ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕРДЕ БЕРІЛГЕН

ТЕРМИНДЕР АУДАРМАСЫНА ҚАТЫСТЫ ТАЛДАУЛАР (АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕРМИНДЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

 

Советканов Данияр – «Қазақ аротехникалық университеті» АҚ Экономика факультеті, Менеджмент -103 тобының студенті

 

Ғылыми жетекші -  ф.ғ.к. А.Е.Жүсіпов

 

Талдауға алып отырған сөздігіміздің материалында терминдерді түсіндіруде, көбінесе, лексикалық мағынасы көрсетілген. Қарапайым тілмен айтқанда, термин ғылыми ұғым, заттың ғылыми атауы екендігін ескерсек терминді түсіндіруде беріліп отырған бірліктің лексикалық мағынасын ғана беру жеткіліксіз. Қандай да бір терминге анықтама бергенде, оның ғылыми ұғымдық жағына баса назар аударылуы қажет. Сілтеме жасалған еңбектер де терминологиялық сөздіктер болуы тиіс. Мысал ретінде мына терминдерді ұсынып отырмыз:

 

4

акробустит

күпек қабынуы

Мал дерті.

62

выжеребка

құлындау

Биенің құлын тууы.

66

вымывание почвы

топырақ шайылуы

Судың топырақты шайып жууы.

70

выработка

өнімділік, өндіру

Орындалған жұмыс көлемі.

82

газификация

газдандыру

Газбен қамтамасыз ету.

83

галактория

ию, малдың июі

Ондай жағдай сиырды сауар алдында байқалады.

 «Газбен қамтамасыз ету» деген түсініктен не туралы айтылғаны түсініксіз, кімнің, нені, қайда, қайдан және т.т. сұрақ туындай береді.

Сонымен қатар «газификация» тек ауыл шаруашылығына тән термин деп бөлектеп алудың қажеті де жоқ деп есептейміз. Бұл бірнеше саланы қамтитын ортақ сөз, сонымен қатар ол (2014 жылы жарық көрген 30 томдық сөздік) сөздіктердің біразында берілген. Мәселен, 12 том, 286 бетте – «газдандыру», 15 том 291 бетте – орысша нұсқасы «газофикация» деп қате ұсынылып – «газдандыру», 17 томның 285 бетінде «газдандыру», 21 томның 357 бетінде  «газдандыру» деген аудармасы ұсынылған.

Сол секілді жоғарыда берілген мысалда галакторияға берген түсініктемеде «Ондай жағдай сиырды сауар алдында байқалады» деп жазылған. Ол қандай жағдай? Алдыңғы сөйлем түсірілген. Не қысқарту мақсатында ықшамдап беру кезінде туындаған екіұштылық. Себебі «ондай» деп сөйлемді бастау қисынсыз.

Ендігі бір мәселе, ұсынылған термин, сөздердің дефинициясы берілмеген. Аудармалары да даулы.

 

99

горелка паяльная

дәнекерлеу жанарғысы

100

горелка сварочная

пісіру жанарғысы

102

горнобурая почва

таудың құба топырағы

103

горнокаштановая почва

таудың қызыл қоңыр топырағы

104

горнокоричневая почва

таудың қоңыр топырағы

105

горнолесная почва

таулық орман топырағы

105

горнолуговая почва

таудың шалғын топырағы

151

зяблевая обработка почвы

сүдігер жырту

161

илистый горизонт

қорыс қабат

 

Ұсынылған мысалдардың ішінен, тағы да біраз салаға ортақ, «горелка» сөзін алатын болсақ, оның аудармасына қатысты сөздіктерде ортақ пікір жоқ, 1 томның 173 бетінде – «горелка газовая» тіркесі – «газ шілтері»; 5 томның 258 бетінде – «оттық»; 7 томның 214 бетінде – «горелка газовая» – «газ шілтері»; 8 томның 254 бетінде – «жанарғы»; 12 томның 292 бетінде – «жанарғы»; 15 томның 296 бетінде – «горелка газовая» тіркесі – «газ жанарғы»; 21 томның 362 бетінде – үш аударма: «жанарғы», «оттық», «шілтер» деп ұсынылған. Қайсысын таңдасаңыз өзіңіз біліңіз дегендей. Бұл бүгінгі күнгі термин саласында бірізділік жоқтығының салдары.

Горелка паяльная – дәнекерлеу жанарғысы, горелка сварочная – пісіру жанарғысы деп ұсынылған. Терминдегі бірізділіктің айтпағанның өзінде «жанарғы» сөзі алдыңғы сөздермен қате тіркескен. Жанарғыға не себептен тәуелдік жалғауының үшінші жағы қосымшасы жалғанған? Егер осы форманы қабылдайтын болсақ, онда дәнекерлеу+дің жанарғы+сы; пісіру+дің жанарғы+сы болғаны ма? Онда орысша нұсқасы горелка паяния, горелка сварения болуы тиіс. Біздің жағдайда дәнекерлеу, пісіру «қандай?» сұрағына жауап беріп, бағыныңқы сыңарда қабыса байланысқан тіркес құруға негіз болып тұр, сондықтан оны матасумен шатыстырмай – дәнекерлеу жанарғы, пісіру жанарғы деп ұсыну қажет. Әрине, ол «жанарғы» болған жағдайда. Горелканың – шілтері, жанарғы, оттық нұсқасынан біреуін таңдау қажет.

