Құрманбекова
А.С.
Тараз
инновациялық-гуманитарлық университеті
Отарова Т.Н
ТИГУ-нің магистранты
Мұхтар
Әуезовтің оқу-тәрбие жайлы жазған
еңбектерінің тәлімдік
сипаты
Мұхтар Әуезов өзінің оқу-тәрбие жайлы
жазған көптеген еңбектерінде педагогикалық
қызметтің мәні мен мазмұны, оқытушының
тәрбие мен ағарту ісін алға апарудағы негізгі
міндеттері туралы идеяларын батыл ортаға салып отырды. Ол әрбір
мұғалім өз мамандығын терең сезініп,
ықыласпен еңбектенсе ғана шәкірт жүрегіне жол
тауып, оң нәтижелерге қол жеткізе алатындығын айтты.
Білім жаршысы оқытушыларды тек өз кәсіби шеңберінде
қалып қоймай, өмірдің, білімнің әр
саласынан жан-жақты хабары бар «тарихты өз қолдарымен жасаушы
саналы да белсенді қайраткерлер» (1), - болуға шақырды.
М.Әуезовтің мұғалім мамандығы туралы
жүйелі пікірлері бүгінгі күні де құндылығын
сақтауда. Оқытушылар, М.Әуезов ойынша, заман талабын
дұрыс түсінген, адам баласының рухани жетілуіне кедергі келтіретін кеселдерге қарсы
күресуші, адамзаттың өткен тарихындағы барлық
игілікті істерді шындық тұрғысынан меңгеріп, оны
жалғастырушылардың қатарында болуы шарт. Жоғары
жауапкершілік сезіммен қатар ізгілік, интеллектілік, жан дүние тазалығын
қорғай отырып, шәкірт психологиясын терең білу,
педагогтік техниканы жете меңгеру, оптимизм т.б. қасиеттерді бойына
дарыту қажеттілігін ескертеді.
Сөз мәдениеті жөніндегі ой-пікірін жазып қана
отырмаған, сонымен бірге қаламдас достарына, замандас інілеріне
ара-тұра айта да жүрген: «Сөз шіркін де адам секілді
ғой. Оның да ала-құласы көп. Орнатқан
жеріңе қорғасындай құйыла қалатын
орнықты сөз бар да, қурайдың басында
қылп-қылп етіп ұшып кеткелі тұрған
торғайдай ұшқалақ сөз бар. Біздің
жақта арбаға екі атты парлап жекпеуші ме еді.
М.Әуезов көптеген ғылыми мақалалары мен
зерттеулерінде халқымыздың рухани құндылықтарын,
ағарту бағытындағы шараларды талдауға аға
буынның өнеге-өсиеттеріне жүгініп, негізге алып отырды.
Олардың игі тәлімдерін, адамгершілік пен имандылыққа,
жас жеткіншектер тәрбиесіне қатысты зерделі пәлсапаларын
қайталап, толықтыра білді. Ш.Уәлихановтың халық
шығармашылығы туралы айтқан асқақ баяндауларын
сүйсіне мақұлдаған. Қазақ әдебиеті
пәнінің атасы, әдебиет оқулығын жасаудағы
алғашқы тәжірибе деп бағаланатын Ы.Алтынсариннің
«Қазақ хрестоматиясы» оқулығында балаларды
қазақтың әдеби мұраларымен ғана таныстырып
қоймай, әлем әдебиеті үлгілерін де ұсынып,
әдеби шығармалардың жас ұрпақты адамгершілік
рухта тәрбиелеуге ықпал ететінін айтқан.
М. Әуезовтің жалпы ағартушылық-педагогикалық
идеяларының ішінде жас ұрпаққа ұлттық
тәрбие беру мәселелері басты тақырып болып табылады. Ол
ұлттық тәрбиеге тұтас, үнемі дамитын,
күрделі әрі қайшылыққа толы процесс ретінде баға
береді. Ол жас ұрпақты өз халқын
құрметтеуге, өз ұлтыңды сүйе отырып,
бүкіл адамзат мүддесін қорғауға үндейді.
Болашақ заңғар жазушы сол тұстағы оқу
мәселесіне қатысты істерге тікелей қатысты,
қоғамдық өмірдің
қайнаған
ортасында жүрді.
«Қайсысын қолданамыз» атты мақаласында «Қай
мектептің болсын жаны оқу құралдары. Ғылым
жолында талай басқышқа мініп кеткен өзге жұрттарды
алсақ, бәрі де жылдан-жылға оқу кітаптарын
жаңғыртып, бір жақсыдан бір жақсысын таңдап
отырады. Сөйтіп, оқу кітаптары ылғи жазылып, жаңалаудан
бір босамайды. Қазаққа келсек, мектепке арналған бір
кітап жоқ. Себебі, мұны ниет қылған талапкерлердің
алдынан шығатын бір зор кедергі барлығы. Ол – ғылым тілі.
Бұл ғылым тілі деген мәселе – өз мектебіміз, өз
мұғалім, үйретушіміз бола бастаған сайын «шеш» деп
дікілдеп қысатын мәселе. Сондықтан бар
қазақтың оқитын баласының бірінің білімін
біріне жанастыра, бір жолмен оқытуы керек. Әркім әр жерде
машықты жолмен төпей берсе, ол аз күшті ыдыратқан,
береке ұйымы жоқ бір оқу болғаны» (2), - деп айтады.
М.Әуезовтің ертеректегі оқу және оқыту
мәселелері төңірегіндегі пікірлері, педагогикалық
көзқарастары мерзімді басылымдарда жиі жарыққа
шығып тұрды.
М.Әуезов Қазақстандағы жалпы педагогика
тарихының дамуы мен педагогика ғылымының жеке салаларында
үлкен із қалдырған ағартушы тұлға ретінде
тануға болады. Сол
уақыттағы саяси ағымдар мен мемлекеттің тұғыры енді ғана
нығайып келе жатқан тұста
қазақ
мектептері үшін бағдарламалар мен
оқулықтар жазу
ойы кемелденген, санасы
терең ердің ғана
тәуекелге баратын игілікті
ісі еді.
«Тәні саудың – жаны сау» деп айтқан дана халқымыз.
Күнделікті тұрмыстағы, жеке бас тазалығы тәрбиеде
ерекше мән берілген мәселелер. Хрестоматия мазмұнындағы
«Охрана здоровья» атты бөлімде тазалық әліппесі,
қарапайым тазалық ережелері баяндалады. «Не кусайте ногти»,
«Школьная санитарная комиссия», «Беседа с доктором» т.б.
әңгімелерде тазалық маңызы баяндалады.
Хрестоматия мазмұнында қала мен ауыл өмір салты
ерекшеліктері баяндалған «Город и аул» атты бөлім, жаңа
өмірге ене бастаған ұғымдарға байланысты
әңгімелер бар. Бұл хрестоматия оқулығының
Қазақстанда ағарту ісінің алғаш қалыптаса
бастаған кезде жазылып, көптеген буынға бас кітап
болғандығымен маңызы жоғары.
Біздің пікірімізше, М.Әуезовтің оқулықтары
осы талаптарға сай жазылғандығы және ғалымдардың сол кезеңде
ғылымдағы жаңалықтардың
оқулықтарға енгізіліп тұруын қадағалай
отырып, оқушылардың оқулық арқылы ғылым
негіздерінен білім алумен қатар
ғылыми көзқарастарының қалыптасуына сай
жасалуына қатысты айтқан идеялары бүгінде өз
мәнінде қолданыс тауып, өз маңыздылығын
сақтауы ғылыми педагогикалық тұрғыдан
дәлелденіп отыр.
