Магистр Айтманбетова Р.К., студент Тәуекел М.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

 

ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ БЕРЕШЕКТЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ

 

Бәсекелестік  экономика жағдайында халық шаруашылығының  барлық саласында қызмет  жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдар барлық өндіріс ресурстарын  тиімді  пайдалана отырып өндірістің ырғақтылығын тұрақты қамтамасыз етуге мүдделі.  Өйтпеген жағдайда оның нарықтық ортада беделі түсіп, іскерлік белсенділігі  төмендейді. Бұл бірінші  кезекте  оның  қаржылық  нәтижесіне  нұқсан  келтіруі. Кәсіпорынның маркетингтік ортада өнім  өндіре  отырып, өндіріс көлемін ұлғайтуды экономикалық  заңдылық. Ол үшін инновациялық-инвестициялық  ресурстарды  жете меңгергені дұрыс. Ол адами факторға тәуелді, яғни еңбек ресурсының сапалық құрамын  қалыптастыру, еңбек жағдайын жасау, еңбек ресурсының  біліктілігін заман талабына сай жетілдіріп отыру және еңбек  ресурсын  тұрақтандыру мақсатында  атқарылған жұмыстар мен өндірілген өнім көлеміне байланысты олардың еңбек ақысын нақты әрі анық төлеуі қажет.

Еңбек ресурсының саны, құрамы, өзгерісі,  еңбеккерлердің  орташа айлық  еңбек ақысы, жылдық еңбек ақы қоры, жылдық атқарылған адам – күн, адам – сағат тікелей еңбек шығыны кәсіпорындағы еңбек туралы  есепте жүргізіледі.

Кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу барысында олардың  біліктілігі, еңбек өтілі, жұмыстың күрделілігі т.б. ескеріледі. Жұмысшылар мен қызметшілердің  жұмыс уақытының белгіленген кестесін  сақтап жүруін бақылау, жұмыс  істелген уақыт туралы  деректерді  алу, еңбек төлемі  бойынша  айырысу, сондай-ақ статистикалық есеп беру үшін «жұмыс уақыты есебінің табелінде» жұмыс істеп  жүргендердің  барлық  категорияларының жұмыс уақытын  пайдалану есебі жүргізіледі. Осы табельде көрсетілген мәліметтер  негізінде  еңбеккерлердің еңбек ақы есебі жүргізіледі.  Еңбек ақы бұл атқарылған еңбегі үшін төлем, оны еңбек келісім  шартында және қызмет нұсқауында белгіленген  көлеміне  сай еңбеккерлер орындаған  жұмысы үшін  алады.

Еңбек ақы төлеу есебінің  негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

- еңбек ақы қорын және жұмыс уақытын  пайдаланып жұмыс  мөлшерінің  орындалуын, еңбектің   саны  мен сапасын бақылау;

- бастапқы құжаттарды  уақытылы және дұрыс  рәсімдеу, еңбек ақы қорынан жалақыны ұстап қалу;

- кәсіпорын басшылығы әрбір  жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу;

- белгіленген мерзімде еңбек ақы бойынша есеп  айырысу;

- жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы  қосу керек.

Еңбек және еңбек ақы есебін жүргізу  мәліметтері  өндірістік процестерді оперативті басқару үшін қажет.

Қазіргі кезде шаруашылықты жүргізуде жалақыны ұйымдастыру төмендегі қағидаларға сәйкес жүргізіледі:

- еңбекке қарай бөлу қағидасы (еңбек ақыны, сыйлықтарды және т.б. уақтылы төлеу);

- өндіріс тиімділігінің артуы негізінде еңбек ақының деңгейін,жағдайын көтеру;

- еңбек ақыны еңбек нәтижесіне және шығындарына қарай төлеу;

- жұмысшыларды еңбек тиімділігін арттыруға материалдық жағынан

ынталандыру;

-  еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жалақының өсуіне қарағанда артық

болуы.

Сонымен бірге еңбекке ақы төлеу мөлшері барлық жағдайларда Казақстан Республикасында белгіленген ағымдағы жылдың мемлекеттік бюджеті туралы заңмен белгіленетін минимумнан төмен болмауы керек.  Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу екі әдіспен: орталықтанды-рылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылады. Жалақыны реттеудің мемлекеттік орталықтандырылған әдісі қызметкерлер тобының біліктілігін жіктеудің разряд аралық тарифтік коэффициенттерін, барлық қызметкерлердің еңбегіне  төлеудің «Бірыңғай тарифтік кестесін», жалақы тарифтерін еңгізу арқылы жүргізіледі . Еңбекке ақы төлеудің орталықтандырылған әдісі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылады.

Кәсіпорындағы еңбекақының жалпы деңгейі төмендегі негізгі факторларға байланысты:

- кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижесі, оның рентабельділік деңгейіне;

- кәсіпорындардың кадр саясатына;

- аймақтағы, облыстағы жұмыссыздық деңгейіне, қажетті мамандықтардағы жұмысшыларға;

- кәсіподақ, бәсекелестер және мемлекеттің ықпалы;

- кәсіпорынның қоғаммен байланыс саясаты.

Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 30 қаршасында қабылданған  № 426-V «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет» заңына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленген:

1.    Жалақының  ең төменгі мөлшері  -  22 859 теңге.

2.    Мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері  -  11 965 теңге.

3.    Зейнетақының ең төменгі мөлшері   - 25 824 теңге.

4.    Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемақылар мен басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сонымен қатар, айыппұл санкцияларын қолдану үшін, салықтар мен басқа төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш  -  2 121 теңге. 

5.    Базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін, өмір сүру минимумының мөлшері  -  22 859 теңге.  (Кесте 1)

 

Кесте 1

Қазақстандағы 2013-2016 жылдардағы айлық есептік көрсеткіштің, жалақының ең төменгі мөлшерінің базалық мөлшерлемелері, теңге

 

Көрсеткіштер

Жылдар

2013

2014

2015

2016

1

Айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш (АЕК)

1731

1852

1982

2121

 

2

Жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ)

18660

19966

21364

22859

3

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi (МБЗ)

9330

9983

11182

11965

4

Зейнетақының ең төменгi мөлшерi

19066

20782

23692

25824

5

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 

18660

19966

21364

22859

Ескерту- Республикалық бюджет туралы заңнан алынды.

 

Біздің   елімізде  еңбекақы  екі  түрлі  қызмет   атқарады:  бір   жағынан, жұмысшылардың өмір деңгейін көтеретін табысының басты қайнар көзі болса, екінші жағынан - өндіріс тиімділігін арттырудың материалдық ынталандыруын қамтамасыз ететін басты тұтқа болып табылады.

Қоғамдық өндірістің әртүрлі фазаларында: өндірісте, бөлуде, айырбаста және тұтынуда жалақының атқаратын қызметтері оның мәнін ашуға көмектеседі.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 2007 жылғы 28-ақпандағы №234-ІІІ Қазақстан Республикасының  «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы. (10.12.2008 ж. № 101-IV өзгертулермен және толықтырулармен).

2          Қабылова Н.Қ. Бухгалтерлік есеп негіздері. Оқулық.- Астана: Фолиант, 2008, 368 бет.

3          Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. Оқулық.- Алматы: Полиграфкомбинат, 2011, -255 бет.

4 Ныйқанбаева А., Қуанышева Л. Бухгалтерлік есеп негіздері. Оқу құралы. – астана: Фолиант, 2010-160 бет.

5 Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп. Алматы: «LEM» баспасы, 2008, 500 бет.