Мектеп жасына дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру
Абуова Б.Ж., Аманкелді М., Зоржанова Г.
Егеменді еліміз өзінің қоғамдағы саяси,
әлеуметтік-экономикалық, мәдени - білім парадигмасы
жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Білім беру
жүйесіндегі болып жатқан реформа жаңа ұлттық
модельдегі білімді құрумен және оқу-тәрбие
процесінің педагогикалық теориясы мен практикасында елеулі өзгерістермен
ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасының «Мектепке дейінгі білім
беру» стандартының осы кезеңге дейінгі қалыптасқан
отандық және халықаралық тәжірибені
сәйкестендіре отырып, мектепке дейінгі балалардың
тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жобасы жасалды.
Мектепке дейінгі баланың өзіне тән ерекшеліктерін
ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін
дамыту ортасын құратын үздіксіз білім берудің
бастапқы деңгейінде әрекеттің өзіндік
түрлерін, баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп
жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуі тиіс екендігі
көрсетілген.
Осы аталған міндеттер мектепке дейінгі балалардың сенсорлық
тәрбие берудің деңгейіне тікелей байланысты. Мектепке дейінгі
балалардың танымдық әрекеті, сенсорлық
тәрбиесінің психологиялық құрылымы,
қалыптасу сатылары мен заңдылықтары Л.С.Выготский,
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, С.Л.Рубинштейн, М.Мұқанов, А.Темірбеков,
Қ.Жарықбаев, Х.Т.Шерязданова т.б. еңбектерінде
анықталған.
Мектепке дейінгі педагогика ғылымында танымдық
әрекетті сенсорлық тәрбиемен байланыстыра зерттеген
Е.Тихеева, М.Монтессори, В.С.Ветлугина және т.б.
Қазақстанда мектепке дейінгі педагогика ғылымында
Н.Қ.Құлжанова, А.К.Меңжанова, Б.Баймұратова,
М.С.Сәтімбекова, Қ.А.Аймағамбетова, Г.Меңлібекова,
Ә.С.Әмірова, Ф.Н.Жұмабекова, Г.М.Метербаева, А.И.Искакова
және т.б. мектепке дейінгі тәрбие салаларының түрлі
бағыттарын зерттеген.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды сенсорлық тәрбие
беру теориясына тоқталсақ, оның алғашқы
қауымдық құрылыс тұсынан бастау алғандығын
байқаймыз. Бұл кезде баланың
заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен
байланыстарын, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала оның түсін түрін,
қасиеттерін біле бастайды.
Баланың сенсорлық
дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар:
Біріншісі - заттар мен құбылыстардың әр
трүрлі қасиеттері жөніндегі түсініктерді
меңгеруі;
Екіншісі - қоршаған ортаны
толықтай және жекелей қабылдауға жаңа
әрекетін игеруі.
Сенсорлық тәрбие -
түйсік пен қабылдаудың бірдей дамуы. Сәбилік
шақтың алғашқы күндерінен бастап-ақ
өзін қоршаған заттардың қасиетін түсініп,
талпыныс пайда болады. Қабылдаудың ерекше қасиеті балалар
жақын адамдарды тани алатындығы. Бөтен адам көрсе
жатырқап жылайды. Ал заттарды қабылдау дағдысы ұмтылу
іс-әрекеттері арқылы жасалады.
Сенсорлық тәрбие
баланың сезім мүшелерінің дамуына, дүниені
түсініп тануына әрекет жасайды.
Сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария
Монтессоридің сенсорлық, тәрбие жүйесінде өз
бейнесін тапқан позициядан принципті айырмашылығы бар позицияны ұстанады, XX ғасырдың басында Монтессори
талдап жасаған сенсорлық тәрбие жүйесі балалардың
түстер мен реңктерді, формалар мен көлемдерді ажырату
дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына
мақсат етіп қояды.
Ол пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі
бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның
өзі балаларға педагогтың қатысуынсыз, өз бетімен
шұғылдануына мүмкіндік береді.
Сенсорлық тәрбиені ойын
арқылы дамыту өте қолайлы. Өйткені ойын - тәрбие
құралы. Ол балалардың дүние танымын дамытудағы
ең тиімді амалдардың бірі. Ойын арқылы балалар
айналасындағы нәрселердің атын, болмысын ғана танып
қоймайды, түр түсін, не үшін керектігін білетін болады.
