ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ОЛАРҒА КЛАССИФИКАЦИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Умеева Ш.Ж., Тұрсынбек Ж.

 

Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға толық енді деп сануға болады. Дегенмен, оның мән-мағынасы  туралы пікірлер  осы уақытқа дейін алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың  жиынтығы» делінген, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта оқушы мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы. Педагогикалық үрдіс технологиясы  дегеніміз мақсат – мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде  мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып  отырған талаптарына сәйкес анықталып,  іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиынтығы.

Педагогикалық процесте оқыту  технологиясы оқу процесіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің  жүйесі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу – іс-әрекетіне игі  мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашыл қызметі  болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие процесінің  шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компоненті).

Ш.Таубаеваның классификациялық жіктеуі бойынша «педагогикалық технология оқу-тәрбие  процесімен, мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты». Ол бойынша педагогикалық технологияның құрылымы:

1. Концептуалдық (тұжырымдық) негізі.

2. Оқу-тәрбие процесінің мазмұндық бөлімі:

·  Оқытудың, тәрбиелеудің нақты және  жалпы мақсаты;

·  Оқу материалының, тәрбие жұмысының мазмұны.

3. Процессуалды (үрдістік, бөлігі – технологиялық процесс (үрдіс).

·  Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;

·  Оқушының оқу әрекеті мен тәрбиелік жұмыстардың әдістері мен түрлері

·  Оқытушының оқу-тәрбие үрдісін басқарудағы іс-әрекеті;

·  Оқу-тәрбие үрдісінің диагностикасы.

Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту-тәриелеу технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттары мен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды..

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу, жан-жақты дамыту әрбір ұстаздың міндеті. Қазір кейбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрін пайдаланса да, мақсат – оқулықтағы материалдық мазмұнын шәкірт бойына сіңіру деп ғана ұғынады.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап оқытудың негізгі бағыттары оның екі сипаттамаларының айналасында қалыптаса бастады: оқушылардың білімді өз бетінше алу қабілеттерін қалыптастыру және оларды басқаруға болатындығы туралы. Жаңа педагогикалық технологиялардың аса үлкен жылдамдықпен дамуына қарамастан олардың ешқайсысының таза түрде емес, түрлі технолгиялардың элементтері ретінде  берілетіні анықталды. Алайда барлық технологиялардың ортақ талаптарына оқытудағы тәрбиелеушілік, дамытушылық сипат жататыны белгілі.

            Білім беру мен оқыту бағыттарын кейбір жалпы негізделген позиция-дан қарастыруға болады. Орыс психологы И.А.Зимняяның классификациясы бойынша қазіргі оқыту формаларының төмендегідей түрлері айқындалған.

       1.Оқушы мен оқытушының өзара байланысы негізіне сәйкес –контактілі және дистанциялы оқыту. Контактілі оқыту формасына дәстүрлі оқытудың барлық бағыттары жатады, ал дистанциялы оқытуға  -  арнайы жабдықталған оқу құралдары арқылы арақашықтықтан басқару мен оқыту жатады.

2. Оқытудың саналылығы принципі негізінде  тәжірибені меңгеру арқылы    қалыптасатын оқыту сипатын айтамыз. Бұл, мысалы, Л.С.Выготскийдің анықтамасы бойынша баланың ана тілін интуитивті негізде қабылдауы  немесе меңгеруі, яғни «төменнен-жоғарыға» ауысуы саналы түрде жүргізілуі деп түсіндіріледі.

            Саналылық принципіне негізделген оқыту теориясын  қарастырғанда «Оқыту процесінде таным обьектісі болып не табылады? » деген сұраққа жауап беру өте маңызды. Егер оқушылар тек қана ережелер мен құралдарды ғана қабылдаса, онда бұл форма дәстүрлі, хабарлаушы, догматикалық оқыту деп аталады.Егер бұл нақты ережелерге бағынған әрекеттерді қабылдау болса, ол ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыратын теорияға сәйкес келеді. Егер бұл әрекеттер алгоритмін, бағдарламаны қабылдау болса, онда оны бағдарлап оқыту немесе алгоритмдеу теориясын меңгеру деп атаймыз. Егер бұл шешілуіне қажетті құралдар, тәсілдер, әдістерді меңгеру  қажет болатын проблеманы, міндеттерді қабылдау болса, оны проблемалық оқыту деп айтамыз.

 

Пайдаланған әдебиеттер

1 Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе      образования:      научный      фонд     и перспективы   развития   /Книга   1/.   -   Алматы: Научно-издательский центр "Ғылым". - 2001.

2.Дадебаев Ж.Д., Асанов Н.А. и др. Кредитная технология и образовательная политика Каз.НУ им. аль-Фараби // Материалы Всероссийского совещания 23.04.2003. М.: РУДН, 2003.

3.Джакупов С. М. Управление познавательной деятельностью студентов в процессе  обучения:  учебное  пособие.-Алматы:   Казак университета, 2002.-117С