БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН КІТАП ОҚУҒА БАУЛУ
Шакетова Г.Б., Досболова М.Б., Ержан Ж.А.,Сарсенова
Ұ.Л.
№ 24 орта мектеп
Астана қаласы, Қазақстан
Аннотация
В данной статье предложены
методы развития интереса к
чтению у первоклассника, которая является самым необходимым и
практически самым трудным действием. И дело
вовсе не в том, что современные средства коммуникации успешно заменяют книгу.
Просто научить ребенка читать гораздо труднее, чем отправить его смотреть
телевизор или играть в компьютер. Речь не идет о том, что учить читать и писать
ребенка должны родители. Этим занимается школа, учитель. Родители же формируют
устойчивый интерес к чтению, поскольку у них для этого больше средств, да и
условия для домашнего чтения комфортнее, чем в школе.
Summary
In this
article methods of development of interest in reading in the first grader which
is the most necessary and practically the most difficult action are offered.
And business at all not that modern means of communication successfully replace
the book. It is simple to teach the child to read much more difficultly, than
to send him to watch TV or to play on the computer. This is not about what to
learn to read and write the child parents have to. The school, the teacher is
engaged in it. Parents form steady interest in reading as they for this purpose
have more means and conditions for house reading are more comfortable, than at
school.
Баланың ең бірінші
ұстазы - ата-ана. Бірінші мектебі – үйі. Бала жанұяда
өз өмірінде не маңызды екенін ұғып, құндылықтар
жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан
бала есейгенде де, жанұяда балалық шағында алған
тәжірибиесіне жүгінеді. Ең қызығы, жетістікке
жеткен тұлғалар, көбінесе өздерінің ата
–аналарының берген тәрбиесі арқасында қол жеткізгенін
әрдайым ескереді [1].
Осы уақытқа дейін
мұғалім мен ата –ана оқушылар кітапты оқуды мектепте
үйренеді деп келді. Бүгінгі таңда, Пиаже, Блум, Эриксона
психолог ғалымдардың зерттеулер нәтижесінің арқасында
бала кітап оқуға қажетті білім қорын жанұяда
алатыны дәлелденді. Сәби үлкендермен араласу барысында тілді
үйренеді, сөйлесу мәнері қалыптасады, тыңдау
және ойлану поцессетері арқылы сөздердің
мағынасын түсіну қалыптасады. Мұның барлығы
баланың оқуға қызығушылығының оянуына
әсер етеді.
Ғалымдар баланың
ең бірінші бес жылын - "Ғажайып жылдар" деп атайды. Осы
кезеңде өмірге, адамдарға деген эмоционалды қарым
қатынас бекітіліп, интеллектуалды дамуына түрткінің болуы
немесе болмауы оның
болашақтағы қадамдары мен ой бейнесіне әсерін тигізеді.
Коул ғалымның пікірінше
балаға үй жағдайында оқу қабілеті жүру
және сөйлеу қабілеті сияқты пайда болуы мүмкін.
Осы қабілетті жан жақты ашу үшін балаға мынадай
жағдайлар жасауға болады:
·
Сәбиге сөздері қайланатын тақпақтарды,
түрлі түсті суреттері бар кітаптарды үнемі дауыстап оқу
қажет;
·
Балаға қызықты әңгімелер оқу;
·
Баламен мүмкіндігінше сөйлесу қажет, сұрағына
міндетті түрде жауап беру керек;
·
Балаға қарындашты, қайшыны, қағазды
қолдануға рұқсат беру керек;
·
Қалада, көшеде серуендеп, міндетті түрде
әңгіме құру қажет;
·
Үйде жағдай тыныш болуы тиіс, ата-ана сабырлық таныту
тиіс;
·
Ата –ана өздері үлгі болуы тиіс; кітап, газет, журнал
оқуы тиіс.
Кейде баланы кітапханаға
алып бару қажет. Бала біріншіден, сөреден кітаптарды алып,
оның парақтарын ашып көруі тиіс. Еіншіден, бірнеше кітаптарды
таңдап алып үйге алу қажет.
