Жамирова У.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
«ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ
«Құтты
білік» дастанында дәстүрден бөлек тәрбие факторы болып
келетін қарым–қатынас. Бұл
мәселде Баласағұн ерекше көзөкарас
білдіреді. Қарым –
қатынас тәрбие факторы, ретінде, әсіресе, түркі
елдеріне тән әке мен бала арасындағы байланысты
көрсетеді. «Құтты білік» дастанында қарым – қатынастың түрі Айтолды мен
Өгділмүштің сұхбаты. Бала мен әкенің
қарым – қатынастынан тәрбиенің бірнеше бағыттарын
көруге болады. Олар: адамгершілік, үлкенді сыйлау, кішіге
құрмет, ақыл, ізгілік, имандылық тәрбиелері. Бұл
мәселе келесі бәйіттерде ашылады:
1.
Әке қамқорлығы:
Қарашығым, сен көзімнің нұры едің,
Хош – есен бол, бақилыққа жүремін...
Бұл түркі айтқан, жаққан ілім жұлдызын:
«Көрер көздің шырағы – деп, - ұл –
қызың!
Ұл – қыз қамы түпсіз теңіз,
тұнғиық,
Ұл- қыз деумен сарғайтады мүн – күйік!
Болса кімнің қатыны hәм ұл – қызы,
Ол байғұстыңи тыныш болмас ұйқысы!
Ұл – қызды ата көрде тыншып жата алмас,
Атасының атын ұл – қыз атамас!»
Бәйіт
жолдарындағы әке қамқорлығын білдіретін
ұғымдар: «қарашығым», «көздің нұры»,
«ұл – қыз қамы», «кқздің шырағы», т.б.
Әкенің
парызы балаға қамқор болу. Айтолдының айтуы бойынша: « ұл – қыз қамы
түпсіз теңіз, тұнғиық». Өйткені
дүниеге келгеннен бастап балаларды жан – жақты тәрбиелеу ата
– ананың үлкен міндетті.
2.
Әке мен бала арасындағы қарым –
қатынас:
Естіп көрді ұл,атасының сөздерін,
Тілін ашты, бұрыа нұрлы көздерін.
-Ата, - деді ол, - бір сөзім бар саған да,
Мен айтайын, өзің айтап, бағамда.
Бұл дүниеде көп жасадың, көп
көрдің,
Білім құдың, сан өйткелді өткердің.
Тыңдап, сұрап, көп нәрсеге бойладың,
Бәрін көрдің, тереңдеді ойларың,-
деп Айтодының
ұлы Өгдүлміш әкесінің аман – есендігін тілейді.
Өлімнен құтқарар шараларды ойластырады.
Өмірдің мәнін әлсін түсінетін жас бала
әкесіне беруге тырысады. Мұнда баланың әкеге деген
ыстық сезімі біден көзге түседі.
Өлімнің де бар шығар бір шарасы,
Ажалыңа соны тұтып қарашы.
Дуа қонбай, болса көгін мұнарлы,
Үлестіріп бер ұазына, мұраңды,
(Қазынаңды бер де, алып
қал жаныңды,
Есен болсаң, болар байлық, бағында)(1185 – 1190)
Айтолды мен Өгділмүштің
бір – біріне деген мейірім – шапағатын осы бәйіттерден байқауға болады. Әке мен
баланың қарым – қатынасын көрсететін сөзімді
байқап, бағамда деген сияқты бәйіт жолдары
өсиетке толы.
Ұл – қыз
тәрбиесі – қоғамдық іс. Баласағұн бала
тәрбиесіне арналған тарауларын осы қоғамдық –
әлеуметтік деңгейге көтере жырдайды, ұлттық
мәселе ретінде қарастырады. Жалпы дастанда бала, ұрпақ
мәселесіне ауық – ауық әлденеше оралып отырған өлсең
орныңды жоқтатпайтын, атыңды
өшірмейтін бала. Адам пендесі бақ – байлық, данқ
қуып, лауазым дәреже қуып өлерінде ғана ес жиып,
бала туып, бала өсір деп өкінер. «Ул» мен «ұлы»
сөзінің түбірі, төркіні бір. Баланың ата –
анаға шектірер жапасы да жетерлік деген тәрізді әр
қырлы толғамдар
дастанның өн бойынан үнемі ұшырасып отырады. Ал, 63 –
тарау тікелей бала тәрбиесіне арналған:
Тәрбиеші ал ізгілікті, көшелі,
Ұл – қыз жақсы, таза болып өседі.
