ӘОЖ 811.512.122:39
Айтмағамбетова Т.Ә.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет теориясы кафедрасының магистранты.
Қазақстан.Қостанай
Поэзия
тіліндегі фразеологиялық
тіркестердің этномәдени
сипаты [А.Шаяхмет,Н.Мұқатов шығармалары негізінде]
Түйін
Берілген мақалада
А.Шаяхмет,Н.Мұқатов шығармалары негізінде поэзия тіліндегі
фразеологиялық тіркестердің
этномәдени сипаты салыстырылып
анықталған.
Кез келген
этнолингвистикалық және этномәдени тұрғыдан
зерттеу - белгілі бір халыққа тән ерекшеліктерді
жан-жақты қарастырады.
Ал әр
халықтың өзіндік өзгешелігін танытатын тарихы мен наным-сенімі,
әдет-ғұрпы, салт-санасы, сол халықтың тіліндегі тілдік
бірліктерінде оның ішіндегі фразеологиялық оралымдарында тіпті, жалпы
тіліндегі сөздері мен сөз тіркестерінің өзінде
де ізін қалдырады.
Жалпы, суреткерлер тіліндегі
фразеологизмдерді талдағанда, оны жалпы халықтық тілмен байланыстыра қарастырумыз керек,
өйткені, тұрақты тіркестердің дені халықтық
сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Олар мазмұны жағынан да, мағынасы
жағынан да өте бай келеді. Фразеологизмдер адамның
өмірді түсініп-тануын, көзқарасын,
қарым-қатынасын, ақыл-парасатын, ой-санасын, жан
күйзелісін білдіреді. Олардың тұлғасын,
құрамын, мағыналық ерекшеліктерін топтастырып, жасалу
жолдарын, даму заңдылықтарын білуіміз қажет. Фразеологизмдер
тіл мәдениетін арттырып, сөз құдіретін жасайтын,
өлең тілін өрнектейтін асыл байлығымыз [1;73 бет].
Поэзиялық
шығармада ақынның қалам тартысын, сөз
қолданыс өрнегін байқататын ерекше сөз тіркестері,
сөйлем құрылыстары – фразеологизмдер өте көп
кездеседі. «Поэзия тіліндегі
фразеологизмдердің басты белгісі – олардың образды (бейнелі)
болатындығы. Жеке суреткер тіліндегі образды фразеологизмдердің
типтерін, олардың көп-аздығын, ескі-жаңаларын
түгендеу үстінде ақынның не жазушының
фразеологизмдер саласындағы байырғы қазынаны
қаншалықты игеріп, кәдеге асырғанын,
қаншалықты жаңаларын ұсынғанын көруге
болады. Ал бұлар шығармашылық контекст немесе авторлық
даралық дегенді танытады, тіпті кеңірек қарасақ,
суреткер тіліндегі фразеологизмдер әлемі оның поэтикалық тіл
арқылы көрінетін дүниетанымын көрсетеді» [2; 96
бет].
А. Шаяхмет, Н. Мұқатов шығармалары тілінде кездесетін
тұрақты
сөз тіркестерінің көбісі поэтикалық-стильдік қызмет атқарады.
Өлеңдеріндегі
фразеологиялық оралымдардың сипаты мен мәні де
сан алуан, әрі
түрліше қолданылуы мәтін ішінде айқындалып отырады.
Ұтымды да ұтқыр қолданыстардың
сипатын танытады. Өзінің бейнелілігімен, айшықты мәнділігімен
тілімізде үнемі қолданыста жүретін фразеологизмдер
әрбір ұлт тілінің көрінісі болып табылады.
Фразеологизмдерді көркем туындыда мейлінше мол қолдану біздің
ұлттық сипатымызды
ашатын бейнелердің бірі.
Поэзия
тіліндегі фразеологизмдердің дені бейнелі болып келеді, және
экспрессивтік бояуы жағынан бірі күштілеу, бірі солғындау
болып бөлектеніп тұрады. Ақын өзіне қажеттісін
таңдап қолданады болмаса күштірек ойлы фразаны
өзі жасайды. Ақылбек Шаяхметтің «Еркін
елдің Ақ Ордасы» «Астана, саған айтамын» т.б.