Оқу білім ордасына
барудың басты жолы. Кейінгі баланың оқуы жазылған
сөздердің мағынасын түсіну мен тілді меңгеруге
бағытталады.
Бала енді оқуды
үйрену барысында оған мынадай жасамау қажет:
Бала оқи алады, бірақ
техникалық оқу, өздігінен оқығысы келмейді,
келген күнде де оқи алмайды. Осы кезеңде баланы
мәжбүрлеп оқыту керек емес. Кітап оқу балаға
басынан бастап ләззат алу сезімімен байланысу керек. Баланың өздігінен
оқуға ынтасын ашу үшін әр түрлі ойындар ойлап
табуға болады [2].
Оқудың
техникалық және мазмұнды кезеңдері болады. Бірінші
кезең баланы қанағаттандырмайды. Егерде осы кезеңде
ұзақ қалатын болса, оқуға деген махаббат пайда болмауы мүмкін. Баланың
әр бір оқыған сөзіне қуану қажет,
өйткені ол оның кішкендай болсада жетістігі. Ата-ана тілді
үйретуде негізгі мұғалім болып саналады.
Тілді үйрену дегеніміз -
отырып оқыту емес, күнделікті өмірде сөйлесу
қарым қатынасы. Балаға ата-ана тілі үлгілі тіл.
Жанұя мүшелері және көршілерінің сөйлеу
мәнері, интонациясы, бала да солай сөйлейтін болады.
Сондықтан мейіріммен, сабырмен, еш ашусыз сөйлеу қажет.
Егерде бала әрдайым шулы ортада өссе, ол өзін естімеген
адамдай қалпына енеді де, сондай қалыпқа үйреніп алады
да, мектепте мұғалімдер сұрағанда естімеген қалып
көрсетеді. Баламен араласу барысында оны тыңдай білу қажет.
Мән беру және тыңдау әр түрлі жағдай.
Баланың сөзіне мән беру дегеніміз сұрағын
тыңдап, жауап беру, ал тыңдау дегеніміз не айтқанын есіту. Сондықтан
баланың әр сөзіне мән беру қажет.
Баланың бірнеше мүмкіндігі болуы тиіс:
Әуен мен ән
тыңдау, ойын ойнау, ән салу;
Қандай ән, ертегі
тыңдағысы келетінін айту;
Мән беріп тыңдау
өте ұзақ процесс. Бірақ бала өзінің 70%
уақытын мектепте тыңдаумен өткізеді. Сондықтан оның жақсы тыңдайтынына қарай мектепте
жақсы білім алуы мүкін.
Тыңдау қабілетін қалай дамыту:
Ата-ана өз баласын
мұқият тыңдау қажет, өз үлгісімен
көрсету қажет;
Балаға
байқағыштықты дамытуға жәрдемберу керек,
қандай дыбыстар естігенін анықтау,бір біріне айырмашылығы
Үй, бөлме ішіндегі
дыбыстарды, көшедегі және ауа райының дыбыстарын
анықтау;
Балаларға өлең құрастыру
үшін тірек сөздер ұсыну:
_________күлеміз
_________білеміз
_________жүреміз
_________тілеңіз
Бұйыруды тыңдау:
Ағаштың
жапырағын алып кел
Мына карындашты орнына апарып
қой
Сөйлеу, тыңдау, тілді
пайдалану қабілеттерін бала адамдармен қарым қатынас жасап
үйренеді. Кітап оқымастан бұрын тіл, сөйлеу,
тыңдау дағдысын меңгеруі қажет.
Ата-ана баласын кітап
оқығанды жақсы көрсе дейді, сондықтан олар
баланың оқуға махаббатын осы тәсілдер арқылы ояту
қажет.
Оқу қабілеті тіл білу
дағдысынан туындайды, ал тілді үйрену балабақшадан
бұрын басталған. Тілді дамыту, баланың ойлану
қабілетінң дамуымен, қоршаған орта туралы жалпы білімі
мен байланысты болады. Көптеген логикалық ойлану қабілетін
дамытатын ойындар баланың сөйлеу дағдысын қалптастырады
[3]:
Сұрақтарға жауап беру:
Не болады?
Қашан болады?
Ең бірінші не болады, одан
кейін.....
