Құрманбекова А.С.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Қанатбекова Т.

ТИГУ-нің магистранты

 

Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы ғылыми жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы

 

  Қоғамдағы әлеуметтік  тұрақтылық  пен  ұлттық  қауіпсіздіктің   маңызды  факторы-білім. Яғни, ол адамзаттың   терең   және   үйлесімді  дамуын  бекітетін  құралдар мен  прогрестің бірі. Сол себепті де жеке адамның  қызығушылықтарынан   мемлекеттік  мүддені  жоғары қоятын  білімнен ала отырып, адамды  бұрынғы   мәдени  тәжірибені  жеткізуге бағытталған, үлгі  танымның биік  баспалдақтарына  қарай  жектектеп  отыратын «өмір  бойы»    алатын  білімге  бағытталу  жүзеге  асырылады.  Адамның  ішкі  табиғи  мүмкіндіктерін  ашатын білім  беру  үрдісі, әр  адамның  өзінің  «Менін»  сезінуге,  толықтыруға  көмектесетіндей,  сыртқы   әлеммен  әлеуметтік  қарым–қатынастарда  өз  орнын  табуға,  өзін  шығармашылықпен   өзгертуде  белсенділік   танытуға   ықпал  етуі  тиіс.

Аталған мәселелерді шешуде мамандар даярлайтын оқу орындары студенттері орындайтын өзіндік жұмыстардың маңызы орасан зор.

ЖОО студенттерінің ғылыми жұмысы –ол болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттырудың ең басты резервтерінің бірі болып табылады. Сол себепті де жоғаары оқу оырндарында әр студенттен ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, аз уақыт пайдаланып қажетті ақпаратты іздеп оны меңгеруді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп, жіктей білуді, өзіндік көзқарасын нақтылай, дәлелдей білуді, түрлі күрделі сұрақтарды шығармашылықпен шеше білуді үйренуін талап етеді.

Ғылыми жұмыстар ЖОО-да өзіндік жұмыстарды орындаудан басталады. Өзіндік жұмыс – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзбетінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызығушылығының қалыптасуына және нақты ғылым саласындағы білім жинақтай алуына бағытталған оқу әрекетінің ерекше түрі.    

Болашақ маманның ғылыми жұмысы – жоғары оқу орнының оқыту үдерісінде білім алушының өзіндік әрекетін ұйымдастыру мен басқарудың ерекше бір құралы іспеттес. Сол себепті де, жоғары мектепте кредиттік оқыту жүйесінің ендірілуі, пәнді игерудегі оқу жүктемесінде СӨЖ-дің үлесінің артуы оны белсендіруге аса көңіл аудартады. ЖОО-дағы жаңа оқыту технологиясының ендірілуіне сәйкес оқу-тәрбие үдерісін жаңаша ұйымдастыру, оны әдістемелік қамтамасыз етілуін өзгерту қажет болды.

Студент ғылыми жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі қызметі: ол өз әрекетін өзі ұйымдастырушы, сонымен бірге, өз бетімен ізденіп, шығармашылық әрекет жасаушы және өз тағдырын өзі басқарушы болып табылады. Оқу жоспарына байланысты мамандық пәндерінен білім беру барысында ұйымдастырылатын өзіндік жұмыстың түрінің көптігіне қарамастан, олардың ортақ мақсаты – студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру, оны құзыреттілікке жетуге талпыну тұрғысында дайындау.

ЖОО студентінің ғылыми жұмысы – кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағыттала қоймай, студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, өз бетінше мәселелерді шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға арналған.  Сонымен қатар, жоғары мектептің орта мектептен басты айырмашылығы – оқыту жұмысының әдістемесі мен білім алушылардың жеке деңгейі болып табылады (1).

Студент жоғары оқу орыны қабырғасында білімді өзі жинап, ғылымды өзі таниды, ал оқытушы қызметіне студенттердің танымдық қызметін ұйымдастыру мен бақылау жасауы кіреді. Сол себепті де, студенттің өзіндік жұмысы оның оқыту қызметінің барлық түрлерінің міндеттерін анықтайтындығы белгілі.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Яғни ол студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, сонымен бірге, оның  жоғары кәсіби маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.

