Садвакасова
Мира Газизовна, магистрант Университета «Туран-Астана», г. Астана, Республика
Казахстан
Aкмеологиялық амал -
магистрлер дайындаудың әдіснамалық негізі ретінде
Қазақстан Республикасы нарық жағдайындағы адам
капиталын қажет ететін қоғамның жаңа сапасына
енді. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі
өзгерістер білім беру саласына әсерін тигізбей
қойматындығы белгілі. Бұл мамандар дайындаудың
жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жүзеге асыруды талап
етеді. Мамандардың жоғары кәсібилігі және
шығармашылық шеберлігі – ғаламдық дағдарыс
мәселелерін тиімді шешімінің факторы болып анықталатын адами
ресурстардың ең маңыздысы.
Tеория-ғылыми
танымның әсер етуші күші. Философиялық
энциклопедиялық сөздікте әдіснама (грек сөзінен
methodos – зерттеу жолы, таным, ілім, білім; logos – сөз, түсінік)
қағидалар жүйесі және тәжірибелік теориялық
іс-әрекетті ұйымдастыру және құру
тәсілдері, ғылыми таным әдістері туралы оқу;
қандай да бір ғылымда қолданатын әдістердің
жиынтығы дегенді білдіреді делінген [1]. Әдіснаманың негізіне
белгілі бір білімдер (ұғымдар, заңдылықтар)
жүйесі жатады.
Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде
жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты.
Ғылыми әдіснама дұрыс құрылған
теорияға негізделсе, зерттеу барысында қателіктер болмауы тиіс.
Жалпы алғанда, әдіснама танудың елеулі қызметін
атқарады, оның ішінде белгілі білім саласының дамуының,
әсіресе, әлеуметтік ғылымдардың әртүрлі
саласына қатысы қызметін атқарады. Оның бұл
қызметтерін жүйе ұйымдастырушылық,
түсіндірме-бағалаушылық, жобалаушылық ретінде
анықтауға болады.
Педагогика ғылымының әдіснамасының атқаратын
қызметтері төмендегілер:
- гносеологиялық (танымдық) қызмет – бұл
қызметтің жүзеге асуы педагогикалық
құбылыстар мен пәндерде
(не бар?) екеніне сипаттама береді, (неге олай?) екенін
түсіндіреді; (не болатынын?) болжайды.
- праксеологиялық (өзгертушілік) қызмет –
педагогикалық практикаға білімдік мақсаттарға
жетудің жолдарын, құралдарын, технологиялары мен
әдістерін сипаттап тәжірибеге ендіруді қамтамасыз етеді.
Праксеологиялық қызметті жүзеге асыру педагогика
ғылымының қолданбалылығын, практикалық
құндылығын айқындайды.
- аксиологиялық қызмет
немесе педагогика ғылымына сыни көзқарасты дамыту. Бұл
қызметтің жүзеге асуы педагогикалық
үлгілердің, өзгерістердің, жаңашылдықтардың
бағасын беретін өлшемдер мен көрсеткіштер әзірлеуге
ықпал етеді.
- рефлексивтік қызмет – педагогика ғылымының
нәтижелерін талдап,
мағынасын ұғынуға, зерттеу әдістері
жүйесін жетілдіруге бағытталған, яғни рефлексивтік қызмет педагогика
ғылымының өзін зерттеуге бағытталған деуге
болады.
- нормативтік ұсыныс қызметі – «ненің қалай
болатынын» көрсетсе;
- эвристикалық (шығармашылық) қызмет – педагогика
ғылымының қызметтерінің іске асуы барысында
теориялық және практикалық міндеттердің қойылуы
мен таңдалуы мәселесін қарастырады.