Не болады, егерде...
Шаңсорғышпен,
кітаппен не істейді?
Кім неістейді?
Не, қай жерде өседі? Кім, қай жерде жұмыс істейді?
Бұл кім? Жұмбақ
Үлкен.... Кіші.....
Біреу – көп. Кітап -
кітаптар
Бір сөзбен айт:
Уақытты өлшейтін құрал(сағат)
Басқа сөзбен айт:
(синонимдер) мейрімді - нәзік және керісінше (антонимдер) мейрімді
– қатыгез
Сөйлемді,
әңгімені жалғастыр.
Ойын - бастауыш сыныпта
негізгі құрал. Ойынмен бала есейеді, тілді дамытады, есте
сақтау, зейін аудару, логика сияқты дағдыларды
қалыптастырады.
Кім? Не? ойыны
Бір зат туралы білгенін айып
беру. көп сөз болғаны жақсы. Мысалы, Кітап –
үлкен және кіші, қызықты болады. Ертегілер,
тақпақтар,әңгімелер оқуға болады.
Энциклопедия кітаптары кездеседі. Балаларға және ересектерге
арналған болады. Балаға сұрақ қойып көмек
көрсетуге болады.
Әңгіме
құрастырамыз: Бір күні...
Тек қана жануарларды,
өсімдіктерді, жеуге болатын немесе болмайтын заттар, даусы бар немесе
жоқ, өседі – өспейді, қатт- жқмсақ,
ағаш, металл, пластмасса т.б.
Ұқсастығын тап:
кітап пен үстел (төрт бұрышты қалып , адам
жасаған, ағаштан жасалған).
Айырмашылығын тап: кітаптың
аяғы жоқ, үстелдікі бар.
"Төртінші кедергі":
алма, апельсин, алмұрт, қызылша.
Көру қабілеті.
Бала бірдей немесе бірдей емес қалыптарды
ажырата алады ма? Мысалы, басқа суреттерге ұқсамайтын суретті
табу қажет. Әріптер мен қысқа сөздерді ажырата
алады ма: бес/бас
Көзбен көріп есте сақтау қабілеті
Балаға бірнеше суреттерді беріп, кейін сол
суреттерде кейбір элементтері жоқ суреттерды берсек аңғара
аладыма?
Көзбен көріп қабылдау
4 суретті бастапқы көрсеткен ретпен
қайта орналастыра алады ма? 15 элементтен тұратын күрделі
басқатырманы үлкендердің жәрдемісіз жинай алады ма?
Суретке қарап әңгіме құрастыра алады ма?
Есіту қабілеті
Бала сөдерді рифмдей алады ма? Әр
түрлі дыбыстан түратын сөздерді айыра алады ма?
Үлкендердің айтқан сөздерін немесе сандарды
қайталай алады ма? Айтып берген әңгімені қайталап
әңгімелеп бере алады ма? Мысалы, ал, кел, кет. Бір келкі
сөздерді ажырата алады ма?
Есітіп есте сақтау қабілеті
Есте сақтап үш нұсқауды
орындау. Мысалы: жемпіріңді ал, шамды өшір, есікті жап.
Айтқанды түсіну қабілеті:
Есігенін қайталап айту. (ертегідегі баланың аты кім? Бала не істейді?
Қалай ойлайсың ол неге олай жасады?)
Танымдығын дамыту:
Негізгі түсініктерді біледі ме?
Оң\сол, үлкен\кіші, жоғары \төмен. .
Баланың базалық тәжірибиесі.
Баламен бірге банкке, магазинге поштаға
барғансыз ба?
Кітапханаға апарғансыз ба?
Зоосаябағына, музейге, ауылға
апарғансыз ба?
Балға күнделікті кітап оқисыз ба
немесе ертегы айтып бересыз бе?
Бала бір нәрсеге қатты
қызығушылық білдіреді ме, хоббиі бар ма?
Баланың тілінің дамуы.
Айналасындағы негізгі заттарды айта алады
ма?
Бала үлкендердің сұрағына
оңай жауап бере алады ма?
Мына заттар не үшін қажет екенін
түсіндіре алады ма: щетка, шаңсорғыш, мұздатқыш?
