Қуатбекова
Қ.А., Фатихова Н.А., Тажикова Б.Д.
ТҰЛҒАНЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Тұлғаның көптеген
әлеуметтік іс-әрекет түрлерінің ішінде ақыл-ой
және соған байланысты тұлғаның дамуындағы
өзін-өзі бағалау сұрақтары маңызды орын
алады. Кез келген ақыл-ой
іс-әрекеті белгілі бір талаптармен мотивтер негізінде жүзеге асады.
Ақыл-ой іс-әрекеттің тиімді, жемісті нәтижесіне жетуге
жеке бастың қасиеттердің дамуы мәнді сипат алады. Жеке
адамның қалыптасуында өзіндік сана-сезім оның
құрамдыс бөлігі болып табылады. Студенттер өзінің
даралық ерекшелігін сезіну ретінде өзгелер мен қатынас
жүйесіндегі өз орнын табу үшін ұзақ уақыт
өзгерістерден өтеді. Олардың ақыл-ойының
қалыптасуы негізгі оның өмір жолындағы
оқиғалармен, белгілі бір кезеңдер мен жаңа
құрылымдар мен байланысты болып келеді. [1].
Тұлғаның болашақ мамандыққа
қатысты психологиялық дайындықтары мен ақыл-ой
қалыптастыру механизмдеріне өзін-өзі бағалау әсер
ете ме? Осы сұрақтар әрқашан да өз
маңыздылығын жоймайды. Өзін-өзі бағалау бұл
әркімнің өзін басқалардан ажырата алуынан көрінетін,
өзінің жеке тұлға екенін білдіретін ұғым.
Мендік қасиет іс-әрекетпен адамның айнала мен
қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасып отырады [2].
Көптеген қатынас объектілерінен кейін ғана сана
өзіндік сананың және зейіннің объектісіне айналады.
Өзін қылықтың субъектісі ретінде сезініп, өзіне
қатынасы зейінділік немесе рефлексивтілік қасиетке айналуына
көптеген тәжірибе жинақталу тиіс. Тұлғаның
құрылымын және оның тұтастығын
қамтамасыз етіп жетілдіретін нақты осы аталған қасиет.
Олар өмірдің максатымен және іс-әрекетімен,
құнды бағдарлығымен, нұсқаулармен
тығыз байланыста, яғни өзін-өзі тану,
өзін-өзі бақылау, өзін-өзі басқару
және өзін-өзі уйымдастыру міндеттерін атқарады. Өзін-өзі
басқара алу өзіндік сананың өзіне қатынасы,
өзін сыйлауы және өзін бағалауы сияқты
эмоционалдық кұрамдастықтарымен тығыз байланысты. Өзін-өзі бағалау — бір жағынан, өзін тану
аумағындағы интегративті жұмыстың нэтижесі болса,
екіншіден өзіне эмоционалды-кұндылық жағынан
қатынасы. Өзін бағалау — тұрақсыз шама, ол
өркендей келе, әр түрлі болып өзгереді [3].
Өзін-өзі бағалау бастапқы кезде
басқалардың өзін бағалауының
интериоризациясының нәтижесі — соңынан эмансипацияланып
айналадағылардың бағасынан қылықты ішінен
басқару үрдісіне айналады. Рухани өсу баланың алғашқы
өсу дәуірінен қалыптасады, оның «Мен» деген сөзі
қалыптасады. Мысалы: «Мен өлең айта
аламын», «Мен сурет сала аламын», «Мен анамды жақсы көремін», «Мен
айтайыншы!» т.б. «Мендік» көп айтуға тырысады. Мысалы: бір жасында
бала өз дене бітімін қабылдап игере бастайды, ал үш жасында
іс-әрекет субъектісі болып қалыптасып, өзін «Мен» ретінде
ерекшелейді. Жақын адамдармен салыстыра отырып, өзіне деген жеке
даралық және дербес субъектілік қатынас пайда болады. Жеті
жаста эмоционалды ұғыну, өзін-өзі бағалау
туындайды. Ол үшін ата-ана үлгі ретінде ұғынылады. Ата-ананың
біреуіне ұқсауға тырысуы кейбір мінез-құлық
түрлері мен психикалық жағдайларының белгілі
бағдарламасын қалыптастыру жүреді. «Мен» образында
«шынай-Мен», «идеалды-Мен» деңгейлері пайда болады. Жасөспірімдік
және бозбала мен бойжеткендік кезеңде «Мен» — тұжырымдамасы
нығайып, «Мен» сипатын, образын ұғыну тереңірек сипатта
болады. Өзін-өзі бағалауы қалыптасады.
Өзін-өзі тану және өзіндік сана жоғары даму
деңгеіне жетеді [4].
Тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі ол
адамның өз «Менін» айыра алуы. «Меніне» өзіндік дене бітімін,
жақындарын, өзіне тиісті заттарды т.б. жатқызады. Ал психологиялық
саладан алғанда тұлғаның мінез-құлқын
айқындайтын өзіндік қасиеттеріне темперамент, мінез,
қабілетті жатқызады. Сондықтан «Мен» тұжырымдамасы
дегеніміз адамның өзі туралы түсініктерінің
жүйесі, ол басқа адамдармен өзара әрекеттестігін осы
жүйеге негіздеп құрады және өзіне-өзі сол
тұрғыдан қарайды. Өзіңді бағалау
өзіндік сана сияқты әлеуметтік жағдайларға
негізделеді. Кеңес психологтарының зерттеулерінде
өзіңді бағалау — еңбектің, танымның
және қарым-қатынастың күрделі өнімі болып
табылады.
Әдебиет:
1. Құдиярова Ғ.М. Жас өспірімдердің
мінез-құлқындағы ауытқушылықтары – Алматы,
2004.
2. Аймауытов Ж. Психология
– Алматы, 1995.
3. Тәжібаев Т. Жалпы
психология – Алматы, 1993.
4. Адамзат ақыл –
ойының қазынасы – Алматы, 2005.