ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТІРБИЕ
БЕРУДЕ ҰЛЫ АҒАРТУШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ
Тараз
инновациялық-гуманитарлық университеті
Шокалакова С.Б., Меркінбек Гаухар
Қазақ
халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған,
соңғы жылдың көлемінде рухани дамуымызға
бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып
дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды
алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан
халқының, соның ішінде
рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін
атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика
халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін,
ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз.
Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр,
көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен
ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына
келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын
жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық
және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды.
Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес,
тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік
қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған
асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай,
қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі
мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың
аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың
берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы
халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі
қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында
халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы
арқасында жүзеге асуы мүмкін. Адамдар санасының
өзгеруі, халықтың басым көпшілігінің
әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару
процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті
бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп
жатқанына да баға берді. «Адамдардың ой-санасын бір
сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ
мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты
халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы,
өзіндік молшылыққа бағытталған
әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың
жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар
қажет болады» - дейді Президент Н.Ә.Назарбаев.
Абай
Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев,
Мұхтар Әуезов мұрасы – халқымыздың ғасырлар
бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын,
маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Егер Абай мен
Шәкәрім қазақ халқының өткен
заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы
болса, бұл құдіретті бейнені романист қаламымен
қайта тіріліткен Мұхтар Әуезовтің өзі жаңа
замандағы жаңғырған қазақ
мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды.
Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан
ұлттың аса көрнекті үш алып
тұлғасының, былайша ғажайып түрде тұтасып
және тілдесіп кетуі – бүкіл дүниежүзілік әдебиет
тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше
құбылыс. Олар ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ
ғасырдың бас кезінде
өмір сүріп, қазақтың қоғамдық,
әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене
араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық
идеяларды уағыздаған.
Тек
тәуелсіздік пен егеменділік жағдайында ғана
ғұлама ұлы ағартушы тұлғалар, ойшылдар мен
гуманистер көзқарастары, қазақтың
дәстүрлі дүниетанымы туралы бүкпесіз айтуға,
айтып қана қоймай, жүйелі түрде зерттеуге
халқымыздың бай рухани мұрасын игере отырып,
ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға, еткен де
жеке тұлғалар болған. Сол себепті біз Абай
Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және
Мұхтар Әуезов, олардың педагогикалық көзқарастары,
шығармаларындағы сабақтастық, педагогикадағы
ұлттық тәлім-тәрбие тұрғысында
қарастыруы олардың бүкіл мұрасын зерттеу әлі де
болса бүгінгі күннің еншісі. Бүгін біз олардың
іс-әрекеттерін құрметпен еске аламыз.
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов есімдері
екі мәдениеттің Шығыс пен Батыс келбетінің
құрыш құймасын бейнелейді. Бұл күндері Абай
Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев,
Мұхтар Әуезов ұлттық сана сезімде мәңгі
аталатын ұлы тұлғаларға айналды. Заман ілгері жылжып,
адамзат санасы неғұрлым биікке иек артқан сайын оның
алдындағы міндеттердің де мәртебесі биіктеп, ауқымы
кеңейіп, мәні күрделене түспек. Халқымыздың
ұлттық мақтанышына айналған үш тұлғаның
педагогикалық көзқарастарына тоқталып, оларды
біріктіретін ортақ күш бар екендігін: біріншіден, олардың
бәрі де қазақ еліндегі ағартушылық кемелденген
дәуірінің жемістері болатын, екіншіден, бәрінің де
негізгі ой-армандары елін, халқын жетілдіру, сауаттарын ашу, басқа
халықтармен терезесін тең ету еді.
Қазақтың
қоғамдық ой алыптары А.Құнанбаев,
Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов өміріндегі
сабақтастық туған топырақ, кіндік қан тамырымен
ұштасып жатыр. Олардың есімдері ылғи бірге аталады: аға
және іні, рухани туысқандар, ұстаз және шәкірт,
қоғамдық жұмыстағы идеалистік қызметтестер.
