ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТI.
ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМ
МӘСЕЛЕСI.
ҚАЛДЫБЕКОВА
ТАЛШЫН
2-курс магистрi, М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттiк университетi
Балалар
әдебиетi — балаларға арналып жазылған әдеби шығармалар. Сондай-ақ, арнайы
балаларға арналып
жазылмағанымен, олардың ойлау, түсiну қабiлетiне,
талғамына, арман-қиялына әсер етiп, өзiне балаларды
тартатын көркем шығармаларды да Балалар әдебиетi
қатарына жатқызуға болады. Балалар әдебиетi — сөз өнерiнiң арналы
бiр саласы. Әдебиеттiң бұл түрiне жататын
шығармалар оқиғасының қызықты да
тартымдылығымен, композициясының ширақтығымен
ерекшеленедi. Тiлi жеңiл, көркем, түсiнiктi, айқын әрi әсерлi болуы тиiс. Балалар
әдебиетiнiң негiзгi мақсаттары: жас буынның
сана-сезiмiн оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершiлiкке, отан сүйгiштiкке, т.б. iзгi мұраттарға баулу. Балалар
әдебиетi — балалардың эстетикалық талғамын
дамытатын көркем
шығармалар ғана емес, оның сырлас досы,
қорғанышы және ақылшысы да болып табылады. Олар
негiзiнен мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларға
лайықтап жазылады. Х.К. Андерсеннiң ертегiлерi, М. Твен,
Ж.Верннiң романдары, т.б. суреткерлердiң шығармалары
балаларға арналып жазылған. Д. Дефоның, Дж. Свифтiң
В.Скоттың шығармалары балаларға арналып жазылмағанымен,
олардың сүйiп оқитын кiтаптарына айналған. Балалар
әдебиетi қазақ әдебиетiнiң де арналы саласы.
Қазақ балалар әдебиетi – қазақ
әдебиетiнiң мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы
балаларға арналған саласы. Оның қайнар көзi
қазақ фольклорынан бастау алады. Қазақ балалар
әдебиетiнiң алғашқы жазба үлгiлерiн 19 ғ-да
Ы.Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер-бiлiмге тәрбиелейтiн,
еңбекке баулитын, этик., эстет. тәрбие беретiн өлеңдер
мен әңгiмелер жазды. Сондай-ақ, қазақ
фольклорынан балалардың тiлiне, ұғымына жеңiл
шығармаларды iрiктеп, орыс балалар әдебиетiнен қысқа да
қызықты әңгiмелер аударып, құрастырды, ана
тiлiнде алғашқы оқулық (“Киргизская хрестоматия”, 1879)
бастырып шығарды. Сөйтiп, бала тiлiне лайықты, ойына
қонымды ойнақы өлеңдерi мен қызықты
әңгiмелерi арқылы педагог-жазушы Қ. б.
ә-нiң негiзiн қалады. Қазақтың ұлы
ақыны Абай Құнанбаев “Ғылым таппай мақтанба”,
“Интернатта оқып жүр”, “Әсемпаз болма әрнеге” деген
өлеңдерiнде қазақ балаларын оқуға,
өнерге үндедi. Қазақ балаларына арналған
оқулықтар мен өлеңдер жинақтары 20
ғ-дың басында көбейе бастады. 1912 ж. орыс
ақын-жазушыларының мысалдарын қазақ тiлiне аударып,
оған өзiнiң төл шығармаларын қосып,
“Үлгiлi тәржiма” атты кiтап және “Үлгiлi бала”
оқулығын шығарған педагог-жазушы Спандияр
Көбеевтiң де Қ.б.ә-н дамытуға сiңiрген
еңбегi мол. Қ. б. ә-нiң Қазан
төңкерiсiне дейiнгi белгiлi үлгiлерi қатарында
М.Кәшiмовтiң “Әдеп” (1907), “Ақыл” (1908) атты
жинақтарын, М.Нұрбаевтың “Көргендi бала – үлгiлi
ана” (1908), Ғ.Мәжитовтың “Қазақ
шәкiрттерiне ақыл” (1910), М.Дибердиевтiң “Қазақ
балаларына қирағат кiтабы” (1910) кiтаптарын, сондай-ақ,
Т.Жомартбаевтың “Балаларға жемiс” (1912) атты өлеңдер
жинағын атауға болады. Ақын С.Торайғыров
балаларға арнап өз кезiндегi өзектi мәселелердi
өрнектеген өлеңдер жазды (“Шәкiрт ойы”, “Оқып
жүрген жастарға”, “Бiр балуанға”, т.б.).
