Еліміздің курорттық аймақтарындағы
туризммен сервистің даму алғышарттары
Кожахметова К, Айменов А., Есенова
А.Е.,
Елімізде денсаулық сақтау жүйесін
дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев Жолдауында медициналық қызмет
көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша арнайы
тапсырмалар бергені белгілі.
Санаторлы-курорттық мекемелер «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында белгіленген – ауруларды болдырмау және салауатты өмір
салтын ынталандыру - маңызды міндетті шешеді. «Нұрлы
жол-болашаққа бастар жол» ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы «халықтың
денсаулығы – бұл өзінің стратегиялық
мақсаттарына қол жеткізудегі Қазақстанның
табыстылығының басты міндетін анықтады [1]. Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлт денсаулығы –
біздің жетістікті болашағымыздың негізі [2]. Тек салауатты өмір салты ұлттың
денсаулығының негізі» болып табылатынын атап айтты.Осы орайда ел
экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес
қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей.
Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық
көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы
ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз
әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі
баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық–бұл
мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік
дамуының, тұлғаның жан-жақты
қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік
қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен
ведомстволардың, уәкілетті орган-дардың, туристік
компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің
күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге
ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм
және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн
тәртібінен берік орын алған.
Қоғамның өндірістік
идентификациясы ең алдымен адамның психофи-зикалық
жүктемесінің күшейуіменен анықталынады.
Ғылыми-техникалық прогресс, урбандалу процесі, экологиялық
дисбаланс прессингті нығайтады. Адамның жұмыс
қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы
жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы - «дем
алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді [3].
Емдік
сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар.
Соған орай елімізде емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын
зерттеу талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың
рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады:
медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық
болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі
медико-биологиялық болып
табылады. Оның құрамында - денсаулықты жақсарту,
курортологиялық емдеу қажет ететін адамдарға көмек
көрсету және аурудың алдын алу.
Әлеуметтік-мәдени
қызметке - әлемді, табиғатты,
тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты.
Экономикалық
аспектіге - адамның еңбекке
деген қабілеттілігін жақсарту.
Курорттық-рекреациялық
шаруашылыққа санаториялар, демалыс үйлер, туризм және
қызмет көрсету бөлімдері жатады.
Қазақстанның туристік қызметінде қолданылу
мәселелері мен туристік рекреациялық ресурстары, оның шаруашылығының
туризм мен қоршаған орта сферасындағы қарым –
қатынасы ретінде қарастырылады. Қазіргі
қоғамның даму этаптарының ерекшеліктерінің бірі
болып қоршаған ортаның ластануының техногендік
факторының өсуі болып табылады. Бұл қауіпті
жағдайларда алдымен табиғи туристік ресурстардың
дағдарысына әкеледі. Туризм өзінің басты ресурсы –
табиғи ортаның үнемі сақталып және жақсарып
отыруын қалайды.
Туризмнің жеке түрлерінің дамуына Ақтоғай,
Ұлытау, Шет аудандары қолайлы. Аласа таулы және
ұсақ шоқылы ландшафттар, өзен, көл, су
қоймалардың бар болуы, қалалар мен басқа
елді-мекендердің жақындығы облыстық және
жергілікті демалыс зоналарын ұйымдастыруға мүмкіндік
туғызады [4].
Сонымен, емдік туризм Қазақстанда
рыноктық қатынастарды қалыптастыруда көптеген
аспектілердің жетекшісі болып табылады. Халықаралық
және отандық тәжірибе көрсеткендей, емдік туризм
қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты саласына
айналуы мүмкін. Жургізіліп отырған реформалар мен
өзгерістердің методологиялық жоспарында туризм аясының
ең тиімді және мақсатты бағытты саясатын таңдау
маңызды рөль атқарады. Осы мақсатта туристік бизнестің
дамуына, динамикадағы жеке сегменттердің қалыптасуына
ретроспективті және ситуациялық талдау жасау керек.
