ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
БІЛІМІН ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУ:МӘСЕЛЕЛЕРІ
Даутова С. Б. ф.ғд.,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
Әдебиеттану және тіл білімі
ҒЗИ-дың директоры
Алматы, Қазақстан
Қазақстан қоғамы ел Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың жаңашыл реформаларын басшылыққа ала
отырып, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап
саяси-экономикалық дамудың жаңа жолына түсті. Қазіргі таңда елімізде
жас ұрпаққа сапалы білім беріп, оларды әлемдік
бәсекеге қабілетті маман, кәсіп иесі етіп тәрбиелеу
мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Бұл
мәселеге Елбасы өзінің әр еңбегінде
басымдық беріп келеді.
Ғылым мен
технологияның соңғы онжылдықтардағы орасан зор
қарқынмен дамуы адамзат қоғамына үлкен
өзгеріс әкелді. Жаңарған заманмен бірге
бүкіләлемдік адамзаттық қарым-қатынаста та
өзгеріске ұшырай бастады. Ғылым мен білім беруді дамыту
және білім беру кешенін ақпараттық-қатынастық
технологиялармен (бұдан әрі – АҚТ) қамтамасыз
етудің бірер жылда шешуге болатын мәселелерін анықтау
күн тәртібіне еніп, ақпараттандыру үдерісі
еліміздің бүгіні мен келешегін айқындайтын маңызды
межеге айналды.
Жаңа ғасыр өркениетінің
ғылыми-технологиялық дамуының жетістігі болып саналатын
АҚТ адамзаттың күллі
іс-әрекетіне арқау болып, әрбір мемлекеттік
құрылымның барлық саласына дендеп еніп, соның
ықпал-әсерінен қазіргі
қоғамдық қарым-қатынас та жедел
қарқынмен дамуда. Бұл, сөзсіз, білім беру
жүйесінің мазмұнын жаңартып, құрылымын
жетілдіруге, сондай-ақ сапалық деңгейінің артуына да
ықпал етіп, оның жүйесіндегі барлық
пәндердің оқыту үдерісіне әсер етуде. Сол
себептен отандық білім беру жүйесінің әдіснамасын
электронды-ақпараттық,
ақпараттық-қатынастық құрал-жабдықтар
арқылы жаңартып, халықаралық дәрежеге
көтеру және білімгерлерді әлемдік бәсекеге
қабілетті маман етіп даярлау мақсатында тың да нақты
қадамдар жасалуда.
Білім беруді ақпараттандыру
– ауқымы аса кең, кешенді үдеріс. Оған білім берушілер
де, білім алушылар да, сондай-ақ осы салада жұмыс істейтін
барлық тұлғалар да қатысады. ХХІ ғасыр
өркениетінің ғылыми-технологиялық дамуының
жетістігі болып саналатын АҚТ адамзаттың күллі
іс-әрекетіне арқау болып, әрбір мемлекеттік
құрылымның барлық саласына дендеп еніп, соның
ықпал-әсерінен қазіргі қоғамдық қарым-қатынас
та жедел қарқынмен даму жолына түсті. Бұл,
сөзсіз, отандық білім беру жүйесінің мазмұнын
жаңартып, құрылымын жетілдіруге, сондай-ақ
сапалық деңгейінің артуына да ықпал етіп, оның
жүйесіндегі барлық пәндердің оқыту
үдерісіне елеулі әсер етуде. Сол себептен отандық білім беру
жүйесінің әдіснамасын электронды-ақпараттық,
ақпараттық-қатынастық құрал-жабдықтар
арқылы жаңартып, халықаралық дәрежеге
көтеру және білімгерлерді әлемдік бәсекеге
қабілетті маман етіп даярлау мақсатында тың да нақты
қадамдар жасалуда.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының
білім беру саласында оның сапасын арттыру мақстында ауқымды
жұмыстар атқарылып жатыр. Түрлі бағытта
жүргізіліп жатқан сол жұмыстардың барлығы –
отандық білім беру жүйесінің қызметін жаңа
уақыт талабына сәйкес жетілдіріп, әлемдік білім
кеңістігіне еркін ену болып отырғаны анық. Себебі егемен
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан
бергі түрлі елдермен саяси-экономикалық
қарым-қатынасқа түсіп, сан салалық
байлаыстардың кеңеюі тұрмыс-тіршіліктің қай
саласына болсын жіті назар аударуды қажет етуді нақтылады.