өлеңдерінде Астана – жаңа ел ордасы ғана емес, Астана
жаңа Қазақстан деген ой тастайды. Мысалы:
....
Астана – жер кіндігі, ел жүрегі,
Елімнің ет-
бауыры елжірейді.
Үшінші мыңжылдыққа алып
шықшы,
Қабырғаң
қайыспастан енді мені,
Астана – зарды ұмытар заман басы,
Тотыдай тоқсан
түрлі таранбасшы.
Қырандай
сыпырылған томағасы,
Бола бер еркін
елдің Ақ Ордасы... [4; 121 бет]
Жер жүзіндегі барлық тілдің
ғасырлар бойы қалыптасқан фразеологиялық қазынасы
болады десек, бейнелі тіркестер поэзиядағы эстетикалық
талғамды танытатын ең бір күшті құрал екенін біз
ақындар өлеңдерін оқығанда танимыз.
Мәселен: Күлтөбенің басында күнде
жиын, Ақыры бұл жиынның болды қиын... .
....Қазақ «у ішсең – руыңмен» деп ескертіп
отырған» [3; 96 бет], [3; 132 бет].
Жер-су аттарына байланысты айтылатын
фразеологизмдердің кейде кісі аттарымен қоса айтылатын
тұстары бар. Себебі тарихи кісілер белгілі бір жерде туып өскендігімен
және ұрпағына, еліне үлгі етіп қалдырған
ұлы ісімен өз есімін бір географиялық аймаққа паш
етеді. Тарихшы Қ. Халид: «Менің өте таң‑тамаша болатыным,
қазақ оқымаған халық деген лақап айтылады.
Ал, жағрафия, астрономия сияқты арнаулы пән оқымай
білуге қиын соғатын жердің белгілерін айырып, соған
дәлме-дәл
ат қойып сөйлейді» деп жазуында үлкен мән бар [3; 304
бет].
Тілімізде жер аттарына қатысты
жасалған тұрақты тіркес құрамында
қазақ жеріндегі ислам дінінің таралуына қатысты
айтылатын: «Сайрамда сансыз бап,
Түркістанда түмен бап», «Арыстанбапқа түне,
Қожа Ахметтен тіле» деп айтылатын діни тілек тіркестерінде де тарихи
мән бар. Қазақтар арасына кең тараған,
әсіресе, атақты діни
адамдар есімі. Мысалы, «Мәдинада - Мұхаммед,
Түркістанда - Қожа Ахмет» т.б. Сондай-ақ, аты
аңызға айналған әулие, пір тұтқан ел
есіндегі есімдер: «Маңғыстауда – пір Бекет», «Ердің
соңы - Есет, пірдің соңы –Бекет», «Адай қорықса Бекет дейді, Бекет те айтқандарын екі
етпейді» [3; 96 бет], [4; 132
бет].
... Дүрмекпенен
байқамаппыз, білмеппіз тілім азат, дәстүр тозып жатқан
дейді ақын [6; 55 бет].
«Ана тілім –
қазынам, сені жұтсам балдайын, сырқатымнан жазылам»,
«Баламызбен тілдестік өзге тілде қызармай...» – деп ақын
тілдің жанашыры екенін білдіреді [2; 133бет].
Туған ел, өскен
жеріне деген сүйіспеншілік пен тәрбиелік мәнін аша отырып
құбылта қолданады.
... Атамекен – бірлігімнің айғағы,
Ана тілім – тірлігімнің
қайнары .
Тірлік азып, бірлік тозса, сол жерің,
Боп кетпей ме көрінгеннің ойнағы.
Жүрек үні жыры болар Ананың,
Жүрек үні тілі болар
Баланың.
Ұл – қыздарым осы тілде тілдессе,
Жүрек үні сыры болар
Дананың.
Осы тіл ғой маңдайдағы көзің нұр,
Өз тіліңді
сыйламасаң өзің біл.
Нағыз соқыр, нағыз мылқау, саңырау.
Еш уақыт өзін-өзі
танымау. Немесе: Қанша жерді, қаншама елді шарладым, Ұзын арқан, кең
тұсауды барладым. Бірінде де,
бірақ, тоқтап қалмадым, Туған жердей табанымды
жылытар Тұрақ таба алмадым
-, деп жазады [ 2; 17 бет].
