ӘОЖ 37.015.3

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

 

Ж.К.  Аубакирова

«Тұран-Астана» университетінің  доценті, пс.ғ.к

А.Ш.  Танирбергенова

 «Тұран-Астана» университетінің  доценті, п.ғ.к

Ж.Б. Жаканова

«Тұран-Астана» университетінің  «педагогика және психология» мамандығының магистранты

А. Төлежанова «Тұран-Астана» университетінің  «педагогика және психология» мамандығының магистранты

 

Аннотация

Мақалада мұғалімнің ең үлкен міндеті жасөспірімдердің жүрегіне жол таба отырып жұмыс істеуі, олардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылық қабілетін дамытуы қарастырылады. Уақыт талабына сай жасөспірімдердің шығармашылық іс-әрекетін дамыту үшін жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланудың ерекшеліктері тұжырымдалады.

Түйін сөздер: шығармашылық іс-әрекет, әдіс-тәсілдер, дамыту, қабілет.

 

Қазіргі әлеуметтік дамуда, жасөспірімдердің белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазақ  мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушы жеке дара тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық  іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамытуда көзделуі қажет. Осы бағытта оқушыға берілетін жеке тапсырмалардың, үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейлер екенін ескере отырып, соңғы шығармашылық деңгеймен, оқушы құбылысты өз бетінше таңдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдын зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Бұл оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен бірдей. өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің танымдық міндеттерін қалыптастырады, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. [1, 261-б].

Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік – кәсіби  әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселесі бойынша мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлері анықталған.

Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі, жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.

Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады. Біреулер нәтиже ретінде жасөспірімдердің білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым-қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері жасөспірімдердің өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

         Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс.

Мұғалім – оқушы қарым-қатынасындағы шығармашылық жұмыс жүргізуде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мен танымдық белсенділігін арттыру үшін:

-          Шығармашылық іс-әрекетті жүргізуде оқушы бойында кездесетін жағымсыз қылықтардың алдын алу, ұқыптылықты, шыдамдылықты, өзара ұнамды қарым-қатынасты, көпшілікті, елгезектікті т.б. құнды сапаларды қамтамасыз ету.

-          Шығармашылық курс бағдарламаларын тереңдету, өнімді ойлау, жаңаны ойлап табу, іс-әрекет түрлерінің формалары мен әдістерін меңгерту.

-          Шығармашылыққа қажетті білім көздерінің жеткілікті болуын және пайдалана алуын қамтамасыз ету.

-          Шығармашылық іс-әрекеттерді орындауда дағды іскерліктерін қалыптастыру (шығармашылық қабілетін дамыту).

-          Ғылыми-шығармашылыққа қажетті әдіс-тәсілдерді меңгерту.

-          Ғылыми-шығармашылық жұмыстың құрылымы мен жүйесін және тәртіп регламенттерін меңгерту[2, 69-б].

Шығармашылық тұлғаның, дарынды оқушының ерекшелігі неде? Шығармашылық тұлға, яғни жас дарын жасының ерекшелігіне, қызығуына қарамастан өзгелерден даралылығымен, табандылығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне деген сенімділігімен, сезім ұшқырлығымен, өз бетімен жұмыс істеуге деген құштарлығымен, асқан шабытымен ерекшеленеді. Ендеше, оқушы шығармашылығын дамытудың мазмұны, әдіс-тәсілі қандай?

Оқулықтарды берілген тапсырмалардан басқа шығармашылықты дамытудың басты нысанасы ретінде төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:

-          өздігінен бақылау жүргізу;

-          қарапайым тәжірибелер жасау;

-          эксперимент қою;

-          мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу;

-          модельдеу;

-          жекеден жалпыны шығару;

-          жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып шығармашылдыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынасқа түсіретін, «Жаңалық ашып», оның нәрижесінің қызығына бөлейтін әдіс-тәсілдермен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіндігі белгілі. Осы жұмыстарды жүргізіп, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып жүрген ұстаз шығармашылық үрдістің әр кезеңінде бала бойындағы әр түрлі сапалық қасиеттерді қалыптастыра алады.

Жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытатын әдістер:

1.        Бақылау сұрақтары арқылы шығармашылыққа үйрену әдісі.

2.        Қарама-қайшылықтарды шешу әдісі.

3.        Сиқырлы объектілер әдісі.

