Ж.Т.Баймағанбетова пед.ғ.к., аға оқытушы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті.
Ф. Төрехожаева, 2 курс магистранты
білім берудің негізі -
бұқаралық ақпарат құралдары
Қазіргі
кездегі әлемдік бірлестіктерді интеграциялауда бірнеше стратегиялық
қадамдар жасалды. Саяси, экономикалық, мәдени
жүйенің өзгеруі әсерінен Қазақстанның
нарықтық экономика жағдайында демократиялық жолмен
дамуы білім моделіне де келелі өзгертулер енгізді.
Осыған орай, қазіргі кезде
жасалып жатқан реформалар, қоғамның әлеуметтік-экономикалық,
саяси бағыттардағы өрлеулер медиабілімді игерген
тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем
етуде.
«Медиабілім беру» түсінігі
1973 жылы ЮНЕСКО мен Кино және телеарнаның халықаралық
кеңесінің ақпарат секторының бірлескен кеңесінде тұжырымдалғанына
қарамастан, ғалымдар әлі де болса осы күрделі
пәнаралық құбылыстың анықтамасын
зерделеуде.
ЮНЕСКО-ның бастамаларына сәйкес, «Медиабілім беру (media
education) астарында педагогикалық теория мен практикада ерекшелік
және автономдық білім беру салаларының бір бөлігі
ретінде қаралатын қазіргі заманғы бұқаралық
ақпарат ақпарат коммуникацияларын меңгеруде теория мен
практика дағдыларына оқыту деп түсіну керек.
Бүгінгі таңда бұл түсінік зерттеу объектісі ретінде
журналистика мен аудитория болып табылатын заманауи жағдайларда
педагогика теориясынан басқа массмедияның ғылыми жағын
да қамтитын медиа білім беру жүйесіндегі проблеманың тек бір
бөлшегін ғана білдіреді.
Медиа білім беру – адамгершілік мұрағат пен
құндылықтар негізінде бұқаралық
ақпарат құралдары мен мәдени қарым-қатынасы
бар жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған
медиабілім беру қызметі субъектілерінің жүйелі
іс-әрекетінің жиынтығы екенін көреміз [1]. Яғни,
медиабілім беру қызметінің астарында медиабілім беру
міндеттерінің іске асырылуын қамтамасыз ететін
медиапедагогтардың, сондай-ақ журналистердің
медиабірлестігінің басқа да мүшелерінің мақсатты
іс-әрекеттерін де түсіне білу керек. Тиісінше, медиабілім беру
міндеттері адамды медиа мәтінді сауатты «оқи білуге»,
ақпаратты қабылдай білу дағдысын дамыту,
шығармашылық іс-әрекеттің эстетикалық
талғамы мен мүмкіндіктерін дарыту болып табылады.
Ресейдің медиапедагогика саласы бойынша өзіндік ғылыми
мектебі қалыптасқан А.В. Федоров қашанда заманауи
шындыққа ұласатын ғылымдағы
анықтамаларға сүйенуді ұсынады. Ол медиабілім беруді – тұлғаның медиа,
шығармашылық, қарым-қатынас, толықтай
қабылдау дағдыларын
қалыптастыру, медиа мәтіндерді сараптау және талдау
мақсатында бұқаралық ақпарат байланыс
көмегі арқылы дамыту процесі ретінде қарастырады. Осы процесс нәтижесінде алған
медиа сауаты адамға ақпараттық бағдар телеарна, радио,
бейне, баспа, Интернет мүмкіндіктерін белсенді түрде
қолдануына көмек береді.
Педагогикалық тұрғыдан И.А.Фатееваның медиа білім
беруді зерттеу анықтамасы қатаңырақ деп саналады. Ол
«Медиабілім беру» терминін «массмедианың
болу фактісін тудырған білім беру қажеттігін
қанағаттандыруға арналған барлық мақсатты
және жүйелі іс-әрекеттер» деп түсіндіреді [2].
Я.Н.Засурский және Е.Л.Вартанова болса, ресейлік медиабілім беру үлгісінің аясында «медиабілім беру = БАҚ-тан
қорғау + БАҚ-ты талдауға дайындық +
БАҚ-тың мәні мен функциясын түсіну + медиа
мәдениетке қатысу» түріндегі анықтаманы
ұсынады [3].
«Медиабілім беру» түсінігінің көптеген
тұжырымдамаларынан, сайып келгенде медиа білім беру – бұл
адамгершілік мұрағат пен құндылықтар негізінде
бұқаралық ақпарат құралдарымен мәдени
қарым-қатынасы бар жеке тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған медиабілім беру қызметі субъектілерінің
жүйелі іс-әрекетінің жиынтығы екенін
көреміз.
