Айтманбетова Р.К.

есеп және аудит магистрі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК САЛАСЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ

 

Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепке алу ақпараттық базаны білдіреді, оның негізінде ұйым қаржылық есептілікті дайындайды. Бухгалтерлік есепте қалыптастырылатын ақпарат басқарушылық, салықтық статистикалық есептілікті жасау үшін қолданылады, қажет болған кезде осы ақпараттың негізінде есептіліктің басқа да түрлері жасалады. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі бір-бірімен өзара байланыста болатын, есепке алу элементтерінің белгілі бір тұтастығы немесе көптілігі. Мұндай жүйе логикалық кешенді қамтиды, онда ұйымның, мемлекеттің, сондай-ақ кез келген басқа да сыртқы, сол сияқты ішкі пайдаланушылардың экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында қызметтің түпкі нәтижелерін дұрыс өлшеуге бағытталған ақпарат қорытылады.

Есептілікті пайдаланушылардың барлығында қаржылық есептілік жөніндегі ақпарат нені қамтитынына қатысты белгілі бір үміт-армандары бар. Бұл үміт-армандар уақыт өте келе дамыды және пайдаланушылар бұрын кездестірген қаржылық есептіліктің үлгісі мен мазмұнынан туындады. Осы үміт-армандарға бухгалтерлік есепке алу туралы заңдар, бухгалтерлік есепке алудың регламенті мен стандарттары әсер етті. Қазақстанда үміт-армандар үлгіге және кеңес жүйесі кезінде әзірленген қаржылық есептілікке сүйене отырып дамыды. Шетелдік пайдаланушылардың үміт-армандары Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының принциптері мен тәжірибесіне сүйене отырып қалыптасты.

Кез келген әділ (сенімді) пікірден бухгалтерлік есепке алудың белгілі бір маңызды немесе іргелі принциптеріне немесе тұжырымдамаларына негізделген пікір орынды тұспалдануы мүмкін. Халықаралық түпмәтінде ең болмағанда мынадай бес принцип:

- есептеу принципі;

- қызметтің үздіксіздігі;

- ақылға сыйымдылығы;

- дәйектілігі;

- мазмұнның нысаннан басымдығы іргеліге жатқызылуы мүмкін және заңнама мен бухгалтерлік есепке алу стандарттарында көрсетілуі мүмкін.

Әдеттегі іс-тәжірибе осы принциптерді кез келген елдің бухгалтерлік есепке алу туралы заңнамасында іске асырудан тұрады. Нақты жағдайларда осы принциптерді қолдану көбінесе бухгалтерлік есепке алу стандарттары арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта халықаралық талаптарға сәйкес жасалған және жұмыс істейтін жоғары дамыған ақпараттық жүйені білдіретін экономика бірыңғай есепке алудың жүйесі болып табылады, ол оның әртүрлі аспектілерін (статистикалық есепке алу, салықтық есепке алу, бухгалтерлік есепке алу және т.б.) қамтиды.

Бухгалтерлік есепке алу қойылған міндеттерге сәйкес кейіннен жинау, жүйеге келтіру және қорыту үшін деректер көзі ретінде ғаламдық есепке алу жүйесінің бірлігін және функционалдығын қамтамасыз ететін ең маңызды факторы болып табылады.

Экономикадағы қаржылық есепке алудың ақпараттық функциясы ұйымдар қызметінің қаржылық нәтижелеріне сүйенеді, олар ұйымның ішіндегі сол сияқты одан тысқары жердегі ақпарат пайдаланушылардың мүдделі тобына қажет. Жоғары сапалы есептілік капитал нарығын дамыту үшін де қажет, өйткені оның негізінде көбінесе экономиканың ондаған жылдарға дейін дамуын айқындайтын шектеулі ресурстарды бөлу туралы шешімдер қабылданады.

Бухгалтерлік есепке алудың өзіне тән міндеттерді тиімді орындауы үшін қаржылық есепке алу кәсібилік, айқындылық, тәуелсіздік, өзектілік, стандарттылық сияқты талаптарға жауап беруі, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру принциптеріне және негізгі сапалық сипаттамаларға сай болуы тиіс.

Әлемдік тәжірибе түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық сияқты ақпараттың тиімділігін айқындайтын сапалық сипаттамалар халықаралық стандарттарды тікелей пайдаланумен немесе оларды бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін құрудың негізі ретінде қолданумен қол жеткізетіндігін көрсетеді. ХҚЕС пен ХАС-ты қолданудың экономикалық перспективасы капиталды тиімдірек бөлуден, іске жұмсалатын қаржының әр алуандығынан және оның табыстылығының өсуінен тұрады, әлемдік нарыққа шығу жеңілдейді, капиталды тартуға жұмсалатын шығындарды азайту мүмкіндігі туады. Мұның өзі жаңа бизнес құрылымдарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыссыздықтың төмендеуіне, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуіне әкеп соғады.

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту елдің экономикалық жағдайындағы өзгерістермен тығыз өзара байланыста және шаруашылық тетіктің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі дамытуды ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте қалыптастырылатын ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалылығын арттыру мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет:

-          бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептіліктің аудитін ұйымдастырумен және жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау және қайта даярлау;

-          шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу тәртібін оңайлату;

-          халықаралық тәжірибенің негізінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту;

-          бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың халықаралық процесіне қатысу.

Қазақстанның бухгалтерлік есепке алу саласының негізгі проблемасы – білікті кадрлардың жетіспеушілігі, қалыптасқан салт-дәстүрі, мықты кәсіби қауымдастығы, мамандандырылған білімді жинақтайтын және тарататын қалыптасқан жүйесі, көпшілік мақұлдаған сертификаттары бар дамыған «бухгалтерия институтының» болмауы.

Қазақстанда кәсіби қауымдастық аталған проблемалардың кейбіреуін шешу бойынша белгілі бір қадамдар жасауда, бірақ кешенділік, жалпы республикалық ауқым жетіспейді. Бухгалтерлік қауымдастықтың қазіргі селқостығы кезінде батыстағы ұқсас жүйенің өздігінен тез дами қоятындығы екіталай. Содықтан бұл мәселені шешу үшін бүкіл жүйенің өзегі болуға және одан әрі қалыптасқан құрылымы болуға тиіс кәсіби ұйымдардың рөлін күшейтуге назар аудара отырып, заңнамалық алғышарттар жасау, бұл процесті жылжыту қажет.

Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді қайта ұйымдастыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

- қолданыстағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістер енгізу;

- бухгалтерлік есепке алу жүйесін қайта құру шеңберінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру;

- кәсіби қауымдастықтың бухгалтерлік есепке алу саласындағы рөлін арттыру;

- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша уәкілетті органның кәсіби ұйымдарды және бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жүйесін енгізу.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 2007 жылғы 28-ақпандағы №234-ІІІ Қазақстан Республикасының  «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы. (10.12.2008 ж. № 101-IV өзгертулермен және толықтырулармен).

2          Қабылова Н.Қ. Бухгалтерлік есеп негіздері. Оқулық.- Астана: Фолиант, 2008, 368 бет.

3          Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. Оқулық.- Алматы: Полиграфкомбинат, 2011, -255 бет.

4 Ныйқанбаева А., Қуанышева Л. Бухгалтерлік есеп негіздері. Оқу құралы. – астана: Фолиант, 2010-160 бет.

5 Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп. Алматы: «LEM» баспасы, 2008, 500 бет.