Магистр Айтманбетова Р.К.,
студент Тәшібай Ж.А.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті, Қазақстан
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП
БЕРУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ НЕГІЗІНДЕ
КӘСІПОРЫННЫҢ ЕСЕПТІК САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Халықаралық қаржы
есептілігінің стандарттары дүние жүзіндегі есеп
жүйесінің келісімдеу, жақсарту және одан әрі
жақындасуы процесінде басты рөл атқарады.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді.
Кәсіпорынның меншігі, шаруашылық
құралдарының және оның өндіріс процесіндегі қозғалысы
және олардың құжаттық түгенделуі
бухгалтерлік есептің мәні болып есептеледі. Кәсіпорын өзінің нақты жағдайына көлеміне және қызмет түріне қарап
бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды
жүзеге асырады. Онда
бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді, есептік саясатын
қалыптастырады, қаржылық пен өндірістік есептері
бойынша қызмет ету аясын
белгілейді, жүргізілген шаруашылық
операцияларына бақылау
тәртібін әзірлейді
және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да
қажетті деген шешімдерді жасайды.
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және
шаруашылық операцияларын жүзеге
асырған кезде оның
заңдылықтарына қатаң сақтау талап етіледі. Бухгалтерлік қызметтің басты
мақсаты кәсіпорынды жедел
басқару үшін қажетті ақпарат көздерімен
қамтамасыз ету, сонымен бірге
жабдықтаушыларға,
инвесторларға, кредиторларға және басқа да
мүдделі тұлғаларға бухгалтерлік есептің
стандарттарына сәйкес
қаржылық есеп беруді жасау болып табылады.
Кәсіпорын
өндірістік қызметін
жүзеге асыру барысында есептік саясатын қалыптастырады. Бұл
бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі болып табылады. Есеп саясатында мына
бағыттарға назар аударады:
-
кәсіпорын
өз мүлкімен өзімен-өзі болуы;
-
толассыз
қызметі;
-
есеп саясатын
пайдаланудың жүйелілігі;
-
шаруашылық
қызметіндегі
фактілердің мерзімділік
анықтылығы.
Кәсіпорындағы есеп саясатының негізгі
міндеті – оның
қызметін барынша
жан-жақты көрсету және
өз қызметінің тиімділігін реттеу мақсатында толық, обьективті және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
ХҚЕС 8 немесе
№ 2 ҰҚЕС 10 бөлімі операциялар, оқиғалар
немесе жағдайлардың есебі бойынша нақты
нұсқауларды қамтымаса, компанияға жаңа
жүйенің принциптеріне жауап беретін ақпараттың пайда
болуына әкелетіндей есептік
саясатты құру мен
қолдану үшін
өзінің жеке кәсіби
талқылауларына сүйенуі жөн болады.
Алайда стандарттардың талаптары мен нормаларын
көшірмей, ұтымды нұсқада берілген немесе ХҚЕС немесе ҰҚЕС-мен
бекітілмеген тәсілдерді белгілеу
қажет.
Есептік саясат
баптардың түрленуі процесінде нормативті құжаттардың талаптарын ескеріп қалыптасады және есеп
жүргізудің нақты тәсілдері мен әдістерін,
оның ішінде операцияларды стандартты емес көрсетуді талап
ететін ұйымдардың қызмет
ерекшеліктерін қамтиды.
Есептік саясатты құру компания
құзыретіне кіретіндіктен, компания
қызметінің ерекшеліктеріне және сәйкес
стандарттардың ең шамалы талаптарына сүйене отырып, келесі
нұсқалардың бірі таңдалуы мүмкін.
1. Есеп саясатын қалыптастыру есепті түрлендірумен қатар және компанияда нақты
жүргізілетін операциялар
үшін ғана орындалады.
Алдағы уақытта жаңа операциялардың немесе
оқиғалардың туындауында
олар қолданыстағы есеп саясатында қосымша көрсетіледі. Есептік саясатта
қаржылық есептілікті дайындаудың тәсілдері мен
принциптерін белгілейтін бөлімдермен қоса, бухгалтерлік есепті
жүргізудің нақты
тәсілдері мен әдістері, оның ішінде ұйымдастырушылық
– техникалық, әдістемелік және салықтық
тәсілдер қамтиды. Есептік саясаттың мұндай нұсқасы ҚР «Бухгалтерлік есеп
және қаржылық есептілік туралы» Заңының
нормаларына сай қалыптастырылады.