Ұл – қазына әдеп үйрет, білім бер,
Қос жалғанда нәсіп көріп, күлімдер.
Әйел әпер – ұлға, қызды ерге бер,
Қайғы – мұнсыз тірлікке не тең келер.
Ұлыңды үйрет күллі өнет, білімге.
Ол өнермен дүние табар түбінеде (4505 – 4508)
деп басталатын
бәйіттерде бала тәрбиесінің ең бір елеусіз
тұстарына дейін талқыланған. Әсіресе, қыз бала
тәрбиесінің қисындығын , күрделігін баса айтқан. Қыз баланы
тәрбиелеу бір жөн де, сақтап, орнына. Құтты
қонысына қондыру бір уайым.
Қандай жағдайда да баланы бетімен жібермеске керек :
Қыз көрмесе, көңілің жетелемес,
Көзің көрсе, көңіл айту түк емес.
Көзді бақсаң. көңілің де аңсамас,
Көңіл жоқ па,
жоқ жүректе – жанталас (4515 –
4516)
деген
бәйіттердің астарлы мағынасы майлінше терең. Бала коңілі жақсы –
жаманның бәріне еліктегіш. Бір жағынан әйгілі
«Қызға қырық жерден тыйым» дегеннің бір ұшқыны да осында жатыр:
Жапасымен өсіп – өнген ағаштың,
Жемісі – у, татпа, улайсын – жанастың...
Ұлы –
қазына орынсыз жапа да шеккізбей, бейбастыққа да жібірмей
«Үйінде Ұлы – өсір, бөтен жерде қалдырма». Ата –
ана тәрбиесін көрмеген ұрпақ – көргенсіз ботыа
өседі. Ұрпақ –
адамзаттың болашағы деген оймен Жүсіп Баласағұнның
бала тәрбиесі идеясын бірер
сөзбен осылай жетккізген
болар едік.
Осылайша,
тәлім – тәрбиелік қасиеттері аса жоғары
халықтық педагогика көзқарасында белгілі бір
жүйелілікті талап етеді.
Бала
тәрбиесінің босы дүниеге нәрестеге ат қоюдан қадам алады. Халық педагогикасында жас
нәрестеге ат – есім қою салтына жеңіл қарамаған.
Адамның ат – есімі оның
маңдайына жазылған тағдыры деп түсіндірген. Ат –
есімнің киелілігіне сенген.
Киелі, әруақты адамдардың атын қоймай, керісінше, ырым, етіп, Күнге,
Айға, жұлдызға, үйге келген қонаққа,
т.б жағдайларға қарап, ат – есімді азан шақырып ,
үлкен қариялардың келісімімен молда қойған.
Ат – есім қою
дәстүрі көне түркі халықтарынан жалғасып
келе жатқаны белгілі. Бұл туралы Жүсіп
Баласағұнның «Құтты білігінен» де
байқауға болады. Дастандағы бас кейіпкерлер аттарының
нақты, ерекше мәні бар. Мысалы, Өгділмүш деген ат –
еміммен әкесі Айтолды баланың ақылды, парсатты болып
өсуіне, тілегінің орындалатына сенген. Ұлына жақсы
тәрбие беруге талпынады. Баланың дүниетанымын
қалыптастыруда көптеген кеңестер беріп отырды. Мұны
ақыл – өсиетке толы бәйіт жолдарынан көруге болады:
3.
Білімді бағалау
Айтты Айтолды: - Ұлым, сен де жүгінгін,
Сөзімді ұғып, үмітіңді үз,
түңілгін.