М.Әуезовтің ғалым-педагог ретінде жазған келесі бір
оқу құралы да осындай
дидактикалық талаптар деңгейінде
жазылғандығының айқын көрінісі. «Жеткіншек»
мазмұны «Жалпы бөлім», «Қазақстан», «Кеңес
одағы» атты тараулардан тұрады. Жалпы бөлімдегі
қоғамдағы жаңа тұрмыс салттары, шаруашылық
салалары туралы шағын әңгімелер баяндалады.
«Қазақстан» тарауында Қазақстанның жер
көлемі, әкімшілік–территориялық орналасуы, шаруашылығының
негізгі бағыттары, тұрғылықты жерлері туралы
мәліметтер беріледі.
Сол кездегі ұлт мектептерінде ана тілін оқытуға
байланысты елеулі өзгерістерге байланысты көркем әдебиет пен
жалпы әдебиеттің қол жеткен жетістіктері негізінде
жазылған бұл оқулықтардағы әңгімелер
мен деректер жас ұрпақтың дүниетанымы мен
рухани-адамгершілік, елжандылық сезімдерін қалыптастыруға
бағытталды.
1920-1930 жылдары кеңес педагогтары мен әдіскерлері
оқытудың жаңа ұстанымдары мен әдістемесін жасады.
Олар сабақтағы топтық және ұжымдық формаларын, әдебиет сабақтарын
өмірмен байланыстырудың жолдары мен әдістерін
айқындады. 1930 жылы Қазақстан Оқу Комиссариаты білім
кеңесінің шешімі бойынша Қызылорда қаласында
қазақ жастарын оқытуға арналған барлық
пәндердің жалпы программасын «Қазақ шаруа жастар
мектебіне арналған программа және түсінік хаттар» деген
программа жарыққа шықты. Бұл қазақ шаруа
жастар оқу бағдарламасына енетін пәндер және
олардың оқыту негіздемелеріне сай жазылды. Бағдарламада
математика, химия, қоғамтану, әдебиет пәндері
қамтылды. Олар сабақтағы топтық және
ұжымдық жұмыс формаларын, әдебиет сабақтарын өмірмен
байланыстырудың жолдары мен тәсілдерін айқындады.
Бағдарлама жасаушылар әсіресе оқытудың мазмұнын
өмірмен байланыстыру мәселелеріне ерекше мән берді,
өйткені күнделікті сабақтар жеке тұлғаның
айналасындағы өмірмен тікелей байланысында өтсе, оның
өмірге қызығушылығы артып, сабаққа ынтасы
оянары әрі шығармашылыққа шабыттануы әсерлі
болатын еді.
М.Әуезовтің әңгіме, повестерінде ұлттық
аңшылыққа қатысты құнды этнографиялық
сипаттамалар да бар. «Қыр суреттері» топтамасының бірінші
әңгімесінде қаршыға алып аңға
шыққан жігіттің құс қаққаны,
көзіне түскен қаздарды
ыңғайлап ұшырып, қаршығасын салғаны,
қаршығаның қазды алу әдісі аса шеберлікпен
суреттеледі.
М.Әуезов оқыту мен тәрбиеге баулудың тағы бір
алғышарттарының бірі өз бетінше білім алу, өз білімін
ұдайы жетілдіріп отыру деп санады. Программада оқуға
жаттығу мәселесіне үлкен мән беріліп, оқи білу
дегеннің өзі де өнер екенін, оның да тәрбиені,
баулуды керек қылатынын жаза келіп, автор: «Оқи білу жалғыз
тіл ғылымы мен әдебиет үшін ғана емес, ғылымның
қай саласына барып, қай кітабын ұстасаң да соған
мұқтажсың» - деген іргелі ойын ортаға салды.
Оқыту жұмысының нәтижелі болуы көп
жағдайда оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдай
білуге тікелей байланысты. Тәрбие мен оқыту тікелей байланысты.
Тәрбие мен оқыту бірлігінің негізі оқытудың
қоғамның мұқтаждығына және
жағдайына байланысты заңдылығында жатыр. Бұл
заңдылықтың іске асуы елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуына байланысты.
