МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ –
МЕНІҢ ТІЛІМ
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Қарағанды
қ.
педагогика
ғылымдарының магистрі
Жолаева Г.Б.
Тур-12 тобының студенті Сейлбек Ұ
Халықтың тәуелсіздігінің ең
басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті
жоқ ел ешқашанда егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес.
Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес
соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ.
Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл
мәселесіне ерекше мән беріп, оның шексіз байлығын,
суреткерлік қуатын, бейнелігімен саздылығын көркемдік
сапаға жеткізді. Бүгінгітаңда мемлекеттік тілді білу –
мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына
айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны
күн өткен сайын артып келеді. Біз өзі намысшыл
халықпыз. Тіл білетін қазақ – намысшыл. Тіл білмейтін
қазақ одан да намысшыл. Оларды тіл білмедің деп шетке итермеу
керек. Қайта бауырға тарту керек. Бізге көп тіл
білгеннің артықтығы жоқ. Күні ертең
Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіргелі отырмыз. Осы ретте бізге
қазақ, орыс, ағылшын, тіпті қытай тілін де мықтап
меңгеріп алу керек. Әлемдік бәсекеге түскелі жатырмыз.
Домбыраны шерткендей, біздің мықты мамандарымыз да мемлекет ісіне
шертіп-шертіп таңдап аларда олардың бірнеше тілді еркін
меңгергеніне артықшылық беріліп тұрылуы тиіс.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан
тіл мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Тіл
мәселесінің өте нәзік екендігі, оның
зорлықпен емес тек қана шынайы ынталықпен ғана
ыңғайланатын шаруа екендігі белгілі.
Ал тілдің өзі – тарих тереңіне бойлатып,
өнер мен мәдениеттің кәусар бұлағына
сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы.
Олай болса, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне
сай қолданылу аясын кеңейту түсу қажеттігі –
заңды құбылыс.
«Тіл туралы» Заңның 4-бабында:
«Қазақстан халықтың топтастырудың аса
маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру –
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының
парызы» деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік жергілікті,
өкілді және атқарушы органдар Қазақстан
Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін
және тегін меңгеруіне қажетті барлық
ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық
жағдайларды жасауға міндетті» - делінген.
Еліміз егемендік алғаннан бері қазақ тілін
оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн
тәртібінен түспей келеді. Бүгінде еліміздің осындай
мақсат-ұстанымдарына қарай «Қазақстанның ел
бірлігі доктринасы» ұсынылды. Жуырда Тiлддi қолдану мен
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасының жобасы жасалынып талқыға
ұсынылғаны да
баршаңызға аян. Бүгін шын мәнінде ел болашағына,
ұлт руханиятының өсіп, өркендеуіне үлкен
үлес болып қосылатын жүйелі бағдарлама жобасы жасалды. Ал тілдің өзі – тарих. Тіл –
қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі,
құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге
еніп, қалыптасады.Тіл байлығы - әрбір елдің
ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып
қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін
көзінің қарашығындай қорғауға,
оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да
қарсы тұруы тиіс. Ана тілі
– ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша
тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр
тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу
керек.Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан
дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін,
мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек
Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың
көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш
сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі.Тіл - ұлттың жаны. Ал
ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен
бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі -
оның бақыты мен тірегі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың
болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің
ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен
қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.Мемлекеттік тіл –
мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық
қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл
болғандықтан, жүргізілетін барлық
іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.
Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің
өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен
кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай
елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты
мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты
ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін
сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана
тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл
байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті
адам бола алмайсың. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін
ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу
және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.Мен ана тілімен
мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!
Ең тәтті де – тіл,
Ең ашты да – тіл,
Ең жұмсак та – тіл,
Ең катты да – тіл.
Тіл – ұлттың жан дүниесі.
Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.
Тіл
Ұлы, құдіретті;
Көмектеседі, үйретеді,
ұлықтайды;
Біздің
болашағымыз – ана тілінде!
Рухани байлық.
Әр
халықтың, ұлттың құрмет тұтар
өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының
ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс.
Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де
қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан
аямай күресіп, қолдарынан келгенше тырысып,бізге, келешек
ұрпаққа қазақ тілін аманат етті.
Қазақ тілі – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі -
әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің
бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.
Тіл
қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті,
құдыретті.
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп
қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер
туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген
құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада
адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа,
Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған
тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани,
мәдени байлығының дамуының құралы.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы,
атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас
болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана
тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды.
Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады,
жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың
бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа
тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың
тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі
айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы -
әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат
өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай
қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына
қарсы тұруға тиісті.
Амал не,
туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі
кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі
шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды.
Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де
сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге
көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған
тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің “Туған
тіліне жаны ашымаған адам жәндік” -деп ашына айтқаны
ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат
ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы
кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін
бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы
қаділеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді,
қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде
сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды
ұмытумен бірдей.
Қазақстан - әлемдегі ең мықты,
бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін
қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек.Ғалым
Ә.Хасенов атап өткендей, «Қоғамсыз тіл болмайды, тілі
жоқ қоғам – адамзаттың ешбір қауымы болмайды.
Демек, қоғам үшін тіл керек; тілдің өмір
сүруі үшін оның қоғамы болу керек. Бұл –
ақиқат та тарихи шындық», яғни
қоғамдық құрылыстың құрамды бөліктері
тілтанымның универсалды әлеуметтік негіздерін анықтау
үшін, ал тіл мен танымның ұғымдық бірліктері
қоғамның даму сипатын айғақтау үшін аса
қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым
әдісінің ғылыми-теориялық негіздері.
Пед.ғыл.докт.дис.-Алматы, 1996 ж. – 345 б.
2. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному
говорению. 2 изд. М. Просвещение, 1991. -312 с.
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен
әдістемесі. –Алматы, 2000 ж. -256 б.
4. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. 1944.
5. Дуйсебаева М. Қазақ әдеби
тілінің кейбір мәселелері. Алматы, 1973
6. Сауранбаев Н. Қазақ фонетикасы бойыпша
этюдтер. Алматы, 1988
7. Кеңесбаев I., Мұсабаев Ғ.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Алматы, 1975, 95-6. 5.
Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1996, 65-6