ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА АЗАМАТТЫҚ САНАНЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Нұрғали
Қымбат Нұрғалиқызы - 4 курс, ТИГУ,
Ходжагельдиева Зульфия Мирзагельдиевна - п.ғ. к,
доцент, ТИГУ.
Қазақстан Республикасының дағдарысқа қарсы
басты стратегиясы - өсім, реформалар, даму ұғымдарымен
үндес. Өсіп өркендеуі, бәсекеге қабілетті елу
елдің қатарына қосылу бүгінгі таңдағы басты
міндеттердің бірі, осы негізде патриоттық-азаматтық
тәрбие беру, бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің бірі, ал нағыз азаматтық
қасиеттерді азаматтық сананы қалыптастырудан басталады.
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:
Өсім, Реформалар, Даму» Жолдауында Республика Президенті "Ерінбей
еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника
меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абройы асқақ
болады"[1, 2б] деді. Білім беру
мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы,
патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «азаматтық
сана» жастардың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы
негізгі көрсеткіш болып қарастырылады.
Ғылыми әдебиеттерде жете зерттелмеген азаматтық сана,
құқықтық сана, мораль, ғылым, философия,
дін, өнермен қатар қоғамдық сананың ерекше
формасы болып табылады. Азаматтық сананы зерттемейінше азаматтық
қоғамның қалыптасуы, өмір сүру және
даму заңдарын, сол қоғам азаматының әрекетін
түсіну мүмкін емес.
Біз өз ғылыми зерттеуімізде азаматтық сананы
қалыптастырудың жолдарын анықтаудан бұрын
"Сана" және "Азаматтылық" түсініктеріне
тоқталып өтуді жөн деп санадық.
"Сана" —
пәлсапалық тұрғыдан қарайтын болсақ ол
санат.
Сана
түсінігі пәлсапа саласында
негізінен адам болмысы
тұрғысынан, яғни қоғамдық
үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих
пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде
қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке
«өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы
қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.[2]
"Сана —
бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа
түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс
іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы,
қашықтағы, жақындағы адамдар өзара
қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің
мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде
пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі;
психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам)
деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде
әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық
қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар
байланыстарында адамның қоғамдық және
мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар
жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз
етуі" [3,320б.].
Адам санасы, оның қоршаған
ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты»
болмайтыны бізге белгілі. Өйткені онда адамнан тыс және оған
тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне
қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас
байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген.
Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық
және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы».
Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың
жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның
деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына
әкеледі.
Әртүрлі уақыт
кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген.
Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып
көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл —
оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның
затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы
ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді.
Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас
үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында
жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.
"Сана
қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін,
ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет
атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене
мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан
шығатын күштер оның сыртында,— адамзаттық
қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің
әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи
күштерде көрініс табады"[2].
Қазіргі
кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз
зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз
ойларын қорытып келді, дегенменде Қазақстан Республикасы
өз егеменділігін алғаннан кейнгі жастардың азаматтық
санасының өзгеру себептерін анықтау және И.Есенберлин
трилогиясын үйрену арқылы оқушыларда азаматтық сананы
қалыптастыруды зерттеу біздің міндетіміз.
"Азаматтылық
міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік
белсенділігін көрсетеді, өйткені, оның өзі
еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел
жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін
болып табылады"[4, 2б.]. Бүгінгі күндегі азаматтылық
сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен
оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімінің
өзгеруі – бұл қоғамның
өнегесізденуінің, халықтың тұрақсыздануы
мен ыдыраушылығының ажырамас сипаты.
Азаматтылықты адамға өзін-өзі заңды, әлеуметтік, ізгі және саяси әрекетке қабілетті сезіну мүмкіндігін беретін
тұлғалық интегративтік қасиет ретінде
қалыптастырудың теориялық жолдарын қарастыру басты
мақсатымыз болғандықтан азаматтықтың негізгі
элементтерін анықтап алайық, біздің пікірімізше
оларға мыналар жатады: ар-намыс
сезімінде, тұлғалық ішкі еркіндікте, тәртіптілікте,
басқа адамдарға және мемлекеттік билікке құрмет және сенім білдіруде,
өзінің міндеттерін орындау, патриот-тық, ұлттық және
ұлтаралық сезімдерін үйлесімді қиюластыру қабілетінде көрінетін адамгершілік, құқықтық және саяси мәдениет.
Отандық педагоги-када
азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты - адамда
қоғамдық ізгі мұраттар-ды, отансүйгіштік сезімін бейбітшілікке ұмтылысын,
қоғам игілігіне еңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу[5,5б.] деп қарастырса, ал Европа елдерінде
бұл мәселеге прагмативті түрдегі көзқарасты көре аламыз, яғни азаматтылық
борышты патриотизммен мүлде шатастыруға болмайды дейді. Орыс
ғалымы Б.Т. Лихачев азаматтық тәрбиені бүгінгі
күннің еркін бағыттарының бірі деп оның негізінде
ұлттық идея жатады солайша табиғи жолмен жеке
тұлға бойында өзбетінше қалыптасады дейді [8,65б.]. Ал
М.А. Горбова азаматтылықты
патриотизмның ең жоғарғы сатысы деп
санайды.[7,148б.].