Сөйлеуге жаттығу туралы жаза келіп, программа авторы,
оның негізгі мақсаты балаларды «анық, ұғымды,
қысқа, тиімді сөйлеуге баулу» деп көрсетеді.
Сөйлеуге жаттықтырудың әр жылдардағы негізгі
жолдарын көрсете отырып, әсіресе оның үшінші жылда
өте қажет екенін өйткені бұл соңғы
жылдың зор міндеті оқыта білумен қатар сөйлеуге
жаттықтыру екендігін ерекше ескертеді. Бұл турасында Ж.
Аймауытовтың «балаға әуелі өз бетімен сөйлеуге,
жазуға төселіп, содан кейін оған үлгілі сөздерге
еліктеуге мүмкіндік берілуі қажет» деген болатын.
М.Әуезовтің Қазақстандағы
оқу-ағарту саласына қатысты ерен еңбегі мен
қоғамдық қайраткерлігін осы педагогикалық
тақырыптардағы еңбектерімен шектеуге болмайды. Ол
еліміздің рухани мәдениетін
дамыту мен жетілдіруді тынбастан насихаттай отырып, ұзақ жылдар
бойы Қазақ мемлекеттік университетінде қазақ
әдебиеті тарихынан студенттерге лекция оқыды, студенттер мен
аспиранттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етті.
Қазақстан Ғылым академиясының академигі ретінде
өмірінің ақырына дейін республика көлеміндегі
әдебиеттану жұмысын жүйелеп, оған басшылық жасап,
құнды кеңесін беріп жүрді. Оның тікелей
жетекшілік етуімен, болмаса редколлегия мүшелігімен қазақ
халқының рухани мәдениеті мен тарихын танытуға зор
септігі тиген, бұл саладағы ғылымдарға қомақты
үлес болып қосылған «Қазақ
әдебиетінің тарихы» (1958), екі томдық «Қазақ ССР
тарихы» (1957, 1959), «Қазақ совет әдебиеті тарихының
очерктері» (1958) және
көптеген фольклорлық басылымдар жарық көрді.
Әдебиеттің дамуы туралы
кптеген ғылыми, публицистикалық еңбектер жазды.
М.Әуезовтің оқу-тәрбие мазмұнындағы
еңбектері, мақалалары мен ғылыми зерттеулері
Қазақстан педагогика тарихын зерттеуде өте құнды
деректер болуымен бағалы.
М.Әуезов өзінің керемет өткір тілімен халқы
туралы таңғажайып шығарма жазды. Бұған дейін
халық даналығын Әуезовтей ешкім суреттеген емес,
халықтың тәрбие туралы ой орамын ешкім дәріптеген емес.
М.Әуезов өзінің тарихи-өмірбаяндық
шығармаларында, әсіресе «Абай жолы» тетралогиясында
өзінің жазушылық қасиетінің ұлылығын
және тарихшылығын дәлелдеп берді. Ой-өрістің
азаттығы, сананың айқындылығы, ешкімге бағынбай,
сұрақтарды өзі қойып, өзі жауап беретіндігі
себепті Әуезовтің көркем және тарихи шығармалары
кез-келген заманның оқырмандарына жаңаша болып
көрінеді. Жазушының танымы жоғары болған сайын ол
өз дәуірін айқындай түседі.
Көптеген белгілі әдебиетшілердің пікірлері бойынша
көркем мәтіндер – өте мазмұнды, бай, терең,
астарлы ақпараттар легін ұсынады. Мұндай мазмұнды
мәліметтер тіпті шынайы тіршілікте өмір бойы жинақтала
бермейді. Сондықтан, дұрыс таңдау нәтижесінде
көркем мұралар арқылы нақты білімдік-танымдық
мәліметтер беруге болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Әуезов М. Жиырма томдық
шығармалар жинағы – Алматы, 1984.– 20 т. - 415 б.
2.
Момынбаев Б.К. Кәсіптік педагогика. –
Алматы: Білім, 2006. – 552 б.