Заттардың қай жерде орналасқанын
айта алады ма: үстелдің астында, үстінде....
Бала өзімен болған
оқиғаларды әңгімелеп бере алады ма?
Бала сөздерді анық айта алады ма?
Грамматика ережелері бойынша сөйлемдері
дұрыс па?
Бала үлкендердің
әңгімесіне араласа алады ма?
Эмоционалды даму деңгейі.
Үйде немесе достарының ортасында
баланың көңіл күйі көтеріңкі ме?
Бала өзінің жеке адам екенін,
қолынан көп нәрсе келетінін біледі ме? Бала өзгерістік
жағдайда тез қалыптаса алады ма?
Өздігінен жұмыс жасай алады ма,
басқа балдармен бәсекелесе алады ма?
Қоғамда адамдарме араласуы
Басқа балалармен бірігіп ойнай алады ма, ойыншықтарымен
бөліседі ме?
Ойынды ережеге сай ойнайды ма?
Басқалардың сөзін бөлмей
тыңдайды ма?
Физикалық дамуы
Бала жақсы естиді және көреді.
Бірнеше уақыт тыныш бір жерде отыра алады
ма?
Баланың қимыл координациясы
дамыған ба, доп ойнай алады ма, велосипед айдай алады ма?
Бала өзін сергек, дені сау, қарны
тоқ көрінеді ме?
Кітапқа қатынасы.
Баланың кітапты өздігінен
қарайды ма?
Балаға кітап оқығанда
мұқият тыңдайды ма?
Бала түсінбеген сөздеріне
сұрақ қояды ма?
Кітап оқу
техникасыныың 4 негізгі элементі бар [4]:
Барлық әріптерді
біліп, дыбыстарды дұрыс айту;
Оқудың бағытын
білу: оңға және солға;
Буныдардың қосылуын,
оларды дауыстап айтуын білу;
Кез келген сөзді
буындарға бөлуді білу
Осы элементтердің білмеу
және жетіспеушілігі, әр түрлі қателіктерге алып келіп,
баланыңкітап оқуға ынтасы қашып кетеді.
Ересектер кітап оқуды
әдетке айналдырған жанұяларда, баланың кітап
оқуға ынтасы тез ашылады.
Балалар кітаптағы
суреттерге өте қатты көңіл бөліп тез
әсерленеді, сондықтан бірінші кітабы түрлі түсті болуы
тиіс. Баламен бірге сол суреттерді қарастырып, қызықты
бөліктерін сұрауға болады. Кейде балалар суретке қарап
отырса да, суреттегі барлық бөліктерін байқамайды.
Сондықтан ата- аналар балаға суреттерге қарап
әңгімелеп берсе көбірек әсерін тигізеді.
Бала оқығанын айтып
берсе тіпті жақсы. Әңгімелей отырып баланың
сөйлеу мәнері дамиды. Оқыған әңгімеден
бастыны бөліп алуға дағдыланады. Әңгімелеу
барысында кейіпкердің әрекетінің дұрыстығына
немесе бұрыстығына қарым қатынас қалыптасады.
Егерде жанұяда жүйелі
түрде әңгімені дауыстап оқу дағдыланған
болса тіпті жақсы болады. Бұл дегеніміз ата-ана мен баланаң
жақындастырады, балаларын дұрыс түсінуге, олардың
қызығушылығына мән береді [5].
Жнұяда кітаппен жұмыс
жасау мәдениеті қалыптасады. Ең бірінші, балаға кітапты
сақтауға үйрету қажет. Сонымен қатар,
балаға негізгі кітап оқу ережелерін үйрету қажет.
Балаларға тағы көзді сақтау керектігін
ұғындыру керек. Жарықтығы төмен бөлмеде
кітап оқуға болмайтындығын түсіндіру қажет. Жанып
тұрған шам, баланың сол қол жағында орналасып,
жарық көзге түспей, үстелдің үстіндегі
кітап бетіне түсуі қажет.
Ата-ана болу ерекше өнер.
Ата-аналарға сабырлық, күш, балаңыздың
жетістіктеріне мақтан тұту қуанышты сәттерді тілейміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі