АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ, АЗАМАТТЫҚ САНА ЖӘНЕ

 АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Орынбаева Н.Н. 4-курс, ТИГУ,

Ходжагельдиева З. М. п.ғ.к., доц.ТИГУ.

 

Қазақстан Республикасы демократиялық қоғам құрудың өзіндік жолын саралап, әрбір ұлт өкілінің азамат ретінде еркін және үйлесімді дамуын Конституциямен бекітіп, оның мазмұны ҚР Тіл саясаты тұжырымдамасында, ҚР Білім беру туралы заңдары (1992, 1999, 2007,2011), "Қазақстан-2030", "Қазақстан-2050", Ұлт жоспары - "100 нақты қадам", ел Президентінің басқа да Жолдауларында көрініс тапты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық санаға қатысты "Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету үшін оның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз"[2,1б.] деп атап көрсеткен.Осы орайда Н.Ә.Назарбаев азаматтардың сана-сезімін дамытудың екі деңгейін бөліп көрсетеді. Бірінші деңгей - азаматтық және саяси бірлікті анықтап, қазақстандықтардың біртұтас саяси құндылықтарын білдірсе, екінші деңгей қазақтардың өздерінің ұлттық-азаматтық бірегейлігіне де байланысты екенін атап көрсетті. Елбасы азаматтық сана-сезім мен мәдениетті қорғап дамытатын қоғамдық институттарға, әсіресе білім беру жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарына арқа сүйеу мейлінше маңызды екенін атап көрсеткен.

Қазақстан Республикасы Президенті 28 желтоқсан 2015 жылы “Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын”- бекітті. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін жұмыс мынадай бағыттарда іске асырылатыны айқындалды:

1. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы.

2. "Үлкен ел – үлкен отбасы" жалпыұлттық жобасы.

3."Менің елім" жалпыұлттық жобасы.

4.Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету жөніндегі жалпыұлттық жоба.

5. "Нұрлы болашақ" жалпыұлттық жобасы.[1, 2б.]

Біздің пікірімізше, бұл мәселелерді шешу жастарда азаматтық сананы қалыптастыру арқылы амалға асырылуы мүмкін.  Азаматтық білімнің негізгі бөлігі оқу орындарында білім беру болғандықтан, мұндағы басты міндет- оқыту.

Мектепке дейінгі және мектептердегі тәрбиелеу мен білім беруде жоғарыда аталған заңдар мен тұжырымдамалардың нәтиже беруі танымдық іс-әрекетті дамыта отырып, балалардың сана-сезіміне әсер етуге байланысты. 

Ағылшынның ұлы ғалымы Ч. Дарвин (1809-1889) адамның арғы тегі маймыл екенін жете түсіндіргенімен, ондағы еңбектің рөлін басып көрсете алмады.[3, 28б.]      Энгелстің айтуы бойынша, адамның дене және ойлау қабілеттерін жетілдіруде, оның миын дамытуда еңбек пен дыбысты тіл зор рөл атқарған.

Ғылыми психология, сондай-ақ, сананың бақылауынан тысқары тұратын психологиялық құбылыстар болатындығын жоққа шығармайды. Орысша "бессознательное" және "подсознательное" деген сөздермен бейнеленетін осы ұғым философия, психология, психопатология, психатрия, юриспруденция, өнертану, тарих, тағы басқа ғылымдарда жиі қолданылады. Мұны психологияға тұңғыш енгізген австрия психологы З. Фрейд (1856-1939). Осы мәселенің табиғатын түсіндіруде ғалымдар түрліше пікір айтады. Мәселен, ғалымдардың бір тобы осы құбылыстардың санаға ешбір қатысы жоқ феномен десе (Лейбниц, Бенске, Лотце, Фехнер, т.б.) олардың енді біреулері мұны патологиялық құбылыс деп қарастырады.[4,135б.]

Материалистік философия мен психология осы құбылыстардың мәнін диалектикалық тұрғыдан түсіну қажет дейді. Біз саналы процестермен қатар, санадан тыс құбылыстардың болатынын бұған түрлі инстинктік амалдар, соқыр сезімдер, ырықсыз қозғалыстар (ұйқысырап сөйлеу, ұйқы кезінде жүру, гипнозға илану, түс көру, т.б.) жататындығын білеміз. Санадан тыс құбылыстар жөнінде тәжірибеге негізделген материалистік пікір айтқан ғалымның бірі - И.М.Сеченов.[4, 12б.]. Осындай кезде мидағы қозу, тежелу процестерінің жұмысы баяу болып келетіндігін И.П.Павлов зерттеулері де дәлелдеген. Әйтсе де осы құбылыстардың мәнісі ғылымда әлі де жете зерттелген жоқ. Ал  іс әрекеттің белсенділігі әрдайым сананың  дәрежесіне, оның айқын жұмысына байланысты екендігі даусыз.

Американдық саясаткерлер - Г. Алмонд и С. Верба азаматтық қоғамның феноменін зерттей отырып, оның негізін саясат емес,  жалпы мәдениеттік сезімдер, тұлғааралық сенімнен туындайтын қарым-қатынастар, сабырлылық, өзге индивидтердің қызығушылықтарына құрмет көрсету сияқты жағдайлардың құрайтынына көз жеткізді.[4,15б.].

