Талжанов С.А., Құтжанова Г.Ғ.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

(Ә. Молдағулова атындағы спортқа бейімді дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты

Географиялық білім беруде мұнай және мұнай өнімдерінің қызмет көрсету саласындағы маңызын талқылау

 

Қызмет көрсету географиясы, тұрғындар географиясының дербес тарауы ретінде қалыптасып, қазіргі таңда экономикалық география пәндерінің жеке салалары – өнеркәсіп, ауылшаруашылық және көлік географиясы тәрізді осы географиялық ғылыми бағыттың негізгі курсына айналды.

Қызмет көрсету географиясы негізінен еңбектің аумақтық бөлінісі ықпалымен халықтың қажетін өтеу саласы мекемелерінің кеңістіктік жүйесінің (қызмет көрсету көлемін, сапасын және құнын есепке ала отырып,) қалыптасу заңдылықтарын оқытып-үйрету мәселесін қарастырады.

Қызмет көрсетуді ұйымдастыру формасы бойынша оны мемлекеттік пен мемлекеттік емес болып бөлінуі мүмкін. Олардың арасындағы айырмашылық сол, мемлекеттік қызмет көрсету тек мемлекет үшін ғана болады. Олар ел қорғанысы, қоғамдық қауіпсіздікті тұрақсыздандыру, азаматтар есебін жүргізу, көлік құралын тіркеу, т.б. Қоғамда туудың, өлімнің, некеге тұрудың, меншікке қатынастың мемлекеттік есебіне деген қажеттілік бар[2].

Сауалнама арқылы оқушылардан мұнай және мұнай өнімдері қызмет көрсету саласының қай түріне жатады деген сұрақ қойсақ, олар, әрине, өндірістік қызмет көрсету саласына жатады деп жауап берер еді. Негізінде мұнайдың және мұнай өнімдерінің адам өмірінде де, қызмет көрсету саласында да алатын орны ерекше. Адам өміріндегі алатын орнын айқындау үшін, мұнай және мұнай өнімдері қайда қолданылатынын қарастыру қажет.

Мектеп оқушыларына берілген ақпаратты жақсы меңгеруі үшін төменде көрсетілген сабақ жоспарын қолдануға болады:

Сабақтың тақырыбы: Мұнай және мұнай өнімдері.

Сабақтың мақсаты:

• Қазақтың қара алтыны атанған мұнайдың құрамы мен жер қыртысында таралуына тоқталу,туған өлкедегі қазба байлықтар мекенін таныстыру.

• Қоршаған ортаны қорғауға,табиғатты сүюге тәрбиелеу.

• Жалпы танымдық қабілетті,сабаққа деген қызығушылықты арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сурақ-жауап, кестемен жұмыс,баяндау,иллюстрация,репродуктивтік әдіс.

Пәнаралық байланыс: Тарих,география,биология.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды кітаптар, дүние жүзінің пайдалы қазбалар картасы мен атластар, стикерлер, лабараториялық мұнай құймасы.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

ІІ. «Мағынаны ашу» Мұнай және оның құрамына, таралуына және қасиеттеріне түсініктеме.

Мұнайдың құрамы:

- аромат көмірсутектер;

- алкандар;

- циклоалкандар;

- арендер;

- циклопентан;

- циклогексан;

Мұнай құрамында бұлардан басқа да қосылыстар кездеседі. Оларға: сілтілік жер металдар,минералдар,тағыда басқа типтік металдар. Кездесетін кен орнына байланысты мұнайдың сапалық құрамы да,сандық құрамы да әр түрлі болады.Жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес мұнай құрамында кездесетін көмірсутектерге байланысты: парафинді, нефтенді, ароматты деп ажыратуға болады [3].

Физикалық қасиеттері: мұнай қара қоңыр түсті,өзіне тән иісі бар,  май тәріздес сұйықтық.Суда ерімейді,органикалық еріткіштерде ериді.

Мұнайды өңдеу әдістері:

• физикалық әдіс: мұнарада мұнайды фракцияларға бөлу, ол мұнайды айдау әдісі деп аталады.

• химиялық әдістер: ауыр көмірсутектерді бөлшектеу арқылы жеңіл көмірсутектер алу немесе крекинг процесі, көмірсутектерді риформинг әдісі.

Мұнайды айдау кезінде түзілетін өнімдер (1сурет).

1 сурет. Мұнай өнімдері

 

ІІ. «Қызығушылықты ояту»

Сауалнама:

• Дүние жүзінде мұнайға бай аймақтарын атаңыз?(Сауд Арабиясы, АҚШ, Иран, Қытай, Канада)

• Ашық түсті мұнай өнімдеріне не жатады?(бензин,лигроин,керосин,газойль)

• Детонация деген не?(бензиннің қопарлыс түрінде жануы)

•Мұнай өнімдерін жоғары температурада крекингілеу. (пиролиз)

• Мазуттың айдалмайтын бөлігі?(гудрон)

• Газойлдан не өндіріледі? (дизель)

ІІІ. «Білімді бекіту» Химиялық диктант

• Крекиг сөзі ағылшын тілінен аударғанда ....... деген мағынаны білдіреді.

• Мұнайды айдауға арналған қондырғы ...... бөліктен тұрады.

• Бұл қондырғыны ....... немесе ....... деп атайды.

• Мұнай бетін бүркеп тұратын газдар ........ деп аталады.

• Мұнайды ароматтау процесін .........деп атйды.

IV. Альтернативтік тест: бұл тест жұмысы сыныптағы барлық баланы бағалауға мүмкіндік береді. Егер оқушы сіздің оқыған сұрағыңызғы келіссе «+» таңбасын,келіспесе «-» таңбасын қояды.

• Өнеркәсіптік крекинг әдісі орыс ғалымы В. Г.Шухов ұсынды. « +»

• Мұнай суда ерімейді. «+»

• Ректификациялық бағананы биіктігі 35 м. дей болады. « +»

• Бензинді ароматтау үрдісін кокстеу деп атайды. «-»

• Бензиннің қопарлыс түрінде жануы тотығу деп те аталады. «+»

• Машиналарды тез оталдыру үшін газды бензинді кәдімгі бензинге араластырады. «+»

VІ.Үйге тапсырма. Бағалау.

Сабақ өтуде дәстүрлі әдісті қолданып қана қоймай, оқытудың бірнеше әдіс-тәсілдерін пайдаланған жөн. Себебі бір сарынды сабақ оқушының ынтасын, пәнге деген кызығушылығын төмендетіп, ойлау қабілеттерін тежейтіні анық.

Қоғамда болып жатқан құбылыстарды, оқушы өзі күнделікті өмірде көріп жүрген жағдайларды оқытушы мысал ретінде қолдана отырып, сабақ барысын қызықты түрде өткізсе, оқушылардың есте сақтау қабілетіне, берілген тақырыпты тез ұғынуына, жан-жақты зерделі болуына жақсы әсер етпек.

Сонымен, тақырыпты қорытындылай келгенде, мұнай және мұнай өнімдері қазіргі техника мен технология жақсы дамыған кезеңде,адам өмірінде, қоғамда алатын орныерекше. Қызмет көрсету саласындағы мұнай өнімдерінің маңызын айтып жеткізу үшін уақыт жетпес. Күнделікті өмірде жүріп-тұруымыз,бір жерден екінші жерге орын ауыстыруымыздың өзі мұнайдан өндірілетін өнімдермен тікелей байланысты. Мұнайдың маңыздылығын көптеген мысалдар келтіре отырып, көптеген ғалымдардың сөздерін негізге ала отырып айқындауға болады, бірақ қарапайым өмірдегі мысал арқылы оқушыларға оңай тәсілмен түсіндіруге болады. Мысалға, бүгінгі күннің өзін алғанда дүние жүзінде қаншама адам межеленген жерлеріне, жұмыс орындарына, әр түрлі мекемелерге  жету үшін автокөліктер, қоғамдық транспорттар мен әуе ұшақтарын,  қолданады. Дүние жүзін қойып, өзіміздің елімізде, өзіміздің қаламызда Қарағанда мемлекеттік университетін мысалға алғанның өзінде, бүгінгі күні бірталай студенттер өздірінің дипломдық жұмысын қорғау үшін, бірталай мұғалімдер дипломдық жұмыстарды тексеру үшін университетке жету мақсатында автокөліктер мен қоғамдық транспорттардың көмегіне жүгінді. Осындай мысалдарды қолдана отырып мұнай мен мұнай өнімдерінің маңызын мектеп оқушыларына оңай жолмен түсіндіруге болады.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Нұрсұлтанов Ғ. «Мұнай және газды өндіріп, өңдеу». Астана, 2001

2. «Қазақстанньң физикалық географиясы». Алматы, 2008

3. Беркінбаев К, Ниязова Г. «Қазақстан мектебі». №6. 2006

4. Болтаев А. «География және табиғат». №1. 2006

5. Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова, С.Әбілмәжінова, Ж.Достай. «Азия елдері». Алматы, 2011

6. Ережугов Е. «Қазақстан географиясы және экология». №2. 2007

7. Есмағамбетова Р. «Биология, география және химия». №2. 2001

8.Нұрпейісова М.Б., Алматова Б.Г. «Мұнай-газ игерудің экологиялық мәселелері». №1, 2007.

9.Жангельдина Д. «Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жолдары». Алматы, 2001