Жасөспірімдердің шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда  шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой-өрісін арттыруда алатын маңызы өте ерекше.
Жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттері ашылу үшін белсенді формалар мен әдістерді қолдану керек: әңгімелесу, пікірталас, ойындар, тартыстар, жорықтар мен сайыстар, сұхбат, байқаулар, олимпиадалар, бақылаулар, шығармашылық еңбек, жобалар, дербес сабақтар. Жасөспірімдердің қабілеттеріне қарай әрбір баланың ойын оятып, ойландыруға, талдау жасауға, салыстыруға жетелейтін жеке шығармашылық тапсырма береміз. Осындай әдістерді жиі пайдалану жасөспірімдердің шығармашылыққа баулуына, шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытып, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді[3, 48-б]. 

Жасөспірімдердің қызығушылығын арттырып отыру үшін ұстазы сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отыруы тиіс. Олар мынадай:

-          Тақырыпты терең ұғындыру, түсіндіру;

-          Сабақта немесе сабақтан тыс уақыттарда әр түрлі тақырыптарда пікірталас тудырып отыру;

-          Логикалық ойлауын жетілдіретін тапсырмалар беру;

-          Ойларынан тест тапсырмаларын құрап келу, есеп құрау, ертегі құрау, шағын мәтіндер құрау, өлең жолдарын құрау;

-          Қиялдау арқылы сурет салғызу;

-          Ана тілі сабақтарында мінездеме беру;

-          Авторлар туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу;

-          Әр түрлі тақырыпта сайыс, пікірталас өткізіп, алған әсерлеріне шығармалар жазу;

-          Сабақ үстінде қосымша тапсырмалар беріп, орындауын қадағалау.

Оқушыға берілетін жекелей тапсырмалардың үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгеймен жұмыстану керек.

Міндетті оқушылық деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде
тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушыларға алдыңғы білімдеріне және оқушыға байланысты. Бұл тапсырмаларды барлық оқушы орындай алуы тиіс.

Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып, орындайды. Өтіп кеткен материалды оқушы талдап бұрынғы тапсырмаға сәйкес орындайды. Алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп өзі қосымша әдебиетті қолдана отырып, жауап береді. Эврика. Анализ бен синтез салыстыру арқылы анықтау, қорытындылау. Ребус, сөзжұмбақ анаграмма құрау.

Осы тұрғысында қарастыратын болсақ, бала дербестігін жүйелі түрде белсенді оқыту арқылы арттырып,  содан шығармашылық қырларын   қалыптастыруға болатындығы көрінеді[4, 133-б].

Шығармашылық тапсырма жеке дара күйінде мұғалімдер үшін де шығармашылық тапсырма болып қалады. Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай болуы керек:

1.        Бір мағыналы және тым қарапайым жауабы немесе шешімі болмайды;

2.        Оқушыларға тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып табылады;

3.        Жасөспірімдердің өмірімен байланыста болады;

4.        Жасөспірімдердің қызығушылығын тудырады;

5.        Оқытудың мақсатына барынша сай келеді.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп, танымдық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу – мектептің басты міндеті[5, 76-б].

Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс-тәсілдерді қолдануына болады:

1.   Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

2.   Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.

3.   Жасөспірімдердің логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).

4.   Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т. б.).

5.   Әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

6.   Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.

7.   Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру.

8.   Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Қорыта айтқанда, оқушы  бойындағы шығармашылықты дамытуды үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, оқушы дүниетанымынан әрі арта түсері анық.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.        Ярошевский М. Г. История психологии. - М., 1985

2.        Психологический словарь.- 1983

3.        Ждан А.Н.   История психологии.     От античности до наших дней. - М., 1990.

4.        Бабаева Ю.Д.  Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997 г.

5.        Краткий психологический словарь.- - Москва: 1974

 

Резюме

   Учителей самая большая задача состоит в том, чтобы найти путь в сердцах студентов работать с их деятельностью и когнитивного развития творческих способностей на основе действий, рассмотренных. Современные подростки творческая деятельность сформулирована для разработки новых методов использования функций.

 

Resume

 

Teachers biggest task is to find a way into the hearts of the students to work with their activity and cognitive development of creative abilities through the actions considered. Modern teenagers creative activity is formulated for the development of new methods of use of features.

 

Ұялы телефоны: 8 775 89 89 691

Электрондық адресі: Lizzza-1991@mail.ru