Өмір алтын – күмісіңе қарамас,
Білім, ақыл шылауына жарамас.
Дүние – мүлік тоқтама алса өлімді,
Бай – бек мәңгі білмес еді көріңді...
Әкімдерге әкімдігі сеп емес,
Ажалды алар болс дәрі – дәрмегі,
Отвшыға тимей жүр ме жәрдемі! (1195 – 1200)
Айтолдының
өсиет сөздерінен шығатын қорытынды – білімнің сол
замандығы үлкен дәрежесі. Мұнда қарахандар дәуірінің ерекшелігін, білімге деген
құштарлығын сөзсіз байқауға болады.
Бәйіттерде үш ұғым ерекше көңіл аудартады.
Олар: ақыл, білім, білік.
4.
Өмірдің мәнін балаға түсіндіру:
Айтолды айтты: Тыңда, ұлым, қазірден
Түсін мені, келер күнге әзірлен!
Қапы қалдым, опық жедім, құлыным,
Осал болма, капы калма, шырағым!
Осалдықпен қор, үзілді жұлыным,
Мен сияқты бейқам болма, құлыным!
Мұнда
Баласағұн кейіпкердің балаға айтқан кеңесін
жалпылама беріп, тәрбиелік мақсатты көздеп отыр.
Әкенің ісі балаға әрқашанда үлгі.
Тұғаннан әке қамқлолығын көріп
өскен бала ізгі қасиеттерге ие болады. Осы мақсатта Айтолы
ұлын келешекке әзірлейді. Сондай – ақ:
Туған – өлер. Тіріні өлім табады,
Тырмыс қанша, ақыры ажал алады!
(Уақыт – бұғау, тұтар көзді аштырмас,
Уақыт жетсе, аяғынды бастырмас)
Мұны меңзеп айтқан шайыр тілінде,
Бар кіл шындық, түгел сөз түбінде,-
деп Айтолды
тіршіліктің шынайы мәнін ашуға тырысады.
“Бар нәрсенің уақыт, күні белгілі,
Тірі жанның тақыт күні белгілі
Жыл, ай, күндей тіршілігің көшеді,
Көшкен күнмен өшетінің белгілі!” (1210)
Айтолының
пайымдауынша, өмірдің мәнін білуде өмірге
жеңілдікпен қарамау, бейқам болмау керек. Уақытты
бағалап, адамгершілікті болу, дүниеге қызыкпау, адал
шындықпен жүру. Адам баласының өмірі философия
өлшеген уақытта, табиғат белгіліген күнде.
Сондықтан берілген уақытты орында пайдаланып, өзін жоғары дәрежедә
ұстау.
5.
Балаға дұрыс тәрбие беру жолдары
Балаға
әкенің нақыл сөзі – өсиет, жасаған істері –
үлгі. Осы тұрғыда Айтолды ата дәстүріне
сүйеніп, ұлына үлгі болады. әкенің тағдыры
бала үшін өсиет. Осы орайда
Айтолды:
Байқа ұлым! – дейді Айтолды тағы да,
Тағдырымнан ал ғибадат жаныңа!
Сенсің – қайғы, өкінішім, арманым
Қаршадайдан жетімдікте қалғаның.
Менсіз, қарғам. күнің қалай болады,
Соны ойласам, көзіме шоқ толады.
Ата жолын көршен бала тегінде,
Төзе алады ауырға да, жеңілге.
(ата жолын білген оттай жанады;
Құс не көрсе, соны ұшқанда алады)
Жаны жұмсақ – қатты ұстаған баланың,
Жарық жүзі ата менен ананың.
Нақыд
сөзге толы бәйіт жолдары «Әке көрген оқ жгар,
Шеше көрген тон пішер», « Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің» деген сияқты халық
тәлімімен тамырласып жатыр.
