Э.ғ.к Джрауова К.С

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

САЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ МӘНІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Қазіргі таңдағы елімізде шаруашылық жүргізудің нарық жағдайларында, мемлекет экономикасының тұрақсыздығы мен оның жаһандық процестерге тәуелділігі жағдайларында мемлекет пен шаруашылық субъектілері үшін жалпы экономикалық және қаржылық басқару тиімділігін арттыру мүмкіндіктерінің маңызы зор. Мемлекет салықтардың көмегімен экономикалық жүйені басқарады, бір мезгілде салықтар басқару объектісі де болып табылады. Мемлекеттік билік органдары мен салық төлеушілердің салық түсімдері мен салықтық төлемдерді басқару бойынша түрлі шараларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар. Осыған байланысты салық менеджменті сияқты жаңа ғылыми-тәжірибелік бағыттың маңыздылығы артады.

Салық менеджментін нарық экономикасын басқарудың жалпы басқару жүйесінің бөлек ерекше бөлігі ретінде бөлу бірқатар факторларға байланысты: салық салу процесінің ерекшеліктері, қоғамның әлеуметтік-экономикалық  дамуы үшін салық салудың маңыздылығы, салық салуды басқаруға көптеген субъектілердің тартылуы. Жүйелік түсініктің жоқтығы, салық менеджментіне біржақты көзқарас шаруашылық субъектілері оны тек салықтарды азайтуға пайдалануына, ал салық салу саласындағы мемлекеттік реформалар жеткілікті тиімді болмауына  әкеледі.

Отандық экономикалық теория мен тәжірибесінде салық салуды басқару қажетті таралым мен даму тапқан жоқ, оның ұйымдық және ақпараттық-әдістемелік аспектілері нашар жетілген, түсініктер аппаратының бірлігі қалыптаспаған. Бірақ салық менеджментінің теоретико-әдістемелік негіздерін жасау және зерттеулер нәтижелерін тәжірибеде пайдалану жөнінде белгілі бір қадамдар жасалған. «Менеджмент» түсінігі аясының кеңеюіне байланысты «салықтарды басқару», «салық салуды басқару» түсініктеріне бара-бар термин ретінде қолданыла бастады.

Мемлекеттің пайда болуы мен дамуы салық секілді экономикалық және қаржы категориясының пайда болуының негізгі себебі болып табылады. Ежелгі Римнің өзінде мемлекет деңгейінде салық салуды басқару элементтері орын алды (салық төлеуден босату), ал орта ғасырларда жекелеген салық төлеушілер бойынша салықтарды төмендету болғаны туралы мәліметтер кездеседі. Салық салудың дамуына байланысты ХХ ғасырда салық салуды жоспарлау пайда болды, ал ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысында Қазақстан үшін жаңа термин- салық менеджменті пайда болды.

Салық менеджменті (қаржы менеджменті секілді) бастапқыда шаруашылық жүргізу тәжірибесінде арнайы басқару қызметінің түрі ретінде пайда болды. Басқару- жүйенің қойған мақсаттарына жетуге ғана емес, кез-келген жүйенің толықтығына, оның тиімді қызмет етуіне бағытталған кәсіби қызмет түрі. Салық менеджментін басқарудың жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыра отырып, келесі анықтама беруге болады: Салық  менеджменті- бұл макро- және микродеңгейлерде  салық түсімдері мен салықтық шығындарды басқару саласында шешімдер қабылдаудың ғылыми негізделген нарықтық нысандары мен әдістері арқылы салық ағымдарын басқарудың мемлекеттік және корпоративтік басқару жүйесі.

Салық төлеушілерден мемлекет пайдасына ақша ағымдарын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға байланысты туындайтын қатынастар жүйесі салық менеджментінің зерттеу объектісі болып табылады.

Салық менеджментінің зерттеу пәні- салық заңдылығымен реттелетін міндетті, қайтарымсыз және эквивалентсіз төлемдерге сәйкесті қаржы қатынастарының, қаржы ресурстарының және қаржы ағымдарының бөлігін басқарудың мазмұнын құрайтын процесстер.Қаржы ғылымы шектеулі қаржы ресурстарын басқару, бөлу және пайдаланудың ең тиімді тәсілдерін зерттейді, ал қаржы менеджменті тиісті басқару шараларын жүзеге асыруға бағытталады. Сондықтан «салық менеджменті» түсінігіне қаржыны басқарудың салықтық аспектісін кәсіпорын қаржылары, сондай-ақ мемлекеттік қаржылар деңгейінде де енгізу керек, себебі салық менеджменті пәні қаржы менеджментінің мамандандырылған бөлігі болып табылады.

Салық менеджментінің мәнін сипаттай келе оның келесі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:

- басқару процесінің күрделілігі, еңбекті көп қажетсінетіндігі және көп сатылылығы;

- мазмұнының, мақсаттық белгіленімдерінің, ұйымдастыру шарттарының сыйымдылығы;

- басқару объектісінің күрделілігімен анықталатын, басқарудың бірқатар функцияларын жүзеге асыруға бағытталатын салық менеджментінің көпмәнділігі;

- салық менеджментінің жан-жақтылығын, көп деңгейлігін және көп ауқымдылығын анықтайтын салық қатынастарының ішкі құрылымының (қатысушылар, элементтер, ережелер, рәсімдер) өзгешелігі;

- белгілі бір экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге жетуге бағытталған мақсаттар қойылу мен шаралардың анықталу қажеттілігі, салықтар мен салық салуға әсер етудің нысаналылығы.

Сонымен, салық менеджменті- бұл салық қатынастары саласында мемлекет пен кәсіпорындардың тиімді басқару шешімдерін қабылдау теориясы мен практикасы, ғылыми бағытта, практикалық қызмет сферасыда болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.  Галеева Н, Корякина А, Глубокова Н. Налоговый менеджмент: учебное пособие- Издатель:Евразийский открытый институт, 2011

2.  Селезнева Н.Н Налоговый менеджмент: администрирование, планирование, учет: учебное пособие- Издатель: Юнити-Дана, 2015