Сана
мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық байланыс
бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның
философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология
ғылымының негізгі принциптерінің бірі — сана
іс-әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді
ұстанады[3]. Шет ел ғалымдарының пікірінше азаматтық
тәрбие емес азаматтық білім беруге болады екен. Ал бізде
басқаша егер жастарымыз жақсы жұмыс атқарса немесе
біреуге шын пейілмен көмектессе "Нағыз азамат!",
"Азамматтық жасапты" деп жатады, демек біздің
қазақ еліндегі "азаматтылық" түсінігі
отансүйгіштік, бауырмашылдық, жомарттықты
аңғартады.
Соңғы жылдарда Ресей және ТМД
елдерінде "неопатриотизм" ұғымы пайда болды. Соның
алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті 28
желтоқсан 2015 жылы “Қазақстандық
бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын”-
бекітті. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу
үшін, көпұлтты Қазақстанда
бірлік, ынтымақтастықты сақтап қалу, жастардың
бойында азаматтық сананы
қалыптастырумен тікелей байланысты деп ойлаймыз, сондықтанда
азаматтық сананы қалыптастыру бүгінгі күннің
өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеу
нәтижелеріне сүйенсек, біздің
пікірімізше Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік
қоғамдық қатынастарды демократияландыру және
гуманизмдендіру негізінде патриотизмге тәрбиелеу қажет.
Қазіргі заманғы Қазақстан жағдайында Отанға
деген махаббат ұлттың және құқықтык,
сана-сезім, азаматтық өнеге мен табиғи түйсіктерді:
өз отбасы, елі, халқы ауданы, ауласы, спорттық клуб,
қаласын қолдау – бастауы болып саналатын азаматтық –
патриотизм үлкен орын алады. Осылайша, азаматтық патриотизм
негізінде халық рухында, ұлттық түсінікте,
шығармашылыққа ұмтылуда, белсенділік әлеуметтік
салада тамыр алып жатқан - саналы талпыныс пен импульс жатыр.
"Азаматтық патриотизм туған табиғат пен
өзінің топырағы арасындағы қатынас болып табылады,
ол әлеуметтік мәдениет тұтастығы мен
тұлғалар өмір сүретін рухани адамгершілік
ортаны көрсетеді. Азаматтық патриотизм- адамның,
қоғамның және мемлекеттің өзара
әрекетінің ерекше механизмі, ол патриотизмнің басқа да
түрлерін жинақтайды және мемлекетаралық
қатынастар мен халықаралық процес-тердегі өзінің
ұлттық мәдени сәйкестігін қорғаумен
байланысты" [6, 19 б.].
Бірақ
патриотизм түрлерін атап көрсету олар арқылы көрінетін
халықтың шығармашылық, әлеуметтік-әскери
мүмкіндігі оның өзіндік ерекшелігін нақтылау деген
сөз емес. Патриотизмнің әрбір көрсетілген
түрлерін өзінің негіздемесіне, өзіндік ерекшелігіне
және өзінің болашағына деген халықтың
тіршілік әрекетінің беталысын анықтайтын нышандық,
нормативтік-құнды кеңістік ретінде өмір сүреді
деп бекітуге болады. Бұндай кеңістік бір мезгілде виртуальды да,
шынайы да болып келеді, мақсаттық, құрылымдық
нәрселер сияқты Отан, мемлекеттік, әлеуметтік
әділеттілік мағынасын білдіретін нышандар мен
құндылықтар жағынан тұлғалардың жүріс-тұрысын,
мінез-құлқын реттеу де бар. Осылайша, тұлғалар
үшін патриотизмнің өзіндік сана-сезімі, өз Отанына
деген бағдары қаншалықты деңгейде анықталса, осы
көрсетілген патриоттық бағыт кеңістігінің
түрлері нормативтілікті соншалықты қабылдай түседі. Жас
ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл
тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің
бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік
психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді
ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы
жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның
жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсетеді,
өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету
үшін, қоғамға, ел жұртқа,
халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.
Бүгінгі күндегі патриоттық сана-сезімнің
әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері
үшін ұлттық мақтаныш сезімінің өзгеруі –
бұл қоғамның өнегесізденуінің,
халықтың тұрақсыздануы мен ыдыраушылығы-ның
ажырамас сипаты.
Қазіргі
таңда Қазақстанда Отанға деген
сүйіспеншілік қоғамдық қатынастарды
демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде патриотизмге
тәрбиелеу қажет.
Тәуелсіз
еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң
өзгерістер қоғамның жастар тәрбиесі үшін
жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда
оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру бағытында
барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына Жолдау "Қазақстан
жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар,
Даму" 2015 ж. 30. 10.
2.
Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
3. Словарь по социальной педагогике / авт.-сост. Л. В. Мардахаев. - М.: Академия, 2002. - 368 с.
4. Роль патриотического воспитания в гражданском становлении молодежи / К.Е.
Уразгожина // Профессионал Казахстана.-2014 №4. С.17-22
5. Тенденции развития и
социально-педагогические условия гражданского воспитания в современной школе /
Болсамбеков Н.Ж...// Воспитание школьника. -2010. - №8.- С.2-5
6.
Біз отаншылдықты
қалай түсініп жүрміз? [отансүйгіш, отаншылдық,
ұлтжандылық, патриоттық қасиетіміз жайында] // Алты алаш. - 2015. -6 наурыз (№ 8). - С.5
7. Горбова М. А. Воспитание патриотизма у старшеклассников
игровыми формами
туристско-краеведческой деятельности : дис. ... канд. пед. наук. - М., 1999. -
148 с.
8. Лихачёв Б. Т. Национальная идея и содержание гражданского воспитания //
Педагогика. - 2007. - №9. - С.60-65.