Егер ауыл шаруашылық саласында «горелка» сөзі тек «жанарғы» деп аударылу деген уәж болса, онда сөздіктердің ережесіне сай жақша ішіне (а/ш) деп көрсетіп қою қажет еді. Сонымен қатар «горелка» сөзін термин ретінде ұсынуға негіз бар ма деген де ой бар. Себебі орыс тіліндегі «-ка» қосымшасы «уменшительно-ласкательная формада», ауыз-екі сөйлеу стиліне тән сөз ретінде жұмсалады, мысалы «глядел+ка, смотрел+ка, гудел+ка, ступень+ка және т.с.с.».

Дефинициясы ұсынылмаған бірқатар тіркестің аударылуы турасында айтар болсақ, «горно-» сөзімен біріккен «горнобурая», «горнокаштановая», «горнокоричневая», «горнолуговая» таудың ... топырағы деп, ал «горолесная» таулық ... топырағы деп ұсынылған.

Таудың құба топырағын аударсақ бурая почва горы болады, ал бізге қажеті - горнобурая почва (толық нұсқасы – горная бурая почва). Осыған қарап «горная»ны – таудың деп аударуға еш қисын жоқ. Тауға тиесілі топырақ деген мағына бермейтінін ескеріп, топырақтың түрі екенін басты назарда ұстап - тауқұба топырақ (жоғарыда айтып өткендей «таудың ... топырағы» емес), тауқызылқоңыр топырақ, тауқоңыр топырақ, таушалғын топырақ және (таулық орман емес) тауорман топырақ деп ұсынған дұрыс деп санаймыз. Бұл - жалпы терминге қойылатын талапты орындайтын форма.

Сараптауға түскен терминдердің ішінде – комбайн, гипс, газ, климат секілді сөздерінен басқа аудару кезінде шет тілден алынған термин жоқ екенін айта отырып, қазақ тіліне тән сөздердің мағынасын аша кету қажет еді деген пікір айтамыз. Дефинициясын берілмеген «зяблевая обработка почвы» тіркесіндегі зябь сөзіне – «топырақты күзде өңдеу. Топырақты ылғал, қоректік затпен байыту және арам шөпті құрту үшін жүргізіледі» деген анықтама берілген. Бұл дұрыс, дегенмен «сүдігер» сөзінің мағынасы ашылмаған. «Зяблевая обработка почвы» - «сүдігер жырту» деп аудырылуы формасы жағынан дұрыс, алайда лексикалық (семантикалық) мағынасы ашылмағандықтан түсініксіздік туындап тұр.

Осы қатардағы «илистый горизонт» тіркесінің аудармасы ретінде «қорыс қабаттың» таңдалыну себебі де түсініксіз. Себебі «ил» сөзі сол 30 томдық сөздікте: 1 том 189 бетте – «қайыр», «қорыс», «лай»; 8 томның 283 бетінде – «лай»; 12 томның 315 бетінде – «лай» (ұйық); 13 томның 333 бетінде – «лай»; 15 томның (ауыл шаруашылық) 327 бетінде – «тұнба»; 16 томның 323 бетінде – «тұнба», «лай»; 17 томның 313 бетінде – «қарабалшық»; 19 томның 263 бетінде – «ұйық» деп аударылған. Авторлардың не себепті қорыс қабаты деп алынғаны түсініксіз. Кез келген сөзді (әсіресе, баламасы бірнеше сөзбен берілген жағдайда) таңдаудың себебі міндетті түрде түсіндірілуі тиіс.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

1. Талжанов С., Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. – Алматы, 1975.

2. Швецова С.В. Лингвистический анализ способов терминообразования в современной английской офтальмологической терминосистеме: дисс. ... канд. филол.н. -Иркуск, 2004. - 153 с.

3. Блинова О.И. Термин и его мотивированность. Терминология и культура речи. -М.: Наука, 1981.

4. Қасым Б. Қазақ тіліндегі заттың кұрделі атауларының теориялық негіздері: филол.ғыл.док.дисс. авторефераты. - Алматы, 2002. - 50 б.

5. Даншенко Б.П. Русская терминология /Опыт лингвистического описания. -М., 1977. -246 с.

6. Щеглова НА. К вопросу о грамматических средствах терминологизации рус­ских глаголов в профессиональной речи XVII - XVIII веков. //Уч.зап. МГПИ им. В. И. Ленина. Т. XXXVIIL Вып.8. - М., 1968.

7. Ақаев С. Терминнің тілдік және танымдық табиғаты: филол.ғыл.док. дисс... авторефераты. - Алматы, 2002.

8. Құрманбайұлы Ш., Қазақ терминологиясы (Зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография) –Алматы, 2014. «Сардар» баспасы. 928бет.

9. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік  1-30 том. «ҚАЗқпарат» баспа корпорациясы, Алматы 2014.

Пайдаланылған сайттар: 

1. http://www.sozdik.kz/

2. Википедия энциклопедиясы.