УДК: 378.016:811.11
Линговмәдениеттанудағы
мәтін сараптамасы.
Махмудова Данагүл Серікқызы
Абай атындағы ҚазҰПУ 2 курс магистранты
Аңдатпа
Бұл мақалада шетел тілін
оқытуда ерекше рөл атқаратын лингвомәдени
аспектілердің дамуын көздейтін мәтіндік сараптаманың
орны мен маңызы сөз етіледі. В. А. Маслова, Л.Г. Саяхова секілді белгілі зерттеушілрдің еңбектеріне сүйене
отырып, көркем мәтіннің сараптамасының ерекшеліктері,
олардың құрамдас мазмұнды бірліктері мен іске
асырылатын қадамдары талқыланып, олардың шетел тілін
оқыту үрдісіне үйлесімді біріктіру мәселесі
қозғалады.
Тірек сөздер: мәдениет, тілдік бірлік, лигвомәдениеттану, константа, мәдени
рефлексия, сараптама үрдісі,
Шетел тілі оқытуда көркем
мәтіндерге жүгіну жиі әрі сонымен қатар тиімді
құбылыс екені мәлім. Шетел тілінде жазылған
мәтіндер тек грамматикалық жағынан өз ойын дұрыс
жеткізе алу үшін ғана емес, сол тілді оқып-түсіну
қабілетін шыңдау үшін ғана маңызды емес.
Бұндай мәтіндер оқушы ойында сөйлеудің
мәдени сауатты негізін қалыптастырып, мәдениет жайлы білімін
тереңдетіп, сол білімді мәдениаралық
қарым-қатынаста қолдануға үйрету үшін
қажет. Лингвомәдени жағынан қарағанда
бұндай мәтіндердің оқушыға ұсынары мол.
Шетел тіліндегі жазылған мәтіндер
көп жағдайда шынайы мәдениеттің сақтаушысы болып
табылғандықтан, оның шетел тілін оқытудағы
лингвомәдени аспекті үшін маңызы ерекше екені
көпшілікке мәлім. Оқушының басқа ел
мәдениетімен танысу өзге мәтіндерді қабылдап,
түсіну арқылы жүзеге асады. Дүниенің кішкене
ғана элементі бола тұрып, мәтін не кітап, сол дүниені
өзінің бойына сіңіріп, сол дүниеге айналады,
оқушы үшін дүниенің орнын басады. Адамның
мәдениетке қатыстыру оған «өзге» мәтіндерді
меншіктеу арқылы жүзеге асады.
Сол себепті бұл салада мәтіннің маңыздылығын
артық бағалап қою қиын.
Лигвомәдениеттанудағы мәтін
сараптамасы ең алдымен мәдениеттің мәтінде
көрініс табатын өзгешелігі
мен ерекшелігіне өзектілігімен тығыз байланысты. Бұл болашақта
оқушылардың
лингвомәдени құзырлылықты
қалыптастыруға көмектесетін дидактикалық амал ретінде
қолданылатын мәтінді таңдауда маңызды рөл
атқарады. Мәтінді герменевтикалық парадигма шегінде
сараптау маңызды (герменевтика – түсінім туралы ілім). Бұнда
зерттеудің интерпретациялықтан психолингвистикалыққа
дейін түрлі-түрлі әдістері мен амалдары қолданылады
[1].
Шетел тілін үйренушіні
ұлттық мәдениетке таныстыру біріншіден, мәтінді
эсетикалық толыққанды форма ретінде ұғыну үрдісінде орын алады: тіл,
ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі
бола тұрып, өзінің ең жоғары көрінісінде –
мәтін - өзінің мүмкіндігін толық түрде табады.
Лингвопоэтикалық сараптама үрдісінде дамитын тілдік
құралдар мен жанрлар полифониясында рефлексия тілді мәдени
феномен сезімін құрайды.
Екіншіден, көркем мәтін
идеялардың, мәдениеттің мағынасы мен
константаларының аккумуляторы мен сақтаушысы болады, содан келе
лингвомәдени сараптама оқушыда мәдени рефлексияның
дамуына жетелейді. Ол мәдени ақпараты бар тілдік және
сөйлеу бірліктерін талдай алу қабілетінен, тұрақты
мәдени мағынаны таба отырып, жеклеген фактілерді біріктіре алу
қабілетінен, және ұлттық мәдениеттің
лингвоментальді құндылығын меншіктеуде көрініс табуы
мүмкін.