Шекспирден бастап Б.Шоуға дейiнгi
қаламгерлерiн Әуезов мектеп
қабырғасында жүрген кездiң өзiнде-ақ
оқып бiлдi, «Қазақ жағасы бiр сәрi - Еуропа
әдебиеттерiнен көп дүниеге көз қадап
көрдiм» деп ағынан жарыла жазуының сыры осында. Әуезов
«Жалпы театр өнерi мен қазақ театры»
мақаласында:
«XVI ғасырда
Англияның патшасы Елизавета деген әйел болатын. Ағылшын
театры Шекспир мен Елизаветаның тұсында бұрынғыдан
көп iлгерiлеп, көп iрiлеп кеттi деп тарих айтады, Шекспирдiң
Гамлетiн ойнап жүрген театр мен сол замандағы театрдың жайын
салыстырып көрсек, ескi театрдың таң қалдыратын
үлгiсi көрiнбейдi, Шекспир театрынан соңғы заманда
жалпы Еуропа театры заман өткен сайын тұр тауып көркейе
бердi» деп, Шекспирдiң әлемдiк драматургиядағы орнына ерекше
мән бердi. Әуезовтiң өз кiтапханасында көптеген
ағылшын қаламгерлерiнiң туындылары кездеседi. Байрон мен
Шиллердiң «Брокгауз-Ефрон» баспасынан шыққан толық
жинақтары, Диккенс, Джонсон, Шелли, Б. Шоу, Джойстың әр алуан кiтаптары ағылшын
әдебиетiн тереңдеп бiлуiне септiгiн тигiздi. Әсiресе осы
әдебиет туралы зерттеулердi оқыған кездерiнде
өзiнiң дағдылы сызу белгiлерiн қойып отырған.
Ағылшын
әдебиетiнде балаларға арналған әдебиетке ерекше орын
берiлген. Өзiнiң бiрнеше
ғасырлық өмiрiнде ағылшын балалар әдебиетi
бiрнеше даму кезеңiнен өтiп, дүние жүзiнiң
балаларына Диккенс пен Дефоның, Скотт пен Киплингтiң, Стивенсон мен
Кэроллдың, Уэллс пен Войничтiң, Милн мен Лирдiң
еңбектерiнен тұратын тамаша кiтапхана қалдырды. Ағылшын
балалар әдебиетiнiң дамуында әр ғасыр әр
түрлi iзiмен ерекшеленедi. Ағылшын әдебиетiндегi
сияқты, балалар әдебиетiнде де сол кезеңнiң саяси,
философиялық, әлеуметтiк идеялары бейнеленедi. Ағылшын
балалар әдебиетiнiң өзiне тән ерекшелiктерi −
қызықты, ғажайып нәрселердiң лирикамен,
әзiлмен, кейде әжуа − сатирамен астасып жатуы.
Ұлттық мiнез − құлықтың ерекшелiктерi
қысқа әңгiмеде де, поэзияда да орын тапқан.
Ағылшын балалар
әдебиетiн зерттеудi ерте халық ауыз әдебиетi кезеңiнен
бастау керек. Көптеген прозаиктердi, ақындарды және
драматургтердi қанағаттандырған нәрсе ағылшын
халық ертегiсiнiң отандықфольклорға өте бай
күйiнде Англияға танымалдығы болды. ХIX-XX ғасырларда
бұл жанр үшiн өз ақындық шабыттарын
тапсырған албандықтар қатарына: Чарлз Диккенс, Уильям Мейкпис
Теккерей, Льюис Кэрролл, Эдвард Лир, Оскар Уайлд, Редьярд Киплинг, Беатрис
Поттер и Памела Трэверс, Джеймс Барри, Алан Милн, Джон Толкин, Дональд
Биссеттер болатын. Айнаның арғы бетiнде болып келген
Алисаның, Мэри Поппинстiң, бақытты Ханзада мен Питер
Пэннiң, қонжық Винни-Пух және iзгi ниеттi ергежейлiлер
образдарының дүниеге келуiне халықтан шыққан
әдемi қиялдар негiз болған. Басқа елдер сияқты
Англиядада ертегiлерге болған қызығушылық сонау
романтизм заманынан бастап әр түрлi кейiпте қалыптасып
келген.