2. Есептік саясатты қалыптастыру тек қана қаржылық
есептілікті дайындау мен беру аспектісінде орындалады, яғни саясат
бөлімдері әрбір ХҚЕС және ҰҚЕС параграфтарының
ұсынуы бойынша өңделеді, онда есептілікті құру,
беру және өзгертулер енгізу қарастырылған. Әр
бөлімде әр бір ХҚЕС және
ҰҚЕС параграфының негізгі талаптары қысқаша
сипатталады.
Кез-келген нұсқада есеп жүргізу
ережелерін анықтайтын
құжаттар жиыны болуы керек, өйткені олар
қаржылық есептілікт дайындау базасын, мүлік сақталуын
қамтамасыз ету үшін ғана емес, сонымен бірге ҚР
Салық кодексіне сәйкес салықтың міндеттемелер есебінің дұрыстығын растау үшін де
талап етіледі.
Есептік саясатқа қосымша ретінде
әдістемелер қатары өңделуі тиіс, оның ішінде:
-
маңыздылық
деңгейін анықтау әдістемесі;
-
монетарлы
активтердің болашақ және ағымдағы
(дисконтталған, келтірілген) бағасын анықтау
әдістемесі;
-
айналымдық
емес активтерді қайта бағалауға резервтерді есептеу әдістемесі;
-
құрамдастарды
ауыстырудан кейін капиталдану есебінің әдістемесі;
-
активтердің
құнсыздануын анықтау әдістемесі;
-
ТМҚ-ды
қайта бағалау әдістемесі;
-
демалыстарға резервтерді есептеу әдістемесі;
-
кепілді
міндеттемелер бойынша резервтерді есептеу әдістемесі;
-
дебиторлық
қарыздың құнсыздануына резервтерді есептеу
әдістемесі және т.б.
Кесте 1
Есеп саясатын құру
әдістемесі
|
Бөлім атауы |
Мазмұны |
Қосымша |
|
І. Ұйымдастырушылық-техникалық (жалпы) бөлім |
||
|
1.Ұйымның-ұйымдастырушылық құқықтық статусы |
Бөлім құрылтайшылық құжаттар негізінде толтырылады |
Лауазымды тұлғаларды тағайындау туралы актілер, штаттық кесте |
|
2. Бухгалтерлік қызмет жұмысын ұйымдастыру |
ҚР-ғы бухгалтерлік есепті реттеуші заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер |
Бұйрықтар, ұйғарымдар |
|
3.Шаруашылық операцияларды құжаттау |
Есептік ақпартты өңдеу технологиясы |
Шоттар жоспары, ішкі құжат айналымы, бұйрықтар |
|
4. Қаржылық есептілік |
Қаржылық есептілікті құру кезеңділігі |
Осы бөлімге қатысты жетекшінің актілері |
|
ІІ. Әдістемелік бөлім |
||
|
1. Ақшалық заттар есебі |
Ақша есебіне қатысты барлық құжаттар, өкімдер, бұйрықтар |
Бөлімше объектілері бойынша құжат айналымы, есеп бөліміне қатысты жетекшінің актілері |
|
2. Қорлар |
Қор құрамы, жіктелуі, мәнділік критерийлері |
Бөлімше объектілері бойынша құжаттар |
|
3. Дебиторлық қарыз |
ДҚ-ң жіктелуі, есептеу пішіндері, жеңілдіктер, күмәнді талаптар бойынша резерв құру және т.б. |
Бөлімше шоттары бойынша корреспонденция, бөлімше объектілері бойынша құжаттар, жетекшінің актілері |
|
4. Негізгі қорлар |
Мойындау критерийлері, НҚ жіктелуі және топтамасы, амортизация, жөндеу шығындары, бағалау, түгендеу, істен шығару |
Бөлімше шоттары бойынша корреспонденция, бөлімше объектілері бойынша құжаттар, жетекшінің актілері |
|
5. Материалдық емес активтер |
Мойындау критерийлері, жіктелуі және топтамасы, бағалау тәсілдері, амортизация |
Бөлімше шоттары бойынша корреспонденция, бөлімше объектілері бойынша құжаттар, жетекшінің актілері |
|
6. Болашақ кезеңдердің шығындары |
Мерзімі және түрі бойынша топтау, кезең шығындарына жазу тәртібі, түгендеу, есептіліктегі айқындылық |
Бөлімше шоттары бойынша корреспонденция, бөлімше объектілері бойынша құжаттар, жетекшінің актілері |
|
