ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАҒДАЙЫ

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Умеева Ш.Ж., Шарип Н.

 

Қарым-қатынас немесе оны жиі кездерде коммуникация процесі деп айтады - бұл кең түсінік болып келеді. Бұл саналы түрде вербальды байланыс және санасыз түрде вербальды байланыс болып келеді. Қарым- қатынас кезінде мағлұматтармен алмасады.

Қарым-қатынастың көптеген формалары бар. Қарым-қатынастың бір түріне - педагогикалық қарым-қатынасы жатады. Бұл қарым-қатынастың түріне өзара әрекет формалары тән болып келеді.

Қазіргі кезде қарым-қатынас өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Егер де Ежелгі Грецияда, Ежелгі Римде ораторлық өнерді риторика, эвристика, диалектика аумақтары зерттесе, қазіргі уақытта болса, сөздік қарым-қатынасты және педагогикалық қарым-қатынасты көптеген ғылым салалары зерттейді. Мысалы: философия, социология, социолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогикалық  психология т.б.

Тұлғааралық қатынастың мәселесі көптеген ғалымдардың - философиялық, әлеуметтану, әлеуметтік психология, жеке тұлға психологиясы және педагогикасы тоғысында пайда болды. Ол біздің заманымыздағы басты мәселенің бірі болып табылады. Ол жыл сайын біздің және шет елдерді зерттеушілердің көңілін өзіне аударды және шын мәнінде топ деп атады, көптеген адамдардың жиынын зерттейтін әлеуметтік психологияның негізгі мәселесі. Бұл мәселе «ұжымдағы қатынас жүйесіндегі жеке тұлға» мәселесімен қосылып, өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеудегі теория және практикасы үшін өте қажетті.

А.С.Макаренко және Н.К.Крупскаяның еңбектерінде ұсынылған жеке тұлға және ұжымның өзара қатынасы туралы принциптеріне сүйене отырып әлеуметтік зерттеулерді 30-шы жылдары Е.А.Аркин жэне А.С.Заслужный бастады. Ары қарай 50-шы жылдардан бастап кеңес психологиясы өте қарқынды дами бастады, сонда тұлғааралық қатынас мәселесі туралы еңбектер көбейе бастады. Балалардың үлкендермен қарым-қатынас қажеттілігінен өзінің құрбы- құрдастарымен қарым-қатынас қажеттілігі кешірек пайда болатыны бізге белгілі. Егер ол өзінің қанағаттуын таппаса, онда ол әлеуметтік дамуының кешігуіне әкеледі. Дұрыс тәрбиелеу және дамудың жағымды, жақсы жағдайын жасайтын баланың топтағы құрбы-құрдстарының ұжымы болып табылады.

Американ психологы Т.Шибутани өзінің еңбектерінде осы пікірді дамыта отырып былай дейді: "Егер ата-аналар балаларын құрбы- құрдастарымен ойнаудан ұстап қалатын болса, онда көбінесе ондай балалар тобы баланы өзара қылыққа, әрекетке үйретеді және қателерді «қатал» түрде «жөндейді» - деп жазды.Мұндай балалардың құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас тәжірибесінің жоқтығы, басқа адамдарды түсіну қабілетін бәсеңдетеді деген пікірді Т.Шибутани айтты.

Өзара қарым-қатына жүйесін зерттеуде ғалымдар 3 түрді бөліп көрсетті. Олардың әрқайсысын арнайы жасалған әдістемелер көмегімен бөлек-бөлек зерттейді. Мысалу, лаборатория зерттеулерінде ойын әрекеті жағдайындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін Т.А.Антонованың, Т.А.Репинаның және Л.А.Рояктың еңбектері тұлғааралық қарым-қатынастың айқындығын, кеңістігін зерттеуге көп көңіл бөлді. Т.В.Антонова қарым-қатынастың кейбір ерекшеліктерін жастық шақ қарқынының көрінісін зерттеді.

Қарым-қатынасқа мінездеме - біз енді қарым-қатынастың мінездемесін қарастырайық. Жұмысының теориялық бөлімі бойынша тұлғааралық қарым- қатынасты жағымды қалыптастыру мүмкіндіктері мен ерекшеліктері көрсетілді:

1.        Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды.

2.         Психологиялық тұрғыдан, тұлғааралық қарым-қатынас өзіндік белсенділік негізінде зерттелді.

3.          Сыныпта оқушылардың өзіндік қарым-қатынастарын арттырудың жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылды.

4.            Жеке тұлғаның белсенділігін арттыруда өзіндік белсенді жұмыстарды түрлендіріп өткізудің сипаты нақтыланды.

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. А.,: Мектеп, 2000 ж.

2.Выготский Л.С. Педагогика подростка. // собр. соч. в 6 т. М. 1984 т.4

3.Гоноболин Ф.Н. Психология. А.,: Мектеп, 1976 ж.

4.Галин А. Личность и творчество. - Новосибирск, 2000 г.

5.Гамезо М.В. Возрастная и педагогическая психология. М. Просвещение, 2000 г.