Британия
аралдарында халық ертегiлерiнiң жинақталуы және дамуы
ең күрделi тарихи кезеңге тура келдi. Ол кезеңдегi
халық ертегiлерге, мифтерге және ондағы орындалған дiни
рәсiмдерге сенген және дамытып барған. Осыдан
христиандардың дүниетанымының басталуы
қалыптасқан. Сол кездегi ертегiлердегi кейiпкерлер, аңыз
адамдар, жауыздар, мейрiмдi жандар, сиқыршылар, перiштелер, су перiлерi,
ойдан шығарылған аңдар халық арасында өмiр
сүрудi жалғастыра бердi. Ағылшын халық ертегiлерiндегi
жауыздарға қарсы күреске қиялдан туған алып
батырлары, мейiрiмдi жануарлар, құдайлар немесе жай ғана шаруалар
кейпiндегi кейiпкерлер өмiр сүрдi. Мысалы: ағылшан
халық ертегiсiндегi адам жегiштерге және қара күштерге
қарсы күресушi кейiпкердi жай шаруаның ұлы Джек деп
таныстырылған. Джек өте күш-қайратты,
еңбексүйгiш, мейiрiмдi, адал және шыншыл
болғандықтан, халықтың арасында мұндай адамдарды
халық батырлары деп атаған.«Adventures of Jack the Giant-Killer»
ертегiсiндегi Джек өз Отанының азаттығы үшiн
күрескен революционерiне айналады [1,C.174]. Ағылшын халық
ертегiлерiндегi кейiпкерлер барлық кезде мұндай батырларға
айнала бермей, кейде оларды шық бермес Шығайбай капиталистер
кейпiнде де таныстырылады. Мұндай кейiпкерлердi Англиядағы
буржуазиялық капитализмнiң дамуының бiрiншi кезеңiндегi
капиталистерге теңейдi. Мысалы: «Molly Whuppie» ертегiсiндегi адам жегiш
жауыз адамдарды алдаған қыз Молли және «Jack and the
Beanstalk» ертегiсiндегi Джек өздерiнiң жақын
жуықтарына, дос-жарандарына сонымен қатар айналасындағы
барлық адамдарға өздерiнiң ерлiгiменбақыт
сыйлайды [1 ,C.175].
Ағылшын
халқына тән күлкiлi кейiпкерлердi яғни юморды да осы
ертегiлерден таба аламыз. Ағылшын халық ертегiсi барлық кезде
байқаған болсаңыз, өте бақытты және баянды
аяқталады. Ертегiлердегi кейiпкерлердiң ертегi соңында
қайғы-қасiретке ұшыраудан аулақ болады.
Ертегiнiң соңында ешқашан жаман мотивтердi қолданбайды.
Мұның бәрi ертегi оқушыларының тәрбиесiне
жақсы әсер етедi. Ертегiдегi кейiпкерлер сияқты
мақсаттарына жетудi армандайды.
Жазушы –
өзi өмiр сүрген кезеңнiң тамыршысы. Ол
өмiрдегi құбылыстарды көркемдiк тұрғыдан
игере отырып, жинақтау арқылы заманның көркем шежiресiн
жасайды. Қаламгер қым-қиғаш оқиғаларды
шығармасына арқау етiп, кейiпкерлердiң психологиясын
айқындайды. Көркем әдебиеттегi психологизм
мәселесi-ғылыми, әдеби мәнi мол, күрделi
мәселе. Психологизм-қоғамдық алғышарттар мен жеке
адамдар дүниетанымына, олардың iс-әрекетiне жетекшi болатын
күштердi сенiмдi суреттеу жемiсi. «Қаһарманның рухани
әлемiн, жан сырын жеткiзу амал-тәсiлдерiнiң жиынтығы
немесе идеялық-эстетикалық шығармашылық
феномен-психологизм»,- дейдi Б.Майтанов [8]. «Психологизм – көркемдiк
әлемнiң жұлын жүйесi»[9] болғандықтан
психологияның әдебиет саласының тұрақты «елшiсi»
ғана, себебi әдебиет психологияның өзiнен бұрын
еншi алып ерте дамыған да, осы даму барысында психологизмнiң
элементтерi көрiнiс берген. Психологизмнiң көркемдiк
тәсiл ретiнде әдебиетке келуi ХVIII ғасырдан бастау алады.