Ақындар поэзиясындағы кейбір фразеологизмдер
тіл арқылы мәдениеттанудың құрамды бөлігі
ретінде тіліміздегі тұрақты тіркестер қорында
ақпараттық мәні басым болуына қарай
өміршеңдігімен ерекшеленеді. Ақылбек Шаямет халық даналығын
өлеңдерінің негізгі арқауы етеді. Халық
ұғымында «табиғат» деген қасиетті сөз
«туған жер», «өскен ел», «атамекен» деген мағынаны білдіреді.
Ақын өз шығармаларында табиғатқа деген
сүйіспеншілігі мен адамзатқа тән адамгершілік
қасиеттерін аңғартады. Мысалы: «Мөлдір
бұлақ» пьесасында «Осы таза бұлақтай мөлдір
болайық, халықтың болашағы үшін қызмет
істейміз деп ант етейік!.. Ортақ мақсат жолында таза болайық.
Әйтпесе болашақтан қарғыс аламыз. Жарық
сәуле қараңғыны қақ жарып,
бәрі-бәрін өз орнына қояды. Тазалық –
денсаулықтың бастауы» - деген сөздерін, пьессаның
негізгі идеясын ұсынады. Өйткені, бұл мәңгілік
адамгершілік тақырып.
.....“Көп” көрген
кәрі даланың,
Қалыпты шашы селдіреп,
....Көзіндей нұрлы
ананың,
Қарайды көздер мөлдіреп,
Абыржып тұр ма атырап
Ағаштар сыңсып шулайды
Жел тербеп жусан, қурайды
Жүрегім неге тулайды?
Бар дей ме әлде ол түбінде
[2; 235 бет].
Келетін басқа бір
қайғы - осы шумақтардың мәнін ашып
тұрған, «кәрі дала», «көпті көрген», «шашы
селдіреп», «ананың көзіндей», «қайғы» «абыржып» - деген
тіркестер өлеңнің фразалық тұздығы
іспеттес. т.б
Ақын өлеңдері мақал
мәтелдерге, қанатты сөздерге, ұлағатты
сөздерге, синоним, антонимдерге бай. Мысалы: «Қарама –
қайшылықтар»
Өтірік пен шынын,
Кебегі мен ұнын.
Асылы мен құмын,
Көрсең дағы мың сан.
Ажырату қиын.
Көктемі мен қысын,
Астары мен тысын,
Сырты менен ішін
Айыра алмай тұрсаң,
Аз болғаны миың.
Бәйтерек пе, тал
ма,
Жас па әлде
қарт па,
У ма, әлде бал ма?
Шыр айналтып қояр
Өмір деген құйын... [2;168
бет]
Бұл шумақтар
мәніндегі
қолданыстарда
көркемдегіш
құралдардың ойнақылы келуі қарсылықпен,
салыстыра берілген.
Бір байқалған жаңалық болмағанымен ақиқат мынау
болып тұр:
бұрынғы фразеологизмдерді ақындар өзгертіп қолданғанда, екі түрлі
әдіске жүгінген: бірі - тұрақты тіркестің
құрамындағы сөздердің бір-екеуін өзге сөздермен
ауыстырып қолдану, екіншісі - тілде қалыптасқан
тұрақты тіркестің идеясын алып, соның ізімен
жаңасын жасау. Ондай
тәсілдердің көбі толық зерттелмеген, дегенмен,
бар ол – ұлы ғұлама Абай шығармаларыннан бастау
алған. Демек, жерлестеріміз
де қазақ әдеби тілінің, оның ішінде
өлең тілінің фразеологиялық құрамын
байытып, жаңа түрлерін қосты деп сеніммен
айтуға толық
мүмкіндік бар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Қайдар.Ә.Т Тіл
білімінің өзекті мәселелері. Алматы,1998. 314б.
2. Жер бесік/ А. Шаяхмет. - Қостанай, 2006.- б. 144
3. Жазушылар анықтамасы / А. Шаяхмет. - Алматы, 1982.-б.90
4. Көзімді ашып көргенім / А. Шаяхмет.- Қостанай,
2001.-б.432
5. Мөлдір бұлақ : пьесалар/ А. Шаяхмет. - Қостанай,
2003.- б.138
6.
Тыңда туған / А. Шаяхмет // Искра, 1995. -18 тамыз.-
б. 4-16