7. Міндеттемелер |
Кредиторлық қарыздардың жіктелуі, мойындау және ары қарай бағалау, шет елдік контрагенттермен есептесу ерекшеліктері, күмәнді кредиторлық қарызды шығынға жазу тәртібі, түгендеу |
Бөлімше шоттары бойынша корреспонденция, бөлімше объектілері бойынша құжаттар, жетекшінің актілері |
|
8. Резервтер |
Резерв түрлері, қалыптасу көзі мен тәртібі |
Бөлімше объектілері бойынша құжаттар, жетекшінің актілері |
|
9. Табыс |
Табысты мойындау, түрлері, бағалау, табысты өлшеу, құжаттау |
Бөлімше объектілері бойынша құжаттар, жетекшінің актілері |
|
10. Шығындар |
Шығындардың жіктелуі, құрамы және тәртібі, кезең шығындарының құрамы мен тәртібі, құжаттау және бақылау |
Бөлімше объектілері бойынша құжаттар, жетекшінің актілері |
Есеп саясаты кез-келген ұйымның негізгі
құжаттарының бірі деуге болады, себебі осы құжат
бойынша бухгалтерлік есеп және нақты кәсіпорынның
қаржылық есептілігін құру регламенттеледі [2,74 б].
Есеп саясатын өңдеу мен қалыптастыру
қажеттігі бірден бірнеше нормативті актілермен белгіленеді, олардың
мәтіндерінде есептік саясатты анықтауда өзара
айырмашылықтары бар: Есептік саясатты қалыптастыру- өте қиын
және жауапты процесс негізі ретінде
нақты ұйымның есептік ерекшеліктері қойылуы
тиіс. Есеп саясаты ретінде ХБЕС немесе ҰҚЕС мәтіндерінен тез
алынған 3-4 беттік өндірістік ерекшелігі, құжат
айналымының ерекшеліктері және таңдалған тәсілдердің негізділігі ескерілмеген цитаталарды атау
ешбір ұйымға пайда әкелмейді.Менің ойымша, есептік
аясатты қалыптастыруда құжаттарды сапа менеджменті
жүйесі бойынша құру
үлгісін алған жөн: есеп саясаты мағынасы жағынан құрылымдық
бөлімше ретінде бухгалтерлік
қызметке қатысты процестік
тәсілді құжаттық бекіту болып табылады. Есеп саясатын
әрі қарай өңдеуде
қолданылып жүрген ХҚЕС немесе ҰҚЕС,
сондай-ақ өзге нормативті актілерге сүйену керек.
Бөлімдер мен бөлімшелер атаулары мен реті өзгертілуі
мүмкін.
ҰҚЕС мәтініне сәйкес «Есеп
саясаты, есептік бағалар және қателіктер» атты 10 тараудың
болуына қарамастан, есептік саясат анықтамасы берілмеген.
Осылайша басқарушылық және
салықтық есеп мақсаттары үшін есеп саясатын
қалыптастыруға болады:
Қорытынды ретінде есептік саясатты жыл сайын
қайта қалыптастырудың қажеті жоқ деп айтуға
болады. Есептік саясатта
өзгертулер енгізу міндетті болатын жағдайлар 2
ҰҚЕС және 8 ХҚЕС-мен регламенттелген. Есептік
саясатқа енгізілетін өзгертулер белгіленген тәртіпте
негізделген және құрылған болуы тиіс. Есептік саясатта
өзгертулер болып табылмайтын
әрекеттерді
қолданыстағы есептік саясатқа толықтырулар ретінде безендіруге
болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
2007 жылғы 28-ақпандағы
№234-ІІІ Қазақстан
Республикасының «Бухгалтерлік
есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы. (10.12.2008 ж. № 101-IV өзгертулермен және
толықтырулармен).
2
Қабылова Н.Қ. Бухгалтерлік есеп негіздері.
Оқулық.- Астана: Фолиант, 2008, 368 бет.
3
Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері.
Оқулық.- Алматы: Полиграфкомбинат, 2011, -255 бет.
4 Ныйқанбаева А., Қуанышева Л. Бухгалтерлік есеп негіздері.
Оқу құралы. – астана: Фолиант, 2010-160 бет.
5 Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп. Алматы: «LEM» баспасы, 2008, 500 бет.