Ж.К.Аубакирова пс.ғ.к., доцент «Тұран-Астана» университеті

Н. О. Қожықова «Психология» мамандығының студенті, «Тұран-Астана» университеті

А.А.Толежанова «Педагогика және психология» мамандығының магистранты, «Тұран-Астана» университеті

 

Жасөспірімдердің  «Мен-тұжырымдамасының»  педагогикалық-        психологиялық негізі

 

«Мен-тұжырымдамасы» ұғымы (ағылш. «self-conception», өзі туралы тұжырымдама). «Мен-тұжырымдамасы» - бұл индивидтің өзінікі немесе өзі жайлы ойлары, оған тән өзін-өзі тәрбиелеу жолы. Өзіне немесе өзінің жеке қасиеттеріне байланысты қатынасын өзін-өзі бағалау немесе өзін-өзі қабылдау деп атайды. «Мен-тұжырымдамасы» тек тұлғаның өзі жайлы елестетулерін ғана анықтамайды, сонымен қатар ол өзі жайлы не ойлайды, болашақтағы даму мүмкіндіктері және жаңа бастамаларына қалай қарайтындығы жөнінде [1].

«Мен – тұжырымдамасы» түсінігін 20 ғасыр соңында американдық философ және психолог У.Джеймс енгізген. Көрнекті психолог, гуманистік бағыттың өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс және жаңа психоаналитикалық дәуірдің гуманисі Э.Эриксонның еңбектері арқылы  «Мен – тұжырымдамасы»  теория түрінде және қолданбалы дамыды [2].

         Кеңестік психологияда «Мен – тұжырымдамасының» мәселесімен Б.Г.Ананьев, И.С.Кон, Д.А.Леонтьев, В.В.Столин, А.А.Реан айналысты.

С.Л. Рубинштейн пікірінше тұлғаны психологиялық зерттеу мәселесі тұлғаның психикалық ерекшелігін – оның қабілеттіліктерін, темпераменті мен мінезін зерттеумен ғана емес, ол тұлғаның өзіндік сана-сезімін ашып көрсетумен аяқталады [3].

XX ғасырдың басында социолог Кули «Айналық Мен» теориясын жасады, адамның өзін-өзі елестетулерімен байланысты, «Мен идеясы», айналадағылардың пікірінің әсеріне салынып және 3 компонентті құрайды:   басқа адамға мен қалай көрінемін, ол адам мені қалай бағалайды деген елестетулер, және осыған байланысты өзін-өзі бағалау,   мақтаныш және кемсіту сезімі.

К. Роджерс, өзіндік сана-сезім жайлы, «Мен-тұжырымдаманы» индивидтің санасында бар өзіндік фигура мен фон және «өзіндік Менді», сондай-ақ ол түсе алатын қарым-қатынасты, сонымен қатар өткеніндегі, қазіргісіндегі, болашақтағы «Меніне» қатынасымен және түсінетін сапалық қасиеттерімен байланысты позитивті және негативті құндылықтарды қосатын күрделі құрылымдық бейне деп түсіндіреді. «Мен-тұжырымдамасы» өзіне «Шынайы» және «Идеалды Менді» қосады [4].

Тұлғаның дамуын  өзін-өзі жандандыру теориясында А. Маслоу, басынан бастап темперамент, мінез, интеллектке қатынасында өзінің тұқым қуалаушылық және генетикалық бейімділігін жандандыру ұмтылысымен байланысты ішкі процесс ретінде түсіндіреді.  Маслоу өзін-өзі жандандыруды немесе өзін-өзі танытуды маңызды адами қажеттіліктің бірі деп атап көрсетеді [5].