Студенттердің кәсіби бағыттылығы әлі қалыптаспағандықтан көбнесе олардың өздігінен жұмыс атқаруға деген ынтасын төмендетеді, өзіндік жұмыстың үстірт орындауына ықпал етеді. Қазіргі уақытта  өзіндік жұмысты студенттің мүмкіндігіне қарай даралап беру әлі де болса жолға қойылмай отыр. Көбнесе бүкіл аудиторияға ортақ жұмыс түрлерін ұсыну осы кезге дейін негізгі жұмыс түріне айналуда. Студенттер мұндай тапсырмаларды орындау кезінде көбнесе  әдебиеттегі материалды көшіріп қана қойып, семинарлық сабақта оны тек оқып берумен ғана шектеледі.

Жоғары оқу орнының оқу үрдісінде студенттерді түрлі оқу және шығармашылық іс-әрекеттерін өз бетінше орындатқызу олардың орындаушылық қабілеттерін кеңейуіне мүмкіндік береді.

            ЖОО қабырғасында студенттердің білім алу барысындағы белсенділігі ең алдымен жинақталған білімді қабылдап, меңгеруге  бағытталған оқу әрекеті ретінде қаралады.

ЖОО студенттерінің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда ғылыми жұмысты орындауға дайындауда өзіндік кезеңнен өтеді. Алдымен студент өзіндік жұмыстың мән –мағанысын, болашақ кәсібіне қажеттілігін түсіне білуі. Келесі кезең – студенттің өзіндік жұмысты орындауда қолданылатын әдіс-тәсілдер олардың белсенділігін көтереді. жоғарыда атап кеткендей, үшінші кезеңде студенттердің дербестігіне жол ашады (2).

Болашақ мамандардың ғылыми жұмысқа белсенділігінің көтерілуіне  біріншіден болашақ мамандарға қойылып отырған талапты саналы түсінуі және қоғамдағы әлеуметтік жағдайды ұғынуы кіреді.

Зерделеніп отырған  тақырыпқа байланысты жарық көрген әдебиеттердегі пікірлерді түйіндеу арқылы байқағанымыз, егер, оқытушының үйреткен  ақыл-кеңесін студент ой елегінен өткізбесе, өмір тәжірибесі мен алған теориялық білімінің нәтижесін орынды жерінде қолдана білсе ғана өзіндік жұмыстың кәсіби бағыттылықты қалыптастырудағы құндылығы арта түседі.

ЖОО студенті білімді қабылдаушы ғана емес, өздігінен іздену арқылы білімді толықтырушы, тереңдетуші,  меңгеруші және оны керекті жерінде талқылауға  қатысушы болып табылады. Білімгер  университет қабырғасында алған білімін кез келген жағдаятқа қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана оның студент  ретіндегі кәсіби бағыттылығы қалыптасады.

Қорытындылай келе, студенттердің ғылыми жұмыстарды орындау арқылы болашақ мамандығының  кәсіби бағыттылығын қалыптастыру біріншіден, педагогикалық мәселе болып табылады. Яғни, ол жеке бастың қолданатын әдіс-тәсілдерді, дидактикалық принциптерді шешуді, студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қарастыратын мәселе де болып отыр. Келесі, бұны психологиялық мәселе деп те қараймыз. Өйткені  студентің орындайтын өзіндік жұмыстарының нәтижесі болашақта ғылыми ізденіс жұмыстарын өздігінен орындай алуға ықпал етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Абылқасымова А.Е. Студенттердің танымдық іздемпаздығын қалыптастыру. Алматы, 1994 – 192 б.

2.                    Мәлібекова М.С Ақпараттық қоғам шартында студенттерді кәсіптік даярлаудың педагогикалық негіздері. – Қарағанды: ҚарМУ, 2004. – 257 б.