Шетел тілі сабағы барыында Л.Г.Саяхова [2] ұсынған мәтіннің лингвомәдени сараптамасы
қолдануға болады. Зерттеушінің ұсынысы бойынша, мәтіннің
лингвомәдени сараптамасы келесі қадамдардан тұрады:
1) мәтін жазылған кездегі
лингвомәдени жағдаяттардың сиппатамасы;
2) Мәтіннің мазмұндық,
фактуальдық, концептуальдық
және имплициттік дәрежесі;
3) мәтіннің композициясы,
құрылымы;
4) мәтіннің
мәдени-концептуалдық өріс дәрежесі (өтпелі
идеясы, концептуалды микро-өрістер, архи-өрістер, концептілер);
5) лингвистикалық дәрежесі.
6) әртүрлі мәдениеттердің
салыстырмалы сараптамасы
Шетел тілін оқытуда
жүргізілетін лингвомәдени сараптамаға дайындық
оқушылардың өзіндік дайындағын да талап етеді. Олар мәтінге
бақылауды сатылап жүргізіп, хабарлама дайындайды, салыстырмалы
сараптама үшін мәтіндер таңдайды. Сабақта
оқушылар мәтінге байланысты дайындап келген хабарламаларын
оқып, олардың мәдени маңызды компоненттерін
айқындайды, мәтінде көрініс тапқан мәдениет пен
тарихи фактілерге түсінік береді. Бұндай сараптама,
мәтіннің мәдени компоненттерін интерпретациясы мен екі
мәдениеттің салыстыруды талап етіп, сөзбен, мәтінмен
жүргізілетін жұмысты ерекше, қызықты қылып,
тілдік бірліктің жұмысын қадағалаумен шектелмей,
кең контекстілі сараптамаға сүйенуге мүмкіндік береді.
Осылайша мәтіннің
лингвомәдени сараптамасы оқушылардың санасында
пәнаралық байланыстардың орнығуына,әлемнің
жалпы бейнесінің пайда болуына, тіл, сөйлеу, әдебиет, тарих,
дін, өнер саласында білімдерінің
кеңеюіне көмектеседі.
Шетел тілін тиімді әрі
мәдениетке бағытталған түрде оқыту үшін
мәдениеттің константасына
(мәдениеттің тұрақты концептісі) [3]. жүгінеміз.
Ол ақпартты мазмұнды бола тұрып, белгілі бір көркем
мәтіннің «тұрақты мағынасын» өзі
кездесетін басқа мәтіндерге сүйене отырып қайта кодтауға жол ашады.
Шетел тілін оқытуда мәдениет константасын қайта таныстыратын
әдеби үлгіге жүгіну біріншіден, мәдениеттің
үнемі өзгеріп тұратын нышанын, оның бағалы
мазмұны мен эстетикалық
мағынасын қадағалауға, яғни
константаның ақпараттық базасын иемденуге мүмкіндік
береді.
Екіншіден, эмоцианалды
және экспрессивті жүктелгендіктен ол тек білімнің емес,
константаның рухани мамұнын қабылдауға
көмектеседі. Осыдан келе, «константа» ұғымын қолдана отырып мәтінді
сараптау тек қана ұлттың мәдениеттін тіл мен
сөйлеу деңгейінде түсіну ғана емес, оның
құнды мағынасын түсінуге жәрдемдеседі. Яғни
шетел тілін үйренуші ұлттық мәдениетке деген
сыйластық қарым-қатынас орнатуға, олардың
танымдық аймақты дамытуға қажетті
дүниетанымдық негіздерін қабылдауға атсалысады.