         Э.Эриксонның пікірінше, даму кезеңінің дәл сол қоғамға лайық тұлғадан күтетін бір үміті бар. Жеке тұлға үмітін ақтауы да, ақтамауы да мүмкін, сонда ол қоғамға сіңіп кетеді немесе қабылданбайды. Эриксон бойынша әр кезеңде лайықты мәселелердің шешілуі тұлғаның психомоторлық даму деңгейіне  байланысты, сондай-ақ тіршілік етіп жатқан қоғамдағы  рухани атмосфераға да байланысты. Эриксонның осы ойлары оның тұжырымын түсіндіретін екі маңызды түсініктің негізі, ол «топтық ұқсастық» және «эго-ұқсастық» түсініктері болып табылады. Өмірінің бірінші күнінен бастап баланың тәрбиесі көзделген әлеуметтік бір топқа енгізуге бағытталған, міне, осы бағыттың арқасында топтық ұқсастық қалыптасады.  Эго – ұқсастық, топтық ұқсастықпен бірдей қатарласып қалыптасады және де субъектінің тұрақтылық сезімін тудырады. Адамның өсуіне, дамуына байланысты  өзгерістерге қарамастан өзінің «Мен» деген сезімі үздіксіз тұрақтанады. Тұлға тұтастығының, яғни эго-ұқсастықтың қалыптасуы оның бүкіл өміріне созылады, және бірнеше кезеңнен өтеді [2].

          «Мен-тұжырымдамасы» адамдар арасындағы қызметтің алмасуы кезінде туындайды, субъект басқа адамның айнасы ретінде көрінеді және осылайша өзінің Мен образын талқылайды, нақтылайды және түзетеді.

          «Мен-тұжырымдамасының» құрылымы

Өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі бағалаудың пәні болып оның денесі, қабілеттері, әлеуметтік қатынастары және көптеген басқа жекелік өзін-өзі көрсетулері болуы мүмкін. «Мен-тұжырымдамасының» негізінде адам басқалармен және өз-өзімен өзара байланыс құрады.

«Мен-тұжырымдамасы» адамның дамуы барысыда үш процесстің жиынтығы ретінде туындайды: өзін-өзі қабылдау (өзінің эмоцияларын, сезімдерін, түйсінулерін, елестетулерін және т.б.), өзін-өзі бақылау (сырт келбетін, іс-әрекетін) және өзіндік талдау (өз ойларын, әрекеттерін, басқа адамдармен өзара қарым-қатынас және олармен салыстыру)

         Мен  құрылымының біркелкі еместігін алғышқы ажыратқандардың бірі Уильям Джеймс  болды. Ол  процесс және нәтиже қалай ажыратылатын болса, рефлексивті (познающее) және эмпирикалық (познаваемое) «Менді»  солай ажыратуды ұсынды [6].

 «Мен-тұжырымдамасы» өзіне төмендегідей компоненттерді кірістіреді:

Когнитивті – өзінің сапалары, қабілеттері, сырт келбеті, қоғамдағы орны және т.б. бейнелері

Эмоционалды – өзін-өзі сыйлау, өзін жақсы көру, өзін-өзі төмендету және т.б.

Ерікті- бағалық – өзіндік бағалауын көтеруге ұмтылу, құрметке ие болу [7].

«Мен-тұжырымдамасы» – қоғамдық өзара байланыстың алғышарты және салдары, қоғамдық тәжірибемен анықталады. Оның құрамына кіреді:

1) физиқалық мен – өзіндік денесінің схемасы;

2) шынайы мен – осы шақтағы өзі туралы түсінік ;

3) динамикалық мен – субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті ;

4) әлеуметтік мен – әлеуметтік интеграция сферасымен байланысты: жыныстық, этникалық, азаматтық, рөлдік және т.б.;

5) экзистенциалды мен – өлім мен өмір аспектісінде өзін бағалауы;

6) идеалды мен – өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі;

7) фантастикалық мен – егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы [8].

Жасөспірімдік кезеңнің маңызды психологиялық үдерісі – өзіндік сана-сезімнің және өзіндік «Менінің», өз тұлғасының тұрақты образының  қалыптасуы. Өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы бірнеше бағытта жүзеге асады:

