Рысқалиева
Ә.С.
№34 «Балбұлақ» бөбекжай МКҚК
Орал қаласы, БҚО,
Кішкентай
математиктер
(ортаңғы
топ балаларымен ұйымдастырылған ашық оқу
іс-әрекеті)
Білім беру саласы: «Таным»
Ұймдастырылған оқу
іс-әрекеті:
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «Кішкентай математиктер»
Мақсаты:
*Балаларды
жіктеу, орналастыру сияқты логикалық амалдарды ғана емес,
Ойнату
пайымдауды қажет ететін логикалық тапсырмаларды орындату: заттарды
әртүрлі белгілері бойынша салыстыру дағдыларын жетілдіру.
*1-5
сандарының орналасуын затпен санның санау тәртібі туралы
санаған кезде бірде бір затты қалдырып кетуге, немесе бір затты
екірет санауға болмайтынын түсіндіру.
*Логикалық
ойлауларын және зейіндерін дамыту: Балалардың зейінін
кеңестікте ойлау қаблетімен, есте сақтау қаблеттерін
дамыту.
Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ
жауап.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Домино ойынын ойнату.
Қолданылатын көрнекіліктер: Домино,үлестірмелі
материалдар,қыстырғыш,
Билингвалдық компонент: Бір-один, Бір-one; Екі-два, Екі-
two; Үш-три, Үш-three
Төрт-четыре, Төрт – four, Бес-пять, Бес-five.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
-Балалар шеңберге тұрайық
достарымызбен
қол ұстасайық!
Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір
–бірімізге тілегімізді айтайық! Бір- бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! Қол
алысып, қәне біз, Достасайық
бәріміз. Айтарым
бар сендерге, Тез
тұрыңдар шеңберге. Қандай
жақсы бір тұру, Достарменен
бір жүру. -Тәрбиеші:
Балалар, сендер бір топта тәрбиеленесіңдер, бәріңіз
бірге ойнап, бірге сабақ оқисыңдар. Бұрын
біздің топта болған достарыңды ұмытқан
жоқсыңдар ма? Олай
болса,достарыңды атаңдаршы? |
Балалар
шеңберге тұрып бір- біріне қарап күлімдейді. -Балалар
тәрбиешімен бірге қайталайды. -Ұмытқан
жоқпыз. -
Дана,Жанель,Айназ, Шыңғыс,
Ерназар |
|
Ұйымдас- тырушылық ізденістік
|
-Ия, олар
да сендерді ұмытпаған. Солардың бірі Айназ сендермен
хабарласып отыр. Ендеше, Айназды тыңдайық.? Видеоролик
көрсетіледі. Айназ көрінеді. -Cәлем
достар! Қалдерің қалай? Менің де қалым
жақсы. Достар мен сендерден көмек сұраймын. Маған
тапсырмаларды орындауға көмектесіңдерші.?Әсел
Серікқызы арқылы, сендерге тапсырма жіберіп отырмын.- Балалар сендерден тапсырмаларды
орындауға Айназ көмек
сұрайды . Сендер
көмектесуге дайынсыңдар ма? Ендеше екі
топқа бөлініп сайыс түрінде Айназдың тапсырмасын
орындайық. 1 тапсырма «Ойлан тап!» Екі
топтың балалары бір-біріне
логикалық тапсырма береді . «Алғырлар»: Бұлбұл
әсем жырлайды Ел
жұрт етіп тыңдайды, 2-ге 2-ні қосқанда Нешеу
болып сайрайды? «Білгірлер»: Бес
алманың екеуін, Досың
сұрап алады. Айтшы
сонда нешеуі Өз
қолыңда қалады. «Уақытты
бағдарлау» 1)Ұйқымыздан
тұрамыз, Беті
қолды жуамыз. Әжемізге
ереміз, Бақшамызға
келеміз. Бұл
қай кезде болады? 2)Біз
тәртіпті боламыз, Сабақты
да оқимыз. Серуеге
шығамыз, Қыдырамыз. Бұл
қай мезгілде болады? 2 тапсырма «Біз санайық!» Мақсаты:
5-ке дейін
санау қабілетін күшейту; реттік санау дағдысын
қалыптастыру. Шарты: -Балалар
алдарындағы карточкадағы 5-аю,4-түлкі,3-қоян,2-мысық,1-тышқан аңдарды
санап сол тұсқа сонша қыстырғыш қыстыру
қажет. -Балалар
тақтаға қарап 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санау. -Балалар
енді үшінші тапсырмамыз Лобиринт «Тышқан ірімшікке қалай жетеді» Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қаблеттерін арттыру. Шарты: -Балалар
алдарындағы карточканы сызық арқылы тышқанды ірімшікке жеткізеді. -Балалар
енді үшінші тапсырмамыз Домино «Көкөністер
мен жемістер» Мақсаты: Домино
ойынында реттілікті сақтай білуге тәрбиелеу. Шарты: -
Көкөністер мен жемістерді ажыратып, суреттер арқылы ретімен
орналастыру. Видеоролик
көрсетіледі. Айназ балаларға
рақметін айтып, балалармен қоштасады. Били |
-Жарайды, тыңдайық. Видеороликті тамашалайды. -
Көмектесуге
дайынбыз! Балалар
екі топқа бөлінеді. Бірінші топ «Алғырлар», екінші топ
«Білгірлер». - Төртеу болып сайрайды. -Қолымда
үш алма қалады. -Таңертеңгі уақыт. -Күндізгі
уақыт. Аңдарды
санайды. Бір,екі,үш,төрт,бес. Один,два,три,четыре, пять. Балалар 1-ден 5-ке дейін кері
және тура санайды. -Балалар
сызық арқылы тышқанды ірімшікке жеткізеді. -Балалар доминоны
сурет арқылы ретімен орналастырады. Балалар
Айназбен қоштасады. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
-Балалар бүгінгі
оқу іс -әрекеті сендерге ұнады ма? -Сендерден
тапсырмаларды орындауға кім көмек сұрады? Сендерге
қандай тапсырмаларды орындаған қызықты болды? -Балалар
мен сендердің орындаған тапсырмаларыңды Айназға
электронды почта арқылы жіберемін. Іс
–әрекет соңында балаларды мадақтау. |
-ұнады. -Айназ
көмек сұрады. Домино,
лабиринт Сандарды
тура, кері санаған |
Күтілетін тәтиже:
Нені біледі: 1-5-ке дейінгі сандар цифрларды,реттік
санауды.
Қандай түсініктерді игереді: логикалық тапсырмаларды шешу
кезіндегі талдау туралы түсініктерді;
Меңгерген дағдыларымен іскерліктер: Домино ойынын ойнап меңгерді.