Жүсіп
Баласағұн осыларды негізге ала отырып, ғибратты ой – пікірін
оқырманмен бөліседі. Ата жолын көрген бала сол жолдан
таймауға тырысады. Ондай бала оттай жанады. Ұрпақ
тәрбиелеуде баланы бастан қатты ұстап, білімге, жақсы
істерге бағыттау қажет. Баласағұн осы төңіректегі
өзінің ойын былай жеткізеді:
Қолдан ерте шығарсаңыз Сіз егер,
Ұлдан қайыр жоқ, үмітті үзе бер!
Ұл өсіргің келсе дана, жүректі,
Қатты ұстап: уйрет білім, ізетті.
Мұнда
Баласағұн көздеп отырған білім мәселесі адам
тәрбиесінің негізі болып табылады. Сонымен қатар баланы
қолдан шығармай, қатты ұстаған жөн. Осындай тәрбиеге бейімделген бала
дана, жүректі болады. Осы тұрғыда тәлім - Тәрбие
ізеттілік қасиетімен терендетіледі. Ал келесі бәйбіт жолдарында
ұл-қыз өсіріп отырған тәжірибесі мол аталар
халық ұстазы ретінде көрінеді:
Сөзін тыңда ұл өсірген атаның,
Ақсақалды иесі ақ жол батаның:
«Кім ұл-қызын шолжаңдатса бетімен,
Тартар күйік, ет кескендей етінен.
Бейбастық қып
өсірсе ұлдың қылығын,
Кінәлі әке, жазығы жоқ ұлының.
Ұл-қыз кесір, болса ессіз, парықсыз,
«Өнегесі-ай әкенің!» - дер халықпыз ...
Тәрбие ісі
қызықты да, қиын өнер. Сондықтан тәрбиеде
ұзақ тәжірибесі мол адамнан кеңес алған
жөн. Оның берер кеңесінің түйіні мынадай
өсиет сөздерінде жатыр: « Кім ұл-қызын
шолжаңдатса бетімен, тартар күйік, ет кескендей етінен».
Бала өсіруде
ата тегінің атқаратын рөлі зор. Бұл жайында
Баласағұн өте құнды ойлар айтады. Оның
айтуынша, текті, парасаты адам жамандыққа бармайды. Жақсы
қасиеттер көкіректе қалады, яғни Айтолдының
өсиеттеріндегі «көкірегі кір жігіт» деген атқа ілікпеу. Осы
тұрғыда тәрбиелеу келесі бәйіттерде ашылады:
(Кір болса ұлдың көкірегі, қолдары,
Атаның да тегі сондай болғаны)
Қатты тұтып, өсірсе ата баланы,
Өркені өсіп, бақ жұлдызы жанады.
(Тезге салып өсір ұлды, сүйгесін,
Кейін жауың күліп, досың күймесін)
Ұл-қызына үйрет білген білімді,
Қолына ұстап кеудеңдегі күніңді,
Сонда, ұл-қызын адамдықтан таймайды,
Көңілі таза, көзі шоқтай жайнайды!» (1215-1225 бб.)
Бұл
бәйіттерден жасайтын қорытынды балаға лайықты,
дәстүрлі тәрбие беру.
7. Тәрбиелі
тұлғаның дүниетанымы.
Жаралған жан бір күн ажал табады,
Жаралған – сен, ал жаратқан қалады,
Сененде асқан мейірімді, жаратқан.
Жаратты да, берді ырыс-құт өзіңе,
Маған да өзі берер. Сенгін сөзіме
Деп басталатын
бәйіт жолдарынан түсігіні мол, білімі толық адам бейнесін
көруге болады. Ол жаратушының мейірімділігі туралы баяндайды.
Өйткені жаратушы әрбір адамға нәрін беріп,
нәсібін төгеді. Алла өмірдегі барлық нәрсеге
әділеттілікпен және адамзат арасындағы ұлық
және әлсіз жандарға тең көзбен қарайды:
Әлсіздерге құат берер, дем берер,
Ұлықты да, кішікті де тең көрер.
Бұл туралы есті жанға құлақ қой,