Соған орай, білім беру саласындағы оң өзгерістер мен
жаңашыл бағыттарды саралай отырып, оның халыққа
қызмет етуін дұрыс ұйымдастырып, әлемдік талаптармен
үйлестіру қажеттігі пайда болды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде
қалыптасып дамуы әрі оның кең ауқымда ел
қоғамына жан-жақты қызмет етуі ЖОО білім беру
жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай
халықтың, қай ұлттың болсын толығып
өсуіне, рухани кемелденуіне, мәдени дамуына басты ықпал
жасайтын тірегі де, түп қазығы да – білім беру жүйесі
мен білім беру орындары. Оладың дұрыс қызметі отандық
білім саясатымен ұштасады.
Қазақстан Республикасының бүгінгі білім беру
саясаты – оқу-тәрбие ісінің сапасын арттырып, оның
үдерісіне ақпараттық жаңа технологияларды енгізу
арқылы тиісті сапалық деңгейге көтеруге негізделген.
Сол себептен ол – отандық білім ошақтарының жүйелі
басшылыққа алған саяси бағыт-бағдары болып отыр.
«Заманның беталысын өздеріңіз
көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ
бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері
қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз
алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара
санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда.
Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің
дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп
құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді
сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі.
Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі
үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін,
бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек
етуге тиіспіз.
Сәт
сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек.
Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз
де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп,
жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі
бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз
Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі
ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып,
бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл
мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мен бүгін
жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар
өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың
басты бағыттарын айқындайтын Қазақстан
халқына Жолдауымды жария етпекпін [1], – деп
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев атап
көрсеткендей, жас ұрпаққа сапалы білім, тағылымды
тәрбие беру мақсатында ақпараттық технологияларды
тиімді пайдаланудың маңызы күннен-күнге арта түсіп келеді.
Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесіне жаңа технологияларды
ендіріп, ақпараттандыру, сол арқылы әлемдік білім
кеңістігіне ену бүгінгі күннің басты мақсаты
болып отыр. ЖОО-ғы студенттерді әлеуметтік және
қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемдей отырып,
ақпараттық-қатыстық технологияға негізделген
қазіргі қоғам тірлігіне еркін енуіне дайындығын
тың мазмұнды жаңашыл ЖОО-лар ғана қамтамасыз
ететінін әлемдік тәжірибе көрсетуде. Мысалы, АҚШ,
Финляндия, Сингапур сияқты тағы басқа алдыңғы
қатарлы дамыған елдердің АҚТ-ны білім беру
жүйесінде кең қолдануы –жоғары нәтижелерге
жетулерінің нақты дәлелі болып отыр.
Біз де бүгінгі таңда
әлемдік білім беру жүйесінің үздік үлгілеріне
негізделген басым бағыттарын басшылыққа ала отырып,
еліміздің білім беру жүйесін тың идеялармен, жаңа
мазмұнмен, жаңа технологиялармен қамтамасыз етіп, білім беру
салаларының барлығын ақпараттандыруға кірістік.
Қазақстан
Республикасының келешегі ЖОО-ның қандай негізде
құрылуына байланысты. Қазіргі дамыған технология жас
ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіктер беріп отыр.
Бүгінгі білім алушы болашағына дұрыс таңдау жасай
алатын, ұтымды шешім қабылдайтын, сондай-ақ
өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе
білетін тұлға болып қалыптасуы керек. Сондықтан да
жаңа мазмұнды білім беру жүйесінің алдында студентті
ойлануға үйрету, қандай жағдайда болмасын алдынан
шығатын түрлі мәселелерді алдын ала ойлап, шешуге
қажетті іс-әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.
Ол үшін білім беруді ақпараттандырудың негiзгi
мiндеттерiнiң бiрi – компьютердi оқыту, білім жинақтау
құралы ретiнде қолданып, оның мүмкiндiктерiн
жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде
қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы
виртуальды зертханалық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған
материалды бекiту (тренинг), ғаламторлық технологияларды
қолдануды тиімді ұйымдастыра білу қажет.
Ақпараттандырудың негізгі
бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес
қоғамды дамытудың жоғары тиімділігін арттыру үшін
заманауи технологияларға негізделген жаңа білім стратегиясына
көшуді талап етеді. Осығай сәйкес қазіргі білім
жүйесінің негізгі ұстанымы – кедергілердің алдын алу
және жоғары сапаға қол жеткізудің
мүмкіндіктерін ойластыру болып отыр.
