МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Умеева Ш.Ж., Кенжетайкызы А.

 

Адамның басқа адамдарға қарым-қатынасының сипаты оның ішкі мәдениетіне байланысты мәдени мінез- құлық формаларымның түрлерінен көрінеді. Адамның ішкі мәдениеті оның сыртқы мінез-құлқын да анықтайды, бірақ сонымен қатар соңғы фактор да субьектің ішкі дүниесіне әсер етеді. Ұқыпсыздық, өрескелдік, әдепсіздік бірте-бірте адамның соларға лайық тиісті әдеттері мен қасиеттерін калыптастырады.

Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеумен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен дәйектілігін ескере отырып, жүйелі жоспарлы түрде шұғылдану қажет. Мектеп оқушыларын адамгершілік мінез-құлыққа үйретуді оқта-текте колға алу тұракты нәтижелер бермейді.

Баланы адам етіп қалыптастырудың тұтас процесс екені белгілі. Баланың тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыруда мұғалімнің үлгісі, оның талаптары мен жақтылы тәрбие жағдайын педагогикалық тұрғыда бағалауы - бәрі де балаға, оның ішкі жан дүниесіне әсер етеді. Тәрбие қызметін бір жылға жоспарлағанның өзінде де оның барлық көлемі мен негізі бағыттарын айқын көрудің керегі анық. Мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу "Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің үлгі мазмұнында" жан-жақты ашық көрсетілген жалпы жұмыстың тек бір бөлігі ғана.

Мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу жұмысын бастай отырып, мұғалім, сынып жетекшісі мектеп оқушылары қандай ережелерді біледі және орындай алады, ал қай тұстарда кемшіліктері бар екенін алдын-ала анықтауға тиіс, мүмкін бұрын алғашқы сатыда үйренген ережелерді қайталауға, қайта үйренуге тура келер.

Мінез-құлық мәдениетінде дағдылар мен әдеттердің орны үлкен. Бүл үнемі сананың бақылауын қажет қылмайтын автоматтанған іс-әрекеттер солардың арқасында адам көптеген қылықтарды тез де жеңіл орындайды.

 Көптеген мектеп оқушыларының мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттерінің оған сәйкес ережелерді білуінен көп қалыс екенін, оларға жүргізілген бақылаулар көрсетіп отыр. Сондықтан оқушылармен жұмыста соларды қалыптастыруға ерекше назар аудару керек. Оған оқушылар жүйелі үйретумен қол жеткізеді. Бұл үшін мектеп өмірі оқушылардың дұрыс адамгершілік қатынастардың тәжірибесін үнемі жинап, дұрыс қылықтарын жетілдіруге жүйелі түрде жаттығуға мүмкіндігі мол болатындай етіп ұйымдастырылған болуға тиіс. Істелген қылықтың мазмұны әрдайым оның сыртқы көріну формасына сәйкес келуі тиіс. Оқушылармен жұмыс процесінде жоспарлы түрде мәдени мінез-құлықтың кейбір дағдылары үйретіліп, отыратын арнаулы жаттығулар жүргізуге болады, ал орта және жоғары сыныптарда мұндай жаттығулар біршама сиреу қолданылады.

Оқушылардың мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін калыптастыру және мінез-құлықтың адамгершілік нормалары мен ережелері туралы білімдерді игеру біртұтас процесс. Бұл жұмысқа жекелеген энтузиаст- мұғалімдерді ғана емес, бүкіл педагогикалық ұжымды жұмылдыру қажет. Жекелеген энтузиаст-мұғалімдердің бірлі-жарым әрекеттері көзге түсерлік нәтиже бермейді. Бұл түсінікті де, өйткені олардың оқушылары мұндай ережелерді орындамайтын басқа балалармен қарым-қатынас жасайды, ал олардың арасында сыпайылық, тұрашылдықтың қажеті де жоқ деген пікірлер жиі кездеседі.  Табысты тәрбиенің, оның ішінде мінез-құлық мәдениетінің де қажетті шарты барлық мұғалімдердің оқушыларға қоятын талаптарының бірлігінде, сыртқы түріне, тіліне, үзіліс кезіндегі мектеп асханалары, көшедегі т.б. қоғамдық орындарындағы мінез-құлыққа қойылатын талаптар бірдей болуы керек, талаптар бірлігі отбасына да таралуы тиіс. Балалардың мектептегі мінез-құлқына қандай талаптар қойылатынын ата-аналардың білгені және осы бағытта үйде отбасында жұмыс жүргізгені жөн. Ата-аналардың мәдени деңгейі жеткіліксіздеу отбасынан шыққан, бірақ мектепте жақсы тәрбиеленген балалардың өзі де мәдени мінез-кұлықты үйге жеткізушілер қатарына қосыла алады.

Кейбір оқушылар, ал кейде жоғары сынып оқушылары да үлгілі сыртқы ықпалсызақ мәдениетті болуға болады деп ойлайды. Олар әдептілікке байланысты түрлі "шарттарды" қолдануды міндетті емес деп есептейді де көптеген мәдени мінез-кұлық ережелерін сақтауға немқұрайлы қарайды. Мұндай "нигилистер" қоғамдық теріс пікір тудырады, олардың әсерінен және басқаларға күлкі болуға қорқып кейбір оқушылар тіпті ең қарапайым сыпайылық ережелерін де орындамайтын болады. Сондықтан бұл зиянды әсерді жою балалар ұжымында дұрыс қоғамдық пікір тудыру-педагогтар ісінен окушылардың қоғамдық ұйымдарының маңызды міндеті.

Жасөспірім жаста дүниені тану және өзін-өзі тану мәселелерін ығыстыра келе, Н.Мудрик былай деп тұжырымдайды: «егер адам жас кезінде талдау және өзін-өзі талдау сияқты дағдыларды игермесе, онда оның кейін игеріле қоюы қиынырақ. Содан барып ол дүниені және өзін-өзі тануға тым нашар бағдарланады. Онда дүниенің бейнесі де, өзінің тұлғалы және өзінің дүниемен өзара қарым-қатынасы жөніндегі түсінігі де қалыптасады».

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Абеуова И.А. Человечность: прошлое и современность //Самопознание: Курс лекций, семинаров, тренингов для вузов. - А.: Жазушы, 2003.  100-117с.

2. Абульханова-Славская К.А. Деятельность и психология личности. - М.: Просвещения. 1980. 20-37с.

3.Блюм Г. Психоаналитические теории личности. - М.: 1996. - 12-35 с.

4.Джакупов СМ. Управление познавательной деятельностью в процессе обучения. - А.: Казак университеті, 2002.