Әбдібаттаева Гүлнар Мәуленқызы
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі
Құқықтық
сауаттылық және оны іске асыру қажеттілігі
Президент
Н.Ә.Назарбаев жүзеге асырып отырған
құқықтық мемлекетті құру бағыты
мен тұрақтылық саясаты көпшілік көңілінен шыққаны
сөзсіз. «Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз
және тұруға жайлы елдің біріне айналуы тиіс.
Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді
құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің
негізі» -деп, өз жолдауында Елбасы атап көрсетеді.[1]. Бұл
жағдай біздің жас мемлекетіміздің
тұрақтылыққа деген бағытын, ағымдағы кезеңнің
күрделі міндеттерін шешуге қоғамның күшін
жұмылдыруға қызмет ете бермек.
Бүгінгі
таңда демократиялық дәстүр мен
қазақстандық мемлекеттіліктің тәжірибесі
тұлғаның құқықтарын, бостандықтары
мен мүдделерін қоғамның мемлекет
қорғауындағы басты құндылықтары деп
жариялауға мүмкіндік береді. Мемлекет азаматтарды
қорғау құралы ретінде жалпыға танымал
демократиялық бостандықтар мен құндылықтарды
жариялап қана қоймай оларды жүзеге асыратын органға
айналуы керек.
Қоғам
және оның мүшелерінің көпшілігі
орныққан нормаларды, мәдени құндылықтарды
қабылдап, басқа азаматтардың күткеніне сай
іс-әрекет жасағанда ғана орнықты өмір сүре
алады[2]. Демек, әрбір азамат
қоғамда өмір сүріп жатқандықтан,
олардың өзара қатынастарды сол қоғамның
саналы қызметінің нәтижесі болып табылатын өздерін
ұстау ережелері және нормаларымен реттеліп отырады. Оның
негізі құқықтық нормалар болып табылады
және оны сақтау барлық азаматтар үшін міндетті.
Құқықтық
норма – әділет жолы, адам, қоғам, мемлекет
мүддесінің үйлестірушісі, заңдылық пен
демократияның даму негізі. Осыған орай Елбасы Жолдауында
Қазақстанның өркендеуі, гүлденуі, дүниежүзінде
алдыңғы қатарлы мемлекет санатында көрінуі үшін
құқықтық сауаттылықты, тәрбиені,
сананы жетілдіру қажеттілігіне басты назар аударылғаны
баршаға аян. Өйткені, еліміздің әрбір азаматы өз
құқықтары мен бостандықтарын және міндеттерін білуі тиіс. Сонда ғана
мемлекетіміз саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан
дамып, тәртіп нығаяды.
Қазіргі
таңда қаншалықты құқықтық
заңдарға бағынып, құқықтық
тәртіпті қатаң ұстанғанымен, шындығында
бұқара халық арасында өз
құқықтарын білмейтін, біле тұра үстіртін
қарайтын құқықтық сауатсыздықтың
келеңсіз көріністері көп кездеседі.
ХХІ ғасыр
адамдарға жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді, себебі
Қазақстанның даму деңгейі қоғам
өмірінің барлық саласына терең өзгерістер
енгізуде.Елеулі өзгерістердің бірі –
демократиялық-құқықтық мемлекет
құру. Осы тұрғыда қазіргі заман тұлғасы
сана-сезімі жоғары, өз іс-әрекетіне жауапты, әлеуметтік
өзгерістерге тез бейімделе алатын, өз шешімін қабылдай алатын
азамат болуы тиіс. Ол үшін адамға
құқықтық сауаттылық ауадай қажет. Еліміз болашақта өзін, зайырлы,
құқықтық- демократиялық мемлекет
ретінде орнықтыруды мақсат етіп отыр. Бұл мақсатты
жүзеге асырудың басты тетігі жастар десек, жастардың
құқықтық білімі мен тәрбиесін жетілдіруге
бағытталған
арнайы жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуы
тиіс. Бұл өз тарапынан өскелең
ұрпақтың құқықтық жағынан
сауатты болуына оң ықпалын тигізері анық. Олай болса, жеке тұлғаның
құқықтық сауаттылығының дамуы
өзіне ғана емес, өз кезегінде
құқықтық мемлекеттің қалыптасуынада әкелері
сөзсіз.
Жалпы
құқықтық сауаттылықты оқыту
және тәрбиелеу үрдісі ретінде қарастырар болсақ,
біз мына нәрселерді ескергеніміз жөн. Бала мектеп қабырғасында
құқық ұғымына, мағынасына және
құқықтық аспектілерге түсінік бере алса, демек өскелең ұрпақ
саналы түрде таңдау жасай
алады деген сөз.
Құқықтық
тәрбиені негізгі 2 формада қарастырар болсақ;
1.
