Игибаева А.К. - педагогика ғылымдарының докторы, профессор – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Тугельбаев Е.Е. «педагогика және психология»  мамандығының магистранты,  С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Студенттердің  оқу іс-әрекетінің теориялық-әдіснамалық негіздері

 

Адам білім жүйесімен ерте жаста-ақ таныса бастайды. Ең алғаш бұл жүйе балабақшада болады, яғни ол спецификалық құрылымға ие. Алайда, жүйелі оқумен танысу студенттің университетке барғаннан бастап болады. Студенттің статусы осы жүйеге өзінің белгілі бір жауапкершілігін саналы түсінуін, ал оқу жүйесі оқу әрекетіне қатысты әр түрлі дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырады. Осы университет қабырғасындағы 4 жыл бойы университет студенттің даму процесіне белсенді түрде қатысады. Оның әсерлері тұлғаның дамуына және тәрбиеге, оқуға қатысты кез-келген жалпы білім жүйесінің мақсаттарының жетістіктеріне бағытталған. Өкінішке орай, қазіргі заман университеттерінде осы компоненттердің өзара қатынасы үнемі комплекстік тапсырма ретінде түсіндірілмейді.

Адамның университеттегі  тұлға және іс-әрекет субъектісі ретінде дамуы міндетті түрде студенттің тұлғасының қалыптасуын қандай да бір өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі анықтауға қабілетті ашық жоғары деңгейде дамыған жүйе ретінде тұжырымдайды.

Студенттік  дағдарыс - студенттердің  тұлғалық дамуындағы сынулар мен өзгерістерді, капиталды және тез қозғалыстарды көрсететін психологиялық феномен. Дәл осы уақытта студенттің қоршаған адамдарға қатынасын анықтайтын ішкі уайымдаудың құрылымы болады.Студенттің тұлғалық дамуын бағалаудың анағұрлым маңызды факторы педагогтардың   көзқарасы бойынша оқу үлгерімі болып табылады.

Бәрімізге мәлім, педагогтер  топтарды «күшті», «орташа», «әлсіз» студенттер деп бөледі, яғни бұл оқу үлгеріміне байланысты болады. Күшті оқитындар педагогтердің түсінігі бойынша еңбекқор, қабілетті және ақылды, ал әлсіздер - үлгермейтін, аз қабілетті деп сипатталады. Бұл жердегі негізгі категорияны аталмыш орташа оқитын студенттер құрайды. Олар баяу қимылдайтын, еріншек, өзін-өзі көрсете алмайтын студенттер тобын көрсетеді.

Психологияда оқу үлгерімі нашар студенттерді  зерттеу бойынша көптеген тәжірибелер жиынтығы өте көп ( З.И Калмыкова, А.М Гельмонт, Ю.З Гильбух, Л.С Славина, Л.В Орлова, Г.Б Антонова). Осы зерттеулердің негізінде оқуда қиындық көретін студенттің әртүрлі типологиясы мен классификациялары өңделген. Мысалы, А.М. Гельмонт өзінің классификациясында барлық оқу үлгерімі нашар және қалып қалған студенттерді  үш негізгі арнайы категорияға бөледі: оқу үлгерімі өте қиынынан бастап, өте жеңіл деңгейіне дейін, салмақты мінез. Осы классификациялардың негізінде оқу үлгерімін игерудегі жеңілдік деңгейін анықтайтын психологиялық критерий жатыр. Келесі классификацияны Н.И. Мурачковский ұсынған. Бұл классификацияда студенттің тұлғасының белгілі бір қасиеттеріне байланысты оқу үлгерімі нашар студенттің үш типін көрсетті:

1.  Ойлау әрекетінің ерекшелігі оқумен байланысты.

2.           Оның оқуға қатынасын анықтайтын тұлғалық бағытталуы.

3.           Студенттің өзін-өзі ұйымдастыру сапасы.

Типтерге бөлінуі осы жоғарыда аталып өткен бірінші, екінші қасиеттердің өзара қатынасына тәуелді жүреді. Үшінші қасиет тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы, Н.И. Мурачковскийдің пікірі бойынша, оқу үлгерімі нашар студенттің дифференцияциясына әсерін тигізбейді.

Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлғаның іс-әрекеттің қандайына болсын мотивациялық ерекшеліктерін ескермей әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кездегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев)  жеке тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді.

Біз мотивті іс-әрекетті оятушы күш және ол белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан айырмашылығы, мотив – субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады. Мотивтер, қажеттіліктер және мақсаттар – адамның мотивациялық сферасын құрайтын негізгі элементтер. Олардың арасындағы қатынасты және адамның мотивациялық сферасының құрылымын төмендегі  Р.С. Немов [1] жасаған схемадан көруге болады.

Алғашқы осындай концепциялардың бірін К. Левин [2] ұсынды. Ізінше гуманистік психология өкілдері А. Маслоу, Г.Олпорт, К. Роджерс [3] мотивация ұғымын анықтайтын өз еңбектерін жарыққа шығарды. А. Маслоу адам қажеттіліктерін иерархиялық тұрғыдан қарастыра отырып, қажеттіліктердің индивидуальді даму үрдісінде пайда болатынын атап көрсетті.

Әдебиет

1. Немов Р. С. Психология. – М.: ВЛАДОС, 1995. – Кн. 2. Психология образования

2. Левин К. Теория поля в социальных науках / [Пер. Е. Сурпина]. — СПб.: Речь, 2000.

 3.Маслоу А. Мотивация и личность / пер. А. М. Татлыбаевой; терминологическая правка В. Данченка. — К.: PSYLIB, 2004

 

 

 

Резюме

В статье автор на основе анализа исследований казахстанских и российских ученых-психологов рассматривает  проблемы социальной адаптации современной молодежи в национальной культурной среде. Проведен анализ психолого-педагогической литературы по этой проблеме: рассматриваются теории педагогического общения К. Левина, А. Маслоу, Г.Олпорта, К. Роджерса  и др.

 

Resume

The author based on the analysis of studies of Kazakhstani and Russian scientists and psychologists deal with problems of social adaptation of today's youth in the national culture. The analysis of psychological and educational literature on this problem: considered pedagogical communication theory Lewin, Maslow, G.Olporta, Rogers et al.