Сертификаттандырудың заңнамалық және құқықтық негіздері

Тасбулатова Раушан Адилгалиевна

Арнайы пәндер оқытушысы

Маңғыстау энергетикалық колледжі

Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы

 

Сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.

Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық – түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін тауарды және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің (қызметтердің) сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.

Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын Сертификаттау  үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестацияланған сынақ зертханалары қажетті жабдықтар мен нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда, басқа зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек.

«Сертификаттау туралы» Заң (Қосымша Б) ҚР-дағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (бұдан ары процестерді), сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау  саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.

Өтініш берушінің сертификаттау  органын, сынақ зертханасын тандап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершіліктері:

- сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды  сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;

- сертификаттау  жұмысында ИСО/МЭК аймақтық ұйымдар, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;

- ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдердің сертификаттауоргандарының аккредитациясын,  аккредитацияланған сынақ зертханасының сертификаттарын  және сәйкестік белгісін ҚР-да тану;

- ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау;

- қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.

ҚР-ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70 %-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті  деп есептелетін өнімнің үлесі 85 %-дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді.

2009 жылдың 16 – 18 қыркүйек аралығында Кейптаунда ИСО – Халықаралық стандарттау ұйымының 162 елді біріктіретін 32-ші Бас Ассамблеясы өтті, бұнда Қазақстан ашық сайлау арқылы ИСО кеңесіне 2011 жылға дейін екі жылдық мерзімге сайланды. Қазақстан кандидатурасын ИСО кеңесіне әлемнің АҚШ, Жапония, Израиль, Австрия, Польша, ОАР және басқа да елдері ұсынды және олардың жоғары өлшемдер мен талаптар қойғанын айтпай кетуге болмайды. Бұл, ең алдымен, стандарттардың үйлестірілу деңгейі, ИСО техникалық комитеттеріне қатысуы, экономиканың даму деңгейі. ИСО кеңесі басқарушы орган болып табылады және берілген ұйымның саясатын анықтайды. Берілген бағытта ҚР ИСО жұмысына белсенді қатысады және халықаралық стандарттарды дайындаумен айналысатын жетпіске жуық ИСО техникалық комитеттерінің мүшесі болып табылады.

ИСО кеңесінің жұмысына қатысу, біздің мемлекетімізге және Орталық Азия аумағының барлық елдеріне халықаралық стандарттау саласындағы стратегияны жасау мен құрастыруға белсенді қатысуға, ғаламдық мәселелерді шешуде өз ойларын ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанда стандарттауды дамытуға қосымша серпін береді, республиканың  экономика секторының дамуына, кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға белсенді ауысуына ықпалын тигізеді.

Халықаралық стандарттар саясаткерлерге, өнеркәсіптер мен тұтынушыларға климаттың өзгеруіне бірлесіп қарсы тұруға қажетті жалпы тетіктерді ұсынады.

Сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың (екінші жақ) мүддесін қорғайды. Үшінші жақ - алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган.

Сәйкесті растау нәтижесі — объектінің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі.

Сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы. Сәйкестікті растаудың екі түрі бар:

1.     Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

2.     Дайындаушының (орындаушының) айналысқа шығаратын өнімінің, көрсетілетін қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат - сәйкестік туралы декларация деп аталады.

3.     Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.

Сәйкестікті растау саласындағы құжат — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген «Сәйкестік сертификаты» немесе «Сәйкестік туралы декларация».

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі - сәйкестік белгісі деп аталады.

Сәйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау ж.б.) сипаттай отырып айңындау тәсілдері.

Сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман.

Сынақ зертханасы (орталығы) - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы

Сертификаттауды заңдастыру — дайындаушы мен тұтынушыға, сатып алушыға тәуелсіз мекеменің өніміне, жұмысына қызмет көрсетудің нормативтік құжаттарының белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы;

Сертификаттау құжаттарына қойылатын құқықтық талаптар:

1.     Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар белгілейтін талаптар ғылымның, техника мен технологияның қазіргі заманға сай жетістіктеріне негізделуі, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келуі, өнімді пайдаланудың, үрдістері, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындаудың шарттарын ескеруі тиіс.Нормативтік құжаттарда регламенттелетін сертификаттау ережелері мен рәсімдері отандық өнім үшін де, оның шығу тегіне қарамастан, бірдей болуға тиіс. Сертификаттау саласындағы құжаттарды әзірлеу барысында олардың жобаларының мәтіндері, заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда, талқылау және мүдделі мемлекеттік

2.     Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін негіз ретінде халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар қолданылуы тиіс, бұған олардың адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейіне, елеулі технологиялық мәселелерге байланысты тиімсіз немесе жарамсыз болу жағдайлары кірмейді.

3.     Міндетті сертификаттауға жататын өнімге арналған нормативтік құжаттарда олар бойынша міндетті сертификаттауда жүзеге асырылатын талаптар, осы талаптарға сәйкестік бақылаудың әдістері, өнімді таңбалаудың ережелері, ілеспе құжаттамаға енгізілетін сертификаттау туралы ақпаратқа қойылатын талаптар болуы тиіс.

Қорытындылай келе, біз қазіргі таңдағы еліміздегі тауарлар мен қызметтерді сертификаттандыру сапасы мен заңнамалық және құқықтық негіздері дамып келе жатыр деп айта аламыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.     Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2.     Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. 

3.      Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 256 бет.