Сол кезеңдегi сентименталист жазушылардың басты
мақсаты-адамның жан қозғалысын, жанның
нәзiк иiрiмдерiн терең сезiмталдықпен суреттеу едi. ХIХ
ғасырдың басына қарай адамның жан дүниесiне
үңiлу тереңдей түстi деуге болады. Көркем
шығармада басты нысан етiп адамды алғандықтан, оның
iшкi-сыртқы болмысы шынайлықпен сомдалып, адам жанының iшкi
иiрiмдерiн айшықтап көрсету мақсатында психологизм
тәсiл ретiнде алдыңғы орынға шықты. «Литературная
энциклопедия терминов и понятий» сөздiгiнде көркем сөздегi
психологизмге мынадай анықтама берiледi: «Әдебиеттегi
психологизм-кейiпкердiң iшкi әлемiн толық суреттелуi,
бұл шығармадағы эстетикалық әлемнiң
мәндi бөлiгiн құрайды» [10]. Ал, «Әдебиеттану
терминдерiнiң сөздiгiнде» ппсихологиялық талдаудың
пайда болуын 3.Фрейд есiмi мен байланыстырып былай делiнген:
«Шығармашылық қабiлеттi жыныстық инстинктерiмен
төркiндететiн әйгiлi туындылардың психологиялық
астарына басқаша үңiлуге шақыратын психоталдау
тәсiлi өнердiң барлық саласына соның iшiнде
әдебиеттануға ерекше ықпал еттi...» Психологиялық
талдау өнертанудағы соны сипаттағы белес болды, кейiпкер
психология сынап талдау тереңдей түстi» [11]. Осы
анықтамаларды «Суреткер кейiпкердiң жан дүние диалектикасын,
белгiлi бiр iс-әрекетке бастар көңiл-күйiнiң
себеп-салдарын көркемдiк тұрғыда талдап жазғанда
ғана шығармада психологизм өрiс алады», - деп ғалым
Г.Пiрәлиева дамыта түседi [12]. Расында көркем
шығармадағы кейiпкердiң өмiрге деген
көзқарасы, дүниетанымды оның iс-әркеттерi
арқылы аталданып, табиғаты ашыла түседi. Жалпы, ғылымда
психологиялық талдаудың Маналитикалық, синтетикалық
және динамикалық деген түрлерi орныққан. Орыс
зерттеушiсi М.Храпчепко Гоголь шығармашылығын зерттеп,
типологиялық психологизм ұғымын қалыптастырса,
ғалыма Б.Майтанов психологизмнiң бұл түрiн
М.Әуезовтiң шығармашылығын талдау барысында
«тұйық психологизм» түрiмен байыта түстi [12]. Синтетикалық
психологизм дегенiмiз-қоғамдық тартыстағы кейiпкер
көрсететiн iс-әрекет, қақтығыстар сыртқы
кесiн-келбет, бет-жүздегi құбылулар. Ал аналитикалық
психологизм бұған қарама-қарсы. Iшкi
толқыныстарды көрсету аналитикалық психологизм деп аталады.