Ауқымды –қоршаған ортаның элементтері көрінеді.Жеке адамның
құқықтық
нормаларды білуде, құқықтық
көзқарасын қалыптастыруда өз білімін көтеру
немесе жүйелеуде заңдық не
құқықтық тұрғыда баға беретін
адамдармен қарым-қатынаста болу, мемлекет тарапынан
көмектің болуы немесе нұсқау.
2.
Ішінара
–жеке адамның немесе адамдар тобының
құқықтық мәдениетін көтерудегі
мақсатты бағыт алуы.
Жалпы
құқықтық сауаттылықты көтерудегі
басты мәселе – тек қоршаған ортаға ғана емес,
заңға да құрметпен қарау деп түсінген абзал [3]. Азаматтардың заңды
құрметтеуі, ондағы заңға қайшы
әрекеттер үшін берілетін жазаларды ескеруі қоғамда қылмысты болдырмаудың
алғы шарты болар ма еді?
Сонымен жоғарыда айтып өткендей, заңға құрметпен
қарайтын, дұрыс ойлайтын қоғам құру
үшін баланы жас кезінен тәрбиелеу басты міндет. Ол үшін білім ордасы
баланың білім алуы мен қажетті бағытта дамуына барынша ықпал жасауы керек. Бұл өз
тарапынан өскелең ұрпақтың болашақта өз таңдауын жасап,
өз іс-әрекетіне ғана емес, өзі өмір сүріп
отырған қоғамдық ортаға да оң әсерін
бере алады. Сондықтан да құқықтық
тәрбиенің басты мақсаты деп өскелең
ұрпақтың бойында құқықтық
жауапкершілік пен адами қасиетті қалыптастыру басты міндет деп
білуіміз керек.
Құқықтық
сауаттылықты қалыптастыру үрдісі төмендегідей белгілі бір, нақтыланған
әдіс-тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылуы тиіс.
Сендіру әдісі –оқушының
білім деңгейінің көтерілуіне, өз бойындағы
құндылықтарының қалыптасуына, айқындалуына
әсер етеді;
Жаттығу әдісі –оқушыларға
белгілі бір міндеттер жүктеу. Міндеттерді орындау барысында жауапкершіліктің
не екендігін түсінеді. Жауапкершілік
– құқықтық сауаттылықтың
қайнары;
Ынталандыру әдісі –оқушыға талап
қою. Көздеген нәтижеге жету мақсатында талап
қойылғаны жөн. Әрине, нәтижеге жеткен
жағдайда ол балаға талаптың
мәні түсіндірілуі қажет. «Тәртіпсіз – ел болмас,
тәртіпке бас иген құл болмас» принципі.
Қазіргі ақпараттық технологияның
дамыған заманында жас ұрпақты қызықтыру
оңай шаруа емес. Алайда атаның қаны, ананың
сүтімен дарыған кез - келген адамның бойындағы
адамгершілік, рухани құндылықтарды оятудың жолдары
жоқ емес.
Осыған
орай, азаматтардың құқықтық сауаттылығын
арттыру және қарапайым халық арасында
құқықтық көзқарасты
қалыптастыру бағытында төмендегідей жұмыстарды жандандыра отырып баса назар аударылуы қажет:
—
халық арасында интернет-ресурстарды қоса отырып, соңғы
өзгерістер енген құқықтық ақпараттар
туралы ақысыз сайттарды, тегін ақпарат беруді көбейту;
—
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
құқықтық насихаттың сапасын арттыру мен
көлемін кеңейту;
— орта
мектеп және жоғарғы оқу орындары жанынан арнайы құқықтық
сауат
ашу курстары мен жеке тұлғаны интеллектуалды дамыту барысында
орталықтар мен клубтар
ашу;
Әрбір адам өз
құқықтарын жете
біліп, жалпы заң білімі саласынан хабардар
болғаны дұрыс. Сонымен
қатар қоғамда болып жатқан әрекеттердің
заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін
сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен
тікелей байланыстылығын аңғартады. Заңды аттамай, тура
жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана
мұратына жетеді.Олай болса, қаланған
құқықтық
білімнің негізін кемелдендіре отырып, ізгілікті
қоғам
қалыптастыруда
әрбір азамат сүбелі үлес
қосуы керек.
Атақты
ғалым С.Зиманов: «Бір кездері ежелгі қазақ
даласындағы ұрпақтар мұрасы болып табылатын
заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры»
қайтадан біздің тарихымыздың алтын бетіне айналуда және
болашақта жалпы өркениеттік мұрасына да айналар деген
үміт бар» деген екен. Олай болса,
азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен
құқықтық қарым-қатынасын арттыру арқылы жауапкершілік жүктейтін құқықтық
жүйені қалыптастыру біз
үшін басты міндет.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жолдауы. 2014 жылғы 17
қаңтар
2.
Қ. Ғабдуллина. Құқық
социологиясы. Алматы. 2004. 103-бет
3.
А.А.Кваша.Правовые установки граждан автореферат.
Электрондық ресурс. Сілтеме: http://www.dslib.net/teoria-prava/pravovye-ustanovki-grazhdan.html