Магистр Айтманбетова Р.К., студент Мұхитқызы А.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болуы бастауына сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фирманың кірістері мен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.

Жалпы, кірістер болып- белгілі бір мекеменің немесе кәсіпорынның күнделікті өндірістен түсетін пайдасын қарастырамыз, ал шығыстар- осы өндірістен өнім, яғни пайда алу үшін жұмсалған шығындары және де ол өндіріске қажетті құрал-жабдықтары, материалдар және шикізатқа т.б. жұмсалатын қаржылай активтер болып табылады.

Кіріс түрлері:

-дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын кірістер;

-қызмет көрсетуден алынатын кірістер;

-дивиденттер, роялтилер және пайыз түрінде алынатын және тағы да басқа кірістер жатады.

Белгілі бір шығыстар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Кірістер мен шығыстар туралы есептілік мекеменің қаржы шаруашылық қызметінің қорытындыларын көрсетеді және келесі мақсаттар үшін қолданылады:

- инвесторлар мен  кредиторларға қажетті ақпараттарды дайындайды;

- ақшалай ағымның өзгерісін болжайды.

Кірістер мен шығыстар туралы есептілік 2 түрлі болуы мүмкін:

1. Бөлінбеген кіріс есептілік ретінде, бұл жерде таза кірістер немесе зиян кірістердің түзетілуі бөлінбеген пайда шоты белгіленеді.

2. Акционерлік капитал туралы есептіліктің 2-бөлігінде кірістер мен шығыстар тіркеледі.

Өнімді өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстары болады. Және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезең шығыстарын жасайды. Кезең шығыстары мыналар:

-жалпы және әкімшілік шығыстар;

-пайыз бойынша шығыстар;

-тауарлы материалдық қорларды сату бойынша шығыстар

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық нәтижелерінің есептілікте тіркелген кезде келесідей халықаралық стандарттары қолданылады:

1. Аралық қаржылық есептілік- ҚЕХС-34.

2. Консолидацияланған қаржылық есепкерлік және туынды компанияларға жасалған инвестицияның есебі- ҚЕХС-27.

3. Қаржылық есепкерлікті ашып көрсету- ҚЕХС-1.

Аталған стандарттарға сәйкес  кірістер мен шығыстар туралы есептілік келесі бөліктерден тұрады:

1.Сипаттамасы бойынша-екі жақты болады: кірістер мен шығыстар;

2.Функциялары бойынша- көрсеткіштердің категорияларына байланысты:

А) Операциондық қызметтердің қорытындылары: негізгі және негізгі емес кірістер мен шығыстары;

Б) Шығыстардың жіктелуіне байланысты: өндірістік шығыстар, өткізу бойынша шығыстар, әкімшілік шығыстар.

Кіріс  өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

1. Жуықтаудың белгілі - бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай–ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнының төмендеуін ескеруі қажет.

2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болу керек.

3. Кірісті  бөлу (таратау) механизмі белсенді рөл атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

4. Кірісті тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде ғана мүмкін.

Бірақ кірістің абсолютті мөлшері ұйымның қаржы – шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. Алынатын кірісті нақты бағалау үшін ұйым қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әртүрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.

Ұйымның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр ұйымда табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.

Табыстылық көрсеткіштерін талдау  міндеттеріне мыналар жатады:

-Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

-Таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

-Табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

-Табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

-Табыстың өсу резервтерін анықтау;

-Ұйымның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

-Табыстылықтың әртүрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Кіріс  құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және басқа да факторлармен анықталады.

Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған кірістер, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:

-есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;

-мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстар да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстар да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Кәсіпорынның болашақтағы қызметіне мынадай жақсарту жолдарын қарастыру қажет:

- әрқашанда уақытылы түгендеу жұмыстарын жүргізу;

-кірістер мен шығыстар қозғалысын қадағалау;

-үнемі кәсіпорынның пайдалылығын арттыру мақсатымен қолданыстағы кірістер мен шығыстар операцияларын нақты және тиімді қарастыру;

-заманға сай жаңа технологиялар мен бағдарламаларға бетбұрыс жасау;

-тиімділікті жоғарылатудың жолдарын іздестіру.

Кесте 1

Кірістер мен  шығыстар шоты бойынша шоттар корреспонденциясы

 

 

 

Операциялар мазмұны

 

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1.

 

 

 

Сатып алушылар мен тапсырысшыларға ақы төлеу мерзімін бір жылдан астам уақытқа шегеру арқылы

а) ҚҚС сату бағасына қосылмаған

б) ҚҚС сомасына

2110

2110

6010

3130

2.

 

 

 

 Бұрын шығысқа шығарылып, кейіннен  дебиторлар төлеген күмәнді қарыздар сомасы:

- кассаға қолма-қол

- ағымдағы банктік шотқа аудару арқылы

1010

1030

6280

6280

3.

 

 

 

 Қысқартылатын қызметпен байланысты активтерді сатудан түскен кірістер:

-сатып алушылар мен тапсырысшыларға сатылған

-еншілес ұйымдарға сатылған

1210

1220

6310

6310

4.

 

 Өнімдерді сату және қызметтер көрсету кезінде жұмсалған шикізат пен материалдарды есептен шығару

7110

1310

5.

 

 Жалпы және әкімшілік-басқару мақсаттары үшін жұмсалған көмекші өндірістің шығындарын есептен  шығару

7210

8310

6.

 Төлеу үшін есептелген қысқа мерзімді сыйақыларды көрсету

7310

3380

7.

 

 

 

 Қысқартылатын қызметпен байланысты есептен шығарылатын активтер:

 -сатылмаған шикізат пен материалдарға

-өзге де сатылмаған активтерге

7510

7510

1310

1350

8.

 

 Салық салынатын уақыттағы айырмаға байланысты болашық кезеңдерде төлеуге жататын КТС сомасы

7710

4310

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Проскурина В.П. Бухгалтерлік проводкалар. Алматы, «LEM» баспасы,2011 жыл

2. Кеулімжаев Қ.К. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп. Оқулық.-Алматы: «Экономика» баспасы, 2008ж

3. Дүйсембаев К.Ш. Қаржы есептілігін талдау. Оқулық. Алматы: «Экономика» баспасы, 2011ж

4. Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. Оқулық.- Алматы: Полиграфкомбинат, 2011ж. 

5. Жуматов М.К.  Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес   бухгалтерлік есеп: Тәжірибе құралы. / М.К. Жуматов.- Астана, 2011ж.