Право/ 7. Экологическое, земельное и аграрное право
Қожахметова А.А., Тұрғынбек Г.Р.,
Рзабай А.И.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
Аграрлық
саланы арнайы мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен
қолдау тәртібі
Агроөнеркәсіптік
кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен
қолдаудың кейбір мәселелері туралы ҚР Үкіметі
соңғы уақыттарда жан-жақты қарастыруда.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды
ҚР заңнамалық кесімдерінде көзделген бағыттар
бойынша, республикалық бюджеттен берілетін қаражат есебінен,
көрсетілген қаражаттың тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджетте көзделуі шартымен,
сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың өз қаражаты
және олар ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған өзге
де көздерден тартқан қаражат есебінен іске асырылады. Тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджетте
мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталдарын
ұлғайту үшін қаражат көздеген кезде көрсетілген
қаражат ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің
Стратегиялық жоспарында айқындалатын мақсаттарға
пайдаланылады. Мамандандырылған ұйымдар министрлікке министрлік
белгілеген нысанда және мерзімде қаражаттың пайдаланылуы
туралы есеп береді. Мамандандырылған ұйымдардың алдындағы
өздерінің міндеттемелерін өтеу ретінде агроөнеркәсіп-тік кешен
субъектілерінен келіп түскен қаражатты мамандандырылған
ұйымдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес
министрлікпен келісілген тәсілдермен және шарттарда пайдаланады.
Агроөнеркәсіптік кешенді бюджеттен тыс көздерден
тартылған қаражат есебінен қолдау жөніндегі іс-шараларды
мамандандырылған ұйымдар олардың ішкі саясатына сәйкес
олар министрлікпен келісім бойынша айқындайтын мақсаттарға
іске асырады. Мамандандырылған ұйымдарға қарыз беру
қайтарымдылық, мерзімділік, ақылылық және
қамтамасыз етілу шарттарында жүзеге асырылады.
Агроөнеркәсіптік
кешенді "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы"
ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының
қатысуымен қолдау ҚР қолданыстағы
заңнамасына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүзеге
асырылады: отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден
астық және техникалық дақылдар сатып алу, астық
пен техникалық дақылдарды сақтау, тасымалдау және
қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді белгіленген
тәртіппен сатып aлу; өсімдік шаруашылығының
бәсекеге қабілетті қайта өңдеу өнімін
өндіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру және
белгіленген тәртіппен агроөнеркәсіптік кешен
инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды
қаржыландыру; көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын
жүргізу үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарларын
өндірушілерді қарыз беру арқылы қаржыландыру.
Корпорация қарыз беру үшін Қазақстан Республикасында
өндіру үшін басым ауыл шаруашылығы дақылдарының
ұсынылатын тізбесін ескере отырып, әрбір облыс үшін
қаржыландыру сомасын айқындайды. Корпорация және оның
облыстық өкілдіктері мерзімді баспасөз басылымдарында
хабарландырулар жариялауды қамтамасыз етеді, оларда
корпорациялардың немесе өкілдіктердің атауы мен
орналасқан жері, қарыз алушылардың өтінімдерді беру
мерзімі және орны, сондай-ақ Корпорация айқындайтын
басқа да қажетті ақпарат көрсетіледі. Корпорация
құжаттар түскен күннен бастап бес жұмыс
күнінен кешіктірмей қарыз алушыны қабылданған шешім
туралы хабардар етеді және өкілдікке өтінімдері бойынша
шарттар жасасу үшін қарыз беру туралы шешім қабылданған
қарыз алушылардың тізімдерін жібереді.Келіп түскен
өтінімдер бойынша шешімдерді корпорация ішкі кредит саясатына және
Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына сәйкес қабылдайды. Корпорацияның
жарғылық капиталына орналастырылған қаражат есебінен
республикалық бюджеттен берілген қарыздар бойынша
сыйақының ең көп мөлшері ҚР
Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыруының
ресми ставкасынан аспауға тиіс[1].
Агроөнеркәсіптік
кешенді "ҚазАгроҚаржы" акционерлік
қоғамының қатысуымен ҚР заңнамасына
және қоғамның ішкі кредит саясатына сәйкес
қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін лизингілік негізде
технологиялық жабдықпен, ауыл шаруашылығы техникасымен
және арнайы техникамен қамтамасыз ету; агроөнеркәсіптік
кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
жөніндегі жабдықты сатып алуды қаржыландыру. ҚР
заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамның
агроөнеркәсіптік кешенді қолдауы мыналар арқылы
жүзеге асырылады:
-
технологиялық жабдықты және арнайы техниканы, оның
ішінде ауыл шаруашылығы өнімін, балық және орман
шаруашылығы өнімін қабылдауға, тасымалдауға,
сақтауға және бастапқы өңдеуге,
көкөніс өсіруге, мал шаруашылығы, құс
шаруашылығы фермаларын механикаландыруға, азық
дайындауға арналған жабдықтар мен машиналарды, су себетін
және суару машиналарын, жылыжайларды, ауыл шаруашылығы техникасын,
оның ішінде тракторларды, тіркемелерді, ауыл шаруашылығы
дақылдарын өсіруге, жинауға және
қорғауға арналған техниканы кейіннен лизингке беру үшін
сатып алу, техниканы және арнайы техниканы сатып алуға және
жеткізуге байланысты қоғам шеккен шығыстарды өтеу.