Азаматтық қоғам көпқырлы әлеуметтік мүдделерді басқаруға арналған институт ретінде өмір сүреді және оның құрылуындағы мақсат - әлеуметтік қысымды жұмсарту мен қоғамдағы консенсусты қамтамасыз ету болып табылады. Азаматтық қоғамның реттеуші функциясы заңдылықтарды сақтау, жалпы адамзаттық құндылықтарға деген адалдықты түсіну қажеттілігімен қатар санада оны әрі қарай жаңғырту және терең енгізуге негізделеді. Осы арқылы азаматтық сана түсінігі дүниеге келеді.

Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің бір ғана нысаны.

Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель. [3,27б.] К. Маркстің пікірі — бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң ол азаматтық қоғамның санқырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады[4,67б.] Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді жалғастыру керек.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес — азаматтық қоғамның мазмұнының санқырлы көрінісі төмендегідей болуға тиіс:
-  экономикалық   бостандық, әр түрлі меншік, нарықты қатынас;
- адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын   қалыптастырып, қорғау;
- заңды, демократиялық билік;
- ақпаратқа бостандық беру;
- заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болу;
- таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу;
- адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін, санасын көтеру, жақсарту.
          Азаматтық қоғамның кұрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақ-саттарына сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы - адам. Адам - қоғам кұрыл-ымының  негізгі элементі - діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партия-лары, мемлекет, олардың ара қатынастары — азаматтық қоғамның элементтері [5,128б.].
          Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:
Әлеуметтік жүйе - объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың бірлестік-тері, ұйым-дары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы бұл жүйеге азамат-тық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйе, өзі үш топқа бөлінеді:          бірінші тобы — қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру;

екінші тобы — адамдардың өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы;    үшінші тобы — қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың ара қатынастары.
          Экономикалық жүйе — қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым элементтері: жеке, муниципалдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.
          Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мем-лекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілер-ге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолдануы кажет.
          Рухани-мәдени жүйесі - осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйым-дар, олардың ара қатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.
          Ақпараттық жүйе - осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемле-кеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен ара қатынастары. Бұл бағытта іс-әрекеттерге толық бостандық берілуі кажет.
          Осы көрсетілген азаматтық қоғамның жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына зор маң-ызды үлес қосатын мемлекет пен құкық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар және қоғам-дағы демократияның жоғарғы дәрежеде болуы.
          Азаматтық қоғамның белгі - нысандары:
- адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен құқықтарының  қамтама-сыз етілуі;
- қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық кұқықтарының болуы;
- азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-мақсаттарын орындауға, іске асыруға  және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға кұқықтарының болуы;
- жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс жасауы;
- азаматтық қоғам - толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқықтық   мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.
          Сонымен азаматтық коғам және кұқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары кажет. Қазақстан Республикасының  Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жарияланған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады;  оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».

Азаматтардың белсенділігі олар жасайтын орта, өмір салты,адамдармен өзара қарым қатнасы және іс әрекеттері мен мінез-құлықтарынада байланысты болады. Дегенмен оқушыларды тек  оқыту арқылы білім берумен шектеп қоюға болмайды, сондықтан білім беру үдерісін заманауи, азаматтық қоғам құру талаптарына сай тұрғыдан жаңғыртуымыз тиіс. Өйткені қазіргі таңда оқушылардың сана сезімдеріне ықпал етуші факторлар өте көп. Сыртқы ықпалдарға қарсы ішкі шарттарды қалыптастыру, яғни тәрбиеші тек мінез-өұлқын қалыптастырып қана қоймай  сол сырттай ықпал етуші факторларға балалардың ішкі қарым қатнастар деңгейін дамыту мақсатқа сай болар еді.

Педагогикалық зерттеулерде азаматтық белсенділікті қалыптастырудың екі бағыты анықталған: біріншісі оқыту үдерісінің кейбір баспалдақтарында белсенділікті арттыру әдістері мен құралдары (мысалы: проблемалы оқыту, бағдарлы-алгоритмдік оқыту жалпы эвристикалық педагогика Т.И. Шамова); екіншісі: жалпы іс әрекеттің жүйелі түрде, оқытудың басынан соңына дейін әр бір сатысында анық  мақсатты ескере отырып оқушыларға ықпал ету болып табылады (мысалы: сөз бен көрнекіліктің сай келуі, жеке индивидуалдық пен фронталдық жұмыс Т.Н.Огородников).

 Сонымен бірге  жеке тұлғаның әлеуметтік идеалдар мен адами құндылықтарға сүйенуі және қазақ халқының тарихи дамуындағы ұлт қаһармандарын өнеге тұту болашақ өмірдің мәні мен мазмұнын айқындап, белсенді азамат болып жетілулеріне көмек береді деп ойлаймыз.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.“Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы”- Қ.Р. Президенті  Н.Назарбаев, Астана, Ақорда, 2015 жылғы 28 желтоқсан. // "Егемен Қазақстан" газеті  30.12. 2015ж. 1 б.

2. "Қазақстан-2030 Стратегиясы" Н.Назарбаев жолдауы 14 қазан 2012 ж.

3. Казахстан в глобальном мире: вызовы и сохраниние идентичности / под.ред. А.Н.Нысанбаева.- Алматы: Институт философии и политологии КГ МОН РК, 2011. - 355с.

4. Джилкишиева, М.С. Гражданско-патриотическое воспитание студенческой молодежи Казахстана: монография / М.С.Джилкишиева. – Тараз: ЖГТУ, 2010.- 424 с.

5. Джилкишиева М.С. Структурно-содержательная модель гражданско-патриотического воспитания студенческой молодежи Казахстана // Сибирский педагогический журнал.- Новосибирск, №3, 2012.- С.128-134