Мұндағы басты көрiнiс-монолог. Адам психологиясын терең
суреттеген орыс жазушылары Л.Толстой мен Ф.Достоевский әдебиетке «мiнез
диалектикасын» ашудағы тамаша үлгiлердi жасады. Орыс
әдебиетiнде ХIХ ғасырда психологиялық роман Л.Толстой
шығармаларынан бастау алады.Ол адамның сезiм-күйiн,
толғанысын, қуаныш-қайғысын барлық
қайшылығымен терең ашып бейнелеген. «Анна Каренинадағы»
психологизм, кейiпкердiң iшкi сезiмнiң нәзiк иiрiмдерiн,
құпия сырларын әсерлi суреттеу арқылы адам мiнезiн
асқан шыншылдықпен, нанымды көрсетуге мүмкiндiк бердi.
Индивидтың жан дүниесiн ашып беру арқылы жазушы
қоғамдық өмiрдiң қайшылықтарын,
адамгершiлiк пен қатыгездiктiң қақтығысынан
туған трагиялық жағдайды әсерлi бейнеледi. Толстой
кейiпкердiң көңiл-күйiн тiкелей суреттеуде де,
iс-әрекетi немесе оның толғанысы, iшкi монологы арқылы
көрсетуде де аса шебер. Ф.Достоевский: «Адам дегенiмiз –
құпия. Бүкiл ғұмырыңды осы
құпияны шешуге сарп етер болсаң, уақытымды босқа
өткiзiп алдым деп өкiнушi болма. Мен осы құпияны шешуге
тырысамын, өйткенi адам болғым келедi» деп жазған ұлы
жазушы өмiрiнiң соңына дейiн адам құпиясын
ашуға үңiлдi. Достоевский кейiпкерлер психологиясын
бейнелеудегi даралығы – романдағы өмiрдiң сан алуан
құбылыстарын өзiнше сезiнуi, олардың әр
қилы, тiптi, бiр-бiрiне мүлде қайшы дүниетанымын, көзқарасын
үңiле зерттеп, сипаттауынан айқын аңғарылады.
Психологиялық романның көркемдiк әлемiн Ф.Достоевскийше
түсiнсек, бар мәселе – автордың оқырманды өз
кейiпкерiнiң iшкi өмiрiне қалай ендiруiнде жатыр.
Зерттеушiлер Ф.Достоевский тек әдебиетке ғана емес, адамтану
iлiмiне де төңкерiс iспеттi үлкен жаңалықтар
әкелгенiн айтады. Ол ХIХ ғасырдың II жартысында ақ
өз туындылары, сомдаған кейiпкерлерi арқылы ХХ ғасырлар
әйгiлi Зигмунд Фрейд негiзiн қалайтын психоанализ iлiмiнiң
алғышарттарын жасап кеттi. Қазақ әдебиетiндегi
психологиялық романдар жайлы сөз қозғағанда,
көркем сөз шеберi М Әуезов «Заман шарты» деген
мақаласында: «бiз адамның сыртқы iсiн көп баяндап,
оның iшкi дүниесiне аз үңiлемiз, образды даралау,
характер дәрежесiне жеткiзу үшiн психологиялық талдауға көңiлдi аса
бөлген жөн», - дептi.
Пайдаланылған әдебиет тiзiмi
1.
Гордон
Д. Терапевтические метафоры: оказание помощи другим посредством зеркала. —
СПб.: Белый кролик, 1999, — 252б.
2.
ДжекобсД. English fairy-tales. – UK,- 1999, – 208б.
3.
Зимняя
И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. — М.: Просвещение, 1999, —
222б.
4.
Колкер
Я.М. Практическая методика обучения иностранного языка. — М.: Академия, 2004, —
264б.
5.
Пассов
Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. — М.: Русский язык, 1997, —
216б.
6.
Щерба
Л.В. Преподавание языков в школе. — М.: Академия, 2003,- 160б
7.
"Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы,
"Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
8. Б.Майтанов.
Қаһарманның рухани әлемi. Зерттеулер. – Алматы: Жазушы,
1987. - 3 б
9. Б.Майтанов.
Қаһарманның рухани әлемi. Зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1987. - 12 б.
10.
Литературная энциклопедия терминов и понятий. – Москва: 2003.с.844.
11.
Әдебиеттану терминдер сөздiгi. – Алматы: Ана тiлi,1998. –
278 б
12. Пiрәлиева Г. Қазiргi
қазақ прозасындағы психологизм мәселелерi. Автореферат. – Алматы: 2004. - 13 б.