Айтманбетова
Р.К.
есеп
және аудит магистрі
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН
АУДИТТІҢ РОЛІ
Қазақстан Республикасының
қазіргі экономикалық дамуы мемлекеттік сектордағы
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін жетілдіруді
талап етеді. Елдің қаржылық ресурстарын және мемлекет
міндеттемелері мен актив баланстарын құрастырудың ашық
және айқын жүйесін қалыптастыру қажеттілігі
туындады.
ХҚЕС қолдану мемлекеттік қаржыны
басқарудағы, ақшалай қаржы мен активтерді тиімді
пайдалануға бақылауды жүзеге асырудағы, мемлекеттік
басқарудың барлық секторының қаржылық
ақпаратын жинақтаудағы атқарушы билік
органдарының тиімділігін бағалау қажеттілігінен туындап отыр.
қоғамдық сектор үшін ХҚЕС енгізу арқылы
халықаралық стандарттарға сай келетін бухгалтерлік есеп
жүйесін құру, басқарушылық шешімдерін
қабылдау барысында қажет, сапалы ақпаратпен қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда егеменді
Қазақстаның нарықтық жолға көшуіне
байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола
бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі
арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны
мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде
жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен
халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай
орындалады. Міне осыларды ескере
отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы
кәсіпорынның қаржылық жағдайына нықтап,
бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның
алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын
дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез-келген елде
бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдарды
экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу
экономикалық мәселелердің негізгі және басты
қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы
өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге,
айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де
ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни
кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің
барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік
есептің әрі қарай даму және жетілдіру,
нормативтік-құқықтық актілерді жасау және
бекіту, оның жаңа жүйеге-адекватты нарықтық
экономикаға өтуін жеделдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28
ақпандағы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік
туралы» №234 Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп
пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді.Бүгінгі
таңда ел экономикасының нарықтық жолға
көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің
пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен
рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің
мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі
жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы ірі және
жария мүдделі кәсіпорындарда халықаралық
қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалуда.
Бухгалтерлердің қоғамдағы бүгінгі рөлі
бұл мамандықты шығармашылықты, мәртебелі
және жақсы төлем ақылы етеді. Инвесторлар, кредиторлар,
жұмыс берушілер және билік пен қоғамды қоса
алғанда, басқа да ақпаратты пайдаланушылар, есепке және
түрлі кәсіпкерлік сұрақтар бойынша есеп беруге және
салық салу сұрақтарының ақпараттарына
тәуелді, сүйенеді. Мұндай қызмет көрсету кезінде
маманданған бухгалтерлердің мінез-құлқы
түгелімен елдің және қоғамның
экономикалық жақсы жағдайына мүмкіндік туғызады.
Бүгінгі бухгалтер көптеген ақпараттармен
әртүрлі іс-әрекеттер жасайды, содан кейін «ол дұрыс
жасап жатыр ма?» деген сұрақ туындайды. Осы туындаған
сұрақтарға жауаптар-есеп бірлестігінің қызметіне
бақылау жасау. Сонымен қатар бұл мамандыққа
қоғамдық сенім маңызды болып табылады.
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың
құрылу шарттары және басқаруды жетілдіру,
кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда
бухгалтерлік есептің мағынасы мен рөлі күшейе
түсуде. Бухгалтерлік есеп көптеген ауқымды
аймақтардың бірі - өндірілетін өнімнің,
орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің
өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі
шығындар есебі болып табылады. Нарықтық экономикасы бар
елдердегі кәсіпорындар мен фирмалар практикасында бұл
аймақтар бухгалтерлік есеп жүйесіндегі өндірістік есеп
жүйесінде көрсетілген. Әсіресе қазіргі біздің
елдегі нарықтық қатынастардың құрылуы
шарттарында бухгалтерлік есепті жетілдіру, оның ішінде
өндіріске кететін шығындар есебі және өзіндік
құнды калькуляциялаудың маңызы өте зор.
Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге
кәсіпорындардың дербестігі өсті, соның ішінде
нарықтағы сұраныс пен ұсынысты есепке ала отырып
өз өнімінің бағасын қалыптастыру
нәтижесінде бухгалтерлік есеп және оның жүйесі
- калькуляциялаудың мәселелері өзгерді.
