

Ұйымның және оның бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін оның жұмысын үнемі үйлестіріп отыру керек, бұл басқару жүйесінің формалардың жиынтығының міндетіне кіреді, оның көмегімен практика жүзінде басқару процесі жүзеге асырылады. Мұндай формаларға басқару қызметінің субъектілерін, олардың арасындағы байланыстарды, мақсаттарды, функцияларын, әдістерін, басқарудың техникалық тәсілдерін жатқызуға болады. Басқару жүйесінің оны түзетін бір-бірімен байланысқан элементтердің реттелген жиынтығы болып табылатын құрылымы бар. Басқару жүйесі сияқты оның құрылымы да көп қырлы, бірақ онда базалық элементті – басқару субъектілерін (органдарын) және олардың арасындағы байланысты, яғни басқару және коммуникациялық құрылымдарды бөлуге болады. Еңбекті бөлуді тереңдету және соған негізделген мамандандыру, ұйым шеңберінде орындалатын қызмет түрлерінің өсуіне әкеледі, сонымен бірге бөлімшелердің саны да өседі. Бөлімшелерде жүргізілетін өндірістік дәне технологиялық процестерді басқару олардың өзінде жүргізіледі, бірақ ұйымның жұмысы табысты болуы үшін бөлімшелердің жұмысын үйлестіріп отыру керек, ол үшін арнайы басқару бөлімшелері және қызметтері құрылады. Сонымен басқару құрылымы екі элементтен тұрады: тікелей өндірістік процестерді басқару органдары және жалпы басқару органдары, яғни ұйымның қызметіне толығымен және оның басқару буындарында. Еңбекті бөлу тереңірек болған сайын және ұйымдағы қызмет түрлері көп болған сайын оның басқару құрылымы да күрделі болады. Бұл бір жағынан өндірістік және технологиялық өзара байланыстардың көп болуымен, ал екінші жағынан жұмысын үйлестіріп отыруды қажет ететін бөлімшелер санының өсуімен байланысты.

Басқару құрылымын құрудың функционалдық ыңғайының артықшылықтары:

· сәйкес функцияларды жүзеге асыру бойынша маңызды шешімдерді қабылдаудың жоғарғы деңгейін орталықтандыру есебінен басқару процесінің стратегиялық бағыттылығы қамтамасыз етіледі, бұл бірыңғай техникалық, өндірістік, өтім саясаттарын жасауға және орындауға ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді;

· стратегиялық нұсқаулардың орындалуына бақылау жасауды және күнделікті басқаруды орталықтандыру үшін қажетті жағдайларды және сол арқылы күнделікті және перспективалы міндеттердің интеграциясын жасайды;

· басқару құрылымын шекті рационализациялау негізінде оның жоғары үнемділігі, коммуникациялардың сенімділігі, жеке функциялардың қайталанбауы қамтамасыз етіледі;

· кеңес беруші бөлімшелерде мамандарды шоғырландыру есебінен қызметтің жоғары стандарттарын жасауға мүмкіндік туады.

Басқару процесінің негізін басқару құрылымының элементтері – бөлімшелер, қызметтер, жеке тұлғалар арасындағы өзара іс-әрекеттер құрайды, ол жеке контакт, құжаттарды айырбастау, байланыстың электронды құралдарының болуы процесінде түзілетін коммуникациялық каналдар көмегімен жүзеге асырылады. Мазмұны бойынша мұндай іс-әрекеттер ақпараттық, әкімшілік немесе техникалық болуы мүмкін.

Калькуляция – барлық тауарлы өнім мен оның бөліктерінің өзіндік құнын, нақты бұйым түрінің өзіндік құнын, өнім өндірісі мен оны өткізудегі кәсіпорын бөлімдерінің шығындарын есептеудегі жүйе. Өнім өндірісі мен оны өткізудегі шығындар сметасы кәсіпорынның жалпы шығындарын анықтау мақсатында есептелінеді. Шығындар сметасын құрудағы әрекеттер:

1) қосымша цехтар шығыны сметасын анықтаумен басталады, өйткені олардың өнімдері кәсіпорынның негізгі цехтарымен пайдаланылады және бұл цехтар шығындары негізгі өндірістік цехтар өнімінің өзіндік құнына енеді;

2) содан соң кәсіпорынның негізгі цехтары бойынша шығындар сметасы есептелінеді, оның негізінде шығындардың өндірістік (зауоттық) сметасы қалыптасады және тауарлы, өткізілген өнімнің өзіндік құн көрсеткіштері анықталады.