«Aкмеология» ғылыми термині
өткен ғасырдың 20-шы жылдары ақыл-ой және
әлеуметтік ізденіс, эвриология (П.Энгельмейер), эргонология (В.Н.Мясищев), рефлексология
(В.М.Бехтерев) ғылыми
бағыттарының пайда болуы барысында айқындалды. 1928 ж. Н.А. Рыбников акмеология
ұғымын ересек адамдардың дамуы туралы ғылым ретінде
енгізсе, ал XX ғасырдың ортасында белгілі ресейлік психолог
Б.Г. Ананьев ғылым жүйесіндегі акмеологияның орнын анықтады,
ересек адамның акме - дамуын
азаматтық, қоғамдық-саяси,
кәсіптік-еңбек сапалары негізінде қарастырды. XX
ғасырдың 70-жылдары. Б.Г. Ананьев Е.И. Степанова,
H.Н. Обозовтар акмеологияны жасампаз іс-әрекетті жетілдіру аясында
қарастыруды ұсынды .
Aкмеология кәсіби дамуды оңтайландыру
жолдарын зерделейді, өзін-өзі барынша толық жүзеге асырудың,
кәсібиліктің шыңына жетудің тәсілдерін белсендіре
отырып адамды өзін-өзі
кәсіптік дамытудың субъектісі ретінде ынталандырудың тәсілдерін жасайды.
Aкмеология ғылым ретінде психология мен педагогикада жоқ
ұғымдар жүйесін құрайды. Ол
ұғымдарға келесілер жатады: есеюшілік, кәсіптік
іс-әрекет, шеберліктің шыңы, кәсібилік». А.А.Деркачтың пікірінше, «Акмеология –
бұл адамның шығармашылық әлеуетінің
шыңына қол жеткізудің заңдылықтарын, жолдарын,
тәсілдерін, шарттарын және есею кезеңінде іс-әрекет
барысында оның өзін-өзі жетілдіруінің амалдарын
зерттейтін кіріктірілген ғылым». «Aкмеология
– бұл адам туралы ғылымдар жүйесіндегі ғылыми
білімнің және адамның кәсібиліктің шынына
жетудің жаңа саласы».
Aкмеологиялық
амал әдіснамалық қағидалармен қоса зерттелген
нысанға қатысты көзқарастарға, сондай-ақ
зерттеудің акмеологиялық әдістерін қолдану мен
тәжірибелік міндеттерді шешуге негізделеді. Cондықтан оған
сүйену арқылы сапасы жағынан жаңа ғылыми
нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл нәтижелер
психологиялық зерттеулердің нәтижелерінен өзгешелеу
болады. Осы айырмашылықтарға ерекше назар аударған жөн,
өйткені олар акмеологиялық білімнің өзгешелігі мен
акмеологиялық зерттеудің ерекшеліктерін тереңірек
түсінуге мүмкіндік береді. Ең алдымен, зерттеу нысанына
қатысты көзқарасқа және нысанның
өзіне айрықша назар аударамыз. Мұны жеке
тұлғаның дамуы мәселесін қарастырудың
акмеологиялық және психологиялық амалдарына салыстырмалы
талдау жасау арқылы көрсетейік.
Психология
ғылымында ұзақ
уақыт бойы жеке тұлғаның дамуы бұл – жеке
адамның әлеуметтенуі мен тәрбиесі нәтижесінде
оның әлеуметтік қасиеті ретінде қалыптасу үрдісі
деп есептелген. Мұндай дамудың ішкі күші өсіп келе
жатқан қажеттіліктер мен оларды қанағаттандырудың
шынайы мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық
делінген. Жеке тұлғаның дамуы осы түсінік аясында жалпы
түрде адамның жаңа әлеуметтік ортаға кіруі
және онымен бірігу үрдісі ретінде қарастырылады. Бұл
үрдістің үш негізгі сатысы бар:
- бейімделу сатысы (қолданыстағы
құндылықтар мен ережелерді игеру, іс-әрекеттің
сәйкес құралдары мен тәсілдерін меңгеру дегенді
білдіреді);
- даралану сатысы («барлығы сияқты» болу
қажеттілігі мен басқалардан өзгеше болуға ұмтылу
арасындағы қарам-қайшылықтың пайда болуы);
- бірігу сатысы (өз ерекшеліктері мен
айырмашылықтары арқылы көріну және
қоғамның жеке адамды қабылдау қажеттілігі
арасындағы байланыс ретінде).