1) өзінің ішкі әлемін ашу; 
2) уақыттың қайтымсыздығы туралы түсініктің пайда болуы, өзінің тіршілігінің шектеулілігін түсіну. Дәл сол өлімнен қашып құтыла алмайтынын түсіну адамды шынымен өмірдің мәні жайлы, болашағы, мақсаттары мен перспективалары жайлы ойлануға мәжбүрлейді.
3) өзі, өзіне қатынасы жайлы біртұтас елестеулер қалыптасады, алдымен өзінің денесі, сырт келбеті, тартымдылығы сезіледі және бағаланады, содан кейін ғана моралды – психологиялық жағы ескеріледі.
4) сексуалды сезімталдыққа  қатынас қалыптасып және сезіле бастайды. Жасөспірімдік сексуалдылық ересек адамның сексуалдылығынан басқаша болады.  Ішкі түсіністік пен сексуалдық тілекке деген қажеттілік көп жағдайда сай келмейді және әр түрлі объектілерге бағытталған болуы мүмкін .

         Жасөспірім өз санасында құрастыратын «Мен» образдары әр түрлі – олар оның барлық өмір байлығын бейнелейді. Физикалық «Мен» өзінің сыртқы сүйкімділігі туралы, өзінің ақылы туралы әр түрлі саладағы қабілеттері туралы, мінез күші, қарым-қатынасшылдығы, мейірімділігі және басқа да қасиеттері туралы көзқарастары бір-бірімен қосылып, «Мен-тұжырымдамасының» үлкен негізін – шынайы «Менді» қалыптастырады.

Өзін, өзінің әртүрлі қасиеттерін тану «Мен-тұжырымдамасының» когнитивтік компонентін құруға әкеледі. Онымен тағы екеуі байланысты – бағалауыш және жүріс-тұрыстық. Жасөспірім үшін ол шынында қандай екендігін білу ғана емес, сонымен қатар оның индивидуалды ерекшеліктері қаншалықты маңызды екендігін білу де өте маңызды.

         Жасөспірімнің «Мен-тұжырымдамасына» әлем туралы және өзі жайында, ересек адамның ішкі ұстанымы өзін қалыптастырудағы ұғымы бір мағыналық жүйе сияқты өзін-өзі анықтауға кіреді. Бұл ішкі ұстанымдар жасөспірім өзінің бұрынғы өткен тәжірибесі негізінде өзінің мүмкіндіктерін, өзінің ерте жаста пайда болған қажеттіліктеріне қатысты өмірде, нақ осы өмірде қандай жағдайда немен айналысқысы келетіні кіреді. Мұндай ішкі ұстаным жасөспірімнің «Мен-тұжырымдамасын» жаңадан қалыптастырады, оның іс-әрекетке деген қоршаған ортаға қарым-қатынасы себепші болып, қоғамда болашақ орнын қалауға, өмірлік жоспарын немесе өмірлік бағдарламасын құрады.

Жасөспірім жасының соңында жастықпен шекарасында өзі туралы көрініс тұрақталанып, «Мен-тұжырымдамасының»  тұтас жүйесін қалыптастырады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Бернс, Р. Я-концепция и воспитание / Р.Бернс. - М.: Прогресс, 1986. - 424 с. - ISBN: 978-5-01-000123-1.

2.     Бапаева М.Қ. Даму психологиясы. - Алматы,2014

3.     Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. 1973

4.     Роджерс, К. Взгляд на психотерапию / К.Роджерс. - М.: Эксмо-Пресс, 2001. - 416 с. - ISBN: 5-04-008274-6.

5.     Маслоу A., Toward a psychology of being, New York, Van Nostrand, 1968, р. 71.

6.     Джеймс У. « Психология», М., 1991

7.     Петровский А. В., Ярошевский М. Г. Психология – 2009

8.     Головин С. Ю.  Словарь практического психолога. — М.: АСТ,  1998

 

Аннотация

В данной статье рассматривается педагогически - психологическая основа «Я-концепции» юношей. По работам ученых, как А.Маслоу, К.Роджерс, Э.Эриксон, И.С.Кон, С.Л. Рубинштейн был проведен теоретический анализ. Также было дано определение  «Я-концепции» и основные особенности юношеского возраста.

Аnnotation

This article examines the pedagogical - psychological basis of " self-concept " youth . In the works of scholars such as Maslow , K.Rodzhers , E.Erikson , Kon , S.L Rubinstein theoretical analysis was conducted . Also, the definition of " self-concept " and the main features of adolescence was given .