Әлемдік
экономикада туризмнің рөлі күннен күнге өсуде.
Жоғарғы табысты, ірі және динамикалық сала болып отыр,
ол өз кезегінде тек мұнай өндіру мен өңдеу
саласынан ғана табыстылық деңгейінен артта қалады.
ДТҰ жылма-жыл статистикалық жинақ шығарып отырады.
Өкініштісі, осы жинаққа Қырғызстан еніп,
Қазақстан енбей қалған. Ендеше, осындай
көкейтесті мәселені мемлекеттік дәрежеде жедел шешіп,
экономикалық пайданы да, халықаралық қауымдастық
алдындағы ел беделін де дұрыс пайдалану қажет. Туризм
қызметінде маркетингтің кешенін айтарлықтай әлі
қолданбаған, туристік кәсіпорындардың маркетингтік
кешенін жолдау толық зерттелмеген. Осы тұрғыдан алғанда
тақырыптың актуалдылығын аңғаруға болады.
Республикамыз
бойынша туризм, демалу және емделу зоналар жалпы ауданы 1,7 млн га
жуық болады. Оның ішінде Батыс Қазақстанда 168,6
мың га, Солтүстік Қазақстанда 373,4 мың га,
Орталық Қазақстанда 111,8 мың га, Шығыс
Қазақстанда 453,8 мың га, Оңтүстік
Қазақстанда 513,4 мың га.
Қазақстанда туризмді дамытудың
маңызды алғышарттарының қатарына күзетілетін
табиғи объектілер және аң шаруашылықтары жатады.
Бүгінгі таңда Республикамызда 7 мемлекеттік қорық бар,
әрине, олар КСРО кезінде құрылған болатын.
Сондықтан да осындай көлемдегі қорығы бар жерлер
Республикамызда туризмді дамытуға негіз береді деп есептеледі.
Қазақстанда,
әсіресе ірі аймақтық туристік Бурабай (Боровое),
Қорғалжың, Балқаш, Зеренді, Қапшағай,
Қатон-Қарағай, Қарқаралы, Байқоңыр,
Түркістан, Ұлытау, Баянауыл, Сарыағаш, Алакөл,
Бұқтырма, Текелі және т.б. аймақтарындағы
шипажайлар көрсетілетін қызметтерге жоғары баға
және сервистік қызмет көрсетуге қатысты басым
түседі [5].
Сонымен
қатар, дүние жүзілік экономикалық
дағдарыстың салқынын азайту үшін туризм бірқатар
экономикалық және мәдени параметрлерге оң әсерін
тигізеді. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік саласында
көптеген жұмыс орнын құру, ұлттық
мәдени дәстүрлерді дамыту және елдің
жағымды саяси имиджін құру және т.б. Туризм
табиғи ресурстарды тауыспайды, керісінше, экономиканың
көптеген салаларының дамуын ынталандыратын мультипликативті тиімі
бар. Әрине, туристерге қызмет көрсету бойынша
халықаралық стандарттар деңгейіне жету үшін туристік
инфрақұрылымға көп капитал салынуы қажет,
бірақ берілген инвестициялар стратегиялық және
ұзақ мерзімді бола тұра болашақта минералды ресурстарды
өндіруден де асып түсетін қомақты нәтиже береді.