Техника мен арнайы техника лизингісінің мерзімі жеті жылға дейінгі,
лизинг бойынша сыйақы ставкасы жылдық төрт пайызға
дейін құрауы тиіс;
- ауыл
шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін жабдықты
сатып алуды қаржыландыру, жабдықты сатып алуға және
жеткізуге байланысты қоғам шеккен шығыстарды өтеу.
Жабдықты сатып алуды қаржыландыру лизинг және жылдық
төрт пайызға дейін сыйақы ставкасымен сегіз жылға
дейінгі мерзімге кредит беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Агроөнеркәсіптік
кешен субъектілерін лизингілік негізде арнайы техникамен және техникамен
қамтамасыз ету, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен
субъектілері үшін жабдық сатып алуды қаржыландыру
жүргізіліп отырған мемлекеттік аграрлық саясатқа
сәйкес министрлік ұсынған шарттарда жүзеге асырылады.
Аграрлық корпорацияның кредит беруі Қазақстан
Республикасының заңнамасына және ішкі кредит саясатына
сәйкес жүзеге асырылады. Аграрлық корпорация мынадай талаптарға
жауап беретін кредиттік серіктестіктерге жылдық төрт пайызға
дейін сыйақы ставкасымен жеті жылға дейінгі мерзімге кредит беруді
жүзеге асырады:
- ауыл
шаруашылығы тауарларын өндірушілердің кредиттік
серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесі
кемінде елу пайызды құрауға тиіс;
- кредиттік
серіктестіктің жарғылық капиталының ең аз
мөлшері кемінде үш миллион теңгені құрауға
тиіс;
-
ықтимал қатысушылардың кредиттік серіктестіктің
жарғылық капиталына жарналары кемінде жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде ақшалай енгізілуге тиіс;
- кредиттік
серіктестіктің ықтимал қатысушыларында қолда бар
жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тиісті үлгіде ресімделген
құжаттар болуға тиіс.
Аграрлық
корпорация мынадай талаптарға жауап беретін ауылдық тұтыну
кооперативтеріне, шаруа серіктестіктеріне, акционерлік қоғамдар мен
өндірістік кооперативтеріне жылдық бес пайызға дейін
сыйақы ставкасы бойынша бес-жеті жылға дейінгі мерзімге кредит
беруді жүзеге асырады: әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті
орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде ауылдық
тұтыну кооперативтерін, шаруа серіктестіктерін, акционерлік
қоғамдар мен өндірістік кооперативтер құру;
шикізат базасының жеткіліктілігі, сондай-ақ өнімдерді
өткізу нарығының болуы; кредиттік ресурстарды беру шартымен
жобаның өзін-өзі ақтауы; кепілдік қамтамасыз ету;
негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп
өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу,
сақтау, тасымалдау, тауарлық-материалдық
құндылықтармен жабдықтау болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді "Ауыл шаруашылығын
қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамының
қатысуымен қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге
асырылады: ауыл халқына қордың филиалдары мен
өкілдіктері арқылы шағын кредит беру; ауыл халқына одан
әрі шағын кредит беру үшін шағын кредиттік
ұйымдарға кредит беру; өсімдік шаруашылығындағы
міндетті сақтандыру туралы заңнамаға сәйкес
қолайсыз табиғат құбылыстары нәтижесінде
туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру
төлемдерінің бөлігін өтеу; ауыл халқына
кәсіпкерлік негіздерін оқытуды және кадрлар даярлауды
ұйымдастыру.
Министрлік
жыл сайын республиканың әр облысы үшін ауыл
халқының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін
ескере отырып, олардың тиісті өңірлердегі санына
мөлшерлес қаражат көлемін айқындайды, ауыл
халқына берілетін қарыздың сыйақы ставкасын, беру
мерзімі мен мөлшерін, сондай-ақ шағын кредиттік
ұйымдарға кредит беру үшін сыйақы ставкасын
айқындайды. Қаражатты облыстардың ішінде аудандар мен
ауылдық елді мекендер бөлінісінде одан әрі бөлуді
тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынымы бойынша
қор жүзеге асырады. Ауыл халқына шағын кредит беру
қарыздың мынадай түрлері бойынша жүзеге асырылады:
- жеке
қарыз - бір қарыз алушыға өтімді кепілдік
қамтамасыз етумен берілетін шағын кредит;
-
топтық қарыз - ынтымақтас жауапкершілікпен немесе
өтімді кепілдік қамтамасыз етумен қарыз алушылар тобына
берілетін шағын кредит;
- кепілдік
берілген қарыз, қарыз алушының өнімін тұтынатын
кәсіпкерлік қызмет субъектісінің кепілдігімен немесе кемінде
екі жеке тұлғаның кепілдігімен берілетін шағын кредит.