Мәтінді сараптау процессінде
ең басты көңіл ұлттық-бейнелі сөздерге
бөлінеді: танымдық баламасы жоқ лексика(историзмдер,
ұлттық күндегі өмірде қолданылатын заттар атауы,
мейрамдар, дәстүрлер, қолданбалы өнер және т.б);
фондық және этноконнотативтік лексика (концепт сөздер,
символикалық мағынасы бар сөздер, метафоралық
мағынасы бар сөздер, тасымалды-бағалау және
эмоционалды-экспрессивті мағынадағы сөздер,
бейнелі-мәнерлі амалдар және т.б.); фразеологизмдер, мақалдар,
мәтелдер, солардың ішінде библикалық негізде пайда
болған көріністер маңызды орын алады. Бұл бірліктер
формальды белгілері, лексикалық-грамматикалық жағын да, онда
халықтың ұлттық мәдениеті, өзгешелігі,
менталитетінің көрінісі жағын да қарастырылады.
Тілдік бірліктердің
ұлттық-мәдени спецификасын табу үшін арнайы амал-тәсілдердің
жиынтығы қолданылады; мәдениеттанымдық,
лингвомәдениеттік, тарихи-лингвистикалық, этимологиялық
комментариилер. Сөздер мен фразеологизмдердің
ұлттық-мәдени компоненттерін анықтайтын комментариилер
лингвомәдениеттану сөздіктерімен қатар, дәстүрлі
сөздіктерде де берілген, сол себептен лигвомәденисараптама
кезінде әр түрлі сөздіктермен
жұмыс жасау ең тиімді әдістердің бірі болып табылады.
Кез-келген дәстүрлі сөздіктер (түсіндімре,
фразеологиялық, қанатты сөздер, паремия және т.б.)
мәдени ақпаратты көрсетеді, бірақ ондай
ақпаратқа ерекше көңіл бөлу мақсатын
қоймайды. [4].
Дәстүрлі сөздікпен жұмыс жасай отырып
оқушылар оны сөздік түсіндірмелерден, көрнекі
материалдардан, фунқционалды типтегі сөздік
анықтамалардың (көнерген, аз қолданылатын,
қолданымайтын, және т.б), сөздің шығу тегін
көрсететін (көне гр., лат., және т.б.) таба алады. Сонымен
қатар түрлі жұмыстар тематикалық лексикадағы,
концептілер, фразеологиялық сөздіктермен іске асырылуы мүмкін
[5].
Сонымен, мәтіннің
лингвомәдени сараптама процессінде линговмәдени және
дәстүрлі сөздіктермен жұмыс жасалынатын, әр
түрлі тілдік бірліктің ұлттық-мәдени
мазмұны айқындалатын комментариилер қолданылады, оқушылардың
өзіндік іздеу жұмысы ұйымдастырылады, олар мәдениеттану
материалдарын таңдаумен, зерттеумен және презентациясымен
байланысты болады. Сол арқылы лингвомәдени аспектіде
оқушының өз бетінше білімге, танымға деген ұмтылысы
орын алып, соның негізінде белгілі бір жетістіктерге жетуге негіз болады.
Аннотация
В данной
статье рассматривается важность и роль анализа текста с целью
развития лингвокультурологических аспектов в обучении иностранному языку.
Опираясь на работы известных исследователей как В. А. Маслова, Л.Г. Саяхова, статья затрагивает особенности анализа художественных текстов,
составные единицы и этапы анализа, и проблемы гармоничной интеграции в процесс
обучения иностранному языку.
Annotation
This article discusses the
importance and role of text analysis aiming at development of linguocultural
aspects in learning a foreign language. Based on the works of the researchers
such as V.A. Maslova, L.G. Sayakhova, the article touches on the features of
the analysis of literary texts, the constituent units and the stages of the
analysis, as well as the problem of its harmonious integration into the process
of foreign language learning.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Маслова, В. А.
Лингвокультурология [Текст] : учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений /
В. А. Маслова. – М. : Академия, 2001.
2. Саяхова Л.Г. Спецкурс
«Русский язык в диалоге культур» в профессиональной подготовке
студентов-филологов // Сопоставительная филология и полилингвизм: Сб.науч.тр.
Под ред.
3. Степанов, Ю. С.
Константы. Словарь русской культуры. Опыт исследования [Текст] / Ю. С.
Степанов. – М.: Школа «Языки русской культуры», 1997. – 824 с.)
4.
Зиновьева Е.И, Юрков Е.Е.
Лингвокультурология. Теория и практика. – СПб.: ООО «Издательский дом «МИРС»,
2009. – 291 с.
5.
Воробьев
В.В. Лингвокультурология. – М.: РУДН, 2008. – 336 с.