Абай мені ағартушылық, ғылым жолына әкелгендер деп
ағасы Халлиолланы, әжесі Зерені және орыс достарын атап
кеткен, Шәкәрім өз шәкірттік ризалығын атасы
Құнанбайға, ағасы Абайды айтса, ал Мұхтар Әуезов
атасы Әуезді және ұлы адамның «Ақ батасын»
алғанын жадында мәңгі сақтап, Абай мен Шәкәрімнің
педагогикалық ықпалын бағалаған. Тақырып,
мазмұны жақтарынан
ұстаз бен
шәкірттердің өлеңдері, қара сөздері
ұштасып жатады. Абайдың
тәлімдік, таланты Шәкәрімнің сегіз қырлысында
өз көрінісін тапса, Мұхтар Әуезов осы
ғасырдағы Абай мен Шәкәрім армандарын жеткізуші
жарық жұлдыз. Абайдың қара сөздері
қазақ философиясының негізгі ой түрткісі болса,
Шәкәрімнің «Үш анығы» - қазақ
философиясының шыңы, ал Мұхтар Әуезовтің «Абай
жолы» роман-эпопеясы бүкіл әлемге әйгілі.
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов
біздің әдебиет, философия, педагогика тағы басқа
салаларында көп зерттелген, солай болуы заңды да. Бірақ «Жас
жеткіншектерге ұлттық тәлім-тәрбие беруде ұлы
ағартушы тұлғалардың педагогикалық
ой-пікірлерінің (А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев,
М.Әуезов) қоғаммен үндестігінің
маңыздылығы оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
ондағы педагогикалық ой пікірлерінің, ұлттық
тәлім-тәрбиесі, жан-жақты түбегейлі зерттеу
кемеңгерлердің шығармаларындағы ой-пікірлердің
үндестігін, жас ұрпаққа берер өнегесі,
ұлттық тәлім-тәрбиесі мол екендігін көреміз.
Бұл отандық педагогиканың
теориясын, практикасын жаңа идея, тың пікірмен байытпақ. Осы
тұрғыда жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев,
Мұхтар Әуезов шығармаларының педагогикалық
идеяларының үндестігі ғылыми педагогикалық
тұрғыдан білім беру аймағында қолдану
мүмкіншіліктерінің қарастырылмауы және ұлы
ойшылдардың мұралары өзара байланыстық, үндестік
негізінде қазіргі жоғарғы мектептердің
педагогикалық үрдісін жетілдіру сұраныстары, жаңа білім
талаптарының арасындағы қарама-қайшылықтары шешу
болып табылады. Олардың еңбектері яғни, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев,
М.Әуезов шығармаларындағы өзара
сабақтастықты оқу-тәрбие үрдісіне оқыту мен
тәрбиелеу мақсаты,
шәкірттердің ойлануына, толғануына, пікір таластыруына
ықпал ету, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру,
эстетикалық талғамын тәрбиелеу, адамгершілік әлеміне
жетелеу, сабақты қызу еңбекке құру, оларды
құр тыңдаушыдан еңбек етуші, білімді өз
еңбегімен алушы, ізденуші дәрежесіне жеткізу деп түсінеміз.
Олардың шығармаларындағы педагогикалық идеялардың
сабақтастығын, тәлім-тәрбиелік ойларын
оқушылардың сезіммен қабылдауы,
қызығушылықтың басым болуы, өздігінен
шығармашылық әрекет жасауға ынта ықыласының
жоғарлауы, орындалатын жұмыстың педагогикалық
мақсаты мен мәндерін анықтай білулері,
ғұламалардың шығармаларындағы негізгі
педагогикалық ойды ажырата білулері, өз беттерімен
мүмкіндіктерін білуі, орындаған жұмысты жүйелеу,
нәтижесін шығару білімдерінің әлдеқайда
дамитындығын олардың теориялық білімдерінің
деңгейін анықтау және сол білімдерін практикамен
ұштастыру жақтарын есепке алу көзделді.
Пайдаланған әдебиеттер.
1.ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына жолдауы Астана, 2012
2. Ж.Әбділдин. собрание
сочинений в пяти томах. Алматы, 2000.
3. Д.Кішібеков. Қазақ
менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы, 1999
4. Т.Тәжібаев Педагогическая
мысль в казахстане во второй половине 19 века. Алматы, 1995