Дегенмен
акмеология дамыған сайын акмеологиялық және
психологиялық көзқарастардың жақындай
түскені байқалады. Осындай жақындай түсудің
кезеңдерін А.К. Маркова төмендегіше сипаттаған еді :
-
құрамдас бөлшекті амал
тұрғысынан біртұтас жүйелі-құрылымдық
амалға қарай;
-
жүйелі-құрылымдықтан
генетикалық, тарихи және серпіндіге қарай;
-
технологиялықтан антропологиялық
орталыққа қарай;
-
шектеулі іс-әрекеттіктен субъектілікке
қарай;
-
қатаң ережеліден
дараланған, ықтималға қарай;
-
антропоорталықтан гуманистікке
қарай;
-
гуманистіктен акмеологиялыққа
қарай.
Oсылайша,
есейген жеке тұлғаның дамуын зерттеуде психология мен
акмеологияда ортақ және өзгеше көзқарастар бар.
Бұл айырмашылықтар акмеологиялық білімнің және
ғылым ретінде акмеологияның өзгешелігі мен өз алдына
дербестігін сипаттайды.
Қорыта
айтқанда, магистратура жағдайында болашақ мамандарды
дайындаудың акмеологиялық
негіздері осы үдерісті акмеологиялық әдіс-тәсілдер
тұрғысынан қарастыруды көздейді. Акмеология әдіснамалық тұрғыдан іргелі-қолданбалы сипаттағы
кешенді ғылым ретінде анықталады. Oның іргелілігі басқа
ғылымдарда қарастырылмайтын шынайылық
заңдылықтарын танып білумен нақтыланады. Акмеологияның
қолданбалы сипаты практикаға бағдарланған
акмеологиялық технологияларда көрініс береді.
Aкмеология –
адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптік
шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен
заңдылықтарды зерттейтін ғылым; жаратылыстану,
қоғамдық және гуманитарлық пәндер
тоғысында пайда болған, белгілі бір іс-әрекет саласында
адамның жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде
ғылым. Кемелденуді
өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету,
өзін-өзі басқару құралдары арқылы
өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік деп қарастырады. Жеке
тұлғаның дамуын зерттеуде психология мен акмеологияда
ортақ және өзгеше көзқарастар бар. Бұл
айырмашылықтар акмеологиялық білімнің және ғылым
ретінде акмеологияның өзгешелігі мен өз алдына дербестігін
сипаттайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1 Деркач
А.А. Акмеология. – М.: РАГС, 2004. – 681 с.
2 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –
Алматы: Ғылым, 2000. - Т. 5.– Б. 73.
3 Ананьев Б.Г. Избр. псих. труды. -
М.: Педагогика, 1980. - Т. 1. – 230 с.
4
Крутецкий В.А. Психология. - М.:
Просвещение, 1992. - 252 с.
5 . Нұрғалиева Г.Қ.,
Құсайынов А.Қ., Мусин Қ. Салыстырмалы педагогика:
оқулық. – Алматы: Рауан, 1999. – 173 б.
6
Марга А. Университетская
реформа в Европе: некоторые эстетические соображения // Высшее образование в
Европе. - 2004. – Т. 29, №4. – С. 5-10.
7 .Сабирова Д.Р. Оценка качества послевузовского
педагогического образования в Великобритании. Научные исследования: информация,
анализ, прогноз.– Воронеж: Воронежский госпедуниверситет, 2006. - Книга 9. – С.
47-58.
8 . Лаврентьева О.Г. Университеты Франции в
европейском образовательном пространтсве. Высшее гуманитарное образование 21
века: проблемы и перспективы. - Самара,
2007. – С. 194-197.
9 .Universites le palmares.Le Nouvel Observater6
13 mars 2003; Enquete: Les universities frangaises au scanner / пер.
О.Лаврентьевой // Vie universitaire. – 2003, mars. - №596.