Ойын - өзінше бір мектеп, сол
арқылы бала дүние туралы түсініктерді игереді. Көптеген
ойындардың мазмұнына әндер, тақпақтар енгізіледі.
Осының бәрі баланың сенсорлық тәрбиесінің
әсерленуіне мүмкіндік береді.
Бала ойын арқылы күш жігерін
жаттықтырып, қоршаған заттар мен
құбылыстардың сырын ұғынып, еңбек
дағдысына үйрене бастайды. Ойын баланы тек дене жағынан
жетілдіретін қимыл-қозғалыс, іс- әрекет қана
емес, оларды ой еңбегіне баулу, түсініктерін дамыту
құралы болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың
ойынын дидактикалық ойыншықтармен, қимылды ойындармен,
құрылыс материалдармен жасайтын әрекеттерін дамытуға
ерекше көңіл бөлу керек. Ол үшін қимылды
ойындарды көп ойнату керек.
Мысалы:
Көбелекті ұстаймыз.
Көбелек
сияқты ұшамыз.
Көбелек
гүлге қонады.
Түрлі-түсті көбелекпен
таныстырамыз. Көбелектің қалай қимыл жасайтынын
көрсетеміз. Балалардың көңіл күйлерін
көтеру арқылы ойын ұйымдастырамыз. Көбелек сияқты
ұшамыз. Екі қолымызды созып, қолдарымызбен қимыл
жасаймыз. Бірнеше рет қалай ұшатынын көрсетеміз.
Балалардың қолдарынан
ұстап қимыл жасатамыз.
Мектеп жасына дейінгі бала көбелектің қалай
қимыл жасайтынын біледі. Сабақты күрделендіре түсеміз.
Келесі сабақта түрі, түсі, құрылысы туралы
ұғымын қалыптастырамыз.
Балаларға мынау -
төртбұрыш, төрт бұрышы бар. Домаламайды.
Төртбұрышты өзіне лайық ойылған ыдысқа
салып көрсету. 3-4 рет қайталау. Балаға салғызу.
Мектеп жасына дейінгі баланы дөңгелекпен
таныстыру. Қабырғасы жоқ, доп домалақ, сондықтан
домалайды, доп сияқты. Оны да
дөңгелеп ойылған ыдысқа салғызу.
Мектеп жасына дейінгі баланың
сенсорлық тәрбиесін дамытудағы істелетін жұмыстар:
Балаларды бірыңғай заттарды
сенсорлық белгілеріне қарай топтауға үйрету.
Балаларға жеті түсті
(қызыл, қоңыр, сары, ақ, көк, жасыл, қара)
форманы дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш
үйрету қажет.
Жарты дөңгелек, жарты алма,
жарты төртбұрыштың екінші жартысын табуға, бірте бірте
кішірейе беретін заттарды жинауға үйрету қажет.
Сенсорлық ерекшелігі әр түрлі іс-әрекетте,
бейнелеу өнерінде, құрастыруда, түрлі
құбылыстарды бақылау кезінде заттардың
қасиеттеріне қалай қолдана білуге үйрету.
Заттармен құбылыстардың
сенсорлық ерекшеліктері мен сапаларын іс- әрекет үстінде
бекіту. Құрылыс материалдарын байланыстыра орналастыру білуге
үйрету.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық
тәрбиесін ең алдымен бала тәрбиеші-педагогтың айтқан сөзін, тапсырманы
түсіну керек. Айтылған тапсырманы, сөзіңді
түсінбей бала ешқашан айтқаныңды істемейді.
Қазіргі таңдағы әр
бір тәрбиеші-педагог сабақтан жеке өзіне бекітілген мектеп
жасына дейінгі балалармен тереңдете жұмыс істесе біздің
балалардың даму қабілетттері өз жас мөлшерімен
сәйкес келеді. Өз
жемісіміздің нәтижесін көру үшін бір топтағы
тәрбиешілер бірдей жұмыс істеуі керек. Мектеп жасына дейінгі бала
сонда ғана білім нәрімен қуаттанып өседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
2. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика Астана 2008 ж.
3. Білім және ғылым. Энциклопедиялық сөздік .- Алматы,
2009ж.
4.
Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. А., 2002ж.
5.
М.Г.Сорокова.Система
М.Монтессори теория и практика. Москва: издательский центр «Академия», 2013.