Калиева Г.К., Құрманалиева Д.М.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

 

Turbo Pascal бағдарламалау ортасының ерекшеліктері

 

          Паскаль программалау тілі, атақты француз математигі және философы Блэз Паскальдың (1623-1662) құрметіне аталғаны белгілі. Бұл тілді 1968 – 1971 жылдары Швейцария жоғарғы политехника мектебінің директоры, профессор Никлаус Вирт жасаған.

          Паскаль тілі игеруге жеңілдігімен, тұтастығымен және қарапайымдылығымен, дүние жүзінде кеңінен тарады. Программаның дұрыстығы жеңіл тексеріледі, себебі оның мазмұны өте қарапайым және айқын. Сондықтан Паскаль тілі программалаудың құрылымды әдістерін игеріп үйренуге ыңғайлы.

          Тілдің әрі қарай даму тарихы, электронды есептеуіш техниканың даму мүмкіндіктерімен толықтырыла дамыды.

          Паскаль тілінде жазылған программа мәтінін компьютерде орындау үшін машиналық тілге ауыстыру қажет. Программалау тілінен машиналық код тіліне аудару үрдісін – трансляциялау, ал оны орындайтын программаларды трансляторлар деп атайды. Трансляторлардың үш түрі: интерпретаторлар, компиляторлар, ассемблер болады.

           Интерпретатор – ол, берілген программаның әр операторын жекелеп өңдейтін және оны орындайтын транслятор.

           Компилятор – ол, бүкіл программаны машиналық код тіліне аударып модульге айналдырады, одан соң программа компьютер жадына жазылады, тек содан кейін орындалады.

           Ассемблер ассемблер тілінде жазылған программаны, машиналық тілге аударады.

           Программаны немесе оның жеке бөліктерін жақсырақ түсіну үшін – түсініктемелер қолданылады. Түсініктемелерді, бос орын рұқсат етілген, программаның кез – келген жерінде жазуға болады.[1]

           Паскаль тілінің ерекшелігі, әртүрлі типті деректерді қолдану мүмкіндігі мол.

          Turbo Pascal бағдарламалау тілінің соңғы нұсқалары «нысандар»  жаңа деректер типін  өңдеу мүмкіндігіне ие. Нысанның мақсаты  деректер мен  осы деректердің өңделу  алгоритмдерін біріктіруде  болып табылады. Деректер нысанды-  өрістер деп, алгоритмдерді-әдістер, ал біріктірудің өзін-инкапсуляция деп атайды. Әдістер  өрістердің көмегімен және ішкі деректермен  жұмыс жасайды, нақтысында олар нысанның мақсатын жүзеге асырады. Нысандар нысан ұрпағы өрістерін қолдана алатын  және , аталық әдістерді қолдана алатын   мұралық  қасиетке ие. Әрбір нысан мұраның  кестелік ағашын тұрғызуға мүмкіндік беретін ұрпақтың кез келген санына және аталықтың  біреуіне ғана ие бола алады.Ұрпағы атасының  кейбір әдістерін жасыра алады, яғни  бір ғана атауы бар әдіс  әр түрлі нысан үшін әр қалай орындалуы мүмкін. Бұл әдістердің полиморфизмі деп аталады.

           Турбо Паскаль интерфейсі көп терезелі орта. Программалау жүйесі, turbo.exe файлымен жіберілген соң, компьютер экранына, ортаның редакциялау терезесі шығады.[2,3]

           Программалау ортасының интерфейсінің негізгі екі элементі бар: мәзір және терезе. Экранның жоғарғы қатарында мәзір қатары орналасады, ал экранның негізгі бөлігін файлды редакциялау терезесі алып тұрады. Төменгі қатарда контекстік көмек көрсету келтіріледі. Басты мәзірдің негізгі он пункті бар: File -файлдармен жұмыс істеу, папканы өзгерту, басу құрылғысына шығару; Edit -тексті редакциялау, бөліктерді көшіру және тасымалдау; Search -қажетті тексті іздеу, сөздерді алмастыру және іздеудің басқа да құралдары; Run-программаның атқарылуы, қадамдап түзету; Compile –программаны компиляциялау; Debug -программаны түзету құралдары; Tools -ортаның құралдары (хабарламалар, профилер, түзеткіш); Options –программалау ортасын баптау; Window-программаларды түзету терезелерін басқару; Help -көмек. Осы айтылған мәзір пунктерінің біреуін таңдап алудың үш тәсілі бар: F10 клавишін басу керек, одан кейін қосымша  пунктті курсорды басқару клавиштері арқылы таңдап алу; Мәзірдің пунктін тышқан арқылы таңдау; ALT+ D әріптер комбинациясын  басу.[4]

 

 

          

 

Әдебиеттер

 

1.     Т.Қ.Қойбағарова.  «Turbo Pascal программалау тілі» Павлодар, 2011 ж.

2.     Я.Н. Глинский, В.Е.Анохин, В.А.Ряжская. «Turbo Pascal 7.0  и  Delphi» Москава, 2001.

3.     С.А. Алдашев, Н.Р.Ахметов, «Информатика мен есептеуіш техника терминдерінің орысша – қазақша сөздігі». – Алматы, 1993.

4.      Ж.Қ.Масанов, Б.А.Бельгибаев, А.С.Бижанова, Қ.Қ.Мақұлов. Turbo Pascal.Алматы, 2004.