Калькуляциялаудың осы шарттардағы мәселелері нарықта
жұмыс істейтін кәсіпорындарды белгілі бір табыспен қамтамасыз
ететін өзіндік бағаны есептеу. Есептелген өзіндік
құн деңгейін тұрақты төмендету
мүмкіндігі және тиімді деңгейін қамтамасыз ету
үшін өндірісті дұрыс ұйымдастыру керек.
Бірақ мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп пен есептілік
жүйесі онда қалыптастырылатын ақпараттың қажетті сапасы
мен сенімділігін толығымен қамтамасыз ете алмады, сонымен
қатар бұл ақпаратты пайдалы қолдану мүмкіндігін
бір шама шектеді. Ескі шоттық жоспар негізінде жасалған
министрліктер мен агенттіктердің есептік мәліметтері Қаржы
министрлігіне мемлекеттік сектор активтерінің шоғырланған
баланстары мен міндеттемелерін ұсынуға мүмкіндік бермеді,
сонымен қолданыстағы есепті жасау әдіснамасы қарыздарды
есепке алмай, тек ақшалай қаржылардың қозғалысы
туралы есепті ғана көрсете алды. Сондықтан ХҚЕС-ке
көшудің басты мақсаты – мемлекеттік сектордағы
бухгалтерлік есеп жүйесін бәсекеге қабілетті экономика
талаптарына сәйкестендіру, мемлекеттік мекемелер қызметінің
қаржылық жағдайы мен нәтижелерінің объективті
динамикасын білдіретін ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік сектордың
шоғырланған есебіне қызығушылық танытқан
барлық қолданушылар үшін қол жетімді етуді
қамтамасыз ету. ХҚЕС-ке сәйкес дайындалған
Үкіметтің жыл сайынғы қаржылық есептері
қоғамдық ресурстарды басқару және бюджеттік
процеске қатысты міндеттерді орындау бойнша үкіметтік есеп беруді
көрсетуге қызметете алар еді.
Экономиканың шынайы секторында ХҚЕС-ке көшудің
тәжірибесі көрсеткендей, халықаралық стандарттар
бойынша жасалған есептер шаруашылық субъектілерінің
қаржылық жағдайы, қаржылық есеп нәтижелері
және ақшалай қаржыларының қозғалысы туралы
нақты түсінік береді. ХҚЕС бойынша қаржылық
есептілікті жасайтын және бухгалтерлік есепті жүргізетін
кәсіпорын ивесторлар үшін өте тартымды және
әлемдік экономикаға кіруге мүмкіндіктері молырақ.
Соңғы жылдарда министрліктер мен агенттіктердің
жетекшілері өз аппаратының қызметін жетілдіру, бизнес
процестерін оңтайландыру, қаржылық және
басқарушылық ақпаратының сенімділігмен шынайылығы
бағасын алу қажеттігін сезінді. Халықаралық
стандарттарға сай ішкі аудитті қалыптастыру мен дамыту
министрліктер мен агенттіктер жетекшілеріне қаржыны лайықты
басқаруға, менеджментті жақсартуға, ал
ұйымдарға тәуекелдерді басқару процесінің,
бақылау мен копоративті басқару тиімділігін арттыру мен
бағалауға қатысты жүйелі және дәйекті
ұстанымды пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды орындауға
және алға қойылған мақсаттарға қол
жеткізуге көмектеседі. Аудиторлық жұмыс жаңа
ұстанымдарды тиімді қолданып, көмекті қажет ететін
салаларды айқындай білуі қажет. Сонымен, ішкі аудит бухгалтерлік
есеп жүйесін мемлекеттік реформалау бойынша шараларды бекітуге
қызмет етеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. 2007-жылғы 28-ақпандағы №234-ІІІ
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп беру туралы» заңы.
(10.12.2008 ж. № 101-IV өзгертулермен және толықтырулармен).
2.
Қаржылық есептіліктің халықаралық
стандарттары - Москва: Аскери, 20077
3. Оразбекұлы Б. Бухгалтерлік есеп және аудит негіздері,
Оқулық құралы. Алматы 2011,-403бет
4. Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік
есеп принциптері. Оқулық.- Алматы: Полиграфкомбинат, 2011, -255
бет.