Бұл орайда, медиабілім беру қызметінің астарында
медиабілім беру міндеттерінің іске асырылуын қамтамасыз ететін
медиапедагогтардың, сондай-ақ журналистердің
медиабірлестігінің басқа да мүшелерінің мақсатты
іс-әрекеттерін де түсіне білу керек.
Тиісінше, медиабілім беру міндеттері адамды медиа мәтінді сауатты
«оқи білуге», ақпаратты қабылдай білу дағдысын дамыту,
шығармашылық іс-әрекеттің эстетикалық
талғамы мен мүмкіндіктерін дарыту болып табылады.
Медиа білім беру
қызметінің субъектілері – бұл медиапедагогтар
мен медиа бірлестіктердің өкілдері. Бұл жерде білім алушылар
немесе БАҚ аудиториясы – бұл медиа қызметінің
адресаттары екендігін нақтылау қажет.
Бұқаралық
ақпарат коммуникациялармен мәдени қарым-қатынас (медиа
мәдениет) – бұл тұлғаның даму, оның медиа саласында
жаңа білімді меңгеру қабілеті, медиа мәтінді
қабылдау, бағалау, сараптау, медиа шығармашылықпен
айналысу деңгейінің көрсеткіші [4].
Медиабілім берудің ғылыми-теориялық бағамы медиа
білім берудегі түрлі теориясын
ұсынады. Бүгінгі
таңда ол онға дейін жеткен. Бұл ретте жаңа
түрінің пайда болуы қолданыстағы түрін
қайталап отырады. «Теория» термині арқылы білім берудің
түрлі салаларындағы медиа білім беру қызметінің түрлерін белгілеу мүмкін емес. Бұл
авторлық түсініспеушіліктер зерттеліп отырған
құбылыстың жаңа болуымен негізделген,
сондай-ақ қазіргі
заманғы медиабілім беруді қалыптастырудың
қиындығы мен аяқталмауына байланысты.
Орыс тілінде медиа білім берудің толық теориясы
А.В.Федоровтың және оның ғылыми мектебінің
өкілдерінің еңбектерінде ұсынылған. Олардың
ішіндегі маңыздысы: практикалық, сыни, идеологиялық,
мәдени, этикалық, эстетикалық, экологиялық,
теологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру.
Педагогикалық үлгідегі құрылымда педагог пен білім
алушы медиа бойынша қарым-қатынаста болады. Олар оны зерттеп, медиа
жөнінде қосымша мәліметтер алып, бағалайды. Медиабілім
беру кезінде мұғалім педагогикалық әсер етудің
элементтерімен қатар интерактивті оқыту әдістерін (жобалау
әдісі, дебат өткізу) қолданады. Білім алушы
өзінің маңызды рөлі яғни білім алушы болып
табылады. Бұл ретте, журналистика, аудитория педагогикалық
үлгіде зерделеу пәні немесе оқыту тәжірибесі ретінде
болады.
Интерактивті үлгі медиабілім алу іс-әрекетіне
қатысушылардың медиалық кеңістікте сатылық
жүйе негізінде қалыптасады. БАҚ-та медиа білім берумен
айналысатын мамандар түрлі медиабілім беру технологиясын пайдалана отырып
өздеріне педагогтардың міндеттерін алады. Бұл ретте,
журналист адресатпен тікелей аудитория өкілі ретінде жұмыс жасайды,
мамандыққа тартады, кәсіби журналистің жекелеген
міндеттерін орындауын қалыптастырады. Бұл жерде «білім алушы»
аудитория болып табылады. «Педагог» және «оқушы» рөлдері
толығымен «журналист» және «аудитория» рөлдерімен
біріктіріледі.
Біздің
пікірімізше, медианы жан-жақты тарату, жаңа ақпараттық
технологиялардың пайда болуы бүгінгі күн жағдайында
медиабілім берудің отандық моделін табысты қолдану мен
дамытуға, оны кіріктіруге және талдауға септігін тигізеді.
Әдебиеттер:
1. П.Сейітқазы. Медиабілім -
педагогикадағы жаңа бағыт //Қазақстан
мектебі. – Алматы, 3(18), 2009.
2. Фатеева И.А.
Медиаобразование: теоретические основы и практика реализации. −Челябинск,
2007. − 270 с.
3. Засурский Я.Н.
Информационная безопасность: развитие доступа к информации. //Вестник
Московского университета. − 1998. − №1. – С.34-57.
4. Рыжих Н.П.
Развитие медиакомпетентности студентов педагогического вуза на материале
экранных искусств. − Таганрог: Центр развития личности, 2008. − 298
с.
5. Шариков А.В.
Медиаобразование: мировой и отечественный опыт. −М., 1990. – 66 с.
РЕЗЮМЕ
В статье
рассматриваются проблемы развмития СМИ, их взаимосвязь с
медиаобразованием.