ЖОО-да
филологиялық білім алып жатқан жас ұрпақты сапалы
оқыту, тағылымды тәрбиелеу беру – ежелден
қалыптасқан дәстүрлі оқытуға негізделіп
келген еді. Бұл жүйе ұзақ уақыт бойы дамып,
өз уақытына лайықты қызметін мүлтіксіз
атқарды. Соның негізінде Қазақстан
Республикасының қазіргі
білім беру жүйесі құралып, енді бүгін жаңа заман
талаптары мен заңдарына сәйкес әрі қарай даму сатысында
тұр. Алайда оны алдағы тәжерибелермен ұштастыра отырып
жетілдіру, тың идеялармен толықтырып, яғни заманауи технологияларды
тиімді пайдалана отырып дамыту қажет.
Осы мақсат-мүддеге
сәйкес қазіргі уақытта отандық филологиялық білім
беру жүйесінде оқу-тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерінде жаңа технологияларды қолдану қолға
алынып жатыр.
Филологиялық білім беру
жүйесін ақпараттандырудың өзіне тән ерекшелігі
бар. Олар: көркем шығармалардың электронды
нұсқаларын көптеп дайындау, әдеби кітаптар
мазмұнының электронды базасын қалыптастыру, қазақ
тілі теориясы мен тарихы және оны өзге тілді дәрісханада
оқытудың оқу-әдістемелік электронды түрлерін
дайындап, сайттарға енгізу, білім беру өрісіне белсенді түрде
кіру, арнайы оқытатын ЖОО-ны құруға
бағытталған оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
және дамыту, ақпараттық-қатыстық
өнімнің жаңа тәсілдері мен құралдарын
оқу үрдісінің заңдылықтарына сәйкес
қолдану.
ЖОО-да филологиялық білім
берудің басты мақсаты – әлеуметтік, экономикалық,
қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға дайын,
құрзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал
ету болғандықтан, осы мақсатқа жету үшін
әрбір оқытушы алдымен білім мазмұнының даму
үрдісі (тенденциялары) мен оқу-тәрбие үдерісін
(процесін) ұйымдастыруда қолданылатын білім берудің
жаңа технологияларын (амал-тәсілдерін) меңгеруі керек.
Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе ұйымдастыру
тұрғысынан алғанда білім мазмұнына жаңалық
енгізудің тиімді жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру мен
оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып
отырғандығы сондықтан. Бұл орайда АҚТ атқарар
рөлі зор.
Жаңа ақпараттық
технологияның көмегімен орындалатын іс-әрекет
өзінің кез келген нақты жұмыс түрі мен сатысында
тиімдірек орындалады, оқытушы мен студенттің уақытын
үнемдеп, қажетті бағыт-бағдар бойынша пайдалануға
мүмкіндік береді.
Компьютермен, тіпті кез келген
электронды құарал-жабдықпен жұмыс істей алу –
әрбір студенттің болашақ кәсіби білімдерін
қалыптастырып қана қоймай, олардың кәсіби
дағдыларын да дамытып, шығармашылық қабілетін де
жетілдіріп, жалпы мәдени-рухани деңгейін де көтереді.
Соңғы кезде еліміздің
білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны пайдаланып
оқыту белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бұл орайда
филологиялық білім берудің өзіндік әдіснамасы
(көркем мәтіннің мазмұнан білу, оны тиімді пайдалана
алу, өзіндік мәтін құрастыру т.б.) болатынын
мұқият ескерген жөн. Қорыта келе, қазіргі
филологиялық білім беру жүйесіндегі ақпараттық
жаңа технологиялар дегеніміз – электронды оқу-әдістемелік
материалдардың жинтығы, оқу-тәрбие үдерісіндегі
және оқу-әдістемелік қызметіндегі ақпараттық
технологиялар, сонымен қатар осы технологияларды меңгертетін
құралдар, оқу үрдісіндегі ақпараттық
технологиялық құралдарының рөлі мен орнын, білім
беру үдерісін және студенттер мен оқытушылардың
еңбектерін жүзеге асыру үшін қолданудың жаңа
үлгілері (формалары) мен әдістері деген анықтама беруге
болады. Яғни бір сөзбен айтқанда ақпараттық технология
– білім беру мекемесі мамандарының заманауи техникалық
құралдарды пайдалана отырып, өз іс-әрекетін
жүзеге асырудағы әдіс-тәсілдерінің жиынтығы
және студенттерге білім берудегі жаңа технологияға
негізделген құралы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан
жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар,
даму Қазақстан
Республикасының Президенті – Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша