Шамсиева Н.С.,Сейдахметова Ж.Ә.

Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектеп

 

Сандық технологиялар көмегімен  суреттерден пайдаланып суреттер галереясын жасау жолдары

 

Сандық технологиялар және сканерлердің дамуына байланысты жай суреттерді сандық түрге айналдыру жеңілдетілду, кең тарап жатыр. Web-беттердегі  суреттер галереясы жасау кең  таралуда(1-сурет). Бірақ суреттердің өзінің бастапқы  өлшемінде  Web-бетке орналастыру үшін көлемінің  үлкейуіне себеб  болуы мүмкін.

Front Page 2003   бағдарламасының көмегімен  суреттер галереясын жасау үшін Insert / Picture/ new Photo Gallery түймесін таңдау керек. Экранда төмендегідей терезе пайда болады.

Сурет1.Front Page 2003   бағдарламасы  көмегімен жасалған фотогалереяның көрінісі

 

Сурет2.Фотагалерея көрінісі

 

Суреттер галереясын жасаудың бірінші талабы - бұл суреттерді қосу.

Ол үшін Add түймесін басыңыз. Мұның екі мүмкіншілігі бар:

· Pictures from files файл қосу терезесі ашылады және терезе ішінен керекті файлды таңдау мүмкін.

· Pictures from Scanner or Camera түймесін таңдау арқылы компьютерге қосылған сканер немесе камера құрылғылары арқылы  суреттерді Web-бетке енгізіп қою мүмкін.

Суреттер галереясы құрамына керекті суреттерді таңдап болғаннан соң,  олардың мүмкіншіліктерін өзгертіп, келтіріп алуға болады(2-сурет).

Front Page  бағдарламасы суреттерді олардың орналасу ретті бойынша Web-бетте көрсетеді. Бірақ суреттердің реттілігін өзгертетін  болсаңыз керекті суретті таңдап Move Up(жоғарыға көтеру)  немесе Move  Down(төменге түсіру) түймелерінен пайдалануға болады.

Терезенің оң жақ бөлігінде  суретті бақылап тұру мүмкіншілігі бар. Одан басқа оның өлшемін де белгілеуге болады. Main Aspect  Ration(файл пропоциясын сақтау) түймесі арқылы суреттің өлшемдерін  дұрыс қатынаста сақтау мүмкін.

Әрбір суретке түсінік жазу үшін арнайы ажыратылған терезенің екі бөлімшелерінен пайдаланылады. Олардың біріншісі сурет атауы үшін, ал екіншісі түсінік беру үшін. Төмендегі терезеде  сурет таңдауға және оған  түсінік жазуға мүмкіндік беретін терезе.

                                                                                  Таңдалған сурет өлшемі                                                                                                                        

 

Фотогалерея

реттілігіндегі             

суреттер

тізімі

 

 

 

суреттің 

реттілігін              

өзгерту

 

 


Тақырыбы

түсініктеме

беру

3-сурет. График файлдардың мүмкіншіліктерін өзгерту.

 

Web-беттерде суреттер галереясын жасаудың ең соңғы шарты-бұл оның көрініс тәсілін таңдау. Front Page  бағдарламасында бірнеше дайын суреттер галереясы үлгілері бар(3-сурет).  Олардың арасынан өзіңе ұнағанын таңдап алуыңызға болады.

4-сурет. Дайын суреттер галереясының түрлері

Берілген үлгілер арасынан керектісін таңдап ОК түймесін шертіп, суреттер галереясын жасаңыз. Нәтиже барысын  браузерда көруге болады.

Суреттер галереясы құрамындағы суреттерді  пішімдеу.

Photo Gallery Properties терезесі ішінен   Edit түймесін шерту арқылы суреттерді пішімдеу терезесін  пайдалану қажет. Осы терезе ішінен суреттердің кейбір мүмкіндіктерін өзгерту мүмкіндігі бар.

 

Терезе ішінен суреттің үлкейтілген жағдайдағы көрінісі бейнеленген. Суреттер галереясы құрамындағы басқа суретті көру үшін Previous(артқа) немесе  Next (келесі) түймелерінен пайдаланыңыз. Терезе ішінде төмендегі мүмкіндіктер бар:

· Change the Width and Height сурет өлшемін өзгерту.

· Rotate or Crop the  Picture  суреті бұру мүмкіншілігі және оның артықша бөлімін алып тастау(Crop түймесі). Суреттің керекті бөлімін таңдап  алып, Crop түймесі қайта шертсеңіз, суреттің белгіленбеген бөлімін қырқып тастайды.

Мұнан шығатын қортынды Front Page  бағдарламасының көмегімен сандық технологиядарды да пайдалануға болады.  Бағдарламада суреттердің параметрлерін өзгертіп  веб бетке лайықты етіп пішімдеп дайындау мүмкіндігі бар.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     Я.Нильсен. Web- дизайн Front Page.Спб.2002,187 б.

 

2.     Я.Нильсон,  М.Тахир. Дизайн Web-страниц. Изд.дом "Вильяме", 2002.-336 б.

3.     А.Б.Махмудов. MS Office Front  Page 2003 бағдарламасында Web-дизайн негіздері, Тошкент 2006ж.

4.     М.Браун, Д.Ханикатт. Front Page. Москва, 2008.