Ушакбаева К.К., Таджибаева Ж.С., Амантаев Х.
Тараз инновациялық гуманитарлық
университеті.
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУШЫ
ТӘРБИЕСІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ МАЗМҰНЫ
Халқымыздың
ежелден-ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп,
олардың парасаты мол, мейірімді, ақылды, еңбекшіл болып
өсуіне бағыт-бағдар беріп отырған. «Бала
балқыған қорғасындай, қандай да
қалыпқа құйюға болады» делінген, халықтың
даналық сөздері де осыған байланысты туса керек.
Тәуелсіз еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін
ұрпақтың тәрбиесі бүгінгі күннің
ең өзекті мәселерінің біріне айналып отыр.
Заман ілгері
жылжыған, ғылым дамыған сайын бала тәрбиесі
құрсақта жатқанынан басталатындығы
анықталып отыр. Ендеше үзіліссіз тәлім-тәрбие
үрдісінің түп тамыры,өзегі мектепке дейінгі
тәрбиеден бастау алатынына ешкімнің де таласы жоқ.
Президентіміз
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа
арналған жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық» дей келе кадрлар
қорын жасақтаудың қажеттігін айтты.Сонымен қатар
бұл мәселенің негізінің мектептен басталатынын,
сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге
көшудің керектігін айқын көрсетті. Қазіргі
таңда қоғам алдына қойылып отырған басты
міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім
жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік
деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге
жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке
бастың тұлға ретінде қалыптасуына басталғаннан
жаңа үлгіден мектеп құру болып отыр. Бұл
мақсатты орындау орта білімнің 12жылдық мерзімге
өтуімен ұштасып отыр.
12 жылдық
білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі
күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға
негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.
Бірінші
саты-бастауыш мектеп (1-5 сынып). Білім алу 6 жастан басталады,
ұзақтығы - 5 жыл. Осы жастағы балаларды оқыту
біздің тәжірибемізде бұрыннан бар.
Ал, екінші саты
(6-10 сынып) – жалпы орта білім беру дайындығының негізін
қалап, оқушының қоғамдағы
өзгерістерге сай әлеуметтік-психологиялық бейімделуі мен
ғылыми дүниетанымын кеңейтуде, сондай-ақ жеке
тұлғалық сапалардың қалыптасуын қамтамасыз
етуді көздейді. Оқытудың бұл кезеңі
оқушының үшінші сатыдағы бейіндік оқыту
түрін саналы түрде таңдауына бағдар беретін бейіналды
дайындықтың енгізілумен ерекшеленеді десек, үшінші сатысында
(11-12 сыныптар) бейіндік оқыту енгізіледі.
Мұндағы
басты мақсат – оқытуды даралау мен саралауға
бағдарланған оқытуды енгізу арқылы жоғары сынып
оқушыларының қажеттілігі, қызығушылығы мен
қалауына сәйкес тұлғалық және өмірлік
өзін-өзі анықтауына әсерін тигізетін бейіндік
оқытуды жүзегі асыруға жағдай жасау. 12 жылдық
білім беру жүйесіндегі басты артықшылық-баланың тек
қана білім алып ғана қоймай, бейімі мен икемділігіне,
таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби
бағдар алып шығуында жатыр. Яғни, 11-12 сыныптардағы
білім мазмұны оқушының жоғары оқу орнының
алғашқы курстарында алатын білім мазмұнымен кіріктіріледі.
12 жылдық
білім беруде білім мен қатар тәрбиеге көп көңіл
берілген.Осы ретте тәрбиеге байланысты көп деген дана
ғалымдарымыздың өз ойларын айтқан.Мысал ретінде
Әл-Фараби бабамыздың айтқан сөзін алсам болады:
«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз
берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекке оның барлық өміріне апат
әкеледі». Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл
бөлген, жақсы қасиеттерге баулып, жаманнан жеріндіріп
отырған. Бала тәрбиесіне көңіл бөліп
тереңінен ойлаған қазақ халқы бесіктегі
нәресте тәрбиесіне дейін көңіл бөле білген. Сол
себепті де қазақ тарихында жастар жаман қылықтардан
аулақ болған. Ендеше, бүгінгі таңда белең
алған жастар арасындағы келеңсіз жайттардан арыламыз десек,
ұлттық тәрбиеге баулитын салт-дәстүріміз бен
әдет-ғұрпымыздың маңызының тереңде
екендігіне көз жеткіземіз. Жалпы баланы
қадір-қасиетін жоймаған салт-дәстүрлермен,
әдет-ғұрыптармен, жыраулық қисса-дастандар,
шешендік және нақыл сөздермен, эпостық және
батырлар жырымен, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар
арқылы тәрбиелеуге де болады.
Біздің
ұлттық тәрбиелік білім берудегі негізгі мақсатымыз
адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары
болуы керек екендігі белгілі. Оқушылардың жалпы мәдениеті,
яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары:
ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық,
қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. болса, жалпы
эстетикалық мәдениеттегі қарым-қатынас әдебі,
киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, сөйлеу
әдебі, дене қимылы, т.б. ұлттық сипатқа негізделе
отырып, әлемдік мәдениетпен ұштасуы тиіс.
Осы 12 жылдық
білім беруде оқушы тәрбиесінің
құндылықтарын арттыруына байланысты өз ойымды
түйіндейтін болсам:
Қазір
әлемдік жаһандану үдерісі ерекше екпін алған шақ.
Мұндай аумалы-төкпелі сындарлы кезеңде, ең бастысы,
ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие,
ұлттық рухты сақтап қалуға тиіспіз. Ал
ұлтжандылық, отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттер
адам бойына, сайып келгенде, этнопедагогика арқылы сіңетіні
ақиқат. Олай болса, ұлт болашағына алаңдап
жүрген жандар айтпақшы «білім беру жүйесіне
ұлттық инновацияны енгізуді» шынымен, мықтап
қолға алу керек шығар.
1. К.Ж.Бұзаубақова «12 жылдық мектеп
мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастыру;
Теория және практика» -Тараз 2013
2. Әл-Фараби.
Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Санат, 1995.– 481б.
3. Пралиев С.Ж. «Ұлттық
тәрбие және жаһандану», Егемен Қазақстан, 25
желтоқсан, 2009 .
4. Тілеужанов М.М. «Халық
тағылымы» - Алматы: Рауан, 1996.