Ақсу Жабағылы, Алматы,
Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым,
Үстірт қорықтары 803,4 мың га жерді алып жатыр, 2
табиғи парк (Баянауыл және Қарқаралы), 64 мемлекеттік
аңшылық-шаруашылық фаунаны қорғайтын тапсырыс
орындарының ауданы 6,1 млн га, 1,8 млн га созылып жатқан 19
мемлекеттік аң шаруашылықтары, 23,9 млн га жерге орналасқан
400-ден астам спорттық-аңшылық шаруашылықтары осы
аталған территориялардың барлығы Республикамыздағы
туризмді дамытудың бірінші кезектегі қорлары деп
қарастырылады. Қазақстанда туристік қызметке
жүргізілген талдау әрбір кезеңдегі туризм дамуын жүйелендіруге
және оның ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік береді. 2013
жылы азаматтар саны, соның ішінде Қазақстан Республикасына
келген шет елдік туристер саны 2507 адамнан жоғары болды, яғни шет
елдік туристердің әлмдік ағымының 0,006%-ын
құрады. Оларды қабылдаудан және қызмет
көрсетуден түскен табыс 3 млрд. 312 млн. 924 мың теңге
болды. Жалпы Қазақстанның турқызметтер
экспортының көлемі халықаралық туризмнің 2,9 %
үлесін алады және Қазақстанның ұлттық
табысындағы туристік қызметтен түскен табыстың
үлесі 2008 жылы 0,05 % құрады. Берілген мәліметтерден
елдің туристік бизнесінде жағымсыз беталыс байқалатынын
көруге болады, ол барлық туристік қызметтер түріне
сұраныстың төмендуімен байланысты [6].
Қазақстан
Республикасындағы санаторлы-курорттық саланың
дамуындағы экономикалық құраушы емес, әлеуметтік
тиімділік басымды болып табылады. Қазақстан Республикасының
санаторлы-курорттық қызметтер нарығының дамуы
және жұмыс істеуін жетілдіру талдау мен бағалау үшін
өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Халық денсаулығы – бұл еліміздің
ең басты құндылығы, осындай аса маңызды
құндылығымызды қорғау қаладағы
бәсекеге қабілетті түрлі жекеменшік түріндегі
және өзара тығыз қарым-қатынаста қызмет
атқаратын жан-жақты дамыған денсаулық сақтау саласына
жүктелген.
Қазақстанның
туристтік әлеуеті бай және ерекше, және дамуы үшін
уникалды мүмкіндіктерге ие болады.
Көркем
орындарында- орман массивтерінде, тау жанындағы және саябақ
аумақтарында санаторлық мекемелердің қолайлы
орналасуына қарамастан, олардың экологиялық жағдайы
орнатылған талаптарына сәйкес келмейді. Көктем кезінде емдік
және минералды суларда пестицидтердің қалдық сандары
мен олардың бұзылған өнімдері табылады.
Емдік-сауықтыру орындарының санаторлы-гигиеналық
тәртібі негізінен атмосфералық ауаның автокөлікпен,
жақын орналасқан өнеркәсіптік және коммуналды
кәсіпорындардың ластануының жоғары деңгейінен
болады.
Бірақ
курорттық аясындағы жағдай жағымсыз болып келеді. Бір
жағынан, көптеген санаторлы-курорттық мекемелер, жалпы
сервистің көрсетуге негізгі көңіл бөлсе, өз
қызметінің медициналық жағына аз көңіл
бөле бастады. Екінші жағынан, тамаша табиғи емдік
балшықтарға, судың ерекше сапсына, тұздарға,
газдарға ие болған
аймақтар сервис деңгейі
бойынша жақсыны күтеді. Осы жағдайда тепе-теңдікті
құрап, адамдар демалып ғана емес, сол сияқты емделіп,
сауықтырылып, қалпына келу үшін табиғи
байлықтарды, үлкен практикалық тәжірибесін,
европалық сервисті жинақтауға үйрену керек.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы, 2015 жыл «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»// www.akorda.kz.
2.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы, 2014 жыл «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ»// www.akorda.kz.
3.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы»//www.akorda.kz.
4.
А.Н. Белова, С.В.
Прокопенко. Нейрореабилитация. – 3-е из., перераб. и доп. М., 2010 г. – 1288 с.
5.
Клячкин Л.М., Щегольков
А.М. Медицинская реабилитация больных с заболеваниями внутренних органов:
Руководство для врачей. – М.: Медицина, 2000. – 328 с.