Шағын
кредит беру бағдарламасына қатысу үшін шағын кредит
ұйымдарын іріктеу ҚР заңнамасына сәйкес тендерлік
негізде жүргізіледі. Қор тендерді ұйымдастырушы болып
әрекет етеді. Тендер қарыз алу құқығына
шағын кредит ұйымын айқындау мақсатында
өткізіледі. Шағын кредит ұйымдарына бөлінетін
қарыздардың нысаналы мақсаты болады және ол ауыл
халқы мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге
шағын кредит беру үшін беріледі. Қор мынадай бағалау
өлшемдерінің негізінде жеңімпаз шағын кредит
ұйымын айқындайды:
- түпкі
қарыз алушыға шағын кредит беру кезіндегі сыйақы
ставкасы;
-
қамтамасыз ету өтімділігі;
- несие
қоржынының құрылымы;
- меншікті
капиталдың мөлшері;
- ауыл
халқына шағын кредит беру саласындағы жұмыс
тәжірибесі және кредит беру нарығындағы кәсіби
біліктілігі.
Ауыл
халқына кәсіпкерлік негіздерін оқытуды және кадрлар
даярлауды ұйымдастыруды қор мемлекеттік сатып алу туралы
заңнамаға сәйкес жүргізеді. Мал шаруашылығы
өнімінің ішкі нарығын реттеу мыналар арқылы
жүзеге асырылады: сатып алынатын мал шаруашылығы өнімін
орналастыруды, сақтауды және орнын ауыстыруды ұйымдастыру;
оны одан әрі қайта өңдеу үшін қайта
өңдеуші кәсіпорындармен бірлескен қызметті жүзеге
асыру; мал шаруашылығы өнімінің
ішкі нарығында бағаларды реттеу және халықтың
мүддесін қорғау үшін баға интервенцияларын
жүргізу. Мал шаруашылығы өнімін қайта
өңдейтін кәсіпорындар арасында бірлескен қызмет
құру үшін іріктеудің негізгі өлшемдері мыналар
болып табылады: маусымаралық кезеңде тапшылықпен сипатталатын
мал шаруашылығы өнімін өндіру;
өндірістік-шикізаттық базаның болуы; білікті
мамандардың және еңбек ресурстарының болуы. Мемлекеттік
мал шаруашылығы өнімі ресурстарына сатып алу операцияларының
мәні болып табылмайтын мал шаруашылығы өнімінің
номенклатурасын, мөлшерін, бағасын, дайындаудың және
қайта өңдеудің тәртібі мен мерзімін,
сондай-ақ мемлекеттік мал шаруашылығы өнімі ресурстарынан
баға интервенциясының мәні болып табылмайтын мал
шаруашылығы өнімін сатуды жүргізіліп отырған
мемлекеттік аграрлық саясат шеңберінде ішкі және сыртқы
нарықтардың конъюнктурасын маркетингтік зерттеулердің
нәтижелері бойынша "Мал өнімдері корпорациясы"
акционерлік қоғамы айқындайды. [2]
Агроөнеркәсіптік
кешенді "Қазагромаркетинг" акционерлік
қоғамының қатысуымен қолдау мынадай
бағыттар бойынша жүзеге асырылады: ақпарат беру,
консультациялық қызметтер көрсету, агроөнеркәсіптік
кешен субъектілері үшін оқыту семинарларын ұйымдастыру;
агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік
жүйесін құруға және дамытуға қатысу;
агроөнеркәсіптік кешен нарығының мониторингі және
оған талдамалық зерттеулер жүргізу; қазіргі
заманғы ақпараттық технологияларды құру мен
дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімінің
электрондық сауда-саттығына қатысу; арнайы жинақтарда,
журналдарда және тақырыптық басылымдарда
ақпараттық материалдар шығаруды ұйымдастыру;
көрме-жәрмеңкелік шараларды ұйымдастыру мен
өткізуге және отандық тауар өндірушілерге
өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері мен оны қайта
өңдеу өнімдерін жарнамалауға қолдау
көрсетуге қатысу. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне
өтеусіз негізде ұсынылуға жататын ақпарат пен
қызметтер тізбесін министрлік айқындайды.
Әдебиет:
1. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару
жүйелерін және оның нарығын дамытуды субсидиялау
ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы. //А.,
14.03.2006.
2. Өрісбаева
Н.А. Қазақстан Республикасының аграрлық
құқығы. //А., 2006.